Инфоурок Химия КонспектыОткрытый урок по химии на тему "Общая характеристика металлов и неметаллов"

Открытый урок по химии на тему "Общая характеристика металлов и неметаллов"

Скачать материал

 

Сабақ жоспары №19

 

Оқытушы: Махумова Мадина Болатовна 

Пән: Химия

Мамандық,топ:1МІ

Тақырыбы: Металдар мен бейметалдарға жалпы сипаттама

Күні: 19.12.2018

Сабақ түрі,өткізу үлгісі: білімді жалпылау және жүйелеу сабағы;

 

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Студенттерге металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету;

Тәрбиелілігі: Студенттердің сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру.

Әдістері: ауызша, практикалық.

Сабақ жабдығы: Менделеев кестесі, презентация, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Биология

Әдебиет:

Негізгі: Н.Н. Нұрахметов 10 сынып «Химия»

Қосымша: С.Ж. Піралиев «Жалпы химия»

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ барысы

Уақыты

І

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

ІІ

Сабаққа дайындалу кезеңі

2 минут

ІІІ

Білімдерін тексеру

10минут

ІV

Жаңа тақырыпты жеткізу

15 минут

V

Тақырыпты бекіту

15 минут

VI

Сабақтың қорытындысы

2 минут

VII

Үй тапсырмасы

1 минут

 

І Ұйымдастыру кезеңі.

1.     Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру;

ІІ Сабаққа дайындау кезеңі.

1.     Металдар және бейметалдар тақырыбын толық түсіну үшін, тобымызды 2 топқа біріктіреміз. Ол үшін 2 қатарға бөлінген студенттерге 2 сұрақ беремін.

1 сұрақ. Сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайтын адам ағзасындағы химиялық элемент?

Жауабы: Кальций, яғни бұл элемент металл.

2 сұрақ. Су құбырын тазалауда қолданылатын химиялық зат?

Жауабы: Хлор, яғни бейметалл.

2.     Сұрақтарға жауап беру арқылы студенттерді топқа бөліп алдық.

ІІІ Білімдерін тексеру.

Үй тапсырмасын «Балық аулау» әдісі арқылы сұрау. Студенттер аквариумның ішіндегі балықтарды аулау арқылы, сұрақтарға жауап береді.

1.     Реакция нәтижесінде бірнеше жай немесе күрделі зат алынатын реакциялар?

Жауабы: Қосылу реакциясы.

2.     Реакция нәтижесінде күрделі бір заттан бірнеше жай немесе күрделі заттар алынатын реакциялар?

Жауабы: Ыдырау реакциясы.

3.     Жай және күрделі заттар арасындағы реакциялар, ондағы жай зат атомы күрделі заттағы бір элементтің орнын басатын реакция?.

Жауабы: Орын басу реакциясы.

4.     Күрделі екі зат арасында жүретін реакциялар, ондағы заттар өздерінің негізгі құрамдық бөліктерімен алмасатын реакция?

Жауабы: Алмасу реакциясы.

5.     Күкірт қышқылының молекулырлық массасын есептеу.

Жауабы: 98 г/моль

6.     Ас тұзының формуласы.

Жауабы: NaCL

7.     Алюминий қандай валенттілік көрсетеді?

Жауабы: ІІ, ІІІ.

8.     Марганцовканың формуласы.

           Жауабы: KMnO4

IV Жаңа тақырыпты жеткізу.

1.     Металдарға анықтама.

Элементтер сыртқы түрі мен қасиеттеріне байланысты метал және бейметал болып болып бөлінеді. Металдар дегеніміз-электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. B –Sі –As – TeAt элементтерінен тұратын диагональдің сол жағынан төмен орналасқан барлық элементтер металдарға жатады.

Металдардың периодтық жүйедегі бөлінуі:

Сілтілік металдар: литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций;  

Сілтілік-жер металдар: магний, кальций, стронций, барий, радий;

Амфотерлі металдар (екідайлы): алюминий, галлий, қорғасын ,қалайы,бериллий, мырыш;

Бағалы металдар: рутений, родий, палладий, осмий, иридий, платина.

2.     Бейметалдарға анықтама.

Бейметалдар – металдар қатарына жатпайтын элеметтер. Оларға - сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жатады. Бейметалдар периодтық жүйенің оң бөлігінде топтасқан, олардың кестедегі орнын бор-кремний- мышьяк- теллур-астат элементтерінен тұратын диагональ бөліп көрсетіп тұр.

Галогендер: фтор, хлор,бром,  йод, астат;

Асыл газдар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон.

3.     Металдардың химиялық қасиеттері:

1. Жай заттармен әрекеттесуі:

1) 2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы

2) Fe + S = FeS темір (II) сульфиді

3) Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

2. Күрделі заттармен әрекеттесуі:

1)Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.

2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2

2)Металдар қышқылдармен әрекеттеседі.

Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2

Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O

3)Металдар тұздармен әрекеттеседі.

Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg

Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu

2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti

4)Металдар оксидтермен әрекеттеседі:

2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe

5)Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:

Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2

4.     Бейметалдардың химиялық қасиеттері.

1)Бейметалдар жанады:

С + O2 = СO2

2)Металдармен әрекеттеседі:

2Mg + Si = Mg2Si

3)Сутекпен әрекеттесуі:

S + Н2 = H2S

4)Бейметалдармен әрекеттесуі:

N2+3H2=2NH3

5) Фтордан басқа бейметалдар оттекпен әрекеттеседі:

S + O2 = SO2

V Тақырыпты бекіту.

Студенттермен «Мозайка» ойыны арқылы  сабақты бекітеміз.

Шарты: мозайка бөлшектерінде сұрақтар болады. Сол бөлшектердегі сұрақтарға жауап беру арқылы студенттер Менделеев кестесінің көрінісін құрайды.

Сұрақтар:

1.     Оттегімен әрекеттеспейтін бейметалл?

Жауабы: фтор

2.     Cілтілік металдарға қандай металдар жатады?

Жауабы: литий, калий, натрий, рубидий, цезий, франций.

3.     Жер сілтілік металдарға қандай металдар жатады?

Жауабы: бериллий, магний, кальций, стронций, барий, радий.

4.     Металдардың периодтық жүйеде орналасуы.

Жауабы: B –Sі –As – TeAt элементтерінен тұратын диагональдің сол жағынан төмен орналасқан барлық элементтер металдарға жатады.

5.     Бейметалдардың периодтық жүйеде орналасуы.

Жауабы: Бейметалдар периодтық жүйенің оң бөлігінде топтасқан, олардың кестедегі орнын бор-кремний- мышьяк- теллур-астат элементтерінен тұратын диагональ бөліп көрсетіп тұр.

6.     Метал мен тұздың әрекеттесуіне мысал.

Жауабы: CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

7.     Бейметалдың сутекпен әрекеттесуіне бір мысал.

Жауабы: Н2 + Сl2 = 2HCl

8.     Галогендерге жататын элементтер?

Жауабы: фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At.

9.     Инертті газдарға жататын элементтер?

Жауабы: элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон.

10.  Металдардың жай заттармен әрекеттесуіне бір мысал.

Жауабы: Fe + S = FeS

11.  Бейметалдардың жануына бір мысал.

Жауабы: С + O2 = СO2

12. Аммиактың формуласы?

Жауабы: NH3

VI Сабақ қорытындысы.

Түсінік бере отырып, бағалау.

VII Үй тапсырмасы.

115-138 б, оқу, № 5,6, 7, 8 есеп шығару.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по химии на тему "Общая характеристика металлов и неметаллов""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2019 329
    • DOCX 413 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махумова Мадина Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махумова Мадина Болатовна
    Махумова Мадина Болатовна
    • На сайте: 4 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2578
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 351 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе