Инфоурок Информатика Другие методич. материалыОткрытый урок по информатике на тему "Компьютердің құрылымы" (5 класс)

Открытый урок по информатике на тему "Компьютердің құрылымы" (5 класс)

Скачать материал


Пән аты: информатика


Сабақ тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютер және оның құрылымына байланысты оқушылардың

алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

Дамытушылық: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, тыңдай білуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.


Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру.)


Сабақтың типі: интеллектуалды - шоу

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1)Сәлемдесу.

2))атысатын оқушылар және жюри мүшелерімен таныстыру.


hello_html_696bb821.gif

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» деп аталатын ойын таңдай қақтырып, баршамызды тамсандандырып - ақ келеді. Өкілетті білім беру бағдарламасындағы интерактивті байланысты пайдалана отырып, информатика пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын өткізуді жөн көрдім.

«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек, баланы балы ететін тәрбие кұралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойына шығатын оқушыларды анықтап алу үшін сұрақтар таратылады. Кім де кім сол тест жауаптарын тез және дұрыс жауап берсе, сол оқушылар ойынға жолдама алады. (Слайдта жасалған тес сұрақтары)

Тест сұрақтары:

  1. MS Word терезесінің қатарларын ретімен орналастыр:

А) Жұмыс аумағы

Ә) Менюлер қатары

Б) Қалып күй қатары

В) Тақырып қатары

Жауабы: (В, Ә, А, Б)

  1. Папка құру үшін командалардың ретін ата

А) Папка

Ә) Файл

Б) Құру

В) Ат енгізу

Жауабы: (Ә, Б, А, В)

  1. Информацияның өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз:

А) бит

Ә) Мб

Б) Кб

В) байт

Жауабы: (А, В, Б, Ә)

Жүргізуші:

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқатда аптығыста.


Ойын – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді тек ғұламалар,

Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кезекті іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен өткен оқушыларға береміз. Оқушылар өздерін таныстырып өтсін.


Жүргізуші:

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар, «Бәйге» турын бастаймыз. Әр сұраққа 10 ұпай.


І. «Бәйге»

1. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас? (интерфейс)

2. Информациялық процестерді жүзеге асыратын құрылғы (компьютер)

3. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)

4. Қағаздағы бейнені дисплейге түсіруші құрылғы (сканер)

5. Компьютердің миы, ең басты бөлігі (процессор)

6. Принтердің неше түрі бар (3 түрі)

7. ЭЕМ – нің неше буыны бар? (5 буыны)

8. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

9.Компьтердің атасы кім? (Ч.Бэббидж)

10. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлейс)


Жүргізуші:

«Ана тілім - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте », - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Демек келесі турымыз Полиглот деп аталады.


ІІ. Полиглот

Жүргізуші:

Сендерге жұмбақталып сөз оқылады. Жасырын сөзді тауып, қазақ, орыс ағылшын тілінде айтқанда 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.


  1. Ақпараттың қайнар көзі(табиғат, природа, nature)

  2. «Ас – адамның арқауы», ал компьютердің асы (тоқ, ток, current)

  3. Баспаға шығару құрылғысы (принтер, принтер, Printer)

  4. Енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, Keyboard)

  5. Компьютердің миы (Жүйелі блок, системный блок, Sistem block)

  6. Компьютерді басқаруға арналған қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)


Жүргізуші:

Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығарылады. Енді келесі турға өтеміз.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын,

Білімдірек шәкірт озар,

Қиын сұрақ көп болсын, - дей отырып, келесі турымыз Ғажайып алаңға өтеміз.


ІІІ. Ғажайып алаң


20

20

20

30

30

30

40

40

40

20(сол жақта) - Оның корпустары өлшемдері және максималды өлшем бағыттары (вертикалды және горизонталды) бойынша ажыратылады. Онда әдетте бірнеше параллель және тізбектелген порттар болады. Олар mouse манипуляторы, модем, принтер және т.б. енгізу/шығару құрылғыларын жалғауға қолданылады. Бұл компьютердің қай құрылғысы жайында айтылып жатыр? (процессор)

20(ортада) - Ол әзірше ақпаратты енгізудің негізгі универсалды стандартты құрылғы болып отыр. Оның 101-ден кем емес клавиштері бар. Әріптер мен сандарға, тыныс белгілеріне және баспа тексттерінде кездесетін басқа да символдарға арналған 60 клавиштер және компьютерді басқару мен бағдарламаларды орындауға арналған 40 клавиштері бар. Мүнда не жайында айтылып жатыр? (пернетақта)

20(оң жақта) - бейне сұрақ. Бұл белгілі бір құрылғыларды орнатуға арналған үлкен «разъемдар коллекциясы». Ол не? (аналық тақта)

hello_html_3c59a193.png


30(сол жақта) - Оның өзінің орнықты стандарты жоқ. Басында VGA стандарты қолданылатын, ал қазір SVGA SuperVGA стандарты қолданылуда.

Сонымен қатар оның өзінің сипаттайтын бірнеше параметрлері бар:

- Түс режимі

- Рұқсат етілген қабілеттілік

- Айналдырудың максимал жиілігі (Refresh Rate)

- Оперативті жады көлемі

Мұнда қандай құрылғы жайлы айтылып тұр? (видеокарта)

30(ортада) Ол – үлкен көлемді берілгендерді ұзақ әрі сенімді сақтауға арналған құрылғы және құрылысы да күрделі. Оның құрылысы механикалық және электрондық бөлшектерден тұрады. Механика – оқу/жазу магниттік головка (магнитно-резисторлі және индуктивті), шпиндель, бірнеше дисктер және соларды айналдыратын қозғалтқыш. Бұлар электронды плата жалғанған шартты герметикалық бокста орналасқан. Мүнда не жайында айтылып жатыр? (винчестер)

30(оң жақта) – Технологиялық стандартты ол зат үш слойдан тұрауы тиіс: оның рельефі преспен штампталған поликаpбонатты пластиктен төсеніш, аллюминиден (алтын, күміс, платина, палладий) оған себілген көрсетіп тұратын қабат және жазулар мен суреттер (нейтралды химиялық краскамен шелкографиялық әдіспен ) салынатын поликорбанаттың жұқа қорғағыш қабаты. Ол не? (диск)

40(сол жақта) - бейне сұрақ. Мұнда микрофон көмегімен дыбыстық толқындар электрондық сигналдарға ауысады. Ол не? (дыбыстық карта)

hello_html_f12f3a9.jpg

40(ортада) -– Ол Red Book стандартына негізделген және олардың кеңейтулері болатын ақпаратты цифрлы тасымалдағыштардың бірқатарының жалпы атауы болып табылады. Бұл не? (CD-ROM диск)

40(оң жақта) – Ол ақпаратты лазерлі дискіден оқуға арналған қиын электронды-оптика-механикалық құрылғы. Ол не? (CD-ROM дpайв)

Жүргізуші:

Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығарылады. Енді келесі турға өтеміз.

Айналайын алға ұмтыл Дарындар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

Келесі турымыз «Қиялдар әлемі» деп аталады. Мұнда ойыншыларға екі тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.


IV.тур «Қиялдар әлемі»

А) Егер мен робот болсам...

Б) Егер мен компьютер болсам...

Ең жоғарғы ұпай саны 50 баллмен бағланады. Іске сәт!

Жүргізуші:

Ойынымыздың шешуші сәті төрешілерде. Жеңімпаздарды марапаттайық.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамызба жаман болсақ,

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по информатике на тему "Компьютердің құрылымы" (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 494 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 591
    • DOCX 231 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтмолдина Шырын Насиоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3897
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек