Титов
атындағы №20 мектеп-гимназия
САЙЫС
САБАҚ
«Полиглот»
Дайындаған:
Сахова А.Б.
Ахметова
Ұ.М.
6
А,В сыныптары
2015-2016
Сабақтың тақырыбы:
Полиглот
Сабақтың мақсаты:
•
Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын
арттыру, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
•
Дүниетанымын, елестету, қиялдау
қабілеттерін, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
•
Азаматтыққа, ұйымшылдыққа, өз пікірін
еркін айтуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: сайыс
сабақ
Сабақ көрнекілігі:
презентация, шарлар, кеспе қағаздар, суреттер
Сабақ әдісі:
сұрақ-жауап, ой шақыру, мазмұндау.
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, география, тарих
Сабақ
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі: әнұранды орындау, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, түрлі-түсті
стикерлер негізінде 3 топқа бөлу.
Мұғалім: Балалар,
мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатқаны сіздерге белгілі. Апталық
аясында өткелі отырған біздің «Полиглот» атты бүгінгі ашық сайыс сабағымызды
бастайық. Полиглот (грек,polyglottosкөп тілдік) — көп тіл білетін адам
деген мағынаны береді, сондықтан да бүгінгі сабағымызда сіздердің қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін қалай білетіндіктеріңді көреміз. Сайысымыз бірнеше
айналымнан тұрады.
1-айналым
«Бәйге» деп аталады. Шарты бойынша сіздерге
сөздер берілген, сол сөздер қай сөз табына жататындығын анықтап, ағылшын тіліне
аудару керек.
2-айналым
«Дода». Оқушылар сан мен тілді таңдайды,
астында ұпай санының аз-көптігіне байланысты қиын-оңай сұрақтар берілген.
•
10. What
is the best river in Great Britain? The Thames)
•
20. How
many states are there in the USA? (50 states)
•
30. Where is the
Statue of Liberty situated? (New York)
•
40. What holiday do
people of Great Britain celebrate on the 25th of December?
(Christmas Day)
•
10.
Қазақ ұлы ақыны,ойшысы, философы кім? (Абай Кунанбаев)
•
20.
Қазақстанда Тілдер мерекесі қашан
өткізіледі (22-қыркүйек)
•
30. Қазақстанда 30 тамызда қандай мейрам
өткізеледі? (Конституциясы күні)
•
40. Баланың дүниеге келуіне байланысты
салт-дәстүрлерді ата (шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндет той)
•
10. Солица России (Москва)
•
20. Автор басни «Мартышка и очки»
(И.Крылов)
•
30. Годы жизни А.С.Пушкина (1799-1837)
•
40.
Самая высокая гора в России - Эльбрус
3-айналым
«Жорға».
1-кезең. Мақал-мәтелдер
қазақ тілінде берілген, асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, орыс және ағылшын
тілдеріне аудару керек.
- Ел
iшi
– алтын бесік.
- Отанды
сүю — отбасынан басталады
- Жылқы
құлынынан өнеді, ақша тиыннан өнеді
- Тышқанның
тәнірі — мысық.
- Ағаны
көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер
- Арыстан
болсаң жау үшін, түлкідей болсын әдісін
2-кезең. Жұмбақтың
жауабын тауып, аудар, жауабындағы сөздің қазақша баламасын септе
- Вспушит
она свои бока,
Свои четыре уголка,
И тебя, как ночь настанет,
Все равно к себе притянет.
- Мы
день не спим,
Мы ночь не спим,
И день и ночь
Стучим, стучим.
- Если
б не было его,
Не сказал бы ничего.
3-кезең. Ағылшын
тіліндегі жаңылтпаштарды тез оқып айт
Сабақты қорыту: 3
топқа 3 елдің астанасы беріледі, солар бойынша постер жасап, қорғайды:
«Астана», «Москва», «Лондон»
Оқушыларды
бағалау: жинаған ұпай сандары негізінде жеңімпаз топты анықтау.
Рефлексия: сабақ
басталғанда таратылған стикерлерге өз ұсыныстары мен пікірлерін жазу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.