Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок по казахскому языку на тему "Қандай мамандар сұраныста?"

Открытый урок по казахскому языку на тему "Қандай мамандар сұраныста?"

Скачать материал

                                                                                                      

                                                                                                       «Бекітемін»

                                                                                                Директордың оқу ісі

                                                                                             жөніндегі орынбасары

                                                                                             _______С.Ботантаева

                                                                                              

Сабақ жоспары  № 40

 

Пәні:  Қазақ тілі                                           Мерзімі:  __________

Тобы:    ПО-17

 

Сабақтың тақырыбы:  Қандай мамандар сұраныста?

Сабақтың эпиграфы:   «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

                                                                                                   Ж.Аймауытов

Мақсаты :

Білімділігі: Студенттерге қазіргі  еңбек нарығында сұраныстағы мамандар туралы, мамандықтардың  түрлері жайлы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу нормаларын қалыптастыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ойын түрлері арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту;
Тәрбиелік мәні: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін оята отырып, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:  Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:   Сұрақ-жауап, түсіндіру, дидактикалық ойындар, «Миға шабуыл»

Сабақтың көрнекілігі:    Мультимедиялық проектор, слайд, карточкалар

                                         

                                         Сабақтың барысы:                                                                       

І. Ұйымдастыру кезеңі  (3мин)
Сәлемдесу. Кезекшімен тілдесу. Студенттердің сабаққа даярлығын тексеру.

Екі топқа бөлу. Әр топтың атын, басшыларын анықтау (тақтаға алма ағашының суреті ілінеді, әр топтың дұрыс жауабы «алма жемісі» түрінде бағаланады).

1.     Қызығушылығын ояту: (3мин)

«Бұл кім, тауып көрші?» ойынын ойнату. Жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Жұмбақтарды  шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

1) Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
2) Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)
3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5) Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
6) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
7) Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (Мұғалім)
8) Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын
Салатын кім суретін? (Суретші)

 

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Студенттерге сабақтың мақсатын айту. (7мин)

2.Кіріспе:  -Балалар, мамандық  дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? (Студенттердің жауабы)

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

-Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? (Студенттердің жауабы)

Еңбек – адамның материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.

       Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек, арнайы білім алу керек.

      Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

-Қазіргі еңбек нарығында қандай мамандар сұраныста деп ойлайсыңдар?

      Мамандар болжамы бойынша жақын болашақта кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс өте жоғары екен.      

       Бағдарламашылар, веб-дизайнерлер, нанотехнологиямен байланысты мамандар: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары, биотехнология мен электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету саласы мамандары сұранысқа ие мамандардың тізімінде екен.

       Ал аспазшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы-сылақшы, техник-сантехник, медбике және т.б. мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болып табылады.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Жаттығулармен жұмыс:

3.Тапсырма:  (7мин)

І топқа – «Аспаз»  сөзін септеп, жіктеу;    

ІІ топқа – «Даяшы» сөзін септеп, жіктеу.                          

 

4. -«Миға шабуыл».-Ой-қозғау. Әр топқа карточка беріледі.

Тапсырма: Мамандықтарды  классификациялау (топтау)  (8мин)

 

«Адам-табиғат»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: өсімдіктер,жануарлар, микроорганизмдер.

 

«Адам – техника»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалық объектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, энергия түрлерімен.

 

«Адам-адам»

Қандай объектілермен жұмыс істейдіадамдар.

 

 

«Адам-компьютер»

Қандай объектілермен жұмыс істейді:  шартты белгілер, цифрлар, кодтар, нағыз немесе жасанды тілдер.

 

«Адам-көркем образ»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.

 

 

(Мамандықтар атаулары)

кинолог, ветеринар, зоотехник, агроном, гүл өсіруші, химия-бактериологиялық сараптаманың лаборанты, инженер-механик, сәулетші, электромонтажшы, радиомеханик, құрылысшы, компьютер жинақтаушы, телекоммуникация маманы, дәрігер, мұғалім, психолог, шаштараз, экскурсия ұйымдастырушы, менеджер, көркем жетекші, аударушы, экономист, инженер,топограф, хатшы, программист, артист, актёр, суретші, музыкант, дизайнер, мүсінші, журналист.

 

5. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»-өзін-өзі тану. (3мин)

Студенттер ұнатып таңдаған геометриялық фигуралардың мағынасын ашу.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жианап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілетің

 

баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырауға ұсыныс айтамын.

Шеңбер. Сенде адамгершілік қасиет жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес.Олардан бойыңды аулақ ұстайсың, сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және  жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың. Сенің қоғамда, өмірде жоғары көтерілуге бейімділігің бар.

 

6. Сөз кезегі топбасшыларға келді . Капитандар сайысы (пантомима). (5мин)

Әр топтың басшысы қимылмен  бір мамандықты көрсетеді. Қарсылас топ мамандықтың атын атау керек. (Үш мамандықты көрсетеді)

 

7. “Ең , ең жақсы “ойыны. (2мин)

Ең, ең ақшасы көп.....(банк қызметкері)

Ең, ең жасыл.....(бақташы, гүл өсіруші, географ)

Ең, ең тәтті....(аспаз, кондитер)

Ең, ең күлкілі......(клоун)

Ең, ең жауапты.........(сот, бухгалтер)

Ең, ең салмақты.....(заңгер, мұғалім)

Ең, ең қарым қатынасы күшті.....(бизнесмен)

 

V. Қорытындылау: (3мин)

Рефлексия.

1.  Қазіргі еңбек нарығында қандай мамандар сұраныста?

2. Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеуіміз керек?

(Оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.)

3.  Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

4. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге  ұнады ма?

VІ. Үйге тапсырма беру: (2мин)

141 бет, 6- жаттығу. Еліміздегі ең таңдаулы мамандықтардың тізімін жасаңдар. Олардың артықшылықтарын атаңдар.

VІІ. Бағалау. (2мин)

Студенттердің білімін бағалау.

                                                  

 

Пән оқытушысы:                          Б.Мукашева

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по казахскому языку на тему "Қандай мамандар сұраныста?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 199 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2015 3417
    • DOCX 28.3 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашева Бакытгуль Адимбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22515
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек