Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахским танцам

Открытый урок по казахским танцам



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов




hello_html_4104a87a.gifhello_html_10fa7f8a.gifhello_html_m78da156c.gifhello_html_66b7f8de.gifhello_html_m11f4de77.gifhello_html_491c3d1c.gifhello_html_mee507e2.gifhello_html_m55e2d3b3.gifhello_html_4cd74254.gifhello_html_6fca25d5.gifhello_html_m6216170f.gifhello_html_2a61a290.gifhello_html_bf38af1.gifhello_html_67f1f5e6.gifhello_html_mb97ffea.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_m4d7194ae.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_m4d7194ae.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_m15369a18.gifhello_html_m15369a18.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_m15369a18.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_m2c94e8c0.gifhello_html_6102b9f6.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_6102b9f6.gifhello_html_6102b9f6.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_6102b9f6.gifhello_html_m2bb32712.gifhello_html_5165b4fe.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifhello_html_1da4ffa.gifҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі. Атырау облысы. Қызылқоға ауданы. Миялы балалар саз мектебі.








I:\танцы\images (15).jpg



Дайындаған: Мұғалім А. Берегенова

Сыныбы: ІІІ-сынып



Миялы селосы 2016 ж



Бекітемін:

Мектеп директоры:

________А. Жәлеке

« 28» 01 2016 жыл.



Жоспары:


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері.


Сабақтың мақсаты: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
Қазақтың ұлттың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын балалардың бойына сіңіру. Қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы жайлы мағлұмат беру, туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті, өнерлі болып өсуге тәрбиелеу.


Тәрбиелік міндеттері: адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.


Дамытушылық міндеттері: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау.


Сабақтың әдісі: Сатылап оқыту. Музыкалық сауат: Мимика.


Көрнекілігі: Бейнетаспаға жазылған «Ұтыс биі», Шара Жиенқұлова жайлы көркем суреттер,Слайд , би туралы кітаптар.


Пән аралық байланыс: Тарих, музыка әдебиеті. Қазақ биі.
Қолданылатын әдебиеттер: «Музыка әлемінде» ,«Казахские народные танцы», «Сымбат», «Өнерім менің өмірім», «Пять казахских танцев» т.б











Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кез

А) Оқушыларды түгендеу.

Ә) Сәлемдесу.

Б) Дене қыздыру жаттығуларын жасау.

В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.


ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:

А) Қазақ биіндегі ерлерге арналған қол қалыптары мен қойылымдарын сұрау.

Ә) Қазақтың ерлерге арналған би қойылымдарын сұрау.


ІV. Жаңа сабақ.

  1. Қазақтың ерлер биінің туындау туралы мәлімет беру

  2. Қазақстанда қазақ биінің негізін қалаушылар туралы мағлұмат беру.

  3. Малдас құрып секіртпе , сыңар аяқ секіртпе, секіртпе артқа.

  4. «Ұтыс » биінен этюд үйрету.


V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?

2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?

3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?

4) «Ұтыс» биі қандай би?


VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І: Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі көрнекі сабақ ІІІ- сынып оқушылары:

Әлібек Сымбат.

Сарбаспай Ақпейіл.

Темірова Анелмен өткелі отыр.

Сабағымызды бастамас бұрын мен ортаға осы оқушыларымды шақырсам деймін.

Оқушылар алдымен «Сәлемдесу» жасап содан соң ортада дене қыздыру жаттығуларын жасату. (Қаражорға әуеніне дене қыздыру жаттығуын жасату) Осы жаттығулар арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.


-Оқушылар білесіңдерме осы біз жаттығу жасаған әуен яғни Қаражорға халық күйі болып келеді . Сондықтан қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Қаражорға биі - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.
Осы «Қара жорға» термесін кім орындайтынын білесіңдерме?


Қажымұрат Шешенқұлұлы









ҚХР-ның Алтай өңірінде дүниеге келген



Жас әнші



«Қара жорға» өнер ұжымының көркемдік жетекшісі



1983 ж









70-ке жуық әнібар 30-дан астам әнін де сөзін де өзі жазған



2004 жылы үлкен сахнада өнер көрсеткен

15 жасынан өлең жазған











ІІ . Үй тапсырмасын пысықтау.


Үйге берілген тапсырмаға келетін болсақ:


Өткен сабақ тақырыбы:«Қазақ биіндегі малдас құру жаттығулары»

Қазақтың би өнері жайында сөз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән - күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс - салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата - бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай.

Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол - аяғын тигізбей шебер орындаған.
Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.

Осы бишілердің билерін еске ала отырып сол билердегі қимыл әрекеттерді

Өткен сабақта өткен болатынбыз соны қайталап өтсек.

Малдас құру- қазақ ер адамдарының -отырыс түрі. Оны би тілімен суреттегенде дайындық қалып ортада шахмат бейнесінде орналасқан оқушылардың аяғы ІІІ- қалып, қолдары- жиналмалы І-қалыпта , яғни белбеуде болады.

  1. Дегенде оң аяқпен оң жаққа қадам жасап, сол аяғымыз 30- градусқа көтеріледі.

  2. Дегенде сол аяқты оң аяқтың алдына аяқ ұшымен қойып, денені сол жаққа сәл қисайтамыз.

  3. Дегенде тіке demi plié-ге отырып.

  4. Дегенде оң жаққа 180-градусқа айналамыз.

Қимылды оң жаққа бірнеше рет және келесі жаққа да бірнеше рет қайталауға болады.

Біздер бұл қимылды « Атшабыс » қимылымен біріктіріп бастықтырғыш бердеуде орындаймыз.

Ол үшін дайындық қалып оқушылар бастықтырғыш белдеуде оң қолмен белдеуді ұстап тұрады.

  1. Дегенде оң аяққа demi plié-ге отырып сол аяқты алға созып жерден 30- градуста ұстаймыз.

  2. Дегенде сол аяққа тіке тұрып, оң аяқты сол аяққа Passe-ге жинаймыз.

3-4- ке 1-2-ні қайталаймызда

Келесі тактіде қолды белбеуге жинап сол жаққа бастықтырғыш белдеуден ортаға қарай 2 рет «малдас құруды » жасап 3-4 ке 2 рет оң жаққа айналып бастықтырғышқа келіп келесі жаққа орындауға дайын тұрамыз.

Бөлме ортасына шахмат бейнесінде орналасып, келесі жаттығу «Тізгінді жүрісті» меңгеру

«Тізгінді жүріс» дайындық қалып аяқ 6- қалыпта ,қол қамшы ұстап алдымызда 1- қалыпта болады demi plié-ге отырырамыз.

Дегенде оң аяқты сәл тізеден көтеріп.

2-3-4-ке аяқпен дроб жасаймыз

Қимылды бірнеше рет жасауға болады.






Үй ішінде бастау алып,бүгінге дейін өркендеп келеді

Түрлі буын қозғалыстарымен билеген









Ежелгі қазақ

билерінің биленуі


Алуан түрлі дене қимылдарымен билеген

Мимика арқылыы билеген











А) Қазақтың ерлер биінде 5 қол қалпы бар. Осы қол қалыптарын оқушылармен пысықтап алу.

Ә) Қазақтың ерлерге арналған билерінің бірнеше түрі бар.



Осыдан келе біздің бүгінгі жаңа сабағымызға келеміз.

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері »

Жаттығуды үйренбес бұрын қазақ биінің қалай туындағанын сөз етіп өту.

А) Қазақтың ерлер биі негізінен күнделікті тұрмыс тіршіліктен бастау алып күні бүгінге дейін жетіп отыр .

Оның дәлелі ретінде «Насыбайшы» , «Бүркіт биі» ,«Қыз қуу», «Аударыспақ»т.б

-Оқушылар енді назарымызды экранға аударайық. ( экраннан бүркітшінің аң аулау кезінен үзінді видео, қазақтың ұлттық ойындарынан аударыспақ пен қыз қуудың видеосын көрсету )

Ә) Қазақстандағы қазақ биінің негізін қалаушылармен танысып өтейік.

Олар 1. Шара Жиенқұлова

2. Рахымберді

3. Зәрубай

4. Рақым Асылбекұлы

( Слайдтан Шара Жиенқұлова туралы мәліметті көрсету)

Шара алғаш рет Қазақстанда бишілік мектеп ашып, шәкірттер даярлаған. Би өнеріне топтасып билеу өнерін енгізген ұстаз, биші әрі әртіс. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларындағы би көріністерін бейнелеген. 40-шақты би қойылымдарын қойып сахналаған. Осы қойған билерінің ішінде ерлерге арналған билері де бар. Сол билерге Шара апамыз ел аралап жүріп , елдің тұрмыс- тіршілігінен алынған қимыл-әрекеттерді би қимылы мен қозғалысы түрінде қосып отырған.

Б) Қазақтың ерлер биінің қимыл-қозғалыстары қыздар биіне қарағанда мінезі жағынан қаттылау, шапшаңырақ, күрделі болып келеді.

(Видеодан ерлердің би қойылымынан үзінді ерлердің мінезіне сипаттама беру үшін көрсету )

  • Оқушылар сонымен ерлер биі қандай мінезбен орындалады екен?

  • (Оқушылардың жауабын тыңдау)

  • Өте жақсы жауап бердіңдер, ендеше алға қарай сабағымызды жалғастырамыз.

Ерлер биінің қимылдарына- малдас құру, атшабыс, жорға жүріс, әткеншек, шалыс, тізгіндеу, тебінгі, сүйретпе, желдірме, аударыспақ, тұлпар т.б

Біз өткен сабағымызды жалғастыра отырып әрі қарай «секіртпе түрлерін» үйренеміз.

Секіртпе түрлерінің де бірнеше түрлері бар :

Оларға: а) Малдас құрып секіртпе.

ә) Сыңар аяқ секіртпе

б) Секіртпе артқа

Малдас құрып секіртпе:

Дайындық қалып оқушылар аяқ ІІІ- қалып, қол- жиналмалы І-қалыпта , яғни белбеуде болады.

  1. Дегенде оң аяқпен оң секіре тізесін бүгеміз , сол аяғымыз 30- градусқа көтеріледі.

  2. Дегенде сол аяқты оң аяқтың алдына аяқ ұшымен қойып, денені сол жаққа сәл қисайтамыз.

  3. Дегенде тіке demi plié-ге отырып.

  4. Дегенде оң жаққа 180-градусқа айналамыз.

Қимылды оң жаққа бірнеше рет және келесі жаққа да бірнеше рет қайталауға болады.

Сыңар аяқ секіртпе:

Дайындық қалып оқушылар ортада бір калоннада болады. Аяқ VІ- қалыпта, қол белде болады. Оқушылар 2 бағытқа қозғалады.

1 - Дегенде оң жақ аяққа plie-ге отырып, қолымызды жанға ІІ- қалыпқа созамыз.

  1. Дегенде сол аяқты сүйрете отырып жанға секіре қозғаламыз.

  2. 4 - Дегенде де 2-ні қайталаймыз

Қимылды келесі жаққа керісінше орындаймыз.

Секіртпе артқа:

Дайындық қалып оқушылар 1 қатарда орналасып ,аяқ ІІІ –қалыпта, қол белде болады.

  1. Дегенде оң аяқпен алға қадам басып , оң қол ІІІ- қалыпқа ,сол қол ІІ- қалыпқа көтеріледі. Сол аяқ артқа 30-градусқа көтеріледі.

  2. Дегенде сол аяққа артқа секіртпе жасай отырып

  3. Дегенде оң аяқты сол аяқ алдына айқастыра қойып, қолды белге жинаймыз.

  4. Дегенде сол аяқты артқа тіке созып, оң аяққа plie-ге отырамыз да қол жанға ІІ- қалыпқа ашылады.

Қимылды бірнеше рет және келесі аяқпен керісінше орындауға болады.

Осы қимылдарды әуелі өзім жасап содан соң оқушылармен қайталап үйретемін.

Оқушыларды әуенмен бірге өзбеттерінше орындауға дағдыландыру үшін қайталату.

  • Қыздар бугін біздер жаңа сабақтан нені үйрендік?

  • Ол қимылдар қай ұлттың биіне тән?

  • Барлық қимылда не қайталанып тұр?-деген сұрақтар беріп жаңа сабақты пысықтап алып, үйренген қимыл- қозғалыстарды әр бағытта орындау арқылы « Ұтыс» биінің этюдін құрастыру.

  • Ұтыс дегеніміз жалпы жарыс, сайыс дегенді білдіреді. Біз үйренгелі отырған осы би атына сәйкес ер балалардың бір-бірімен сайыс ретінде биленетін биі. Біздер бүгін соның 24- тактсіне жұмыс жасаймыз.

Үйренген қимылдарды қоса отырып «Ұтыс » биіне этюд құрастырып орындаймыз. Би суреті мынадай болып келеді:

«Ұтыс »би этюді





































V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру мақсатында оқушыларға осы тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріп жаңа сабақты пысықтау.


1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?

2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?

3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?

4) «Ұтыс» биі қандай би?


VІ. Жаңа сабақты қорытындылау: Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне байланысты бағалап алып, үйге «Ұтыс» биінің этюдін жетілдіріп, қайталап келу.







































Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-412405

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>