Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахскому языку на тему "Таза ауа" (8 сынып)

Открытый урок по казахскому языку на тему "Таза ауа" (8 сынып)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6ebc49b6.gifhello_html_4a1ad57e.gifhello_html_5fa3d761.gifhello_html_5a207a0.gifhello_html_2823d789.gifhello_html_m2a27d7d9.gifСабақтың тақырыбы: Таза ауа. Сын есім.

Эпирграф:

«Өсімдік жақсы өссе-адам да жақсы өмір сүреді».

К.А.Тимирязев.

«Бір күннің бұзғанын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін».

Р. Роллан

Альмишева Л. Ш.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КММ «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі», Жезқазған қаласы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: табиғат, таза ауа туралы жан-жақты мәлімет беру;

ә) тәрбиелік: табиғат тамашалары туралы балалардың білімдерін тиянақтау, табиғатты аялауға, қорғауға, өз туған табиғатына жанашырлықпен қарауға, табиғаттағы әсемдікті сезінуге, табиғаттың өзіндік қасиетін, пайдасын, ерекшелігін айтып, білімдерін арттыру, табиғаттың қадір-қасиетін біліп тәрбиелеу;

б) дамытушылық: сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, карточкалар, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, мәнерлеп оқу, суретпен жұмыс, интерактив әдісі, жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, компьютер.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, топтық.

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, георгафия

Жаңа технологияны қолдану: сын тұрғысынан ойлау мен жазу стратегиялары

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу

2) Оқушыларды түгелдеу

3) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Сабақтың мақсатын айту.

  • бүгін сабақта: үй жұмысын тексереміз;

  • таза ауа туралы әңгімелейміз;

  • жаңа сөздермен танысамыз;

  • мәтінді оқимыз, аударамыз.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру: жұмбақтар мен тақпақтарды мәнерлеп оқу.

j0187903SNOWFLK3-11ветерNG_243-10


Ұшан – теңіз қалың қар


Жерді басып жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

(Қар)

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ:

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

(Қар)

Ақ сиыр тұрып кетер,

Қара сиыр жатып қалар.

(Қардың кетуі)

Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады.

(Жел)

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

(Күн)

Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады

Әсем ою ояды.

(Қырау)

Тақпақтарды мәнерлеп оқу. «Табиғат».


Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:

сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан,

сен - көлсің,

сен - ормансың,

сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

(М.Әлімбаев)

Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті!» – деп сөге алмас...

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы.



Жаңа сабақты өту.

Сөздікпен жұмыс: жаңа сөздермен ауызша сөйлем құрастыру, сөз тіркестер құру.

қазына-сокровище


шөп-трава

топырақ-почва

жер-земля

үсті-поверхность

орман-лес

орман іші-внутри леса

ауа-воздух

хош иісі-приятный запах

қылқан жапырақты орман -широколиственные леса


Мәтінмен жұмыс: мәнерлеп оқу, аудару

Алтай ормандары

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай бай ғой. Орманның өзі бір байлық емес пе жатқан?

...Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ шөптің, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды жарады...

(Ә. Нұршайықов)

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

  1. Алтай жері қандай?

  2. Орманның ауасы қандай?

Грамматикалық тапсырма: 1-тапсырма. Мәтіннен асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

Шөптің, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің.

Карточкамен жұмыс:

1-карточка: Жақшадағы сын есімдерді аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Қоршаған ортаның ауасы (чистый).

2.Таулы жердің бұлақ суы (прекрасный).

3. Ағаш басындағы құстардың ұясы (большой).

4. Табиғат аясындағы демалыс (интересный).

5. Табиғаттың берер байлығы (много)

2 карточка: Орман сөзін септеңдер.

Танымдық сәт. Сен білесің бе? Қызықты мәлімет. Познавательная минутка. А знаешь ли ты?

Ең үлкен орман қайда екенін білесіңдер ме? Біздің Жер шарымыздағы ең үлкен және қалың орман солтүстік жарты шарда, яғни Солтүстік Тундрада орналасқан. Ол Еуропа мен Азияға дейін созылып жатыр. Ол тайга деп аталады. Тайга-қылқан жапырақты ағаштар өсетін орман түрі.

Тайгада қоңыр аю мен қасқырлар тіршілік етеді.

Тундрада қыста қатты суық болады. Осы кезде солтүстік бұғылары тайганы паналайды.

Сұрақ-жауап:

  1. Ең үлкен орман қайда орналасқан?

  2. Ол қалай аталады?

  3. Тайгада қандай аңдар мекендейді?

  4. Сотүстік бұғылар тайганы қашан паналайды?

  5. Тайга орманының қандай түріне жатады?

Сен білесің бе? Қызықты хабарлама.

Тайгада қоңыр аю мен қасқырлар тіршілік етеді.

Тундрада қыста қатты суық болады.

Осы кезде солтүстік бұғылары тайганы паналайды.

Изображение 006Изображение 007Изображение 011

Карточкаларды тексеру.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясы. Бес жол өлең стратегиясы.

1. Орман.

2. Әдемі, жасыл

3. Қорғаймыз, күтеміз, аялаймыз.

4. Орман-оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі.

5. Табиғат

2-тапсырма. Тірек сызбаны толықтырыңдар.

Орман түрлері











Қылқан жапырақты

Аралас жапырақты

Ұсақ жапырақты



емен, үйеңкі, тобылғы, жабайы жеміс ағаштары, т.б.

мәңгі жасыл өсімдіктер: шырша



қайың, көктерек, т.б.








Оқушының қосымша мәліметі: «Қазақстан ормандары».

Қазақстан жерінде орманның үш түрі бар. Олар: жапырақты, қылқан жапырақты және аралас жапырақты ормандар.

Ұсақ жапырақты ормандар. Ұсақ жапырақты ормандарда қайың мен көктерек өседі. Жапырақтарын тастайтын ағаштар күзде жапырақтарын түсіреді. Осы арқылы ағаштар көктемге дейін өн бойына суын сақтап, қоршаған ортаға бейімделеді.

Қылқан жапырақты ормандар. Қылқан жапырақтылар қатал климатта өседі. Олар осындай қатал қлиматқа өздерінің қылқандарының арқсында бейімделген. Ине тәрізді қылқандар суды аз мөлшерде ғана буландырады. Сөйтіп ағаш қатал қыста өз бойында жеткілікті мөлшерде суды сақтап тұрады. Қылқан жапырақтар-мәңгі жасыл өсімдіктер.

Аралас жапырақты ормандар. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада қылқан жапырақ ормандармен қатар жапырақтарын тастайтын ағаштары бар ормандар да кездеседі. Мұнда жапырақтарын тастайтын емен, үйеңкі және шамшат өседі. Қазақстанның орманды аймақтарында жапырақты ормандар кездеседі.

Тіл бөлімі: Сын есім

Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай? қай?


түрі

ереже

мысал


Тұлғасына қарай


Негізгі

сын есім

Түбір сын есім.

сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең.

Туынды

сын есім

Жұрнақ арқылы жасалған сын есім.

көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз.

Құрамына қарай

Дара

сын есім

Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

ақ, бойшаң,

жасыл, баласыз.

Күрделі сын есім

Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза


Оқушының қысқаша мәліметі:

Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалар ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Мысалы, күкіртті сутек, күкірткөміртек, қорғасын, сынап, т.б. Мұның бәрі-өнеркәсіп өдірістерінің қалдықтары мен автокөліктердің пайдаланылған газы. Бұл-келешекте зор апатқа әкелуі мүмкін.

Табиғат-тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды ғана білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

Табиғаты сақталған халық ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарға қалдыратын мұрасы бар.

Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Олар ормандарын күтеді. Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске пайдаланбайды екен. Орман-оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі. Ол-атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен. Ал өзі сонша мөлшерде көмірқышқыл газын жұтады. Академик К.А.Темирязев: «Өсімдік жақсы өссе-адам да жақсы өмір сүреді». Қалай дәл айтылған сөз!

Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру. Экологиясы төмен аймақтар көбейіп барады.

Табиғатқа келтірген зиян-өзімізге жасаған қастандығымыз. Табиғатымызды аялайық!

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

  1. Ауа қалай ластанады?

  2. Табиғи ластану деген не?

  3. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде ауа қалай ластанады?

  4. Үлкен қалалар ауасында қандай улы заттар кездеседі?

  5. Барлық адамзат алдына қойылып отырған қандай міндет?

Түсініктеме:

күкіртті сутек-сероводород

күкірткөміртек- сероуглерод

қорғасын- свинец

сынап- ртуть

көмірқышқыл газ-углекислый газ

Оқушының қосымша мәліметі:

Адамға табиғат берген байлықтың бірі-атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды. Ауа табиғи және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шанды даулдан, орман өрттерінен болады.

Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оған өндіріс, транспорт және тұрмыс қалдықтары жатады.

Ауаның көбірек ластанатыны-төменгі қабаты. Өйткені оған өндіріс орындарының жаңа шаң-тозандары қосылып отырады. Сондықтан да атмосфералық ауаны ластамау таза үстау-бүгінде барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндет.

3-тапсырма. Кестемен жұмыс. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.



1. Экология жер бетіндегі халықтың ең үлкен мәселесіне айналды.

2. Біздің қоршаған орта тап-таза.

3. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар бар.

4. Табиғат-тірі дүние.

5. Біз табиғатқа қамқорлық жасап тұрамыз.

6. Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мін бермейді.

7. Орман-ауаны тазартпайды.

8. Экологиясы төмен аймақтарымыз көп емес.

Дұрыс

Бұрыс

Тәрбиелік сәті.

«Бір күннің бұзғанын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін».

Р. Роллан

Оқушының қысқаша мәліметі.

Түсініктеме: Экология терминің ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866) деген ғалым болған.

Ойкос-үй, тұрақ, мекен дегенді, ал логос сөзі-ғылым дегенді білдіреді. Экология-тірі организмедердің бір-бірімен қарым-қатынасына айнала қоршаған ортасымен, мекенімен байланыстыра отырып зерттетін ғылым.

Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам жанының экологиялық тазалығы сақталуы керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігі жайлы ұмытпаған дұрыс.

Оқушылардың қысқаша мәліметі.

1-оқушы:

Лес-это не просто лесная растительность на почве.

Лес-источник строительных материалов.

Лес - ничем не заменимая экологическая система планеты.

А дерево - удивительная химическая фабрика, созданная природой. Леса проводят и отражают солнечное тепло. Леса подымают урожайность полей, дают приют диким животным.

Лес пока продолжает служить человеку свою верную службу. Однако люди давно заметили, что леса на Земле быстро исчезают. Ученые всего мира приходят к общему выводу, что уничтожение лесов опасно.

2-оқушы:

Лес-надежный друг и помощник человека. Он служит землевладельцам, помогая сохранить влагу в почве, увеличивает плодородие полей, смягчает климат, украшает жизнь человека. Люди по-разному относятся к лесу. Одни видят в нем топливо, другие-строительный материал, третьи-источник питания. Но не все, к сожалению видят и чувствуют его красоту, берегут его богатства.

Лес - не любит шума. Сюда человек приходит отдохнуть, подышать чистым воздухом, набраться сил и здоровья. Между тем многие отдыхающие придя в лес громко поют, кричат.

3-оқушы:

Лес любит чистоту. Несмотря на постоянные предупреждения, люди иногда ломают деревья, кусты, оставляют банки, бутылки, бумагу. Всем надо помнить: в случае небрежного отношения к лесу высыхают деревья, исчезают ценные травы и цветы, из леса улетают птицы, уходят звери.

4-оқушы:

Лесоводы много делают для умножения лесных богатств. Они стараются создавать такие леса, которые не уступали бы естественным. Всем известен призыв: «Срубил дерево-посади два!». Лес должен расти и давать радость не только нам, но и будущим поколениям людей.

Сабақты бекіту:

Сұрақ – жауап:

  1. Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  2. Табиғат деген не?

Табиғат. Бұл-орман, дала, теңіз, өзен, жұлдыз. Күн, жел, жабайы өсетін гүлдер, аралар. Табиғатта көптеген таңғажайып тірі жәндіктер, гүлдей әдемі көбелектер, қорқынышты қасқырлар және көзге көрінбейтін микробтар бар. Табиғаттан көптеген тамаша құбылыстарды: аққан жұлдыздарды, қымбат тастарды, жарқылдаған найзағайды, кемпірқосақты көруге болады.

Үй жұмысы: «Табиғат», «Орман» тақырыптырға шағын шығарма жазып келу, жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау.


Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала ДВ-444212
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх