Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Открытый урок по казахской литературе на тему "Анам тілі", "Домбыра" өлеңдері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по казахской литературе на тему "Анам тілі", "Домбыра" өлеңдері

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері

Сабақтың мақсаты. І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту
Міндеттері.
1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып, шығарманың идеясына көз жеткізу
2. Әдебиет теориясынан түсінік беру
3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал ету

Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық, талдау, өз пікірін айту, мәнерлеп оқу, бағалау парағы
Сабақтың көрнекілігі. Интербелсенді тақта, ақын - жазушылардың портреттері, оқулық, бағалау парағы, қатты қағаз, маркер, стикерлер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу (тренинг)
2. Оқушыларды түгендеу
3. Бағалау парақшасын тарату

ІІ. Қайталау – оқу анасы
Үш топқа қағаз, маркер үлестіріліп беріледі.
«Топтастыру» әдісімен:
І топ. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
ІІ топ. Б. Майлиннің «Түйебай» әңгімесінің
кейіпкерлер бейнесіне талдау

ІІІ топ. Бұрынғы оқу мен қазіргі оқуды салыстыру.
Әр топ өз басшысын тағайындап, қорғайды.

І. Қызығушылықты ояту
«Мен өзім тауда туып, тасында өстім»
Ескіше хат танитын, аңыз - ертегілерді, батырлық жырларды, шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі ашық, домбырашы, ұста әкесі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі беріп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт - береке дарыған, ежелден батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс жас күнінен бастап ін мен жырды, өлең мен күйдің небір асыл нұсқаларын көкірегіне түйіп өседі.
Жас кезінде өлкенің тамаша табиғаты, ауыл көріністері оны ерекше толқытып, өлеңдер жаза бастайды. Абай поэзиясы жас ақынға ықпал етеді. Алғашқы өлеңдерінен – ақ ақынның қарымды стиль ерекшелігі байқала бастайды.
Сөйтіп жүріп кең арналы, терең мағыналы өлеңдерімен елге танылады. Орыс жазушысы М. Горькиймен шығармашылық байланысы, М. Әуезовпен, Сәкен Сейфуллинмен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырады. Көзі тірісінде ақындықтың құлагері атанған Ілияс репрессияға ұшырап 1938 жылы опат болады.

II «Анам тілі» өлеңі
- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?
(Оқушы ойын тыңдау )
«Анам тілі» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу
Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Тіл туралы мақал - мәтелдер айтқызу.

III Ақынның келесі өлеңі «Домбыра» деп аталады.
Домбыра қандай аспап? ( Оқушылар пікірін біле кету )
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т. б.
Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.
«Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнын ұғындыру.
Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?
1. Домбыра үні
2. Әуез
3. Қарқын
4. Күй суреті
Осы жоспар бойынша талдау

IV Интерактивті тақтаға назар аударту. Әдеби теориялық ұғымдар.
Градация туралы оқу, дәптерге жазу. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)
Градация, дамыту - алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.



Г р а д а ц и я:
1. Түйдектету 2. Баяулату
«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.
(Оқушыларға тапқызып, талдату)
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда?
(Түйдектеу бағытында жазылған)
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай
Өлді арыстан
Ат шапқандай
Жер қайысқан.
(Баяулату сарынымен жазылған )
Теңеу, эпитетті тапқызу
Теңеу: тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай,
жарыстай, дауыстай, барыстай.
Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.

Сергіту сәті:
Оқушылар ана тілі, домбыра жайлы ойтолғау жазады
.

Адильханова Жанеркенің орындауында би

Сабақты қорыту
«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер»
Тұрсынбек Кәкішов

Сабақты бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»
(Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі. Өздеріне ұнаған екі нәрсені және бір тілек жазып тақтаға іледі.)

Үйге тапсырма
1. І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу
2. «Анам тілі» өлеңіне балама жазу
3. «Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы» ( ойтолғау) жазып келу
Бағалау парақшаларын жинап алып, оқушыларды бағалау



8 ОМ МДШО















тақырыбы: І.Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері

(ашық сабақ)









Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Бектасова А.А.















2015-2016 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров130
Номер материала ДВ-499848
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх