Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Открытый урок по истории Казахстана на тему "Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы" (8 класс)

Открытый урок по истории Казахстана на тему "Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы" (8 класс)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қандыағаш қалалық

4 орта мектеп

тарих пәні мұғалімі

Кадиркулова Фарида Нурадиновна

Қазақстан тарихы 8 «а» кл

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға Абылай ханның тұлғасын,оның ел басқару жүйесін жетілдіру, қазақ жауынгерлік мектебінің тарихында үлкен рөл атқарған батырлығымен халық көңілінен шыққан қайраткер,қол бастаған Абылай туралы соңғы деректерге сай мәлімет беру,білгірлікпен жүргізген сыртқы саяхаттың нәтижесін көрсету

Дамытушылық :Тарих сахнасынан қазақ халқының құрып кету қаупінен сақтаған,үш жүздің басын бір кезеңге тіреген Абылайдың қоғамдағы ,тарихтағы орнына оқушылардың басты назарын аудару, Абылай ханның сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен таныстыру,тарихи деректерді тиімді пайдалану,тірек конспектімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту,қызығушылығын ояту ,ізденіс жұмыстарымен шұғылдануға баулу. 
Тәрбиелік : Найзаның ұшымен,білектің күшімен туған жерін қорғаған Абылай ханның батырлық , сарабдал саясаткердің ерлігін дипломатиялық қарым-қатынастағы асқан шеберлігін дәріптеуге Абылайдың қазақ тарихында алатын орнының маңыздылығын ұғынуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1. Ақпаратты терең меңгереді
2. Талдайды,қорытады,бағалайды,болжайды,берілген сұраққа сәйкес қиялдайды.
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
4. Әңгіме бойынша өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді.
5. Алынған ақпараттарды бір-бірімен сәйкестендіріп,тұжырымдай алады. 

Сабақтың көрнекілігі : ҚР саяси картасы,хандардың суреттері, слайдтар, бейнежазба т.б

Сабақтың әдісі:Болжау әдісі,сұрақ-жауап,блум таксономиясы, түртіп алу стратегиясы,жұптық ,топтық жұмыс,тірек-сызба,ауызша баяндау.

Сабақ кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Қызығушылықты ояту

  3. Мағынаны тану

  4. Ой толғаныс

  5. Қорытындылау

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Рефлексия

Ой-сергіту:

Құрметті оқушылар сіздермен орыс халқының ойшылы,жазушы,әдебиет сыншысы Белинскийдің мына ойымен бөліскім келеді. « Мақсатсыз әрекет жоқ,қызығусыз мақсат жоқ,ал әрекетсіз өмір жоқ.Мақсат пен қызығу – іс әрекеттің көзі» деген екен.Осы сөзді сіздер қалай түсінесіздер?

Ендеше , құрметті оқушылар мен де сіздерді бүгінгі сабақты мақсатты іс әрекетпен,қызығушылықпен өткізуге шақырамын.

Топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту”

Құрметті оқушылар экранға назар аударыңыздар . ( тақтадан 1 оқушы сұрақ береді.)

Сабақтың тақырыбын,  мақсатын, мазмұнын  хабарлау/


Саз естіледі:  «Көшпенділер»  фильмнен үзінді /  


Оқушыларға мынандай сұрақтар қоямын:


1. Биыл 2015 жыл-қандай оқиғаларымен ерекше?

1.Бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен келдің?

2.Абылай туралы бұрын білетін бе,едің?

3. Білсең қандай пәндерден оқып,кездестірдің?

4.Бүгінгі сабақта өзіңе мол деректер аламын деп ойлайсың ба?

Олай болса,

«Алысқа көз тастаған,Болашақты бағамдай,

Халқын алға бастаған Қазақ ханы Абылай!» деп ұрандата сабағымызды бастаймыз.

Топтық тапсырмалар. 1.Мәтінмен жұмыс

2. Білу: Мозайка құрастыру

3.Түсіну.Сәйкестендіру

4.Қолдану.Сұрақтарға жауап беру.

5.Талдау: Тұлғаларға мінездеме жазу.

6.Қорытындылау.

Білу

І топтың тапсырмасы

Берілген мозаиканы жинақтау арқылы тақырып бойынша мәтін құрастыру

Мемлекет

қалай да

Абылайдың

басты

дербестігін

мақсаты

билеушісі

хандығының

еді

қалу

Қазақ

сақтап



Жауабы:Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты- мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді.

Түсіну

ІІ топтың тапсырмасы

Алынған мәліметтерді қайта қарастыру және оған сипаттама беру үшін жазбаша жұмыс орындау

Екі бағанадан мәтіннің тірек сөздері мен сөз тіркестерін тауып сәйкестендіріп жазыңыздар.

1757-1760 жж қазақ елінің дербестігін қамтамасыз ету мақсатында

жаңа өзгерістерді заңдастырды.

Түркістан,Сайрам,Созақ және бірнеше қалаларды

Маньчжур-Цин қарулы күштері Жоңғарияға басып кірді.

Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар

Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды.

1755 ж көктемде Әмірсана бастаған

Орта жүздің ханы ғана емес,барлық қазақтың билеушісі деп таныды.

Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері

Абылай күшпен қайырып алып,қазақтардың билігіне қаратты.


Жауабы: 1. 1757-1760жж қазақ елінің дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды.

2.Түркістан,Сайрам,Созақ және бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып,қазақтардың билігіне қаратты.

3. Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды.

4.. 1755 ж көктемде Әмірсана бастаған Маньчжур-Цин қарулы күштері Жоңғарияға басып кірді.

5. Белгілі саяси қайраткердіүш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес,барлық қазақтың билеушісі деп таныды.

Қолдану

Кез келген тәуелсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болатынын оқушыларға айтып, «Сыртқы саясат», «Дипломатия» деген ұғымдарды түсіндіріп,тарих дәптерлеріне жаздыру.

Сыртқы саясат – мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты.

Дипломатия – мемлекеттің сыртқы,халықаралық саясатты жүзеге асырудағы мемлекет басшылары мен оның органдарының практикалық іс-әрекеттері.


ІІІ топтың тапсырмасы :

Оқушыларға сұрақ:

1.Абылайдың белгілі қайраткер ретінде қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті?

2.Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыруда қандай еңбек сіңірді?

3.Абылай елінің ішкі дамуы барысын қалай сипаттауға болады?

Талдау

Абылай хан мен Назарбаевқа мінездеме жазыңыздар.Мінездеме жазу үшін мынадай критерийлер ұсынамын:

1.Өмір сүрген уақыты;

2.Тұлғаның іс-әрекеті,тарихта алатын орны;

3.Негізгі қасиеттері,белгілері;

4.Жеке көзқарасы.

Қорытындылау

Ой -түйіндеме

Бүгінгі сабақ алған білімдеріңізді бір ортаға жинақтап,қорытынды жасайық.

Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіздер?

Оқушылардың айтқан ойларынан кейін өзім оқушылардың ойын былай жалғастырдым.

Биылғы жыл ерекше жыл болып отыр. 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы деп бекітілді. Қазақстан бүгінде көпшілікке үлгі болып отырғанын мойындаймыз. Қазіргі ұрпақтың міндеті – осы тәуелсіздікті баянды етіп, Мәңгілік Ел болу. Оның жалғыз жолы – Ел Бірлігі.

Ұлттық тарихымызды ұлықтаудағы сапарымыз сәтті,болашағымыз жарқын болсын! Оқушыларды бағалау.

Топтық бағалау,өзін-өзі бағалау

Рефлексия: Маған бүгінгі сабақтан ұнаған үш жағдай...

Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...

Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...

Бүгінгі Қазақстанда Абылай хан сияқты адамдар бар ма, олар кімдер?


Автор
Дата добавления 29.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-297319
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх