Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Открытый урок по казахскому языку на тему "Астана" (5 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по казахскому языку на тему "Астана" (5 класс)

библиотека
материалов

Астана қаласының көрікті жерлері

 

1.Білімділік: Оқушыларға Астана қаласының көрікті жерлері туралы мағлұмат беріп, көмекші есімді сөйлемдерде, ауызекі сөйлегенде дұрыс қолдануға үйрету.
2. Дамытушылық: Сөздік қорларын пайдалана отырып, өз ойларын еркін және жүйелі жеткізуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, саяхат, тестік жұмыс.
Көрнекіліктер: слайд, оқулық.

Барысы:

1.Ұйымдастыру

2. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу

3. Жаңа сабақ. «Миға шабуыл»

4. Астана туралы фотоальбом көру

5.Мәтінмен жұмыс

6.Сөздік жұмысы.

7.Деңгейлік тапсырма

8. «Шын немесе жалған»

9.Тестілеу

10.Үйге тапсырма

11. «Ой қорыту»

12.Бағалау


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Отырыңыздар.

-Сыныпта кім кезекші?(оқушының жауабы)

-Қазір қай жыл мезгілі?(қыс)

-Қыс айлары қандай?(желтоқсан,қаңтар,ақпан)

-Қазір қай ай?(желтоқсан)

-Желтоқсанның нешесі?(желтоқсанның 12-сі)

-Бүгін ауа райы қандай?(суық)

- Сыныпта кім жоқ?(түгел)

ІІ.«Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу:

1.әкеңнің әкесі(ата)

2.үшінші септік(барыс)

3.рәміздің біреуі(ту)

4.ең жақын адам(ана)

5.сабақтың бітуін білдіреді(қоңырау)

6.Қазақстан республикасының үшінші астанасы(Алматы)

-Балалар қандай сөз шықты?(Астана)

ІІІ. Балалар Астана туралы не білесіңдер?

-Отанымыз қай мемлекет?

-Астанасы қай қала?

-Астана қаласы ұнай ма?

-Астана қандай қала?

-Ал, енді Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз.

ІV.Астана – слайд көру

-Сендер Астанада болдыңдар ма? Астананың көрікті жерлері туралы не білесіңдер?(оқушылардың сөздері).Қандай ақпарат жинадыңдар?

Оқушының сөзі: Тұнғыш Президент мұражайы туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің мұражайы Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы болып табылады. Бұл мұражай 2004 жылы 28 тамызда ашылды.
Плац. Әдейі сапармен келген шетел қонақтарын қарсы алатын холл.
Атриум. Күшті, әдемі аң - барыс, қазақ рәміздерінде үлкен мағынаға ие.
Атамекен. Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Үшқоңыр жайлауы. Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін қоғамның мойындауы.
Қарулар мен сауыттардың сый - топтамасы.
Қауіпсіздік кеңесінің мәжіліс залы. Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері, сыйлықтары.
Бүгінгі күні – Бірінші Президент мұражайы – белгілі ғылыми зерттеу орталығы.


Оқушының сөзі: Астана қаласының рәміздері туралы ақпарат. Астана қаласының рәміздері 1999 жылы маусымда бекітілген. Астана қаласының рәміздерінің авторлары: Д. Салауату, А. Ұшқанаев.
Елтаңбаның негізіне шығыстың дөңгелек қалқаны алынған. Рәміздердің түстері: көгілдір түс – ашық аспан, тәуелсіздіктің белгісі, қызыл түс - жеңімпаздықтың белгісі, алтын түс – бидайдың байлықтың белгісі.
Шаңырақ - отбасының әлем бірлігінің белгісі.
Бәйтерек – төртқүл дүниені құшағына сыйғызған ағаш. Төменгі жағында Астана деген жазу бар.

Оқушының сөзі: Бәйтерек туралы ақпарат.
Бәйтерек – Астана қаласының рәміздерінің бірі. Бәйтерек 2002 жылы ашылды. Бәйтеректің авторлар тобының жетекшісі Рүстембаев Н. Қазақ аңыздары бойынша Бәйтерек өмір мен өркендеудің рәмізі болып келеді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр, ол астананың көшіп келген жылы 1997 жыл. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы. Екінші – үшінші бөліктері өркендеу кезеңдері. Залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әр түрлі әлем діндерінің қол қойылған глобусы орналасқан. «Аялы алақан» композициясы. Ұшар басында алтын шар бар.
Қазір бізге “Астана ” туралы тақпақтар жатқа айтып беріңдер.
-Ал, енді көргенімізді мәтінмен толықтырайық.

V.Сөздік жұмысы:

Тұрғын-житель

Орталық-центр

Ғимарат-здание

Бой көтерді-выстроились

Танымастай-неузнаваемо

Ұлт өкілдері-представители наций

Болашақ-будущее

Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру

.Мәтінмен жұмыс.(оқулықтағы 72-бет)

(Тақтада мәтін жазулы )

1.мәтінді мұғалім оқиды.

2.екі оқушы оқиды.

3.сұрақтар құрастыру.

4.мәтін не туралы? (орысша аудармасын айту)
VII.Грамматикалық тақырып:Көмекші есімдер.
1
.Көмекші есім дегеніміз не?
Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.
2. Біз қандай көмекші есімдерді білеміз?(тақтада орысшадан қазақшаға аударады)
Үстінде, алдында, жанында, ішінде, астында, артында, қасында, сыртында.
3.Мәтіннен көмекші есімдермен сөз тіркестерін тауып дәптерге жазыңдар.


VIII.Дәптермен жұмыс.

І-деңгей.

1 - Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойыңдар.

Бәйтеректің... гүлдер жайнап тұр. Мұржайдың... Президент сыйлықтары бар. Ақ Орданың... биік үйлер орналасқан. Бәйтеректің... алтын шар бар. Есілдің... Астана қаласында орналасқан. Қаланың.... үлкен мешіт бар.
Керекті сөздер: қасында, жанында, бойында, жағасында, ортасында


ІІ-деңгей.
2 - тапсырма
. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.
Есіл өзенінің -------------- үлкен қала ------- 1. Астана - Есіл өзенінің бойында орналасқан
Парламент ----------------- өкілдері
Жастар --------------------- ортасында
тұрғын ---------------------- алдында
Парламент үйінің ------- бойында
қаланың -------------------- үйі
ұлт -------------------------- сарайы
болашағы ------------------- үйлер


ІІІ-деңгей.

3 - тапсырма. Көп нүктенің орына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бой... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.

-Сендердің жауаптарың осы жауаппен сәйкес келеді ме? Тексерейік.

(әр деңгейден бір оқушы оқиды)


ІХ.Қорытынды: Не білдім? Не алдым?

Тестілеу(тақтада сұрақтарға жауап беру)

1.Астана қаласының рәмізі:

а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек

2.Астана .... қала:

а)көне б)ескі в)таза с)әсем

3.Астана қаласының тұсаукесер тойы:

а)1998 б)1991 в)1997 с)1995

4.Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал

5.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Еділ б)Қарасу в)Есіл с)Жайық

6.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:

а)Астана сұлу әрі таза қала

б)Астана ұқыпты қала

в)Астана ең сұлу, жас қала

с)Астанада сұлу қала

7. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы

в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала

8.Астананың түған күні:

а) 6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с)6 маусым


Үй тапсырмасы: «Астана қаласы» тақырыбына эссе жазу.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров320
Номер материала ДВ-130745
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх