Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахской литературе на тему " Ж. Аймауытовтың "Мансапқорлар» пьесасы""

Открытый урок по казахской литературе на тему " Ж. Аймауытовтың "Мансапқорлар» пьесасы""


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifАШЫҚ САБАҚ

Пән: Қазақ әдебиеті

Топ: 4-ҚТӘ



Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлар» пьесасы.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды беру сабағы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттердің теориялық білімдерін талдау жұмыстары барысында айқындау, шығарманың композициясына талдау жасау

ә) дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өздігінен жұмыс істеуге, өз пікірін басқаларға жеткізе алуға төселдіру;

б) тәрбиелік: кейіпкерлер бейнесі арқылы зұлымдықты, аярлықты әшкерелеу.

Міндеттер:

берілген материалдар негізінде студенттер жан-жақты білім алуға төселеді;

студенттер жинақтау, талдау тәсілдеріне машықтанады;

өздерін-өздері тануға, пікірлерін айта білуге дағдыланады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әлементтері («Ой шақыру», «Концептуалдық кесте»).

Көрнекіліктер: концептуалдық кесте.



Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.



Студенттерді ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.



Жебір болыс

1919ж. Семейде 3 перделі пьеса

қойылған

Мансапқорлар

«Мансапқорлар» деген атпен 1925 ж. Мәскеуде басылған



II. Мағынаны тану.



А) Композициялық құрылысына қарай талдау. Үлгі:

Шығарманың басталуы: Мүслімнің монологы /көрініс/.

Шығарманың байланысы: Мүслім мен Күләнданың диалогы /көрініс/.

Шығарманың дамуы:

  1. Мүслімнің Әубәкір шабарман арқылы өзіне жақтас адамдарды жинауы;

  2. Болыс пен Сүлеймен молданың диалогы;

  3. Қасқырбай болыстың елден алым-салық жинатуы;

  4. Мүслімнің Күләнданы азғыруы.

Шарықтау шегі: Күләнданың болысқа у беруі.

Шешімі: Болыстың өлімі, Мүслімнің болыс болуы.



Ә) Кейіпкерлердің бейнесін ашу /Мүслім, Қасқырбай, Күләнда, Сүлеймен, Әубәкір/.



Үлгі:







Оқыған жігіт

Әккі

Жалған сөз бергіш Мүслім Ақылды

Адамдармен өтірік көлгірсуі

Зұлым, зымиян

Б) Студенттерге шығарманың тақырыбы мен идеясын аштыру.



Тақырып: Билік, мансап мәселесі.

Идеясы: Жеке адам мансапқорлығының қоғамдық зұлымдыққа ұласуын көрсету. Халықтың қараңғылығын пайдалана отырып өзінің жеке мансабы үшін адамгершілік пен ар-ұятты аяққа таптаған алаяқтарды аяусыз әшкерелеу.

III Қорытындылау (концептуалдық кесте).



Ж. Аймауытов шығармасының ерекшелігі

Шығармасы арқылы бізге қандай тәрбие береді?

Ойы өзекті.

Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.

Монолог арқылы кейіпкерлерінің ішкі сезімін, психологиясын шебер аша білген.

Зұлымдықтан, аярлықтан бойларын аулақ ұстау.

Мансап, билік үшін адамдық қасиетті жоғалтпау.

Елдің, халықтың қамын ойлау.

Үйге тапсырма: «Биліктің бір ғана артықшылығы бар – көп адамға жақсылық жасауға мүмкіндік бар» дегенді қалай түсінесің? /Шағын шығарма жазып келу/.

Бағалау.












Автор
Дата добавления 11.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров274
Номер материала ДВ-249897
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх