Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахскому языку на тему "Қазақ тілі - Қ.Р. мемлекеттік тілі" (1/9/ технология)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по казахскому языку на тему "Қазақ тілі - Қ.Р. мемлекеттік тілі" (1/9/ технология)

библиотека
материалов

hello_html_2a54a71c.gifhello_html_m65dc1eb4.gifhello_html_12ff4a21.gifhello_html_3808288d.gifПәні: Қазақ тілі

Күні: 26 қыркүйек 2015 жыл

Тобы: 1/9/ технология

Пән оқытушысы: Хамзина Ә.Б.

Тақырыбы: Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Студенттерді өз қазақ тілінің қадір - қасиетін біліп, өз қазақ тілінің көркемділін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Тіл әуездігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы студент дүниетанымын, ой - өрісін дамыту.

б) Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді студент бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көрсетуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс - тәсілі: топтастыру, түсіндіру, хронологиялық кесте, Сатылай кешенді талдау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер және мақал - мәтелдер жазылған плакаттар, интерактивті тақта,оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.

2. Топқа бөлу, зейінін сабаққа аудару.

3. Үй тапсырмасын сұрау.

II. Психологиялық тренинг: "Бір тілек". Студенттер шеңберге жиналып, оқытушымен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Мысалы: "Бәріне сәттілік тілеймін:

Болашағымыз жарқын,

Еліміз тыныш,

Тіліміздің тұғыры мықты болсын!"

- Рахмет. Мына бір өлең жолға назар аударсаңыздар!

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын.

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

- Бұл өлең жолда не туралы айтылған? - Қазақ тілі туралы. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: "Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі". Мен сабағымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастасам деймін: "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде". Халқымыздың аса бай рухани қазынасы - ол тіліміз. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті  өмір сүруде. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, 1989 жылы 22 -қыркүйекте “Тіл туралы” заң қабылданды. Биыл Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл. Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Биыл Қазақ хандығына 550 жыл.



Сайыстың шарттары:

1) "Бәйге" (ұяшық таңдау).

- Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 жылы 22 қыркүйек)

- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түрік)

- "Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі" деп Ата заңның нешінші бабында жазылған? (4 бап)

- Тіл туралы заң қашан толықтырылып қайта шықты? (1997 жылы 11 шілде)

- Қазақ хандығына биыл неше жыл? (550 жыл)

- А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиі (жазу жүйесі) қалай аталыды? (Төте жазу)

- Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар?  (Құтты білік -1069ж Жүсіп Баласағұн жазған)

- Қазақ тілі тарихында алфавит неше рет ауысты? (3 рет, араб, латын, орыс)

- Көп тіл білетін адам? (Полиглот)

- Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)

- Орхон - Енисей тарихи жазба ескерткіштері қай жерден табылды?

- Орта түркі дәуірі неше кезеңнен тұрады, атаңыз? (2 кезеңнен: қараханид, Алтын Орда)

2) "Біле бергім келеді, біле бергім..." (оқулықпен жұмыс)

1. ... қарай кісіні ал, кісіге қарап ...алма (А. Құнанбаев).

2. ...көркі - тіл, тілдің көркі ... (Ж.Баласағұни)

3. Әр халықтың ... ... - білімнің кілті. (А.Жұбанов).

4. Кей ...асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, ... ... тұратын шағы бар. (М.Әуезов).

5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген ... толық мәнді интеллигент емес деуге болады (М.Әуезов).

6. Ана тілін тек ... ... ғана менсінбейді, ... ... ғана аяққа басады. (Ғ.Мүсірепов).

7. Тіл қаруы - ..., сөз қаруы - ....Ақыл ой, ... сөз адамның ең жоғарғы ... (Ғ.Мұстафин).

8. Тіл - ұлттың ... Тіл - идеяның, сезімнің, ойдың ... көрінісі. (А.Н.Толстой).

9. Өз тіліңді ... ... тұрып, ... - ... сүйе алмайсың (К.Г. Паустовский).

10. Сөз өнері - өнер атаулының ең ... да ... (О.Бальзак).

11. Өз ойларын көрікті айта алмау - ..., ал өзінің көкейін тескен ойларының болмауы - одан да асқан ... (К.Д.Ушинский).

12. ... ... тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге балатындығын ұмытуға болмайды (К.Д.Ушинский).

Керекті сөздер: кемшілік, қиыны, күрделісі, сөз, бөгде тілді, жаны, жанды, қадір тұтпай, ел - жұр тыңды, сөз, ой, алғыр, қасиетті, өгей ұлдары, адам, от төгіп, сөздің, ақылдың, сөз, сөзіне, ана тілі.

3) Мәнерлеп оқу сайысы (Тіл туралы).

4) «Жеті жұрттың тілін біл»

(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)

1. Тіл тәтті, бауыр қатты. ( тіл - язык - hanguage)

2. Егер тілім ертең болса құрымақ

Мен дайынмын өлуге бүгін - ақ ( ертең - завтра - tomorrow)

3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word)

4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ( оқы - читай - read)

5. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)

6. Алтын күн бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың. ( күн - солнце - day)

7. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік.

(адам - человек - person)

8. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас

Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас.

(халық - народ - people)

9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)

10. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз. (Ақыл - ум - mind)

5) Шығармашылық жұмыс.

1) "Туған тілдің болашағы"

2) "Сүйемін туған тілді - анам тілін..."

3) "Менің тілім XXI ғасырда"

Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды орындауға ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен студенттердің логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді. 

Мемлекеттік тіл - татулық тірегі.

C:\Users\Admin\Documents\image002.jpg

1. Тіл тұғырының биіктігі - халыққа мәртебе

2.Тіл-тәуелсіздіктің түбірі,һәм тұғыры

3.Тілі бірдің-тілегі бір,тілі бірдің-жүрегі бір


6) Қорытындылау:

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйе келе,студенттердің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісе отырып, қазіргі қазақ тіліміздің деңгейі қандай дәрежеде тұрғанын ортада тұрған диаграмма арқылы көрсету және студент ойы.


қазақ тілі









7) Бағалау:

Студенттерімізді күлегештер арқылы бағалау

http://89.218.18.41/F7830357B669AED1/45718D77BE4D2851/1.jpg(өте жақсы)

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1379492331.jpg(жақсы)


http://vignette3.wikia.nocookie.net/absurdopedia/images/6/6d/%D0%93%D1%80%D1%83%D1%81%D1%82%D0%BD%D1%8B%D0%B9_%D1%81%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B8%D0%BA.png/revision/latest?cb=20140501173907(қанағаттанарлық)






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-521139
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх