Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахсскому языку не тему: "Сөз және оның құрамы. Жаттығу жұмыстары"

Открытый урок по казахсскому языку не тему: "Сөз және оның құрамы. Жаттығу жұмыстары"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4d508ccd.gifhello_html_7c045f39.gifhello_html_594afebf.gifhello_html_2995ec9d.gifКүні: 15.01.2015жыл

Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы. Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қайталай отырып сабақты бекіту. Түбір сөзден қосымшаны ажырата отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, тілін дамыту. есте сақтау , түбір мен қосымшаны айыра білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс оқып,сауатты , көркем жаза білуге, еркін сөйлеуге тәрбиелеу. Әр түрлі тапсырмалар мен ойын жаттығулары арқылы оқушылардың құзыреттілігін, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды мәдениетті қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың типі: алған білімдерін нығайта түсу

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, жылжымалы тақта, сызба.

Сабақтың әдісі: оқушының білім сапасын арттыру мақсатында әр түрлі тапсырмалар орындату, топпен, жұппен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққ аудару.

Ә) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру кезеңі:

а) Ой қозғау: ертегі тыңдау арқылы Сөз құрамын қайталаймыз.

- Ерте, ерте, ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымша деген баласы болыпты. Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты. Олардың біреуі – Жұрнақ, ал екіншісінің аты – Жалғау екен. Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса, Жұрнақ болса, жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен.

- Балалар, осы ертегіден түсінгеніміз бойынша «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша ережелерді ауызша қайталап өтейік .

- Түбiр сөз дегенiмiз не?

-Қосымша дегеніміз не?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегеніміз не?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 117 – бет, 10 – жаттығу.

hello_html_m4bd0390e.png

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: оқушыларды сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру.


Ү. Жаңа сабақ:

11 – жаттығу: Сөздердің түбірін бөліп алып, оларға басқа қосымшаны қосу арқылы жаңа сөз жаса.

дәріні жұмыспен өнерім

оқуға кітаптан бүркіті

  • Жаңа сөздерді қатыстыру арқылы екі – үш сөйлем құрастырып жаз.


12 – жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз:

  1. Еңбек... нан... тәтті, жалқау... жан... тәтті.

  2. Ер... ат... еңбек шығарады.

  3. Жер... бай... – ел... бай.

  4. Шеге таға... сақтайды, таға тұлпар... сақтайды.


13 – жаттығу: Өлеңді оқы.

Өз Астанам – өз Ордам

Жасыл желек оранған Заман жаңа, ел жаңа,

Әрбір көшең – көк орман. Күлімдейді кең дала.

Сенде түлеп, сенде өскен. Өз Астанам – өз Ордам,

Жас ұрпақта жоқ арман. Сүйенерім сен ғана!

( Несіпбек Айтов )

  • Өлеңдегі түбір күйінде айтылған сөздерді тап.

  • Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, түбір мен қосымшаға ажырат.

  • Жаңа, кең, жас сөздеріне мағынасы қарама – қарсы сөздер тауып айт.


ҮІ. Суретпен жұмыс:

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/c/cd/Great_pershing_balloon_derby_2005_09_04.jpg

Алғашқы әуе шарларының пайда болуы

Ыстық ауа суық ауадан жеңіл. Күннің ыстығында ауаның ағыны жоғары көтеріліп жатқанын көруге еболады, мысалы, күнге қызып кеткен асфальттың үстінен. Қыздырылған ауаның әсерімен аспанға көтерілуді ең бірінші Португалияда тұрған бразиялық Бартолемео де Гусман ойлапты. Ол 1709 жылы ұшатын аппараттың үлгісін жасаған – астына шоқ салынған ыдыс ілінген шағын шар. Шар жердің бетінен 4 метрге көтерілген. Іс жүзінде әуееде ұшудың пайда болуына ағайынды француздар Жак Этьен мен Жозеф Мишель Монголфьелердің еңбегі сінді. Ағайындылардың алғашқы шарлары текше пішіндес болған! Олар тәжірбие жасауды 1780 жылы бастап, бір жылдан соң Аннон қалашығындағы базарда диамтері 10 мертлік шарды көрсеетті. Ресми дееректер бойынша, сол күні шар 500 м биіктікке көтеріліп, ауада 10 минут бойы тұрып, 2 шақырымдық қашықтықты ұшып өткен. Алғашқы авиациялық рекордтар! Қыркүйек айында ағайындылар Франция королі XVI Людовикке Версальда жаңа шарды көрсетті. Сол жолғы ұшуда аппараттың “пайдалы жүгі” қой, тауық және үйрек – тарихтағы бірінші әуе жолаушылары болды. Француз физигі Жан Франсуы Пилатр де Розье және маркиз д,Арланд 1783 жылы 21 қарашада Парижде әуе шарымен бірінші болып ұшты. Ыдыстарда қыздырылған әртүрлі ауаның есебінен көтерілетін шарлар монгольфьер деп аталып кетті.

Ағайынды Монголфьелередің отандасы Жак Шарль әуе шарының қабығын ауадан гөрі жеңіл газбен толтыруды ұсынды. Қабығы сутекпен толтырылған әуе шарымене Шарль 1783 жылы 27 тамызда бірінші рет ұшты. Алайда “шарьере” атауы қалыптаспай қалды, бірақ ауадан жееңіл газы бар аэростаттар бірте – бірте монголфьерлердің орнын басты. Мұндай аэростаттарда жұмыс газы ретеінде есутекті, гелийді, неонды пайдаланды. Әуе шарлары әлемдегі көзі қарақты елдердің назарын аударды.


14 – жаттығу: Суретке қара: Әуе шарымен ұшуға көмекке кел. Ол үшін ұш сөзінен бірнеше қосымшалы сөз жасап жаз.

hello_html_m4e54c91d.png

  • Бір – біріңді тексер.


15 – жаттығу: Алғашқы әріптерінен достық сөз шығатындай етіп сөзжұмбақ құра.

  • Достық сөзін түбір мен қосымшаға ажыратып, қосымшаның қай түрі екенін айт.


ҮІІ. Сабақты бекіту:/ топпен жұмыс /

17 – жаттығу. Сөздерді оқы. Бұлар құрамына қарай қандай сөздер?

Ән, жұмыс, мұнай, өнер, су, таза.

І – қатар: ән, жұмыс;

ІІ – қатар: мұнай, өнер;

ІІІ – қатар: су, таза.

  • Сөздерді сызба бойынша өзгертіп жаз.


жұрнақ

Түбір жалғау

жұрнақ + жалғау


ҮІІІ. Қорытынды: 18 – жаттығу: Әр сызбаға сай сөз тауып айт.

ІХ. Үйге тапсырма: 119 – бет, 16 – жаттығу.

Бағалау.


Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

















( бекіту сабағы )



















Бастауыш сынып мұғалімі: А.А.Қасымбекова









Жансүгір ауылы


Автор
Дата добавления 24.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров298
Номер материала ДВ-092484
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх