Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Открытый урок по казахскому языку "Мақал-мәтелдер"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Открытый урок по казахскому языку "Мақал-мәтелдер"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Қысқа мерзімді жоспар

Заречный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекерова А.Б



Сыныбы: 6 (орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың

тақырыбы

Мақал-мәтелдер халық даналығы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 6- сыныбына арналған оқулық/ С.Ч.Тұрсынғалиева. Ә.С.Берекенова. «Арман –ПВ», 2015. – 35 бет.

Мақсаты


Мақсаты:

Білімділік: мақал-мәтелдер халықтың рухани даналығы, қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерінн өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Меңгерілетін білім

Мақал дегеніміз не?

Мәтел дегеніміз не?

Мақал мен мәтелдің айырмашылықтары бар ма?

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсінуге, оқуға талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау.

Керекті жабдықтар


Оқулық, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




1 мин










3 мин

Ұйымдастыру кезеңі


А)Оқушыларды түгендеу

Ә)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

«Жүректен - жүрекке» (тренинг)




2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру. 33-34 бет. «Алтын сақа»

Сұрақтарға жауап:

  1. Бай мен кемпір қандай жағдайда кездеседі?

  2. Жалмауыз байға қандай шарт қояды?

  3. Бала қандай тайды таңдайды?

  4. Тай балаға сақасын алуға қалай көмектеседі?

  5. Балаға нелер көмекке келеді?

  6. Бала жалмауыздан қалай құтылады?




Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.



Оқушылар сұраққа жауап береді.





2 мин

Естеріңе түсіріндер:

Мақал-мәтелдер туралы не білесіңдер?


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді.

Негізгі бөлім

1-қадам Білу





5 минут

- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер туралы өтеміз.
Мақал - мәтелдер – фольклордың бір түрі. Халықтың өмірлік тәжірибесінен алынған ой түйіні. Мақал - мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Онда аз сөзбен көп мағына береді. Мақал - мәтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.

Мақал - түйінді ойды білдіретін, ықшамды нақыл сөз.
Мәтел - халық поэзиясының айтылатын ойдың ұшағы, тұспалы ғана болатын ықшам сөз үлгісі.

1.Оқулықпен жұмыс, 35 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша мақал-мәтел туралы конспект жазып алады.


36-беттегі 1-7 сұрақтарға ауызша жауап береді.

2-қадам. Түсіну





5 мин










Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс

«Мақал-мәтелдер – халық даналығы» тақырыбын түсініп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

«Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша талдау.

1.Мақал-мәтелдер неліктен халықтық мұра болып табылады?

2.Мақал-мәтелдер неліктен қарасөзді және өлеңсөзді болып бөлінеді?

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.




Топтағы бір оқушы өз тобына мазмұнын түсіндіреді.



3-қадам Талдау



5 мин









Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

  • Сөздікпен жұмыс.

  • Мақал-мәтелдің ұқсастықтары мен айырмашылығы неде?

  • Венн диаграммасы арқылы көрсетіндер.






Сергіту сәті






2 мин



Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.


4-қадам Жинақтау





5 мин

Мақсаты:

Мақал-мәтелдер туралы мазмұндаудың тірек сөздерін жазып шығып, тірек сөздерін жазып шығып, тірек сызбасын құрыңдар.


Оқушылар екі топқа бөлініп тірек сызба сызып қорғайды.


5-қадам Қолдану




10 мин

Мақал-мәтелдерді пайдаланып, диалог құрыңдар.

  • Кім көп мақал-мәтел біледі? (сайыс)

  • Оқулықта ұсынылған мақал-мәтелдерден құрамында антонимі бар мақал-мәтелдерді табыңдар.


Оқушыларды екі топқа бөліп мақал-мәтел айтып жарысады.


6-қадам Баға беру

Қорытынды (Рефлексия)





4 мин

  • Қалай ойлайсындар, мақал-мәтелдердің қандай пайдасы бар?

  • Қандай мақал-мәтелдер сендерге ұнайды?

  • Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолданасындар ма?



Оқушылар жеке-жеке өз ойын дәлелдеу арқылы жауап береді.



Үйге тапсырма

1мин

«Мақал-мәтелдер-халық даналығы» тақырыбын оқу 35 бет;

  • Мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, әдемі сөйлеуге жағдаяттар құрастырыңдар.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдырады.



Общая информация

Номер материала: ДБ-330840

Похожие материалы