Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Открытый урок по информатики на тему Алгоритм (7 класс)

Открытый урок по информатики на тему Алгоритм (7 класс)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.
Дамытушылық: Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
Міндеттері:
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары
1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2. Қандай циклдік операторлар бар?
3. FOR операторының жазылу форматы қандай?
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Циклдік алгоритмдерді программалау. Цикл түрлері

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров87
Номер материала ДВ-485196
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх