Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыОткрытый урок по казахскому языку в 5 классе

Открытый урок по казахскому языку в 5 классе

Скачать материал

  Сабақтың тақырыбы:

                «Жер – Ана жыламасын».

Сабақтың білімділік мақсаты:    Жер, табиғат туралы тың мәліметтер беріп,

                                                            «Семей - Невада»  қоғамдық қозғалысының

                                                            адамзатқа тигізген пайдасы туралы мәліметтерді

                                                            толықтыру. Дүние танымы  мен  ой өрісін кеңейту.

                                                            Оқушыларды мәтінмен өз бетінше жұмыс жасауға,

                                                            сұрақ қойып, монолог түрінде әңгімелеуге жаттықтыру.                                              

тәрбиелік:  Оқушылардың адамгершілік  қасиеттерін, өмірге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін  оятып, табиғатты қорғап, сақтауға тәрбиелеу. Елінің тағдырына  жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

дамытушылық: Кластер схемасымен жұмыс жасату, сұрақтар және тапсырмалар

                              беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем талдауға

                              дағдыландыру,ауызекі сөйлеулерін дамыту.

Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет, кітаптар, схемалар, карточкалар.

Сабақтың түрі:    Қайталау  сабағы.

Әдістері: Сұрақ- жауап, диалог, топ жұмысы.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

Барлық адам жер бетінде өмір сүру үшін түрлі қолайлы жағдай жасап, техникалық озықтыққа жетіп, тұрған жеріне, табиғатқа көп зиян келтіруде. Әрине, даму және озықтыққа жету адамзатқа қажет, бірақ болашақты ойлау, әр істеген ісіңе жауапкершілікпен қарау – бұл парыз.

Сондықтан мен мынадай сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.

Адамға дем алу үшін не керек?    i?id=82308947&tov=0  Таза ауа керек.

      Жылыну үшін не керек?                Картинки с огнем  Күн, от керек.

      Шөлді қандыру үшін не керек?    i?id=53824572&tov=3  Су керек.

        Өмір сүру үшін не керек?            Планета Земля (вид из Космоса)  Жер керек.

Адамның табиғатсыз күні бар ма? Дұрыс, адамның табиғатсыз күні жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі, табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігін  ұмытпауымыз дұрыс.

Қоршаған ортаға, табиғатқа зиян келтіретін не? Қалай ойлайсыңдар?

Дұрыс. Завод, фабрика, машиналардың түтіні, кәсіп орындар, түрлі өндіріс орындары, шылым шегу.

Экологияға зиян келтіретін өндіріс, кәсіпорындар біздің елімізде бар ма? Иә,бар.

 Қарашығанақ, Капустин Яр, Арал теңізінің жағдайы, Семей полигоны  т.б.

http://im2-tub.mail.ru/i?id=45509245&tov=2  http://im3-tub.mail.ru/i?id=72801989&tov=3  http://im8-tub.mail.ru/i?id=39307632&tov=8  http://im2-tub.mail.ru/i?id=97154051&tov=2  

 

 II.   Ендеше, балалар, осы тақырып аясында әңгімемізді жалғастыра отырып «Жер – Ана жыламасын»  деген қайталау сабағымыздың тақырыбын жазып алайық.

Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелерін қайталау.

Жеріміз, табиғатымыз, өзіміздің тіршілігіміз туралы айтуымыз міндет, себебі бүгінгі күнді ойламасақ, болашақ ұрпаққа не қалдырамыз деген сұрақ туады.

Бүгінде жерімізге төніп тұрған үлкен қауіптің бірі – ядролық жарылыстар.

Ядролық жарылыстар табиғатқа, адамның денсаулығына көп зиян келтіреді.

 

    http://www.gazetanv.ru/images/uploaded/01/YAderniiy_vzriv_v_Londone.jpg   http://kursakov.narod.ru/atom.jpg

Біздің Қазақстанда ядролық полигондардың ең үлкені – Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда 456 жарылыс өткізілді. Ең бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған.Жер бетінде  тағы қандай қалаларда ядролық бомба жарылды?

 

Дұрыс, Хиросима, Нагасаки. i?id=15567709&tov=0 gs2  i?id=147907944&tov=0

Бұл қалалар  жермен тегістеліп қалды.

Осы жарылыстардан зардап шеккендер 60-тан астам жыл өтсе де, қорлық көруде. Зияны ұрпақтарына тиіп, түрлі ауруға шалдығып, зардап шегуде.

 

i?id=19580764&tov=2 i?id=34298187&tov=8  http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Victim_of_Atomic_Bomb_001.jpg/180px-Victim_of_Atomic_Bomb_001.jpg http://www.poligon.kz/gfx/f34a.jpg

 

Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз.

Біздің Батыс Қазақстан облысында радиация жоғары. Қалай ойлайсыңдар, неліктен? Капустин Яр полигоны зардабынан.

Дұрыс, Капустин Яр полигонына  60 жыл бойы біздің облысымыздың жерлері жалға беріліп, полигонда сынақтар өткізілуде.

 

Капустин Яр полигоны- оқушының үй тапсырмасы:

       Қазақстан жерінде радиация өте жоғары. 1950 жылдардан бастап Капустин Яр және Азгир полигондарында 11 жер үсті, 17 жер асты ядролық жарылыс өткізілді. Бұл жарылыстардың күшін қосып есептегенде,  Хиросимаға 65 атом бомбасын тастағанмен бірдей болады.

       Сонымен қатар 24 мың ракета, 177 әскери техника сынақтан өткізіліп, РСД-10 ракеталары жойылды. Ауаға мыңдаған тонна зиянды улы заттар көтерілді.

        Жанақала, Бөкейорда аудандарының 1,5 мың гектар жері Капустин Яр полигонында жалда. Бүгінгі күнге дейін сынақтар өткізілуде. Көптеген адамдар түрлі ауруға шалдығып,зардабын шегуде.

        Сонымен, балалар, барлық елдер, халықтар осы ядролық жарылыстардан зардап шекті. Сондықтан олар қаруға қарсы шерулер ұйымдастыруда.

 

III.  Қалай ойлайсыздар, қазір біздің Тәуелсіз  Қазақстан  қандай мемлекет? Ядролық қарусыз мемлекет.

Ядролық жарылыстарға қарсы қоғамдық қозғалыстар басқарып, күрескен адамдарды білесіңдер ме?

Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов қандай қоғамдық қозғалысты басқарды?

«Семей - Невада» қоғамдық қозғалысын басқарды.

Олжас Сүлейменов туралы мәлімет, оқушының үй тапсырмасы.

http://www.kz.kp.ru/readyimages/111980.jpg                                                      Олжас  Омарұлы  Сүлейменов- 1936 жылы дүниеге 

                                    келген.             

                              Сүлейменов – ақын, қоғам қайраткері. 1959 жылы Қазақ  мем

                        лекеттік   университетін бітіреді. 1955 жылдан бастап әдебиетпен 

                        айналысады. 1961  жылы Мәскеуде  М. Горький атындағы Әдеби

                        институтын бітіреді. 1960 жылдары көптеген өлеңдері жарық

                        көреді. «Арғымақ», «Парижанка түні», «Күн шығысы» өлеңдері 

                        бар. Көптеген жылдары «Слово о полку Игореве»  шығармасын

                        зерттеп, 1975 жылы «АЗиЯ» кітабы басылып шығады.  Олжас

                                   Сулейменов 1981жылы  қазақ кинематографиясының төрағасы, 1983 жылы  жазушылар Одағының бірінші хатшысы, «Семей – Невада  » қоғамдық қозғалысының көшбасшысы болып жұмыс атқарады.  Олжас Сулейменов – халық тағдыры үшін күресіп жүрген адам.

        Өткен сабақта біз сіздермен «Жер – Ана жыламасын» мәтінін талдадық, мәтінді бүгін мазмұндап беруіңіз керек. Осы мәтін бойынша Семей полигоны туралы не айта аламыз?  «Жер -  Ана жыламасын» әңгімелеу.

http://www.akorda.kz/www/www_akorda_kz.nsf/266F1AFE4881B337062575D9006FD8B7/$FILE/small-02.jpg        Жарайсыңдар, балалар. Халық басынан өткерген қасіретін ешуақытта ұмытпайды.

Осы Семей полигонынан зардап шегіп,

құрбан болған адамдарға ескерткіш қойылған.

 

 

 

 

 

 

V. Енді, балалар, барлық  алған мәліметтерді бекітіп, сөйлем талдау жұмысын жүргізейік, сонымен бірге сабағымыздың эпиграфы, нақыл сөзі ««Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» дегенді  жазып алайық.

      Айтыңызшы,

Сөйлем мүшелері нешеу?

Неше түрге бөлінеді?

Пысықтауыш деген не?

Анықтауыш деген не?

Толықтауыш деген не?

Топтық жұмыс.

      1 тапсырма:Асты сызылған сөйлемдерді талдау

           І – топ:  Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет.

             Кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған.

             Соның ең үлкені –  Семей сынақ полигоны.

             Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29 –ы  күні жарылған.

             1989 жылы ақпанда ядролық қаруға қарсы “Семей - Невада” қоғамдық қозғалысы басталды.

            Семей – Невада  қоғамдық қозғалысын ақын, қоғам қайраткері Олжас Сулейменов басқарды.

          ІІ – топ:  Ядролық жарылыстар 1989 жылы тоқтатылды. 1991 жылы Семей полигоны жабылды.

            Табиғатты , жерімізді сақтау – біздің  міндетіміз.

2        Тапсырма: Сөйлемдердегі баяндауыштың орнын толықтыру.

*      Адам баласы табиғатты     D

*      Біз бұлақтардың көзін        D

*      Су мол болса, астық та       D

*      Көк шөпті таптауға             D

*      Су бар жерде -                     D

*      Күн жер бетін                     D                                

 Қажет сөздер: мол болады, қорғауы тиіс, тіршілік бар,

                                 болмайды,аштық, қыздырады.

      3 тапсырма:Өтілген сабақ бойынша топтар бір – біріне   сұрақтар қояды.

       VI. Сөйлем талдадық, ережені қайталадық,енді ереже бойынша  білімдерімізді тексерейік.

3        тапсырма: Тест сұрақтарына жауап (5 сұрақтан)

І топ:

1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

А) есім сөздер  В) бастауыш, баяндауыш С) толықтауыш, пысықтауыш Д) одағай

2. Дара анықтауышты табыңыз.

А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.

В) Дала жып – жылы болып тұр.

С) Ол тонынан мылтықты суырып алды.

Д) Сыныбымыз кең.

3. Қашан? Қайда? – қай сөйлем мүшесінің сұрағы.

А) пысықтауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) баяндауыш

4. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Шәкірттер өсіп қанат қақты.

В) Ауыл кешке өзгеше жанғандай.

С) Ер жолдасы – тәуекел.

Д) Ол оқуға құмар.

5. Күрделі бастауышты табыңыз.

А) Ерінбеген етікші болады.

В) Мейрам шахтаға кетті.

С) Күле беру ыңғайсыз.

ІІ – топ:

1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табыңыз.

А) көмекші сөздер  В) бастауыш С) толықтауыш, пысықтауыш Д) одағай

2. Анықтауышты табыңыз.

Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.

А) бүгін В) аспанда С) алақандай Д) бұлт

3. Кім? Не? – қай сөйлем мүшесінің сұрағы.

 А) пысықтауыш В) толықтауыш С) бастауышД) баяндауыш

4. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Екіншісі – тау жолы.

В) Екі ауылдың арасы – он шақырым.

С) Екі түрлі жағдай керек: біреуі – су.

Д) Үшеуміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік.

5. Күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Аспанды бұлт торлады.

В) Оқу инемен құдық қазғандай.

С) Жел кешке қарай саябырсыды.

Д) Сенің айтқаның болсын.

 

VII.  Сабақты қорыту.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ»

Жерімізді, табиғатты сақтау үшін не керек?

  1. Табиғатты қорғау керек.
  2. Бұлақ көзін ашу керек.
  3. Ағаштар отырғызу керек.
  4. Кәсіпорындарға тазартқыштар қою керек.
  5. Ормандарды сақтау керек.
  6. Табиғатты аялау, қорғау керек.

 

VIIІ. Біздің халқымыздың көптеген салт- дәстүрлері бар. Соның бірі тас салып қорған жасау. Жаны ашыған халық Семей полигонынан зардап шеккен адамдарға тастан қорған жасаған. Бізде бүгін біліміміздің көмегімен қорған жасайық.

Тасқа сұрақтар жазулы, сол сұрақтарға жауап беру.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Ең үлкен полигон қалай аталады?
  3. Семей полигонында бірінші бомба қашан жарылған?
  4. Семей полигонында қанша жарылыс өткізілді?
  5. Семей полигоны қашан жабылды?
  6. «Семей- Невада»  қоғамдық қозғалысын кім басқарды?
  7. Батыс Қазақстанда қандай полигон бар?
  8. Капустин Яр полигоны қандай аудандар жерінде орналасқан?
  9. 1945 жылы қандай қалаларда ядролық бомба жарылды?
  10. Тұрлаулы мүшелерді ата?
  11. Тұрлаусыз мүшелер нешеу?
  12. Кімнің? Ненің? сұрақтарына жауап беретін қай сөйлем мүшесі?
  13. Пысықтауыш түрлерін ата?
  14. Баяндауыш деген не?
  15. Кімнен? Неден? деген сұрақтарға қай сөйлем мүшесі жауап береді?

 

IX.   Бағалау.

X. Үйге тапсырма:  Табиғатты қалай қорғаймыз. Өз ойыңды жазып кел.

 

            Біздің табиғат сондай тамаша! Ал туған жер табиғаты ерекше ыстық! Қолда барын сақтай білейік!

«Атамекен» слайд арқылы тамашалау.

           

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

              

 

                                   Пайдаланған әдебиеттер

 

1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау»

.-Алматы, 2004.

2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.

3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004.

4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991

5. Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған  «Мәдени мұра»

мемлекеттік бағдарламасы.  Астана, 2003.

6.Сыдықов М.Е Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік

құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Автореферат,  2008.

7.      Сәкен Ғұмаровтың 70  жылдығына арналған жадығаттар, 2007.

8. «Абай елі» Альбом- Шежіре, Өнер Алматы,1994

9.Ж. Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған жинақ, 2002

10.Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» дастаны.

11. «Сырым батыр» дастаны,

12. Сырым Датұлының шешендік сөздері.

13. Сырым Датұлы мұражайының жадығаттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по казахскому языку в 5 классе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 1427
    • DOCX 410.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саменова Маргарита Кайыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саменова Маргарита Кайыковна
    Саменова Маргарита Кайыковна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6646
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 239 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе