Тақырыбы: Сұраулы
сөйлем
Мақсаты: 1. Білімділік:Сұраулы сөйлем туралы
түсінік беру, сөйлем туралы түсінігін кеңейту,
сауатты, әдемі жазуға
төселдіру.
2. Дамытушылық: Танымдық
қабілетін, ақыл-ойын, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік:Экологиялық
тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын,
салыстыру, өзіндік ізденіс, қойылым, тест,
баяндау, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс:Дүниетану, ана тілі.
Көрнекіліктер:Кесте, сызба, сөзжұмбақ, Венн
диаграммасы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру. 184-жаттығу.
Хабарлы сөйлем құрастырып жазу.
3. Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ: Ө, Й, С, М,
Е, Л. (Сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. Көркем жазу: К к Кемеңгер, керней, кеуек.
Жұмыс түрлері: 1. Сөздік жұмысы.
2. Сұрақ қою.
5. Жаңа сабақ.
- Ортаға Сөйлемнің балаларын шақырымыз. Олар не
айтады екен.
Хабарлы: Қазір қазақ тілі сабағы болып жатыр.
Сұраулы: Сабақтың тақырыбы қандай?
Лепті: Тыныш отырыңдар!
Ес сұрақтары.
1. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Мәтін дегеніміз не?
- Сұрақтар қандай мақсатпен койылды?
- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді
сұраулы сөйлем дейміз.
Сергіту сәті: Өлең «Не үшін?»
6. Оқулықпен жұмыс.
185- жаттығу. Ауызша. Сұрақтарға жауап беру.
- Бұлар
қандай сөйлемдер?
186- жаттығу. Мәтінмен жұмыс.Тақырыбы. Мәтіннің
түрі.
- Құмырсқалар
қалай тұрады?
- Құмырсқалардан
нені үйренеміз?
Мақал: Татулық – табылмас бақыт.
Халық ауа райын қалай болжаған?
1- оқушы: Құмырсқалар илеуін құрғақ жерге
салса- жауын, дымқыл жерге салса- жазда құрғақшылық болатындығының белгісі.
Тапсырма:Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді теріп
жазу.
Ереже оқу. Жатқа айту.
187- жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Суретке қарап мәтін құрастыру. Ат қою.
1. Автобусқа кім мінді?
2. Асқар не істеді?
3. Ол қандай бала?
7. Венн диаграммасы. Графикалық диктант.
1. Қыс келді.
2. Қыста не жауады?
3. Балалар ойнап жүр.
4. Құстар қайда ұшып кетті?
8. Қорытынды:Тест жұмыстары. Тексеру.
- Сөйлем
дегеніміз не?
- Сөйлем түрлерін
ата?
9. Үй жұмысы: 188- жаттығу. Ереже жаттау.
10. Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.