Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыОткрытый урок по истории на тему ВОВ

Открытый урок по истории на тему ВОВ

Скачать материал

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда»колледжі

 

Келісемін:                                                                                                                                   Бекітемін

Колледж әдіскері:                                                                                                    Дирктордың оқу ісі

______  Альмердинова Ұ.М.                                                                                 жөніндегі орынбасары

«___»________2015 ж.                                                                                            _____ Оспанова Р.М.

                                                                     «___»_____2015 ж.

 

 

 

Ашық сабақ

жоспары

Тақырыбы: «Фашизм қасіреті»

Пәні: Дүние жүзі тарихы.

Мамандық:  0101000 “Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу”

Оқу тобы: МДТ-11.

Оқытушы: Мусаева Гүлзат Сұлтанбекқызы.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Қаралды:

                                      «Гуманитарлық-арнайы

                                           және жалпы»пәндер

                                            бірлестігінде

                                                   Хаттама №_____

                                                   «___»________2015 ж.                                         Бірлестік төрайымы:

                                                   _______Барпаякова Р.К.

                                                      

 

Қызылорда 2015ж.

 

Сабақ жоспары №26

Мамандығы: 0101000 “Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу”

Пәні: Дүние жүзі тарихы.

Оқу тобы: МДТ-11. I курс.

Өтетін күні: 3 сәуір 2015 жыл.

Өтетін орны: № 2 дәрісхана.

Сабақтың тақырыбы: “Фашизм қасіреті”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмнің адамзат баласына алып келген қасіреті жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау және қорытындылау.

Дамытушылық: Студенттерге Ұлы Отан соғысы мен екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ата- бабамыздың ерлігі мен төккен жасын, қайғы-қасіреттерін, ел басына кун туған қатерлі шақта миллиондаған ержүрек ерлеріміз бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғап, елжандылықтың , отаншылдықтың үлгісін көрсете білген ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

Тәрбиелік: Студенттерді Отанын қорғауға, ерлікті дәріптеуге, елінің өткенін сыйлау, қадірлеу, қастерлеу қасиеттеріне баулу. Аға буын ерлік істері жас ұрпақ көкірегінде мәңгілік өшпеуге, адамгершілік, имандылық, отаншылдық, патриотизм сынды қасиеттерді бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәжірибелік (көрініс, қойылым сабақ).

Сабақтың типі: Алған білімді тәжірибеде қолдану. Ұғымдарды қалыптастыру, заңдар белгілеу, СТО технологиясын қолдану .

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Студенттерге ақпаратты әңгімелеу, топпен жұмыс, жекелей және жалпы топпен, сұрақ-жауап, тусіндіру, баяндау, үлестірмелі материалдар, слайдтармен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі:Үлестірмелі қағаздар, презентациялық слайдтар, тақырыпқа байланысты аудио-видео жазбалар, карта, интерактивті тақта, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс: құқық негіздері, әдебиет, география, информатика.

Күтілетін нәтиже:

1.Студенттің жан-жақтылығы, ой-өрісін кеңейту;

2.Бірігіп топпен жұмыс жасауы;

3.Ойлауға, тыңдай білуге дағдыландыру;

4.Студенттер тарихқа көз жүгірте отырып берілген тапсырмалар бойынша өз бетінше ізденіспен жумыс жасауды жетілдіреді.

 

                              Сабақтың өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 2-3мин

Дәрісхананң тазалағына, сабаққа дайындығына назар аудару.

2.Кіріспелік нұсқау. /Жалпылама мағлұмат беру/

Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай.

 

Адамзат тарихында болған соғыстардағы қаза тапқан адамдардың саны.

 

XVII ғасырда болған соғыстарда

XVIII

ғасырда

XIX

ғасырда

XX ғасырдағы

Бірінші дүниежүзілік соғыста

Екінші дүниежүзілік

соғыста.

3 млн.

300 мың адам

қаза тапты.

5 млн.

200 мың адам қаза тапты.

5 млн.

500 мың адам

қаза тапты.

10 млн.

адам

қаза тапты.

64 млн.

адам

қаза тапты.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 110 млн. адам жарақат алды, мүгедек болды, 42 млн. бала жетім қалды.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде жүз реттен астам түрлі деңгейдегі соғыс оты тұтанды. Адамзат тарихында, дәлірек осы уақыттан 5000 жыл бұрынғы уақыт аралығынды болған қанды майдандарда 4 млрд.-тан астам адам қаза тапты.

Бүгінгі сабағымызда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс жәйлі сөз қозғаймыз. Студенттер, сіздер соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, жеңістің қалай келгендігін анықтап,бағалай білу керексіздер. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын еске сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесін!

3. Өткен тақырыпты еске түсіру.

Бұған дейінгі сабақтардан алған соғыс жайлы білімдеріңізді қайталап, еске түсіріп қорытындылап көрелік. «Тарих дөңгелегі» ойын.

4.Тәжірибелік жұмыс түрлері: Сот процесі «ФАШИЗМ ҚАСІРЕТІ»

Оқытушының кіріспе сөзі: Бүгінгі сабақ-екінші дүниежүзілік соғыс әкелген қасіреті туралы болмақ яғни, біз бүгін Нюрнберг процесіне қатысып, фашизмді жазалаймыз.

Фашизм –қанша қайғы-қасірет, ол әлемге қанша өлім әкелді. Фашизм-бір адамды екінші бір адам құл етуі.

Оның идеологиялары:

- демократиялық еркіндіктермен күрес,

- адам құқының барынша шектелуі,

- шовинизм,

- расизм,

- экстремистік ұлтшылдық,

- элитаризм, әскери агрессияға талпыну.

Әскери қылмыскерлердің халықаралық трибуналы Нюрнберг қаласында 20.11.1945жылдан 01.10.1946 жылдар аралығында  өтті. Неге Нюрнберг қаласы тандалды. Себебі бұл қала фашизмнің ошағы болды, бұл жерде Германияның ұлттық партиясы құрылды, бұл жерде фюрер билік басына келді, нақ осы жерде Шипельгрубер  Гитлер атанды, сондықтан  осы жерде 20 ғасырдың індеті аяқталу керек болды.

Слайд /Бухенвальтский набат/

                                Сот процесі

Хатшы: Орындарыңыздан тұрыныздар. Сот келеді.

Сот төрағасы: Сәлеметсіздер ме. Отырыңыздар. Бүгінгі қаралатын мәселе  фашизмді жауапқа тартамыз. Дүние жүзі халықтарына қасірет әкелген фашистер өз жазасын алады. Сот процесін ашық деп жариялаймыз.

Сот төрағасы: Бүгінгі процеске қатысушы сот құрамымен таныстырып кетейін. Сотқа төрағалық етуші, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы және  хатшы.

Хатшы, куәгерлер тегістей жиналды ма? Процесімізді жалғастырамыз.

Айыпталушы, орныңыздан тұрыңыз.Сіз қорғануға, мәлімет беруге, қарсы пікірлерге жауап қатуға, жаңадан болған мәліметтерді толықтыруға құқылысыз. Өз құқығыңызды түсіндіңіз бе?

Айыпталушы: Ия.

Сот төрағасы: Зәбір шегушілер, сіздерде де осындай құқықтарыңыз бар екенін ескерте кетемін. Сөз мемлекеттік айыптаушыға  беріледі.

Мемлекеттік айыптаушы: Рахмет сот төрағасы, сот процесіне қатысушылар. Айыпталушылардың бәріне бейбітшілік пен адамзатқа қарсы

/әскери тұтқындарды және бейбіт халықты қырып-жою, қоғамдық және меншік-мүлікті талан-таражға салу, құлдық еңбек жүйесін орнату т.б./ қастандық ұйымдардастырылып, оны жүзеге асырғаны мен аса ауыр әскери қылмыстар жасағандығы жөнінде айып тағылды. Сонымен бірге Германияның Ұлтшыл-социалистік партияның басшылық құрамын, шабуылдаушы /СА/ және күзет отрядтарын /СС/, қауіпсіз қызметі /СД/, мем. Құпия полициясы /гестапо/, империалистік үкімет пен бас штабты қылмысты ұйымдар деп тану мәселесі қаралу қажет.

Менің айтарым осы, арі қарай сот процесінде бұл істер қаралады, дәлелденеді, талқыланады.

Сот төрағасы: Рахмет. Отырыңыз. Айыпталушы, орныңыздан тұрыңыз. Сізге тағылған  кінәлар түсінікті ме? Сіз өзіңізді айыптымын деп санайсыз ба?

Айыпталушы: Жоқ. Маған тағылған айыптарға қосылмаймын. Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Мен бұйрықтарды орындадым.

Сот төрағасы: Айыпталушы,орныңыздан тұрыңыз ,өзіңіз жайлы сот алдында мәлімет беріңіз.

Фашизмнің басшылары кім. Сөз Германия атынан айыпталушыға беріледі.

Айыпталушы: Біз , фашистер бүкіл әлем халықтарына қарсы , бостандыққа қарсы соғыс бастаған елдің өкілдеріміз. Бізге дейінгі ұрпақтардың басынан өткен қасіретті көрмеген жас ұрпағымыз. Біз елімізге билік басына фашистердің келуіне мүмкіндік бергендерді айыптаймыз.

Олардың басшылары.

Адольф Гитлер. /1889 ж.сәуірдің 20-1945 жыл сәуірдің 30/ Үшінші рейх тоталитарлық диктатурасының негізін қалаушы, Германия рейхсканцлері, Германия фюрері. Гитлер саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны соншама, адамдарды өлтіруге дейін барды. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік соғыстың отын тұтатты.

Генрих Гиммлер /1900-1945/ - концларгерлер жүйесін салуға белсенді ат салысқан фашист. Неміс ұлттың жоғары расса деп санап,қалғандары төменгі расса сондықтанда оларға Еуропада орын жоқ деп санаған нацист. Оның ұсынысы бойынша 30 жылдың ішінде Батыс Сібірге поляктардың 85%, Батыс Украинадан 65%, Белоруссиядан 75% және осы жерлерге 10 миллион немістерді қоныстандыру жоспарлады. Соғыс басында жоспар бойынша 5-6 миллион иудейлерді жою туралы айтты.

Герман Геринг /1893-1946/ Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыш болған.құпия полиция /гестапоны/құрушы. Аса ауыр әскери қылмыстар жасаған және бейбіт халықты қырып-жойған.

Сот төрағасы: Отырыңыз. Қазір Польша елінің өкіліне сөз беріледі.

1-ші зәбір көруші:  01.09.1939 жылы Германия Польша еліне шабуыл жасады-осы күн Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған  күні деп саналды.

Поляк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ саны аз және нашар қаруланған поляк армиясы немістердің авиация қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады. Соғыс басталғаннан соң екі аптадан кейін Польша талқандалды. Польша, КСРО, басқа да еуропалық елдердің оккупациалық аумақтарында көптеген өлім лагерлері ұйымдастырылды. «СС» органдарының мәліметтері бойынша 1944 жылдың сәуір айында негізгі лагерлер саны 20 болса, филиалдардың саны 1000 - ға жеткен. Концентрациондық лагерьден өткен 18 млн. адамның 12 млн. Жуығы қаза болды.

Қорғаушы: Құрметті сот, мен  осы арада мынадай жағдайларды ескере кетсем дұрыс қой деп ойлаймын. Бір қызығы , жыл өткен сайын көптеген тарихшылар мен инженерлер бұл мәліметтермен келіспейді. Дегенмен , бұл еврейлердің лагерьге әкеліп, осы жерде айуандықпен өлтірілгенін жоққа шығару емес. Біраз тұтқындар бит арқылы тарайтын бөрітпе-сүзектен қайтыс болғаның алға тартады.

Сот төрағасы: сөз, фашистердің айуандығын өз көзімен көрген куәгер, Кемеров облысы  Чебулинск ауданы Курск-Смоленск селосының тұрғыны, 1912 жылы туылған Филипп Михайлович Бородинге беріледі.

1-куәгер: Мен, Филипп Михайлович Бородин 1941 жылы армия қатарына шақырылдым.1941 жылдың 16 тамызында Ород қаласының жанында біздің әскерлердің шегіну кезінде тұтқындалып, неміс концлагеріне түстім. Концлагерь Т.Г.Шевченконың мұражайының аумағында орналасқан еді. 8-10 күнге дейін тамақ бермей адамдарды қинады,даладағы қан араласқан шалшық суды ішуге мәжбүр болдық. Темір тормен қоршалған жерде, жанбыр астында түнедік, сондықтан күніне суықтан 100-ден аса тұтқын қаза табатың.

Сот төрағасы: Ньюрнберг прцесі құжаттары бойынша Освенценде болған куәгерді тыңдаық.

2-куәгер: Освенцен лагерлер жүйесі 1940 жылы Польшаның Краков қаласынан 59 шақырым жерде салынған. Бұл өлім орталығы  болды.Алдымен 10 мың адамға арналған, кейін 250 мың адамға дейін ұлғайды.Бұл жерде 27 ұлт өкілдері болды. Күніне лагерьге әр қайсысында 1500-1700 адам бар 3-5 темір жол эшелоны келетін Әр эшелоннан фашистер жұмысқа жарамды 200-500 тұтқынды таңдап алып, қалғаның  газ камералары мен крематорийге айдайтың. Өртегеннен кейінгі адам күлін фашистер жақын маңдағы орамжапырақ өсіретін егістікке тыңайтқыш ретінде пайдаланды.

Қорғаушы: Құрметті сот,менің айтарым бар. Осы мәліметтерге сүйеніп тұтқында болған австриялық Мария Фанхерваардге сөз беруінізді сұраймың.

Сот төрағасы:Хатшы, айыпталушы жағынан куәгер Мария Фанхерваарді сот залына шақырыңыз.

3-куәгер: Мен, Мария Фанхерваард Освенцим-Биркенауға 1942 жылы түстім.Лагерьге әкеле жатқанда бір сыған әйелі Освенцимге барған соң бәрімізді газбен улап өлтіреді деді. Келгеннен соң неміс қарауылдары мені мен басқа әйелдерді шешіндіріп, бетоннан жасалған терезесі жоқ кең бөлмеге кіріп жуынындар деп бұйрық береді.Зәреміз қашып, қазір газбен улап өлтіреді деп ойладық,бірақ газдың орнына су шашырады.

 Мемлекеттік айыптаушы: Сонда сіз Мария, Освенцим курорт болғандай атыныз ғой.

3-куәгер: Жоқ әрине, тұтқында жатқандардың көпшілігі ауырып қайтыс болған, кейбірілер өзіне қол салғаның куәсі болдым.

Сот төрағасы: Сөз Чехословакиядан келген куәгерге беріледі.

4-куәгер: Бізді 1943 жылдың 22 қаңтарында  концлагерьге алып келді. Эшалонда 3600 дей адам болды, менімен бірге ұлымды 3 жаста, әкемді 73 жаста және анамды 65 жаста жұмысқа жарамайды деп крематорийге айдады. Сол бір сәт әлі көзімнің алдында тұрғандай. Әкем немересін құшақтап, бар сұмдықты көрсеткісі келмей , немересінің жаның алып қалатындай болып тұрды. Сол сәтте мен де солардың қасында болғым келді, меилі бірге өлсем солармен бірге болатындай сезіндім.

Түнімен иттердін дауысы,қиналып жатқан адамдардың жан айқайлары құлағымнан кетпейді.

Сот төрағасы: Сөз Франциядан  келген куәгерге беріледі

5-куәгер: Мен,Клермон –Ферранс университетінің анатомия профессоры  Анри Лимузен Нацисттер адамдарға неше түрлі тәжірибе жасады, содан соң олар мүгедек болып, ия болмаса қайтыс болатың.

Оларға жұқпалы ауруларды қоздыратың екпе жасады.

Адамдар қаншалықты суыққа шыдамды екендігі тексерілді.

Фашистер тірі адамдардың алтын тістерін жұлып алып, оларда трофей жасап жарысты.

Сот төрағасы: Сөз Ұлыбританиядан келген куәгерге беріледі.

6-куәгер: Гданскде жасалған қылмыстар шектен шықты.Бұл жерде мәйттерді сақтайтың қоймалар болды.Үлкен ыдыстарда адамдардың терісін жібітіп, олардан неміс әйелдеріне былғыры қолқап, шамдарға абажур, сувенирлер жасаған. Адамдардың іш майынан сабың жасады. 25 кг сабын шығару үшін 70-80 кг май керек болған, ол шамамен 40 мәйіттен алынатын еді. Биркенау лагерінде біз бір қойма таптық, ол жерде төбеге дейін толтырылған бумалар болды, ашып қарасақ онда адамдардық шашы болды. Фашистер әйелдердің шашынан арқан,жіп жасап өндірісте пайдаланған.

Сот төрағасы: Бүкіл өркениет бұндай сұмдықты көрмеген, оны өз басынан өткізген Муса  Джалиль , ол 1944 қаңтар айында Моабитск абатысында қиналып өлтірілген. Сонда ақының  қанымен жазылған өлеңін тыңдайық.

Сот төрағасы: Ендігі сөз КСРО елінің куәгеріне беріледі.

7-куәгер: Кеңес аэродромына 22 маусым күні таңертен кенет ауа шабуылын жасаған неміс авиациясы кеңес авиациясының бірталай бөлігін істен шығарды. Кеңес әскерлері табанды қарсылық көрсетті , көп шығынға ұшырады ,бірақ жауды тоқтата алмады. 1941 жылдың қысына қарай неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белоруссияны басып алды.

Осы оккупациялық аумақтарда фашистер жан түршігер қимылдар жасады. Керч қаласына халықты эшалонмен тасып, автоматтар мен пулеметтармен атқылаған. 7000 керч тұрғыны осы жерде қайтыс болды. Құдықтан 245 балалар денесі табылды. Харьков қаласының көшелерінде мәйттерден адам басатың жер қалмаған. Госпитальде жатқан совет әскерлерінің жарақат алғандарды тірілей жағып жіберген жағдайдың куәгері болдық. Соның бірі «Хатынь» қырғыны –фашизмның айуандық көрінісі.

Сот төрағасы: Ендісі сөз Қызылорда қаласының тұрғыны Оксана Витальевна Ткаченкоға беріледі.

Қорғаушы: Құрметті сот төрағасы, бүгінгі процеске шақырылып отырған тағы бір куәгеріміз бар.Алдын-ала сұралған отырыста ол болған жоқ. Егер мемлекеттік айыптаушы қарсы болмаса, ол куә қорғаушылар бөлмесінде өз кезегін күтіп отыр.

Мемлекеттік айыптаушы: Соттың шешіміне қараймын.

Сот төрағасы: Қарсылығым жоқ, шақырыңыз.

Қорғаушы: Онда  Освенцим лагерінде жұмыс істеген куәгерді шақырыныз.

8-куәгер: Мен, Освенцим лагерінде 1942 жылы жұмыс атқардым, сол кезде  СС лагерьлерінің басқарма басшысы 1942 жылы желтоқсаның 28-де Освенцим және басқа да концлагерьлерге директива жолдайды. Директивада тұтқындар арасында өлім көрсеткішінің тым жоғарылап кеткені  қатан сыналып,лагерь дәрігерлері қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалана отырып,өлім-жетімді азайтуға күш салсын деген жарлық берілді. Директиваның ең соңында СС Рейхсфюрер Генрих Гиммлердің өлім көрсеткіші барынша төмендетілсін деген бұйрығы болған.

Қорғаушы: Жоғары сот, Мына жағдайға назар аударуынызды сұраймың.

Менің қорғаушыларымның кей біреуі бұйрықты шығарған , ал қалғандары оны орындаған.мысалы фон Панен, Шахт, Фриче.

Сот төрағасы: Үзіліс жариялаймын.

/Сот ақылдасуға шығады./

Оқытушы. Қаншама адам,қаншама тағдыр –соншама қасірет. Ал сендердін араларында барма туыстары, жақындарын соғыстан зардап шекендер. Сөз сіздерге студенттер.

Хатшы: Орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Сот келеді.

Сот төрағасы: Сотқа тартылғандардың бәрі Шахт, Фриче, Папеннен  айыпты деп танылып , оларға әр түрлі жазалар белгіленді.

Геринг, Риббентроп, Кейтель, Розенберг және Борман /сырттай/өлім жазасына /дарға асу арқылы/кесілді.

Гесс ,Функ пен Редер өмірлік тұтқын, Ширах пен Шпеер 20жыл, Нейрат 15 жыл жылғы,

Денин 10 жылға сотталды.

Трибунал СС, гестапо, СД мен фашистік партияның басшылық құрамын қылмысты ұйымдар деп таныды.

 

/1946 жылы 16 қазанға қараған түні үкім орындалды.Нюренберг процесінде тарихта бірінші рет агрессия адамзатқа қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде танылды./

Соғыстың басты қорытындысы –әлемдік өркениетті құрып кетуден аман алып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жоюы болды.

Соғыс миллиондаған адамдардың санасы мен ой-өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау , әлемдік өркениетті сақтау мәселесіне белсенді түрде араласатың болды.

 

5.Қорытынды нұсқау.

 

Әлем бүгінде қауіп астында,зорлық-зомбылық,қатыгездік өз жемісін әлі де беріп жатыр. Жастардың сүйікті киносы-триллер. Адамның рухани азығы болатын көркем дүние оларды қызықтырмайды. Ата-аналар балаларың компьютермен жалғыз қалдыруға қорқады, себебі одан экстремистік сайттарды тез,жылдам табуға және де «концлагерь»деген ойынды қызығушылықпен ойнап жатады. Мұнын мәнісі не деп ойлайсыз?

   Бұл- адамзат ұрпағының  санасын улау. Ал, геноцид осыдан басталмай ма?

Осы қатыгездікпен қалай күресуге болады? Өз ұлтын ғана емес, басқа ұлттарды құрметтеуге, қалай үйретуге болады?

 

 

6.Өтілген тақырыпты бекіту: Жұмыс дәптері бойынша.

 

7.Қорыту, бағалау. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сабақ қорытындысы бойынша түйіндеме жазу.

 

1.Сабақ барысында менің түсінгенім..............................................................

2.Ең маңызды нәрсе,ол....................................................................................

3.Сабақ барысында менің бойымда................................................................

4.Мені қызықтырған сұрақтар........................................................................

5.Маған әлі де ізденіс жұмыстар жасау керек................................................

Тәжірибелік сабақ барысында белсенділік танытқан студенттерді атап өту, сонымен қатар жетістігі мен кемшіліктеріне тоқтау.

 

8.Үй тапсырмасы 2-3мин 

 

Кестені толтыр

 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде.

Республика бойынша

Облыс бойынша

Қала/аудан/

бойынша

Тұрғылықты

ауылын

бойынша

 

Хабарсыз кеткендер

 

 

 

 

Қаза тапқандар

 

 

 

 

Тұтқынға түскендер

 

 

 

 

 

 

Оқытушы:                    Мусаева Гүлзат Сұлтанбекқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по истории на тему ВОВ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 009 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 606
    • DOCX 34.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мұсаева Қайыкүл Мұсақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мұсаева Қайыкүл Мұсақызы
    Мұсаева Қайыкүл Мұсақызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66044
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе