Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім"

Открытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім"

Скачать материал

 

 

Мұғалім: Бижанова Райкүл Ерханқызы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «Б»

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  Оқушылардың есіне заттың санын білдіретін сөздер туралы 1-сыныпта алған  білімдерін еске түсіру.Сөз табының бірі сан есіммен,қойылатын сұрақтарымен таныстыру,мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

 

Дамытушылық: Оқушылар сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сонымен қатар сөйлеу және жазу стилінде дұрыс колдана білу дағдыларын арттыру.Сауатты жаза,сөйлей білуге үйрету.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды дәптерге әдемі,таза жазуға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ,аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, плакат,слайд

 

Сабақтың барысы:

                            

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.
  2. Психологиялық дайындық

 

Асыр салып ойнадық,

Тамашалап тойладық.

Балақайлар енді тез,

Кітап оқыр келді кез.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш!

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

                               

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау.

                               

1.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін,түсінгенін байқау,анықтау.

2.Оқушының сөйлеу қабілетін,сөйлеу тілін,сөздік қорын байқау.

 

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

 

1.Ой қозғау

«Зымыран» сұрақтар

 

1.Қазақ тіліндегі қанша сөз табы бар және оларды ата?

2.Зат есім дегеніміз не?Мысал келтір.

3.Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?Мысал келтір

4.Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?Мысал келтір.

5.Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.

6.Етістік нешеге бөлінеді және оларды ата?

7.Дара етістік дегеніміз не?

 

 

8.Күрделі етістік дегеніміз не?

9.Сын есім дегеніміз не?Мысал келтір.

10.Сан есім дегеніміз не?

 

ІV.Жаңа түсінікті қалыптастыру.

Заттың санын,ретін  білдіретін сөздер сан есім деп  аталады.Сан есімдерге   қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: жеті,жетінші,елу,он тоғызыншы.

 

1-жаттығу.Бір таңбалы сандарды бір бөлек,екі таңбалы сандарды бір бөлек сөзбен жаз.

 

8,21,5,101,7,77,4,10,19

 

Екі таңбалы сандар қалай жазылады?Екі таңбалы сандардың ішінде бір сөзбен ғана берілген қандай сан?

 

Сегіз,бес,жеті,төрт.

 

Жиырма бір,жетпіс жеті,он,он тоғыз.

 

2-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Құрастырған әңгімеңнен сан есімдерді тап.Оларға сұрақ қой.

 

 

     Ойын «Тез ойла,жауап бер!»

Дұрыс жауаптар: тәрбие-лі,жыр-шы,сын-шы,тау-лы,сән-ді,көңіл-ді,құрылыс-шы,еңбекші;

 

3-жаттығу.Сұрақтарға жауап жаз.

 

1.Отбасыңдағы адам саны нешеу?

2.Сен нешнші баласың?

3.Неше әпкең бар?

4.Неше інің(сіңілің,қарындасың) бар?

 

4-жаттығу.Өлеңді оқып,мағынасын түсіндір.

 

Қос жастыққа шынтақтап,

Қонақ төрде көсілер.

Орден,медаль жүр топтап,

Екі-екіден төсіне ер.

                                          О.Асқар

 

Қос деген сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады?Оған сұрақ қой.Сан есімдерге сұрақ қой.

Қос деген сөзді екі деген сөзбен ауыстыруға болады.

 

       Сергіту сәті

 

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Саусақты ашып-жұмамыз,

Онан соң төмен түсіріп,

Иықты артқа ысырып,

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз!

 

 

 

                            

5-жаттығу.Ребусты шеш.

 

Бесік"'     елік'"    у

 

Ребустың шешуін білдіретін сөзге сұрақ қой.Ол қай сөз табына жатады?

Ребустың шешуі: бесеу; сан есім

 

V.Үй тапсырмасын беру.

 

Біреу,үшеу,бесеу,жеті,тоғыз деген сан есімдерден бес сөйлем құрау.

 

VІ.Бағалау.

Әр оқушының алған бағасын талдай отыра,кім не себепті қанша баға алды,қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту,мүмкіндігін айту.

 

Сау болыңдар,оқушылар!

 

                                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№6 орта мектеп

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Сан есім

Мұғалім:  Бижанова Р.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда 2017  жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 886
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бижанова Райкүл Ерханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бижанова Райкүл Ерханқызы
    Бижанова Райкүл Ерханқызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21548
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой