Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок по казахскому языку "Қазақтың ұлттық тағамдары"

Открытый урок по казахскому языку "Қазақтың ұлттық тағамдары"

Скачать материал

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

«Рудный Қаласы әкімдігінің № 4 мектеп – лицейі» КММ

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен

«Қазақтың ұлттық тағамдары»

 

тақырыбындағы ашық сабақ

 

 

 

 

Дайындаған:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

 мұғалімі  Джунусова А.Б.

                                                                                         

 

 

 

 

Рудный қ.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамдары».

 

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, олардың жасалуы, дастарханға ұсынылу тәртібі туралы мағлұмат беру; жаттығу жұмыстары арқылы сауаттылыққа, логикалық ойлау жүйесінің ұшқырлы болуына баулу; Қазақтың ұлттық тағамдары арқылы қазақы болмысқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, ұлттық тағамдармен безендірілген дастархан, магнитофон.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ойландыру әдісі, еске түсіру, жаттықтыру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, т.б. 

Сабақтың түрі:  қайталау сабағы.

Сабақ барысы: І - ұйымдастыру кезеңі.

                         ІІ – сабақтың мақсатын, барысын айту.

                        ІІІ – а) тірек-кестемен жұмыс

                    ә) кластермен жұмыс

                               б) Венн диаграммасымен жұмыс

                        ІV – cлайдтар арқылы ұлттық тағамдардың дайындалуын еске  түсіру

                        V  - фонетиканы қайталау, септік жалғауларды қайталау

                        VІ – диалог

                        VІІ – үй тапсырмасы

                        VІІІ – бағалау

                        ІХ – қорытынды

 

Кезеңдер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

(стол жасаулы)

 

Мультимедия арқылы

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек-сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кластер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Слайдтар.

 

 

 

2.     Фонетикалық талдау

 

 

 

 

 

  Септікпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Диалог

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(аударма жұмысын жүргізу)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Бағалау

Қорытынды

-         Сәлеметсіздерме! Отырындар. Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде мен мына өлең жолдарын алдым.

         Қазақ осы, айтатұғын желге сыр,

         Қазақ осы, аңғал-саңғал жабусыз,

         Қазақ осы – дастарханы көл-көсір!

     «Ас – адамның арқауы» деген ата-бабамыз дастархан  мәзіріне үлкен мән берген.

 

-         Дастархандағы тағамдарға қарап, бүгін тақырып қалай аталады деп ойлайсыңдар?

-         Дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақтың ұлттық тағамдары». Сабақ қайталау сабағы түрінде өтеді.
Дәптерлерінді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар. 

   Мақсатым:  Қазақтың ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, олардың жасалуы, дастарханға ұсынылу тәртібі туралы мағлұмат беру; жаттығу жұмыстары арқылы сауаттылыққа, логикалық ойлау жүйесінің ұшқырлы болуына баулу; Қазақтың ұлттық тағамдары арқылы қазақы болмысқа тәрбиелеу.

  Сабақ барысында:

І - ұйымдастыру кезеңі.

ІІ – сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ – а) тірек-кестемен жұмыс

        ә) кластермен жұмыс

        б) Венн диаграммасымен жұмыс

ІV – cлайдтар арқылы ұлттық тағамдарды дайындалуын    еске  түсіру

V  - фонетиканы қайталау, септік жалғауларды қайталау

VІ – диалог

VІІ – үй тапсырмасы

VІІІ – бағалау

ІХ – қорытынды

 

  «Қазақ қонақсыз болмайды» деген сөз бекер айтылмаған. Қазақ халқы қонаққа бар дәмдісі мен ниетін ұсынады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Адам тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған дәлел – «астан үлкен емессің» деген мақал-мәтел.   

Осымен балалар, қазір тірек-сызба арқылы қазақ халқы ұлтық тағамдарды неше түрге бөлгенін, қандай түрлерге бөлгенін айтайық.

      

Қазақтың ұлттық тағамдары

  

Ұн тағамдары               Ет тағамдары        Сүт тағамдары

 

Өте жақсы. Тірек-сызба арқылы 3 түрге бөлінетінің және олар ұн, ет, сүт тағамдары екенін еске түсірдік.

 

-         Ал, енді кластер арқылы осы тағам түрлерінен қазақ халқының қандай ұлттық тағамдары жасалады, соны есімізге түсірейік.

 

 

Сүт тағамдары

Ет тағамдары

Ұн тағамдары

Айран     Қаймақ

Сүзбе      Қымыз

Уыз         Сүт  Ірімшік   Май 

Құрт        шұбат

Сүт көже 

Қазы

Қуырдақ

Шұжық

Жал-жая

Бесбармақ

Қарта

Бауырсақ

Күлше

Табанан

Шелпек

Кеспе

Мыжыма

 

Дұрыс, біз кластер арқылы тағам түрлерін қайталап, еске түсірдік.

Осы тағамдардың қасиеті, пайдасы қандай, деп ойлайсыңдар?

- Бұл   ұлттық тағамдарда дәрумендер көп, денсаулыққа өте пайдалы.

 

Венн диаграммасы арқылы сүт тағамдарына, ұн тағамдарына және ет тағамдарына байланысты мақал-мәтелдерді еске түсірейік.

           Ет

1.     Ет – етке, сорпа – бетке.

2.     Жылқы етін жесең тісіне кіреді,

Жемесең түсіне кіреді.

 

Сүт

1.     Сиыр – сауып ішсең, мың күндік, сойып жесең, бір күндік.

2.     Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады.

 

        Нан

    1. Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен.

    2. Нан – ас атасы.

   - Дұрыс.

 

(Тағамдардың суреттері)

Осы тағамдардың ішінде қандай тағамдардың дайындалуын білесіңдер?

-         Кәне, кім айтады?

 

Үш қатардан үш оқушы тақтаға шығып, сөздерді талдайды.

1 қатар: ет тағамдарынан – қуырдақ

2 қатар: сүт тағамдарынан – қаймақ 

3 қатар: ұн тағамы – бауырсақ.

Тексеріледі (коментарий жасау).

- Жақсы, рахмет, отырындар.

 

3 қатардан үш оқушы берілген сөздерді септейді.

1- оқушы – ірімшік, 2 оқушы – бесбармақ

3 оқушы – шелпек  

(тексеру)

- Жақсы, рахмет, отырындар.

 

- Сендердің мамандықтарын «Тамақтандыру мекемелерінің маманы» болғандықтан мына диалогты тындаңдар.

 

 «Ресторанда» (3 оқушы шығады)

Мария: - Сәлеметсіз бе!

Юлия: - Сәлеметсіз бе!

Мария: - Тамақтандыңыз ба?

Юлия: - Жоқ, әлі тамақтанған жоқпын.

Мария: - Онда жүріңіз, бірге тамақтанайық.

Юлия: - Рахмет. Жақында ресторан, асхана, дәмхана немесе кафе бар ма?

Мария: - Осы қонақ  үйдің екінші қабатында ресторан бар.Сонда барайық, мен Сізді шақырамын.

Юлия: - Жарайды, барайық...

Мария: - Міне дастархан мәзірі. Қандай тамақты қалайсыз?

Даяшы: - Сіздерге мен қызмет көрсетемін.Не қалайсыздар?

Юлия: - Мен қазақ халқының ұлттық тағамдарын татып көрсем деп едім.

Мария: - Бұл кісіге салқын тағамдардан қазақша салат немесе қазы салатын, ыстық тағамнан біріншіге құрт сорпа немесе бауырсақ сорпа, сусыннан қымыз немесе шұбат әкеліңіз.

Юлия: - Ұлттық тағамдарыңыз өте дәмді екен. Сізге үлкен рахмет!

Мария: - Ас болсын!

 

- Әр халықтың тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдары бар. Экранға назар аударыңдар. (Мұғалім оқиды. Әр оқушы екі-екіден оқып, аударады).

1.     Қол жумай тамақты жемейді.

2.     Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.

3.     Тамақ үстінен аттамайды.

4.     Түнде тамақтың бетін жауып қояды.

5.     Ақты жерге төкпейді, ысыраптамайды.

6.     Тамақ, ыдыс үстіне отырмайды.

7.     Суды қарызға сұрамайды.

8.     Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.

9.      Мұсылмандар доңыз етін жемейді.

 

 Үй тапсырмасын тарату (ырымдар мен тыйымдар)

 (Коментарий арқылы бағалау).

 - Сонымен, бүгінгі сабақты қорытындыласақ қазақтың ұлттық тағамдарын еске түсіре отырып, олардың жасалуы туралы айттыңдар. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 895 935 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2017 372
    • DOC 2.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джунусова Айнур Балгабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джунусова Айнур Балгабаевна
    Джунусова Айнур Балгабаевна
    • На сайте: 4 года и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 687
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой