Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОткрытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім" (4 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім" (4 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есім туралы бұрынғы сыныптарда алған білімдерін қайталау, еске түсіру; сан есімнің есептік, реттік түрлерін ажырата білу; сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

2. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдістері: қайталау, практикалық.

Көрнекілігі: интер. тақта, топтық тапсырмалар, суреттер, таратпалар, сөзжұмбақ.

Сабақтын барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

 2.Ой бөлісу орталығы

 3. Сауал – бізден, жауап- сізден

 4. Лездеме  “Сандарды сөйлет”

 5. Ой сергіту жаттығулары

 6. Ой толғаныс

 7.Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі.

 А) Психологиялық дайындық

Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда:

- Өзімізге: Сәттілік, қуаныш.

- Қонағымызға: Жақсы көңіл-күй.

- Елімізге: Ашық аспан, молшылық

Ә)   Сыныпты топқа бөлу.   Үстелдегі сөздерді алып, 4 топқа бөлініп отыру.

1-топ.  «Дара сын есім»              2-топ.  «Күрделі сын есім»

3-топ.   «Есептік сан есім»         3-топ.   «Реттік сан есім»

Әр топ өздерінін топ аттарын қорғайды, топтағы ережелерді айтады

2.Ой бөлісу орталығы

А) Үй тапсырмасын тексеру, үйге берілген 4-жаттығуды ауызша сұрау.

Ә) Сан есімді қайталауга арналған жұмыстар.

-Сан есім дегеніміз не?                  -Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

-Сан есім қандай сөз табымен байланысады?  -Сан есімнің қандай түрлерін білесің?                          -Есептік, реттік сан есімдер нені білдіреді?  - Реттік сан есімдердіц жұрнақтарын ата.

**Есептік сан есімЗаттың жалпы санын білдіреді

**Реттік сан есімесептік сан есімге –інші,-ыншы,-нші,- ншыжұрнақтары жалғануы арқылы жасалады. Нешінші деген сұрақ қойылады

**Жинақтық сан есімЗаттың жинақталғансанын білдіреді. Нешеу деген сұрақ қойыладым/ыалтау, жетеу т/б

**Болжамдық сан есімзаттың санын дәлайтпайды, шамалап көрсетеді,барыс септігінде тұрады.Жүздерде, елу-алпыс, ондаған, жүздеген

**Топтау сан есімЗаттын санын топтап көрсетеді.Екі-екіден, бес-бестен,

**Бөлшектік сан есімБүтін сандардың бөлшегін білдіреді.

Б)  Күн реті мен көркем жазуда жазу.

-Осы сандар туралы не айта аласыңдар?

-Ия, балалар, биыл Қазақстан халқы үшiн аса маңызды мерейлi мерекелер жылы. Ең бастысы – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бұл — тарихымызды түгендеудiң бастамасы. Iшкi саясаттағы маңыздысы — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл болашағымыз үшiн қажет. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi бүгiнiмiз бен келешегiмiздiң кемелдiгiнiң көрiнiсi. Биыл Ата заңымызға да 20 жыл толады. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелейміз. Бүгінгі сабағымызда осы мерейлі мереукелер жайлы толығырақ білетін боламыз. Топтар тапсырмаларды орындаған сайын деректер жинақтап, білімімізді толықтырып отырамыз.

3. Сауал – бізден, жауап- сізден

А) Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу.  (Қазақ хандығының 550 жылдығы)

 Өлеңдерді оқып, сұраққа жауап беру, сан есімді тауып сұрақ қою. Егіз, жалқыдеген сөздерді қандай санмен ауыстырып айтуға болады?

             1-топ                                                                                   2-топ

 Он саулықтың ақпанда                                                   Ортаға әкеп тосты Оспан 

 Егіз туды жетеуі.                                                             Отыз жеті қаламды.

 Қырға көшіп жатқанда,                                                  Тиді әркімге қос-қостан

 Жалқы туды екеуі.                                                           Балалардың бәрі алды.

 Тағы да бір тұсақ бар,                                                     Өзгелерден бір қалам

 Қысыр қалды ол бірақ та.                                               Артық тиді Күлашқа.

 Біздің үйде ұсақ мал                                                        Береді айтып кім маған,

 Жетті неше тұяққа? -16                                                   Неше жан бар сыныпта? -17

             3-топ                                                                                   4-топ

  Шұнақ құлақ бес ешкі,                                                     Асан, Айша екеуі,

  Қос-қос лақты қос ешкі,                                                  Қос қуыршақ, бір құлыншақ,

  Төрт қозылы екі қой                                                         Қос-қос қозы,

  Бәрі бірге болды қанша? -17                                            Құстай ұшып, үйден шықты.

                                                                                             Санап берші ал енді?-7

 Бұл өлең не жайында?                                                                ( Бағалау-бағдаршам әдісі)

2-жаттығу (Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы )

Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазуға арналған. Дауысты дыбыстармен аяқталған сан есімдерге -ншы, -нші, дауыссыз дыбыстармен аяқталған сан есімдерге -ыншы. -інші жұрнақтары жалғанатыны айтылады. 4 топ екі сөзден алып жазады.                                                                                         ( Бағалау-шапалақ)

4.  Сергіту сәті.      Лездеме  “Сандарды сөйлет”

  1. Бір жылда                  күн бар.
  2.  Әлемнің              кереметі бар .                      
  3.  Бір жылда                ай бар.
  4. Бір километрде              метр бар?.
  5.            жылы Н.Ә. Назарбаев  ҚР Президенті болып сайланды.
  6.            жылы жаңа әнұран қабылданды.
  7. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар саны            .
  8. Ел құлағы             .
  9.          - желтоқсан “Тәуелсіздік күні”.
  10.             жылы Ақмола атауы Астана қаласы боп өзгертілді.

3-жаттығу. (Ұлы Жеңістің 70 жылдығы)

Берілген 4 суретке 4 топ сөйлем құрастып, есептік сан есімді, оның сұрақтарын айтады.

                                                                                                               ( Бағалау-смайлик)

Соғыс жылдары Қызылорда облысынан 70 мың адам соғысқа аттанса, оның 121 ғана қазір ортамызда. Қызылорда облысынан 20 Кеңес Одағының батыры, 1 «Даңқ» орденінің толық иегері шыққан.  Қазір Қызылорда қаласында барлығы  54  Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Оның 19-ы - ҰОС мүгедегі, 35-і - ҰОС қатысушылары. Тағзым алаңындағы Даңқ тақталары саны – 22.

Чамораков Николай Николаевич, Маханбетов Жақыпбек, Михайлюк Яков Данилович, Журба Иван Макарович, Ковтунов Георгий Никитович, Балмағанбетов Махаш, Әбутәліпов Әнуар, Ниетқалиев Ерденбек, Көмекбаев Тәйімбет, Әбдіқадыров Кәкім, Ілиясов Нағи, Артемов Петр Михаилович, Ларионов Семен Архипович, Үргенішбаев Ыдырыс, Шляпин Геннадий Фадеевич, Романов, Александр Дмитриевич Нұрсейтов Жаппасбай, Счастнов Владимир Михаилович,  Мин Александр Павлович, Түктібаев Үрман, Қизатов Жәлел, Махорин Иван Федорович.

5-жаттығу.( Ата заңымызға  20 жыл)

 Оқушылар өлшемдердің мөлшерімен танысады. Берілген өлшемдерге тиісті сөздерді тіркеп жазады. 4 топ екі сөзден алып жазады.              ( Бағалау-бас бармақ)

Бip шымшым тұз, бір жайым қамыр, бір шөкім шай, бір асым ет, бір жұтым су, бір ұрттам айран, бір ауыз өлең.

Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік, таразы болмаған.
Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.
Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған.
Елі – саусақтың көлденең қалындығы.
Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем.
Сүйем - бас бармақпен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.
Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері.

 Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық.
Шымшым - ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем.
Шөкім - ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем

5. Ой сергіту жаттығулары

А) 1-топ, ребустар шешу.  2-топ, сан есімге байланысты мақалдар айту.

 3-топ, «Сен білесің бе?» киелі сандар туралы айту.

4-топ, толықтыру тестін орындайды

                1.Сан  есім дегеніміз -____________________

   2.Сан  есімнің сұрақтары _________________

   3. Есептік сан есім дегеніміз - ___________________

   4. Реттік сан есім дегеніміз -__________________

   5. Мақал ішінен сан есімді тауып , қай түріне жататынын айту.

        Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.

   6. Реттік сан есімді тауып, дәлелде.

   Жанар, қырық бес, биік, жиырмасыншы ___________

6. Ой толғаныс.   Семантикалық кесте.

 

сөздер

дара сын есім

күрделі сын есім

есептік сан есім

реттік сан есім

жиырма

аласа

он тоғыз

төртінші

қара торы

дәмді

қырық бес

он алтыншы

қызыл күрең

екінші

 ұзын бойлы

жіңішке

 

 

 

 

 

7.Үйге тапсырма :  4-жаттығу арқылы цифрмен жазылған сандарды сөзбен жазу.  Сан есімі бар мақалдар жазу, ережені қайталау

8. Рефлексия: Оқушылар стикерлерін сабақ ұнаса-процессор, орташа болса-монитор, ұнамаса-қоқыс жәшігіне апарып жапсырады.

                       №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Сан есім

Бастауыш сынып мұғалімі  Омарова Динара

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қызылорда  2015 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по казахскому языку на тему "Сан есім" (4 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 816
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кемелова Шырынкул Шайдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10022
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек