Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Открытый урок по ИЗО на тему Сурет түрлері. «Күзгі натюрморт»

Открытый урок по ИЗО на тему Сурет түрлері. «Күзгі натюрморт»


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:





Ақмола облысы Ерейментау ауданы

«Торғай орта мектебі» КММ






hello_html_4437d2f3.png















Сурет түрлері. «Күзгі натюрморт»

(Ашық сабақ)

6

сынып





Өткізген: Кызырова Ш. М.

бейнелеу өнерінің және технология мұғалімі






Торғай, 2014 ж.





Мерзімі: 25. 11 2014 ж.

Сыныбы: 6 сынып.

Пәні: бейнелеу өнері.

Сабақ саны: № 12


Сабақтың тақырып: Сурет түрлері. «Күзгі натюрморт»

Сабақтың мақсаты: Сурет және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру.
Білімділік: Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру.
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.

Сабақ түрі: Аралас.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу. Слайд
Көрнекілігі: Графика шығармаларының түрлері және салу құралдары.
Жылы және суық түстер айырмашылығы плакаттағы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Құрал – жабдықтар: Альбом, гуашь краскасы, қарындаш, қылқалам, политра,
ермексаз (пластилин), қол сүртетін орамал

Сабақтың барысы:

l. . Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
3. Өткен сабақты қайталау

ll. Өткен сабақты қайталау
1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
2. Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.

lll. Жаңа сабақ
Графика – грек сөзі «жазамын», «сурет саламын» деген ұғымды білдіреді. Сурет өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан - жақты дамыған түрі. Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.

 Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Қазір көп ұлтты Қазақстан суретшілері өз республикасын ең айтулы деген көрмелерде сан қырынан көрсетіп жүр. Олардың өзіндік қолтаңбасымен дараланатын үлкенді - кішілі кең тынысы және камералық шығармаларының тақырыбы мен мазмұны халқымыздың, егеменді еліміздің өмірімен тығыз байланысты.

Гравюра (қырма) таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырма қағаз, линолеум, т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері.

Гравюра сөзі француздың – «ою», «нақыштау» деген сөзінен алынған.





Суреттердің түрлері:

1.Қондырғылы сызба (сурет, эстамп, лубок)

2.Кітап және газет–журнал сызбасы

3.Қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.)


Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам,беті жылтыр ақ қағаз. Гравюралық жұмыстарда орындау үшін жоғарыда аталған материалдарды алдын-ала дайындап алу қажет.


 Беті жылтыр ақ қағаздың бетіне қара тущьты толық жағып болған соң оны кептіру керек. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Бұл жерде қағазды жыртып алмау үшін қыру жұмысын өте ұқыпты орындау қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып, өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет.

 Ал, графика дегеніміз – қағаз бетіне түскен сурет. Көбіне - көп ақ-қара, бірен-саран түрлі-түсті болып келеді. Сендер графикамен күнделікті өмірде жиі ұшырасасыңдар. Олар – газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тущьпен, кей жағдайда түрлі-түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бірақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдардағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады.

Бірақ суретшінің өзі де көбейте алатын мүмкіндік бар. Арнайы құрал штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумға, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын, табақшаларға инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады.

Металға жасалған гравюраны офорт дейміз. Қыш қаламмен, құрғақ инемен орындалады.

Ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз. Қатты, серпімді ағаш кесіндісіне жасалады.

 Тасқа жасалған гравюраны литография  дейміз. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Тегістелген тастың бетіне тушьпен сурет салынады.

Линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз

Орындалу техникасына қарай суреттердің түрлері:

1. Түпнұсқалық суреттер

2. Баспалық суреттер.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.
Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады..

lV. Көзге жаттығулар орындау.




V. Практикалық жұмыс

Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
1) Қол сүртетін орамал әкелу.
2) Партаға төсеніш төсеу.
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.

Оқушылар «Күзгі натюрморт» тақырыбына клише жасайды. Клишені жасау үшін пластилинді қағаз бетіне жұқалап жағып, суретті нақыштап оймыштайды. Оймышталған суретке гуашь бояуын жағады. Содан кейін суреттің үстіне ақ қағаз қойып бірнеше рет алақанмен сипалайды. Ақ кағаз бетіне түскен қондырмалы суретті эстамп деп айтамыз.


Vl. Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.

Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Vll. Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.
Шағын көрме ұйымдастыру.

Үйге тапсырма: 40-41 бет.Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.



F:\Неделя МО ЭСТЕТИКА\Фото1254.jpg F:\Неделя МО ЭСТЕТИКА\Фото1251.jpg





Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров358
Номер материала ДВ-019735
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх