Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Открытый урок по информатике на тему: "Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік" (8 класс)

Открытый урок по информатике на тему: "Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік" (8 класс)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: өткізілетін күні:11.05.2014

Тақырыбы

«Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік»

Сабақ мақсаттары








Табыс критерийлері:

Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары жайлы мағлұматтарын қалыптастыра отырып, . оқушының танымдық қабілетін арттыру, өз ойын жүйелеуге, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту.

  • Оқушылардың сандық ақпарат, ақпаратты қорғау түрлері мен әдістері жайлы мағлұматтары қалыптасады;

  • Криптография туралы мәлімет алады;

  • Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде заңсыздықты болдырмауға және желілік этикет жайлы ақпарат алады;

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Білім беру технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың білім беру формасы

Топпен бірлесе, жұппен, жекелей атқаратын жұмысқа арналған

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер

Кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме, Insert әдісі, постер қорғау.

Көрнекіліктер

презентация, таратпа материалдар, табыс критерийі, бағалау парағы.

Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

(5 мин)

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Топқа бөлу:қазақтың ұлттық ойыны асық алуды пайдаланып сыныпты 3топқа бөледі.

Сұрақтар қою арқылы топ ретін, топбасшысын анықтайды.


Топ ережесін құру

Сергіту сәтін жасайды.

Топпен жинақталып отыру. Топ ретін, топбасшысын анықтауға белсене қатысу.

Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы формативті бағаланады, топ басшысы етіп тағайындалады.


Мұғалімнің формативті бағалауы

Үй тапсырмасы:

Шатастырылған баулар

(5мин)+тексеру 1 минут

Жеке жұмыс:/үйтапсырмасы/

Сынып оқушыларына әрқайсысы өз бетімен тапсырмаларды орындау


Үзінді бөліктері арқылы анықтамаларын табады. Сәйкестендіру.

Бірін- бірі бағалайды

«Қызығушылықты ояту»

( 3 мин)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ой қозғау арқылы оқушыларға анықтату

Видеобейне арқылы оқушыларға ой салу:

  • Күнделікті тұрмыста,өмірде ақпаратты қорғаумен кездестіңіздер ме?

  • Қандай жағдайда?

Видеобейне арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды: телефонға Пин-код, пароль қою т.б.



«Мағынаны ажырату»



Топтарға реті бойынша тақырыптарды бөліп беру

І-топ. Ақпарат қауіпсіздік. ҚР қылмыстық кодексіне сай ақпаратты қорғау, жазалау

ІІ-топ. Заңмен қорғалатын құпия ақпараттар

ІІІ-топ. Ақпаратты қорғау әдісі-криптография(5мин)


Жұппен, топпен талдау (2мин)


«Инсерт» әдісі бойынша материалды түртіп жеке оқиды, жұппен, топпен талдайды


Берілген материалдар бойынша ақпаратты өз бетімен оқып, талдап, сызба, конспект түрінде жазып алу






Топ басшысының бағалауы

ЖИГСО әдісін түсіндіру, яғни топбасшы өз орнында қалып осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндіреді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп, өз тобына әкеледі. (5мин)

Топбасшы өз орнында қалып осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндіреді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп өз тобына әкеледі, бәрі бірге талдайды.

Топ басшысының бағалауы

Кітапты жауып қойып тақырыптан

түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп постер қорғайды. Постер қорғау (6мин)

Топқа берілген тапсырманы атқаруда белсенділік, жауапкершілік танытады. Өз тобында есте сақтағанымен бөліседі.

Бір- бірінің постерлеріне пікір жазып жапсырады

Топ басш бағалайды.

Қосымша

2 мин+3 минут

Шығармашылық тапсырма: Желілік этикет


Қорытындылау слайд

Қосымша материалдарды пайдалана отырып әдістеріне мысал келтіру


Бағалау

(2мин)

Формативті бағалаудың жалпы бағалауын жүргізу.Топ басшысының бағалауы

Топ басшысының бағалауын тыңдайды


Үйге тапсырмa

(1 мин)

Тақырыпты оқып келу


Тақырыпты оқу



Кері байланыс

Рефлексия

(2 мин)

Сабақ барысында нені меңгердің?

Не үйрендің?


стикерге жазу, тақтаға жапсыру


























РЕФЛЕКЦИЯ

30 қаңтар 2014 жылы 11 а сыныбында «Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары жайлы мағлұматтарын қалыптастыра отырып, . оқушының танымдық қабілетін арттыру, өз ойын жүйелеуге, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту.

Табыс критерийлері:Оқушылардың сандық ақпарат, ақпаратты қорғау түрлері мен әдістері жайлы мағлұматтары қалыптасады;Криптография туралы мәлімет алады;Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде заңсыздықты болдырмауға және желілік этикет жайлы ақпарат алады;

Сабақ түрі-жаңа сабақ. Білім беру технологиясы - Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: Кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме, Insert әдісі, постер қорғау.Көрнекіліктер:презентация, таратпа материалдар, табыс критерийі, бағалау парағы. Сабақтың білім беру формасы - топпен бірлесе, жұппен, жекелей атқаратын жұмысқа арналған.

Сабақтың кезеңдері: 1. Сергіту сәтін ұйымдастырдым: қазақтың ұлттық ойыны асық алуды пайдаланып сыныпты 3топқа бөлдім. Сұрақтар қою арқылы топ ретін, топ басшысын анықтадым.Оқушылар топ ережесін құрды.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы қалыптастырушы бағаланады, сұраққа тез, дұрыс жауап берген оқушы топ басшысы етіп тағайындалды.Барлық топ берілген тапсырманы бірден талдап белсенділік танытты. Топпен ақылдаса отырып, өздерінің жазған ережелерін тақтаға шығып оқыды.

2. кезең: «Қызығушылықты ояту» кезеңі-сабақтың тақырыбы мен мақсатын ой қозғау арқылы оқушыларға анықтату мақсатында бейнефильм арқылы оқушыларға ой салу. Бейнефильм аяқталғанда оқушыларға: « Күнделікті тұрмыста,өмірде ақпаратты қорғаумен кездестіңіздер ме?», «Қандай жағдайда?», «Ақпаратты қорғау неге керек? –деген сұрақтар бере отырып, нәтижесінде табыс критерийлерін анықтаттым.

3 кезең-Топтарға реті бойынша тақырыптарды бөліп бердім: C:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 7 (26.02.2014 16-11).png

І-топ. Ақпарат қауіпсіздік. ҚР қылмыстық кодексіне сай ақпаратты қорғау, жазалау

ІІ-топ. Заңмен қорғалатын құпия ақпараттар

ІІІ-топ. Ақпаратты қорғау әдісі-криптография.

Әр оқушы өзінің алдындағы ноутбуктен берілген ссылкалар арқылы және дайын қосымша материалдар арқылы дайындалуға 5 минут берілді. Инсерт әдісін пайдалана отырып, түртіп оқу арқылы керекті жерлерін маустың көмегімен белгілеп, ерекшелеп отыруға тапсырма берілді. Уақыт аяқталған соң жұппен, топпен талдауға 2 минут уақыт берілді. Әр берілген тапсырма уақыт ішінде орындалуы үшін таймер қойдым. ЖИГСО әдісін пайдалана отырып, топ жетекшісі мен баяндамашы өз тобында қалып, осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндірді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп, өз тобына әкелді. (5мин). Барлық 3 тақырып бойынша постер қорғауға 3 минут уақыт берілді. 1 топ интерактивті тақтаның алдына шығып өз постерлерін жасады. Ол оқушыларға интерактивті тақтаны бор ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Екі топ орындарында отырып, постер жасады. C:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 9 (26.02.2014 16-12).pngC:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 6 (26.02.2014 16-10).pngC:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 3 (26.02.2014 16-08).png

Оқушылар топта да белсенді жұмыс атқарды. Кумулятивті әңгіме туындады, ақпаратты қорғау мақсатында криптография туралы зерттеушілік тапсырма берілді. Оқушылар өз бетімен ақпаратты кодтау үрдісін жүзеге асырып, дәлелдеді. Оқушылар постер қорғау кезінде өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге тырысты. Сабақтың тығыздығы жоғары болды. Сабақта қойылған мақсатым мен табыс критерийлерім орындалды. Мақсатыма жеттім. Сыныпта жоғары деңгей оқушысы Ақжарқын сабақ бойында өте жоғары белсенділік танытты, топ басшысы ретінде барлығына көмек көрсетіп отырды. Өзі қосымша материалдар ұсына отырып, тобының жетістікке жетуіне ықпал жасап отырды. C:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 10 (26.02.2014 16-12).pngC:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 1 (26.02.2014 16-03).png

Орта деңгей оқушысы Әйгерім топ ішінде белсенділік танытты. Топ ішінде баяндамашының ролін алды. Тақырыпты талдау кезінде белсенділік танытты. Сұрақтарды жиі қойып отырды.

Төменгі деңгей оқушысы Аблайхан топ ішінде жұмыс кезінде қасындағылардан көмек сұрап отырды. Оқығанын талдау кезінде пікір айтуда белсенділік танытпады. Постер қорғағанда жетекші сұрақтар арқылы ғана сұраққа жауап беруге тырысты. Өте көңіл бөліп жеке жұмыс істегенді талап ететін оқушы. C:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 5 (26.02.2014 16-09).pngC:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 2 (26.02.2014 16-04).pngC:\Users\моно5\Desktop\Моментальный снимок 8 (26.02.2014 16-11).png

Сабақ аяғында оқушылар стикерге не ұнағанын, алған әсерін жазды және сабақтан соң пікірлерін тыңдадым. Оқушыларға топпен жұмыс жасағаны, Жигсо әдісі бойынша оқушылардың барлығы қамтылғаны, постер жасағаны және оны қорғағаны, тақырыпты өздері оқып түсінгендеріне риза болды. Оқушылар жұптық жұмыс істей отырып, материалдан өзіне ұнаған үзінділерін бір-біріне оқып беруді талап еттім. Ол оқушылардың қажетті материалды есте сақтап қалуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Сабағымның кемшілігі уақыт жетпей қалды. Қоңыраудан 5 минут алдым. Кабинет тар, оқушының көптігі де зиянын тигізді деп ойлаймын. Топтың шағын адам болғаны пайдалы екен.





Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров617
Номер материала ДВ-152286
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх