Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Открытый урок по класному часу на тему "Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан"

Открытый урок по класному часу на тему "Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан"

  • Классному руководителю

Название документа Т?уелс_зд_к бастауы-Желто?сан.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан

Мақсаты:Қазақ халқының тарихымен таныстыра отырып,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, тәуелсіздіктің қадір қасиетін түсіндіру.

Көрнекілігі:интерактивті тақтада слайд,суреттер,шарлар,бейнежазба

Сабақ барысы

Мұғалім:

Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады.

 Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.

 1-жүргізуші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

               Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

               Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды,

                            Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген рубрикамен өтілетін «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 Қайран қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған,жеткізе алмаған,жан дүниеңді дір еткізетін сырға ,мұңға толы тарихи парақтары қаншама,Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді?Сонау 1723-1725 жылдары«Ақтабан шұбырынды,Алакөл сөлама!заманынан бастап қойша қырылған «репрессия»жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жахан далада өмір сүруі,не жойылып кету қаупі тұрған еді.Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғарлардың шапқыншылық әрекеті еді.Қазақтардың руларға,жүздерге ыдырапбөлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбетт батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.Не көрмеген халықпыз Ұлы Отан соғысын,Селмей полигонын,содан кейінгі1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын да бастан кешірді.

2-жүргізуші:

Дауылға желтоқсанның желі айналды.

Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем алматыға қарай қалды

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Диктордың сөзінен кейін

Оқушы:Асығып өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқын кемсітушілік,санаспаушылық болып табылды.Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық оты лаулай түсті.

1.Көрініс:Сахнаға екі студент шығады.

1-жүргізуші

Ия,аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер»емес еді.Олардың ойы үкімет басшыларымен халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді.Алайда оларды бір қолында шоқпары,бір қолында қалқаны бар қарулы,сақадай сай әскерлер қарсы алды.Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-86»оперативті жоспар құрылып жатты.Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді.

2Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

 Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»

                              Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз

                              Кейін соның қазасы таңылғанда

                              Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз

Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын

          Мұң шағады қапаста кімге құсың

          Ақ-қараңды тексерер түрме деген

          Концлагерь болды ғой біздер үшін


2- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын

              шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің                 

              арамыздан кете барды.

 «Желтоқсан желі ызғарлы бейне көрініс

(Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.

Оқушы:
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18 - желтоқсанында кешкі сағат 20 00 – де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкеледі. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.

1-жүргізуші

Күндік кешпей, мұз кешпей,
Ат артында міңгеспей,
Мұңдық болып мұңаймай.
Тәкаппар нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе іні боп,
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан
Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.
Оқушы:
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
2-жүргізуші

Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтымның
Қыздары көп, қарағым
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

Оқушы:

Ләззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

1- жүргізуші:

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

Оқушы:

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы,шешесі Дәметкен сауыншы болатын.1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады

(Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына басиіп,орнымыздан тұрып 1минут еске алайық)

«Желтоқсан желі» әнінің клипін көрсету

3.Көрініс(Үй іші қалаша жиналған,дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырады)

Нағашысы:Қайрат-ау ,тамақ алсаңшы!Студент болам деп бір ішек болып қалғансың-ау өзің

Қайрат:Бұйырғанын жеп отырмын гой, нағашы

Нағашы:Астан алыңқыра,Қайрат.Өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді гой.Жаңа жылға арналған,мына маған арналған өлеңің бар шығар,жаман жиен.Айта отыр,көңілдене түсейік.

Қайрат:Ия ,нағашы бар гой,бар!

«Осы кезде есік қағылады 3-4 милиция үйге кіріп келеді»
Милиция:
Біз органнан келдік Қайрат Рысқұлбековты тұтқындауға келдік.Прокурордың санкциясы бар.Міне! тез жинал бізбен бірге кетесің!

Жеңгесі:Ойбай-ау ,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке- шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз!Бұл жігіт түнде бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң,қайтарып жібереміз.

Оқушы:Жалалы боп, қатты батты жаныма ,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма,

Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым,

Екіншіден,бұл құдайға не қылдым,

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне, абақтыға жабылдым.-деп көкірегі өкініштен өртенген албырт жас сол кеткеннен оралмады,нақақтан күйіп кете барды.


4.Көрініс:   «Қайраттың жауабы»          

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

«Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жағынан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмің,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Кезекші:        Заключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші:      Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

             Күнәдан таза басым бар

            Жиырма бесте жасым бар

             Қасқалдақтай қаным бар

            Бозторғайдай жаным бар

            Алам десең алыңдар

            Қайрат деген атым бар

            Қазақ деген затым бар

            Еркек тоқты құрбандық

             Атам десең атыңдар.


2 - жүргізуші:
Не керек сот Қайрат Рысқұлбековті Қазақ ССР - і қылмыстық істер кодексі 173 – бабының 1 - тармағына сәйкес ату жазасына кесті. Ең ауыр жаза, кейін «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Солақай саясаттың құйтұрқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.
Ән. «Қасқалдақ».

Ия балалар тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ .Мынау қазақ халқын көре алмай талай дұшпан төріне өрледі емес пе?

Оқушы:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,тәңірім,бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне,Тәуелсіздік ағайын-

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

 1 - жүргізуші:
1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17 - 18 - дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР - нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.

Оқушы:
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.
Оқушы:
1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30 - дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50 - ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
2 - жүргізуші:
Ия, ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 24 жылдығы.
Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
1- Жүргізуші:
Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына 24 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 24 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.


Оқушы: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Оқушы: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!

2-жүргізуші Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

1 : Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

2 : Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
3 : Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың – деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Әнұран орындалады,.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров149
Номер материала ДВ-312608
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх