Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Презентации / Открытый урок по химии на тему "Металдар мен бейметалдар арасындағы генетикалық байланыс"(9 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Открытый урок по химии на тему "Металдар мен бейметалдар арасындағы генетикалық байланыс"(9 класс)

библиотека
материалов

Темиралиева Аяжан Джигеровна

Химия пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ

мектеп-интернат кешені

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 9б , химия

Пән мұғалімі: Темиралиева А.Д


Сабақтың тақырыбы

Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.

Жалпы мақсаты

- оқушыларға металдар тақырыбы бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруға үйрету, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру.

- оқушылардың ой-белсінділігін арттыра отырып,нақты және жүйелі шешім қабылдауға, бйметалдар мен металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой-өрісін, зейінін дамыту.

- шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.

Сілтеме

Қосымша материалдар: Анорганикалық және бейорганикалық химия Ж.Шоқыбаев. Алматы "Қайнар", 1992 ж, Химия 8-11 сыныптар “Сандық есептер шығару әдістемесі” М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова. Алматы “Атамұра” 2004 ж. “Химиядан дидактикалық материалдар” Авторлары: Н.Н.Нұрахметов, Қ.Б.Бекішев, Н.А.Заграничная. Алматы"Мектеп" 200



Оқу нәтижесі



- теориялық білімдерін жүйелеп, генетикалық байланысты жазады;

- іске асыру теңдеулерін жаза отырып, есептерді жүйелі шығарады;

- топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді.

Негізгі идеялар

Презентация, флипчарт, шаблон

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.Бекетовтың электрохимиялық кернеу қатары кестесі, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар,рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер, стакандар, шыны таяқша, сынауықтар, штативтер, реактивтер: FeSO4, FeCI3, NaOH, AICI3.

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары – блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық

















1.Білу

Ой түрткі”














Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық реакция типтері арқылы 4 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық реакция теңдеулері жазылған қима қағаздар таратылады .Солар бойынша:

І топ: Қосылу реакциясы

ІІ топ: Айырылу реакциясы

ІІІ топ: Алмасу реакциясы

ІV топ: Орынбасу реакциясы

Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.

Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1. Параллель жүретін реакциялар дегеніміз не?

2.Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлерін білеміз?

3. Тәжірибе жүзінде қоспаларды тазарту әдістері қандай?

4.Күнделікті өмірде кездесетін қоспалардың маңызы қандай?

5. Орынбасу реакциясы деген не? Тотығу-тотықсыздану реакциялары деген не?

6. Гальваникалық элемент деген не?

7. Электродтық потенциал деген не?


І топ: Массасы 0,73 г-ға ауырлаған азот қышқылды күміс ерітіндісіне никель тақташасы салынған? Тақташада бөлінген күмістің массасы қандай?

ІІ топ: Сулема HgCI2 ерітіндісіне массасы 18 г мыс пластинкасын батырып, реакция аяқталғаннан кейінгі массасын өлшегенде 22,52 г болса, алынған ерітіндідегі HgCI2 –нің массасы қандай?

ІІІ топ: Күміс нитраты ерітіндісінен мыспен 4,32 г күміс ығыстырылып шығарылса, ерітіндідегі күміс нитратының массасы қанша?

ІV топ: Біраз уақыт бойы сынаптың ІІ нитратына батырылған мыс пластинкасының массасы, жуып, кептірген соң, оның массасы 6,8 г өзгерді. Пластинканың бетіне қонған сынаптың массасын есептеңдер.

Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшемін.




Мұғаліммен амандасады.




Оқушылар химиялық реакция типтері арқылы 4 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.Топ ережесін шығарады. Бағалау парағына топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауап беруіне қарай бағалап отырады.








Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.

Оқушы тапсырманы интерактивті тақтада жекелей, орнынан жұппен топпен орындайды.












2. Түсіну

3. Қолдану






Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады.

Сабақ тақырыбы: Металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс


Тапсырма № 2. Постер қорғау

І топ: Металдар мен бейметалдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

ІІ топ: Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

ІІІ топ: Генетикалық байланыс туралы түсінік.

ІV топ: Жұмбақтас (химиялық жұмбақ)

Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көрді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Жарқырап күнде шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады, оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болады?


Жауабы: C → CO2 → H2CO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3




Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді.




Слайд арқылы жасаған постерлерін қорғайды. Осы арқылы жаңа тақырып ашылады. Топтар бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды. Жауап берген оқушыларды топ басшысы бағалау парағына бағалап отырады.

H:\ап.jpg

4.Талдау
















Кім жүйрік” ойыны

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.

Тапсырма № 3. Жұмбақтар:


І топ: Күміс түсті металл өзі.

Ақ бор, әктас мәрмар еді.

Жер металы десек те,

Сан құрылыстың өзегі.

(Кальций)

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2

ІІ топ: Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі екен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар.

Солардың ең артығы немене екен?

(Темір)

Fe→ FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe

ІІІ топ:

Болмаса да айтарлықтай салмағым,

Мен көбіңнен ардақтымын, алдамын.

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап.

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.

Дюралюминий дейтін менің қоспамды

Әспеттейді химияның достары.

Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен

Бағандардың бұйдаларын қос тағы.

Қағаз да мен қант – шайды сәндеген,

Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен.

(Алюминий)

Al Al2O3 → AlCl3 → Al(OH)3 → Al(NO3)3

ІV топ:

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

Бойыма ол сіңген соң,

Сыртқа оны шығарамын. (СО2)

CO2 CaCO3CaOCaSiO3H2SiO3 SiO2


Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Бұл тапсырмаларда Оқушылар берілген жұмбақтарды шешіп, Сол тапқан элементке генетикалық байланыс құрып, іске асыру теңдеулерін орындайды. Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Жарайсың, сенің қолыңнан келеді!!! (Вербальді бағалау).Топ басшысы өз тобының оқушыларының жұмыстарын қарап, бағалап отырады.Бағалау парағына бағаларын түсіріп отырады.



5.Жинақтау


Тапсырма № 4.

Асулардан асайық”

1 есеп.

Массасы 60г пиритті темір(ІІІ) гидроксидін алу мақсатында мына тізбек бойынша химиялық айналуларға ұшыратқан:

FeS2→Fе2O3 →FeCl3 →Fe(OH)3

Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, соңғы өнімнің массасы қандай болғаны?

2 есеп.

Азот қышқылын ауадағы азоттан мына айналулар тізбегі бойынша:

N2 →NH3→ NO →NO2→ HNO3

Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, 126г азот қышқылын алу үшін ауаның қандай көлемі қажет?

3 есеп.

Құрамында 65% темір колчеданы бар 1 тонна кеннен шығымы 85% болғанда массалық үлесі 40% тығыздығы 1,037 г/мл қанша көлем күкірт қышқылын алуға болады?

4 есеп.

Массасы 17,8 г мырыш пен магний тұз қышқылымен әрекеттескенде 8,96 л қ.ж. сутек бөлінді. Қоспадағы әрбір металдың массалық үлестерін есептеңдер.

Бұл тапсырмаларда оқушылар есептер шығарып жарысады.

Жекелеген оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар беріледі:

І деңгей

1. Іске асыру теңдеулерін жүзеге асырыңдар:

P P2O5 H3PO4 H2P2O7 HPO3

ІІ деңгей

2. Ерітіндінің массасы 600г , массалық үлесі 42 % азот қышқылы арқылы аммиак өткізгенде массасы 300 г аммоний нитраты түзілді. Аммоний нитратының массалық үлесін есептеңіз.

3. Құрамында 58 % кальций ортофосфаты бар 50 кг сүйекте неше неше килограмм фосфор бар?

ІІІ деңгей

Массасы 18 г мыс пен темірден тұратын қоспа 8,415 л хлормен әрекеттескенде, бастапқы қоспаның құрамы қандай болады?

Топ басшысы бағалау парағына бағалап отырады.

6. Бағалау




1)Бекіту сұрақтары:

  • Генетикалық байланыс деген не?

  • Ме мен БейМе – дар арасындағы генетикалық байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?


2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап, әкелу.

Ә.Темірболатова Есептер жинағынан

тақырыпқа байланысты есептер шығару.


4)Рефлексия: http://webavatars.ru/magazine/wp-content/uploads/2011/05/Prsm.jpg

Бүгінгі сабақта ұнады -------------



Грустные смайлики и картинки

ұнамады-----------------


Менің көңіл –күйім:

http://fototut.com/photos/2011/12/173-tob958iqa10pl.jpg





(рефлексия парақтарына түсіреді)http://cs9643.vk.me/u56013657/117117622/s_e299d70c.jpghttp://yoursmileys.ru/tsmile/rulez/t2035.gif

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!



Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.


Оқушылар бағаланады. Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.








Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.10.2015
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров2217
Номер материала ДВ-085510
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх