Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахскому языку "Мақал-мәтелдер туралы"

Открытый урок по казахскому языку "Мақал-мәтелдер туралы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

D:\Свадьба Талгат-Айгерим\20141215_1842433.jpg

Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

12 жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі 5 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Көрнекілік: Проектор, кесте, тірек-сызба, суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, ағылшын тілі, бейнелеу, математика.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс.

Психологиялық дайындық:(шаттық шеңберіне шақыру)

Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)

Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)

Үй жұмысын сұрау:

«Ынта» тобы.

  1. Тұрақты тіркес деген не?

  2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?

«Жігер тобы». Суреттерге қарап, тұрақты тіркестер табу. (Қас, көз, құлақ, арасында; ит, күшік, сиыр, қиянда; бет, ауыз, мұрын, шықты; ай, жұлдыз, күн, туды.)

C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\a9a6d757a42825194c3f055097a7fe3b.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\90b22193441e.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Fuck-My-Life-25-5.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\20140409070944.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\1381147581.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\13101381.jpg


C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Large-Asian-Girl-600x300.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\137_large.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\318476-520x520.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\croissant-heraldique_17-210072853.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Солнце.png C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\2-estrelas_21078754.jpg


  1. Қас пен көздің арасында – лезде, тез.

  2. Ит арқасы қиянда – алыс.

  3. Бетінен оты шықты – ұялу.

  4. Айы оңынан туды – жолы болды.

«Дарын» тобы. Кестені толтыру.

Тұрақты тіркестер

Мағына

Сұрақтар

Тілі шығу

Сөйлеу

Не істеу?

Ит өлген жер

..............

..............

..............

Қуану

..............

..............

..............

Қандай?

Таяқ тастам

..............

..............

..............

Өкіну

..............

Қоян жүрек

..............

..............


D:\ашық сабақ\20141127_093923.jpg


Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз. Қызығушылықтарын ояту.

Сөзжұмбақ



М








А









Қ












А







Л










-






М









Ә






Т








Е











Л



  1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

  2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

  3. Жылқы пірі.

  4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

  5. Қыстың бірінші айы.

  6. Балаға ең қымбат – .

  7. Білім беретін мекеме.

  8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

  9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу.

  10. Сиыр пірі.

  11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Қандай сөз шықты? (Мақал-мәтел)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мақал-мәтел» екен. Мақсатын оқушылар айтады.

Топтағы оқушылар сабақты постер арқылы түсіндіріп қорғайды.

І кезең. «Білім инемен құдық қазғандай»

ІІІ деңгей. Графикалық диктант.

Оқусыз білім жоқ Бірлігі күшті ел озады

Өз білмегеніңді кісіден сұра Біліммен жүгір

Бірлігі жоқ ел тозады Білімсіз күнің жоқ

Әдепті бала – арлы бала Алысқа қарайды

Жақсы туса ел ырысы Талап қылмай мұратқа жетпес

Тіліңмен жүгірме Үлкен жоқ болса, кішіден сұра

Адам болатын бала Әдепсіз бала – сорлы бала

Жан қиналмай жұмыс бітпес Жаңбыр жауса жер ырысы

ІІ деңгей. Сөздердің баламаларын тұрақты тіркеспен жаз.

Хабарласпау – Ат ізін салмау.

Жуас – Қой аузынан шөп алмас.

Ренжісті – Қырғи қабақ болу.

Әдемі – Үріп ауызға салғандай.

Қуану – Екі езуі құлағына жету.

Жек көру – Ала көзімен ату.

Ұялу – Жер болу.

Сөйлемеу – Жұмған аузын ашпау.

Ашушаң – Көк айыл.

Қатігез – Тасжүрек.

І деңгей. Мақал-мәтелді толықтыру, екі тілге аудару.

  1. Туған жерге ... тік. (туың-флаг-flag)

  2. ... жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар. (дос-друг-friend)

  3. Өнер алды ... тіл. (қызыл-красный-red)

  4. ... жігіт жол бастар. (батыр-герой-hero)

  5. ... кепілі – тазалық. (денсаулық-здоровье-health)

D:\ашық сабақ\20141127_091106.jpg

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

ІІ кезең. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып жатқан шырақ »

ІІІ деңгей.Сөз құрамына талдау. Елбасымызды, оқушыларыңызбен

ІІ деңгей. Фонетикалық талдау. Мұғалім, әліппе

І деңгей. Сатылай кешенді зат есімге морфологиялық талдау. Алатау, балалық.

ІІІ кезең. «Сөз асылы – мақал».

ІІІ деңгей. Семантикалық картаны толтыру.


Мақал

Мәтел

Табу

Тұрақты тіркес

Эвфемизм

Дисфемизм

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.







Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.







Дәукеннің баласы ұры, өсекші, боқмұрын.







Кәрі түлкі қақпанға түспес.







Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.







Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.







Алдар көсе байларды алдау мақсатында өз жанынан қосып айтады.







Аудан мен ауылдың арасы таяқ тастам жер.







ІІ деңгей. Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жаз.

І деңгей. Туған жердің табиғатын мақал-мәтелдер қолдану арқылы сипаттау. Шағын шығарма жазу.

IV кезең. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»

ІІІ деңгей. Суретке байланысты мақал-мәтелдер айту.

А) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Felicidade_A_very_happy_boy_2-500x379.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\collar.jpg Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

Ә) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\d026e56db6ad.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\42399070212405923232.jpg Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

Б) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\new09miracle-blanket.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\бесикк.jpg Бала тәрбиесі – бесікте.

В) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\175307.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\sm_users_img-139293.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\a5lJ5NO0.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Nature_Plants_Green_offspring_008429_29.jpg Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Г) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\495003.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\100116432_1fb6df71badfa0f17d688a7f1a8acdfef2de3c54.jpg Бала тілі – бал.

Ғ) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\6.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\Myy9DtMG.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\e187eb3f8c13.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\moscow-flower-festival.jpg Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі.

Д) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\motherly_field_7_by_iuventa-d5gyszw.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\tradeboardm1kk0e_imgjpg_-=900x-=800.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\загружено.jpg Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың жаны – тәтті.

Ж) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\1010bookcase.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\kniga2.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\302.jpg Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

Е) C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\302.jpg C:\Users\Home\Desktop\Ашық сабақ мақал-мәтел\90b22193441e.jpg Бұлақ көрсең – көзін аш.


ІІ деңгей. Әр топқа тақырып беріледі. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жазу.

І топ – Ата-ана

ІІ топ – Отан

ІІІ топ – Дос

І деңгей. Ұсынылған мәтіндер мазмұнына мақал-мәтел жазу, жоспар құру.

1-мәтін.

Мақпал әжей қолындағы жүгін ауырсынды ма, сәл жүріп барады да тоқтайды.

Сөйтеді де маңдайының терін жаулығының ұшымен сүртеді.

Мұны көрген Марат:

  • Болат, жүр, әжейдің заттарын үйіне апарып тастайық, - деді.

  • Қойшы, ойнаймын, - деп Болат кетіп қалды. Марат әжейдің қасына келді де, жүктерін көтеруге көмектесті. Ауыл шетіндегі үйге жеткенде әжей:

  • Балам, өркенің өссін, азамат бол! – деп алғысын айтты, екі алманы қолына ұстатты.

  • Бұл еңбегің үшін, ала ғой, қалқам, біреуін әлгі жолдасыңа берерсің, - деді әжей. (Сыйласаң сый көрерсің), (Үлкенге құрмет, кішіге ізет)

2-мәтін.

Сен оны құрметте

Айдар әкесімен бірге есік алдында тұрған. Балдаққа сүйенген, бір адам өтіп бара жатып, кенеттен сүрініп жығылды. Оны көрген Айдар сықылықтап күліп жіберді. Айдардың әкесі күлген жоқ. Жығылған кісіге жүгіріп барды. Оны қолтығынан көтеріп тұрғызды. Анадай жерге ұшып кеткен балдағын әкеліп берді. Балдақты кісі Айдардың әкесіне алғыс айтып, өз жолымен жүріп кетті. Әкесі қайта келіп, орындыққа отырды. Ол Айдарға қарады да:

  • Балам, жаңа неге күлдің? – деп сұрады.

  • Жаңағы кісінің кішкентай балаша жығылғанына күлдім, - деді Айдар. Әкесі Айдарға:

  • Оның не күлкісі бар? Ол Ұлы Отан соғысының мүгедегі, мұндай адамдарды, біздің барлық адамдар құрметтейді. Оларға жәрдем береді. Ал сен мүгедек адамға күлесің. Мұндай әдепсіздігіңді бұдан былай маған көрсетпе! Мүгедек адамдарды құрметте. Қолыңнан келген жақсылығыңды істе! – деді.

Айдар өзінің қылығына қатты ұялды.

  • Әке, кешіріңіз! Мен білместік істедім. Бұдан былай ондай мінезден аулақ боламын! – деп кешірім сұрады.

3-мәтін.

Нан – қасиетті тағам

Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан – байлық. Бірақ, осы асыл тағамның қасиетін, кейбір балалар түсінбейді.

Бірде Сәкен мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып, лақтырып тастады.

  • Әй, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, бүкіл ауыл азаматтары, егінжайда астық үшін арпалысып жүрміз. Ал сендер, аппақ нанды үзіп-жұлып жеп, қалғанын жерге тастайсыңдар, - деді ренжіп әкесі. Ол үндемей келе жатты да:

  • Кешір, көке! – деп артқа қарай жүгіре жөнелді де, жаңағы тастаған нанын алып келді.



V кезең. Тест сұрақтары. Әр оқушыға біреу, көршісімен ауыстырып тексеру.

  1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.

А) Көңіл. В) Мұз. С) Ой. Д) Шөп. Е) Су.

  1. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) Өнерлінің өзегі талмас. В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

С) Отан оттан да ыстық . Д) Ұрлық түбі – қорлық. Е) Ер дәулеті – еңбек.

  1. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл,

Жеті түрлі ... ... .

А) елге құрмет. В) тіл біл. С) тас жарады. Д) білім біл. Е) ұлт жоқ .

  1. Білім кілті-тіл.

Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Знание-ключ к языку. В) Язык и знание-сила. С) Знание-сила.

Д) Люби и береги свой язык. Е) Язык-ключ к знаниям.

  1. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің. В) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.

С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Д) Мектеп-кеме, білім-теңіз.

Е) Оқу инемен құдық қазғандай.

VІ кезең. Бағалау.

VІІ кезең. Үйге тапсырма.

ІІІ деңгей. Үш мақалға ребус жасау.

ІІ деңгей. 130-жаттығу.

І деңгей. Ойтолғау жазу. «Бірлік бар жерде – тірлік бар»







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров220
Номер материала ДВ-104529
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх