Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Открытый урок по казахскому языку

Открытый урок по казахскому языку


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:



Урок в 7 классе

Қазақтың ұлттық ойындары


учитель казахского языка и литературы

Куйшинова Зулиха Шайкимелевна


Школа: ГУ «Школа-гимназия № 18 отдела образования акимата г.Костаная»



Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгелдеу

Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы

Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?!

Менің сендерге айтатын қуанышты жаңалығым бар. Себебі, бүгін сабағымызға қонақтар келді, сондықтан біз өз білімдерімізді көрсетуге тырысамыз. Ендеше, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық. /Балалардың жауаптары/.

Мұғалім: Балалар, тақтаға назар аударыңдар қазір біз бейнеролик тамашалайық.

  • Бейнеролик не туралы? Кім атйтады?

  • Міне, балалар , бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз  «ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР».

  • Ал балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Қазақтың ұлттық ойындары төрт түрге бөлінеді. Олар:

  1. Аңға байланысты

  2. Малға байланысты

  3. Түрлі заттармен ойналатын

  4. Зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін

Соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындар - тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Қазақтың ұлттық ойындары: ерлікті – мужество, шапшаңдықты – быстрота, тапқырлықты – находчивость, күш – қуаттылықты – сила, могущество қажет етеді.

Суреттермен жұмыс: Қазір тақтаға назар аударайық, берілген ойындарды түрлеріне байланыстырып топтастырайық. Мысалы асық ойыны қандай топқа жатады?


Жоба қорғау: Қазір сендер «Тұлпар», Көкпар» болып кезектесіп екі топқа бөлінесіңдер. Енді «Тұлпар» мен «Көкпар» командасы үстелде жатқан ақ қағазбен түрлі түсті қарындаштарды пайдалана отырып жоба жасайсыңдар Осы тапсырмаға 5 минут беріледі. Жобаларыңды мына бағыттарда құруға болады.

  • Жақсы балалар, жобаларыңды жақсы қорғап шықтыңдар.



Көкпар

Көкпар күні ауыл жігіттері жарысқа дайындалады. Ешкі төшкесі алдарына 50-60 адым жерге тасталады. Ең бірінші алып қашқан жігіттің соңынан бәрі қуады. Жарыс кешке дейін жалғасады. Ширақтылығымен не күшімен соңында төшкені өзінде қалдырған ойыншы жеңіске жетеді.

Аударыспақ.

«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жекке шығып, бірін - бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.


Жаңа сабақ.  

Сөздікпен жұмыс:

 Қызық - интересное

Жігіт - парень

Қуады - догоняют

Жету керек - должен догнать

Сүйеді - целует

Соғады – будет бить


Мәтінмен жұмыс:тізбектеп оқу, аудару.

Қыз қуу

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Қыз қуу қандай ойын?

  2. Қыз қуу қалай ойналады?

  3. Ойынның тәрбиелік мәні қандай?

  4. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажырату.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.


Сергіту сәті: «Қаражорға биі» (Интерактивті тақтада қаражорға билеп жатқан қыздардың суреті және видео тұрады. Оқушылар сол видеоға қарап биді билейді.)

ГРАММАТИКА

Тапсырма. Адасқан әріптерді тап.

1. Ұ,а,т,с,з /Ұстаз/

2. Т,ы,о,б,қ /Тобық/

3. А,қ,ү,е,к,с,й /Ақсүйек/

4. Х,н,а,а,т,п,й,а,л,а /Ханталапай/

5. А,қ,с,ы /Асық/

6. Т,ғ,о,ы,қ,м,а,ұ,з,қ,а,л /Тоғызқұмалақ/

7. Ұ,т,т,қ,л,ы /Ұлттық/


Тапсырма. Сөз құрастыру. Тақтада берілген «Тоғызқұмалақ» сөзінен бірнеше сөз құрастыру керек. Тоғыз, құмалақ, ұлт, қалам, құлақ, лақ, тоқ, құм, қыз, қаз, мол, қозы, ақ, мал, ғалым.

Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу. Сөздіктен аудармасын табу.

Асы...тар, б...ла, ой...н, к...шкентай, ...пай, жин...у, же...імпаз, ойна...ды, ақсүй...к, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.


Тапсырма. Диалогті оқу, өзара сөйлесу.

Асық жинау керек.Ойын мергендікке үйретеді. Шарты:3-4 метр жерден асықты атып құлату керек. Мақсаты: көп асықты ұтып алу арқылы ұпай жинау керек.


Сабақты қорытындылау: «Бәйге » ойыны ретінде өткізіледі.


  1. . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. (қазақша күрес)

  2. . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)

  3. ... - алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)

  4. . . . - бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан)

  5. . . . - ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асықалынады. (ханталапай)

  6. . . . – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты атып түсіру. (жамбы ату)

  7. ...- белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталы-нады. Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

  8. . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

  9. . . . – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бір-бірін қуады. (қыз қуу)

  10. Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз? /зат есім/

  11. Заттың дәмін, түр- түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді не дейміз? /сын есім/

  12. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздерді не дейміз? /есімдік/

  13. Заттың қимылын, жай- күйін білдіретін сөздерді не дейміз? /етістік/

  14. Иелік форма жұрнақтарын көрсет. /-нікі,-дікі,-тікі/

  15. Мағыналары бірдей сөздер не деп аталады? /синонимдер/

  16. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер не деп аталады? /антонимдер/

  17. Жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа сөздер не деп аталады?/омонимдер/

Рефлексия: Сақина тастамақ және теңге алу ойынымен байланыстырып, осы кестеге бүгінгі сабағымыздың қай кезеңі ұнағанын белгілеп шығайық. (интерактивті тақтада сақина және теңгенің суреттері болады. Оқушылар бір - бірден шығып, сақина мен теңгені ұнаған тапсырмасының астына тізбектеп жинайды.)

Балаларды бағалау.

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, «Қыз қуу».





Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров29
Номер материала ДБ-307347
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх