І.
Топтастыру.
Оқушыларды
алдын-ала төрт топқа бөлемін (топтарды атап өту):
1
топ: Илоттар; 3 топ: Олигархия;
2
топ: Периэктер; 4 топ: Герусия.
ІІ.
Ұйымдастыру: «Алтын балық» ойыны.
Мақсаты: оқушылармен байланыс
орнату, белсенді болу ниеттерін ояту, жұмысқа уәждеу, оқуға қызықтыру.
Алгоритм:
Көлденең
ұстаған сол қолымнан оң қолымды «алтын балық» етіп «секіртемін», оқушылар
«секірген» сайын шапалақ соғады.
ІІІ.
«Миға шабуыл».
-
Алтын балық ұстап алсаңдар қандай тілектер айтар едіңдер?
(оқушылардың
бірі «бай болсам» дегенге дейін сұрала береді)
-
Ежелгі Грекия аумағындағы халықтар әлеуметтік топтарға жіктелді ме, қалай
ойлайсындар (болжам жасайды)?
-
Ендеше өткен тақырыпты есімізге түсіріп, жылдам сұрақтарға жауап берейік.
ІҮ.
«Ойлан, тап!» (алдыңғы
білім бойынша сұрақтар қою).
1.
Афиныдағы шағын қала-мемлекеттерді қалай атады?
2.
Ареопаг дегеніміз не?
3.
Аристократтардың құқықтары мен міндеттері қандай болды?
4.
Ауыр жағдайда өмір сүрген халықты қалай атады?
5.
Демократия дегеніміз не?
6.
Борышқорлық құлдықты жойған реформатор?
7.
Солон құлдықты қалай жойды?
8.
Б.з.д. Ү-ІҮ ғғ. Афиныдағы жоғары өкімет қандай өзгеріске ұшырады?
9.
Метекилер дегеніміз кімдер?
10.
Афиныдағы құқығы жоқ адамдар?
Бағалау: смайлик арқылы
Ү.
Білу және түсіну.
-
Б.з.б ҮІІІ-ҮІ ғғ. Аралығында Ежелгі Грекия аумағында көптеген полистер
(қала-мемлекеттер) құрылды. Олардың ішінде Афины мен Спартаның күш-қуаты мол
болды.
Спарталықтардың ата-бабалары дорийліктер болған. Олар Грекияға Балқан
түбегінің солтүстігінен қоныс аударып, Лакония өңірінде, Пелопеннес түбегінде
орналасты. Спарталықтар жергілікті тайпаларды (ахейліктерді) бағынышты
жұмысшыларға - илоттарға айналдырды. Б.з.б. ҮІІІ ғасырда
спарталықтар жері құнарлы Мессенияны басып алды.
  Спартаның халқы
деген
әлеуметтік топтарға бөлінді.
Әлеуметтік
топтар
|
Құқықтары
мен міндеттері
|
Илоттар
|
Жер
өңдеп, мал шаруашылығымен шұғылданды
|
Периэктер
|
Еркі
бар адамдар, бірақ спарталықтармен теңдей құқықтарға ие бола алмады. Олар
қолөнермен және саудамен айналысты.
|
Спарталықтар
|
Әскери
іспен айналысты. Илоттар мен периэктерді өздеріне бағынышты етіп ұстады.
|
Спартада
қызмет еткен мемлекеттік тәрбиелеу жүйесі жауынгерлердің дайындығы үшін
жауапты болды. Ұл балаларды жастайынан қатал тәртіпке және төзімділікке
үйрететін.
ҮІ.
«Ойлан!
Жұптас! Бөліс!».
1.
Жеке жұмыс
(мәтінмен
жұмыс);
2. Жұптық жұмыс;
♦
«Сәйкестендіру»
(1 топ).
Дескриптор:
-
Спартаның халқы әлеуметтік топтарға бөлінгенін біледі;
-
суреттерге қарап әлеуметтік топтарын ажыратады;
-
суреттер мен Спарта тұрғындарының үндеулерін сәйкестен-діреді
|
|
Біз спартандықтарға
қарсымыз, себебі, олар біздің елімізді жаулап, бізді құлға айналдырды.
Спартандықтар бізге сенім білдірмейді және олар бізді әрқашан бақылауда
ұстап отырады.
|
|

Біз мықтымыз, әрі
біздің күш -қуатымыз мол. Біз илоттар мен периэктерді өзімізге бағынышты
етіп ұстауымыз қажет, себебі, олардың саны бізден артық.
|
|

|
|
Біз спартандықтарды
жақтырмай-мыз, себебі олар біздің жерімізді жаулап алды және олар
алым-салық төлеуге мәжбүрлетіп отыр. Біз ерікті адамдармыз, бірақ біздің
азаматтық құқықтарымыз жоқ.
|
|

♦
«Сөйлемді толықтыр»
(2 топ).
Дескриптор:
-
Спараның басқару жүйесі мен ісін біледі;
-
тапсырма мәтінің оқиды, тиісті сөзді жазады.
(1-
жұп). Спартадағы
жоғарғы өкімет билігі ретінде ................. қызмет етті. Алайда, шын
мәнінде билік................. шағын тобының қолында болды. Биліктің мұндай
түрі ................. деп аталады.
(2-
жұп). Спартаны
басқару ісінде маңызды рөлді ................. атқарды. Оның құрамына .................
ер адамдар ғана ене алатын. Ғалымдардың көзқарасы бойынша, мұның себебі Спартада
алпысқа тек өте ................. мол адам ғана жете алатын.
♦
«Кластер»
(3 топ).
Дескриптор:
-
Спартадағы беделді алқалы органды біледі,
-
эфорлар коллегиясының қызметің сипаттайды;
-
Ликургтің кім екенін біледі;
-
оның өмір сүрген уақытын айтады;
-
Спарта үшін жасаған еңбегін талдайды.
1-жұп.
2-жұп.
♦
«Венн диаграммасы» (4 топ);
Дескриптор:
-
Афины мен Спартаның басқару жүйесінің ұқсастығын анық-тайды;
-
афинылықтар өмірінің ерекшеліктерін анықтайды;
-
спарталықтар өмірінің ерекшеліктерін анықтайды.
Венн диаграммасын толтыру арқылы
афинылықтар мен спарталықтар өмірінің ерекшеліктерін және олардың
ұқсастықтарын салыстырыңыздар:
3. Топтық жұмыс (тапсырманы талдайды,
жұмыстарын қорғай-ды).
Кері байланыс: «Шапалақ».
ҮІІ. Оқы
да, біл!
Дескриптор:
- BilimLand
- білім беру платформасынан мәліметтер біледі;
- сөйлемдерді
мағынасы бойынша сәйкестендіреді,
- суреттегі
грек және парсы жауынгерлерін салыстырады.
BilimLand - білім беру платформасының
№3568. Грекияның қала-мемлекеттері тақырыбындағы «Грек қоғамы», №3569.
Афиныдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар тақырыбындағы «Парсы елімен
соғыс» тақырыпшалары бойынша қосымша мәлімет беремін. Оқушылар №3568.
Грекияның қала-мемлекеттері тақырыбындағы «Әлеуметтік топтар» 1,2-тапсырмаларды
орындайды.
1-тапсырма: Грек полисының әлеуметтік
топтарын ең маңызды және беделді тобынан бастап көрсетіңіз.
1.
аристократ 3. қолөнерші 5.
құл
2.
саудагер 4. шаруа
2-тапсырма: Сөйлемдерді мағынасы бойынша
сәйкестендіріңіз.
Спартадағы
Жоғарғы ұйым Ақсақалдар кеңесі болды
Спарта
мемлекеті төзімді, мықты етіп
тәрбиелеген
Б.з.б.
ІІ м.ж. Оңтүстік Грекия
жеріне
басып кірген дориліктер 30 адамнан тұрды
Оның
құрамы Спарта мемлекетінің
негізін қалаған
Спартада
басыбайлы
бағыныштыларды
илоттар деп атаған
Спартада
жастарды Пелопоннес аймағында
орналасқан
Кері байланыс: «Мадақтау».
♦ №3569.
Афиныдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар тақырыбындағы «Грек және парсы
жауынгерлері» суреттерін көрсетіп, келесі «Болжам ағашы»
бөліміне
өтемін.
ҮІІІ. «Болжам ағашы» әдісі.
Дескриптор:
- тұжырымға болжам жасайды;
- болжамға
дәлелдер келтіреді.
Тақтаға талдың суреті ілінеді:
♦ ағаштың діңі - таңдалған тақырып («Қалқанмен
әлде қалқанның үстінде» деген лаконикалық тұжырым);
♦ ағаш тармақтары - бұл «мүмкін» немесе
«бәлкім» сөздерінен басталатын болжамдар нұсқасы;
♦ ағаш жапырақтары - болжамға дәлелдер
келтіріледі.
(«Қалқанмен әлде қалқанның үстінде» деген
тұжырымның мәні: ауырқаруланған жаяу әскерді гоплит деп атаған. Ол гоплон деп
аталған үлкен дөңгелек қалқанға байланысты айтылған. Гоплонның салмағы 8 кг.
болғандықтан жаудан қашқанда бірінші соны тастайтын. Сондықтан қалқанын
жоғалту ең ұятты нәрсе болды. Үлкен қалқанды соғыс кезінде зембіл ретінде
пайдаланып, қайтыс болған адамдарды тасымалдағандықтан ұрысқа аттанған
жауынгерге «қалқанмен әлде қалқанның үстінде кел» деп шығарып салған).
Кері байланыс: «Мадақтау».
ІХ. «Тарихи тұлғамен сұхбат» әдісі.
Дескриптор:
-
сұрақ қою, оған жауап беру дағдылары қалыптасады;
-
айтылған мәліметті сұрыптайды, анализ жасайды;
-
көз алдына елестету арқылы тұлғаны таниды.
Тарихи тұлға мен тілші болу алдын-ала екі оқушыға тапсырылады. Тілші (оқушы)
тарихи тұлғадан (оқушыдан) сұхбат алу арқылы сыныптың қалған оқушылары
тұлғаны танулары керек.
Тапсырма бойынша: тарихи тұлға - Леонид патша.
Кері байланыс: «Шапалақ».
Х.
Рефлексия: «…
қатысты 1 сөзді атаңыз» әдісі.
1)
Оқушылардан
«Ежелгі Спарта» ұғымына қатысты 1 сөз атау-ды сұраймын;
2)
неге сол сөзді атағанын сұраймын;
3)
алдағы уақытта бұл жөнінде не білгісі келетінін сұраймын.
ХІ.
Үйге тапсырма: «Последний
бой 300 спартанцев» деректі филімін көру.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.