Инфоурок / Другое / Конспекты / Маңғыстаунама-2015 С.Шапағатов "Ұлтын ұлықтаған ұл"

Маңғыстаунама-2015 С.Шапағатов "Ұлтын ұлықтаған ұл"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



«Маңғыстаунама-2015»




hello_html_7792d1a3.png












«Ұлтын ұлықтаған ұл»

атты тәрбие сағатының жоспары











Аудандық үздік тәрбие сағаты байқауына қатысушы

С. Жаңғабылов орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Жексенова Айгүл





2015 – 2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлтын ұлықтаған ұл.

Тәрбие сағатының мақсаты:Халқымыздың аяулы азаматы, елдің мұңы мен жоғын жоқтап, көп істің алғашқы бастаушысы болған, ұлтына қалқысыз еңбек еткен қадірлі тұлға, саяси қайраткер – Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың өмір жолын үлгі ете отырып, оқушыларға рухани тәрбие беру.

Тәрбие сағатының өткізу түрі: танымдық сабақ.

Тәрбие сағатын өткізу әдістері: АТК-ны қолдану, диалог, кластер әдісі, қабілетті оқушымен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктері:слайд, буклет, компьютер

Сабақ барысы

Қызығушылығын ояту

Ол өзінің аз ғана өмірінде бүтін бір ұрпақтың жүрегінде өшпестей із қалдырған, өз халқына қызмет етуде барлық жаңалық­тар мен жақсылықтар үшін үлгі болған үлкен тұлға”. Әбіш Кекілбаев

Маңғыстау мақтаныштары» деп алдарыңызға бірнеше бейнені ұсынғалы отырмыз. Бұлар кімдер?( Әбіш, Светқали, Қашаған ақын, Сержан... Сайын Шапағатов)

hello_html_mdf6ce00.gif


Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті ұғым қаншама адамның арманы болды десеңші! Тарих ұлы өзгерістер тұсында өзінің біртуар тұлғаларын, тот бастайтын тарланбоздарын туғызады.

Балалар, «Ел азаматы» , «Азаматтың арманы» , «Ұлтын сүйген ұл» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушы ойлары тыңдалады)

Ендеше осы ой төңірегінде сөз қозғасақ.. Бүгінгі сөз маңғыстаулық асыл азамат, қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Нәдірұлы Шапағатов туралы болмақ. Қазақ халқы тәуелсіздікке өз тағдырын, арман-ті­лектерін халық мүддесіне арнаған арыс­тардың арқасында ғана қол жеткізді. Халық жүрегінде хат болып жатталып, ұмытылмай келе жатқан сондай аяулы есімдердің бірі Сайын Шапағатов еді.

Бүгінгі сабағымызда оқу-тану дәрістерін бастамас бұрын бой сергітіп алалық.

- Елін сүйген әр ұлан қандай болмақ керек?

«Ассоциация» әдісі

hello_html_mec0c398.gifhello_html_4fa838b6.gifhello_html_4758c29c.gif



hello_html_6cf9104e.gif

Ендеше, түстер бойынша топқа бөлініп, берілген тапсырмалар мен тақырыптарға сай , топтасып жұмыс істейтін боламыз.

  1. Сайын Шапағатовтың өмір жолы–«Тұжырымдамалық кесте »сызбасы

  2. Сайын Шапағатовтың «Парасат» қоғамын құрудағы көздеген басты мақсаттары-«Ең негізгі жетілік»

  3. Асыл азаматтың ерен істері – Қабырға газеті

Топтарға ресурс беріледі. Топтар өз тапсырмаларын оқып, дайындалады.

«Мағынаны тану» бөлімінде

1-топ. «Тұжырымдамалық кесте» сызбасы



1940 жылы

Гурьев об­лысының Форт-Шевченко ауданына қа­райтын Тельман ауылында дүниеге келді.

1957 жылы

Алматыдағы тау-кен инсти­ту­тына түсті.

1962 жылы

Институтты ойдағыдай бі­тіріп, сүйікті жары Фаридамен қол ұстасып туған жеріне оралды. Ақтау қала­сындағы Каспий тау-кен комбинатында жұмысқа кіріседі.

1971 жылға дейін

Мұнай саласында опе­ратор, жер асты жөндеу жұмыстарының шебері, учаске бастығы, Өзен, Жетібай кеніштерінде “Маңғышлақнефть” бірлес­ті­гінде инженерлік жұмыстарда болды.

1971-1977

Жаңаөзен қалалық және Маңғыстау облыстық пар­тия комитеттерінде өндірістік-транспорт бөлім­дерінде істейді.

1977-1980 жылдар

ара­лығында “Маңғышлақнефть” бірлес­тігі­нің партком хатшысы,

1980-1984 жылдарда

кәсіподақ ұйымының төрағасы,

1984 жыл­дан

өмірінің соңғы күндеріне дейін осы бірлестіктің құпия бөлімін басқарады.



Мұғалім дәрісі

  • Тарих беттерін ақтарсақ, талай күндердің тақырыптарын амалсыз аударамыз. 1989 жылы жаз айында «Өзен оқиғасы» Жаңаөзен қаласында өріс алған еді. Кеңес Одағына әйгілі болған Маңғыстау маусым оқиғасының себептері мен салдарлары көп болатын. Сайын Шапағатов ел наразылығын жақсы түсініп, жергілікті партия мен Совет басшыларын қатал сынға алды. Мұнайлы бай өлкеде тұрса да тұрмысы нашар, үй-күйі, жұмысы жоқ, өз туған және тұрған жерінде өзге ұлттан төмен күй кешіп, өгей атанған жүздеген жергілікті тұрғындарға, жастарға саяси тұрғыдан дұрыс бағыт беретін, оның себептерін ашып, шындықты айтатын ұйым қажет болды. Міне, «Парасат» саяси-қоғамдық ұйымы осылай дүниеге келді.

  • 1989 жылы сәуірде «Қоғамдық ұйымдар туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін, 4 маусымда «Парасат» қоғамы құрылып, тамыздың 17-нде «Парасат» қоғамы заңды тіркеуден өтті. «Парасат» қозғалысының негізгі мақсат ұраны: Қазақ елін ақиқат пен әділдік, бірлік пен тірлік, адалдық пен шындық үстемдік еткен, өркениетті демократиялық, құқықтық, тәуелсіз, унитарлық, ұлттық мемлекетке айналдыру!»


2-топ. Сайын Шапағатовтың «Парасат» қоғамын құрудағы көздеген басты мақсаттары- «Ең негізгі жетілік » Кластер жасау


3. Асыл азаматтың ерен істері – Қабырға газеті

  • Иа, осындай ерен істердің басында жүрген, қытымыр саясат қысқан кезеңде ел мүддесі үшін ағысқа қарсы жүзген батыл азамат, саяси қайраткер, елім деп еш тыным таппаған тұлға Сайын Шапағатовпен таныстыңыздар. Ол қандай жоғары қызметте жүрсе де ел тәуелсіздігін бәрінен де жоғары қойды. Аспаннан келер бақ та іздемеді, күні үшін тақ та іздемеді. Өйткені ол ата-бабаларымыздың армандап өткен, өз билігі өзіндегі тәуелсіздікті, өз байлығы­на өзі ие болу, тілімізді, ұмытуға айналған салт-дәстүрімізді қайта тірілту, өз байлығын өзі иемденетін еркіндікті жоғары бағалады. Ол сонау 80-жылдардың өзінде-ақ қоғам ұлы өзгерістер қарсаңында тұрғанын па­йымдап білді. Осынау тарихи мүмкіндікті қолдан шығарып алмаудың жолдарын ойлап, талай таңды ұйқысыз қарсы алды. Сөніп бара жатқан дінімізді, шұбарланып нәрін жоя бастаған тілімізді, ұмытуға ай­налған салт-дәстүрімізді қайта тірілту, өз ошағына қайта оралту оның алдына қойған басты мақсаты болды.

Рефлексия бөлімінде

«Елім деп соқсын әр жүрек» Топтарға тапсырма
№1
(Оқушылар өз таланттарына қарай өлең шумақтарын жалғастыру керек.)
Туған жер мен өзіңмен өзектеспін,
--------- ------------------ ------------ --- ....

2 «Бес жолды өлең»

Зат есім: Сайын Шапағатов

Сын есім:қандай?

Етістік: не істеген?

Синоним: ел берген атағы

Сөйлем:

Қорытынды

«Қалам үстелдің ортасында » әдісімен бүгінгі алған ақпаратарын бірін-бірі қайталамай, айтып шығу арқылы кері байланыс беру

Ия, Маңғыстауың - тұнып тұрған тарих! Сіздер әлі танып үлгермеген тарландар мен таланттар оқылмаған парақтарда жатыр.Солардың бірегейі - Сайын Нәдірұлы. Оның көп нәрсеге қолы жетпей, арманда кетті. Тіпті өмірінің соңғы кездерінде өз денсаулығына қара­май, тынымсыз жұмыста болды.  Ол қазақ елінің өз тарихында тұңғыш рет ел болып өз Пре­зидентін сайлаған күні өмірден өтті. Елі­нің алғашқы жеңістеріне ол балаша қуанған еді. Бірақ 1991 жылдың 1 жел­тоқсаны күні оның керуен көші Қошқар ата жеріне келіп сапарын доғарды. Тар жол, тайғақ кешуде арпалысып өткен өмір осы жерде мәңгілік тыныстады. Елім деп еңіреген ердің арманы бірте-бірте жүзеге асып келеді. Қазір белгілі азаматтың атында балабақша, елді мекен бар. Өзінің кіндік қаны тамған жер – Тельман ауылы С.Шапағатов атымен аталып күннен күнге дамып, ұлғайып келе жатқан елді мекендердің қатарында. Ақтау қаласында мұражай ашылып, бүгінгі ұрпаққа азаматтың ерен істері насихатталып жатыр.
Ел өзінің ерін ұмытпақ емес. Кеше ғана туған жерінде асыл ағаның 75 жас мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті.

Белгілі ақын Темірхан Медетбек:

О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым!

Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.

Өзіңде бар махаббат, бар құштарым,

Жыр болып құйылады алғыстарым! - демекші,

Әрдайым елін сүйген ұл болыңдар! Аталар есімін ұмытпай, өнегелі істерін әрі қарай жалғай беріңдер!

























Ресурстар

«Парасат» қоғамының құрылу себептері мен алғышарттары:

  1. Халықтың әлеуметтік жағдайы мен жоғарғы дәрежедегі сауаттылығы, білімділігі: олардың ұлттық мәдениетіне тығыз байланысты екенін онсыз ол халықтың мәңгүрттенген, ұлттық сана-сезімінен айрылған-тұл халық екенін ұғындыру, коммунизм елесімен қалың ұйқыға кеткен қандастарын және басқа ұлт өкілерін ояту, санасына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру;

  2. Халықтар достығын нығайту ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік жағдайын өлкеміздің экономикасын көтеру, еркін экономикаға айналдыру, Қазақстан республикалық есеп жүйесін орнату, Маңғыстау аймақтық есеп жүйесін енгізу. Табиғатты, экологияны қорғау.

  3. Көші-қонды реттеу. Азаматтықты сақтай отырып, емін –еркін қоныс аударуға кепілдік беру. Шет елдердегі қандастарымыздың өз отанына кедергісіз жағдай жасау. Көші-қон туралы заң қабылдау.

  4. Қазақстан Республикасы азаматтығын орнату және оны тезірек іске асыру мақсатында заң қабылдау.

  5. Барлық билікті халықты қоғамдық қозғалыстар мен халықтар Кеңесінің бірлескен ықпалындағы жергілікті өзін-өзі басқару өкілдігіне беру.

  6. Республикалық заң шығару институтын халықаралық заң өлшемі актілерімен адам құқығының жалпыхалықтық декларациясының Хельсинки және Вена келісіміне сәйкестендіру.

  7. Жергілікті Партия және халық шарушылығы, мекеме басшылары қызметімен мемлекеттік жоспарды орындау нәтижесінде халықтық бақылауды күшейту.

















Сайын Шапағатовтың «Парасат» қоғамын құрудағы көздеген басты мақсаттары:

  1. Сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың, партия және өкімет басшыларының жіберген саяси қателіктерінен кейін туындаған халықтың наразылығына, бей-берекет қозғалысына басшылық ету, саяси жаңа бағыт-бағдар беру, әлеуметтік жағдай мен адам құқына байланысты туындаған қарама-қайшылық басқа ұлт өкілдерінің кінәсінен емес екенін тусіндіру, ұлтаралық қақтығысқа айналып кетуіне жол бермеу.

  2. Партия мен өкімет басшылық аппаратындағы тоқырау кезеңінің қабілетсіз басшыларын жаңа буын, жаңа бағыттағы мамандармен алмастыру.

  3. Тұрмыс жағдайлары нашар өз жерінде өгей баладай күн кешкен жерлікті ұлттың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үймен қамтылуы және өз мамандығына жұмысқа орналасуына ықпал ету.

  4. Халықтардың мәдениетін тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дамытуға әулие аруақтарды құрметтеуге жастары имандылыққа тәрбиелеуге тарихи жер атаулары мен қала атауларын қалпына келтіруге, ұлттық бала-бақшалар мен мектептер ашуға күш салу.

  5. Өндірістің әр түрлі салаларына жергілікті ұлт өкілдері мамандарын көбірек тарту жұмысқа кіргізу және болашақ ұлттық мамандар дайындау үшін жастарды оқуға жіберу, олардық оқу орнына түсуіне жағдай жасау.

  6. Өлкеміздің және қоршаған ортаның байлығын қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті орнатуға бағытталған шараларға белсене араласу.

  7. Аймақтық экономикалық проблемаларды шешуге, заңсыздықпен күресуге және жеке адамдардың мүддесін қорғауға аймақта қоғамдық күштерді жұмылдыру.

  8. Жасаған жұмыстары:

  • Фабрика, зауыттар, кәсіпорындарға ұлттық мамандар көптеп тартылуына ықпал етті;

  • Қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың ашылуына тікелей араласты.

  • Ұлттық тіліміз бен мәдениетімізд, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, өнерді дамыту, халықтар достығын үгіттеу бағытында Республикалық,облыстық, аудандық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру;

  • Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайына байланысты келелі мәселелерді батыл көтеріп, шешіп отырды.

  • Өткен уақыттардағы ата-мекен, жер атауларының тарихи атауларының қайтарылуына өз ықпалын тигізді.Нәтижесінде, Қазақстанда бірінші рет облыс орталығы Шевченко қаласы Ақтау деген тарихи атауына қайта ие болды.

  • Алғаш рет еліміздің батыс аймағында ұлықсат етілген бейбіт шеру ұйымдастырып, партия мен үкімет басшыларына саяси, әлеуметтік талаптар қойды.

  • Алдында ғана таратылған Маңғыстау облысының қайта құрылуына тікелей атсалысты.

  • 1989 жылы 14 наурызда Қазақстанда тұңғыш рет Сайын Шапағатовтың бастауымен Маңғыстауда жыл басы – Наурыз тойы ұйымдастырылды.









Қызмет жолы

Институтты 1962 жылы ойдағыдай бі­тіріп, сүйікті жары Фаридамен қол ұстасып туған жеріне келген Сайын Ақтау қала­сындағы Каспий тау-кен комбинатында жұмысқа кіріседі. Өндірісте озат, сөзге шешен, қоғам ісіне белсене араласатын жігерлі жас көп кешікпей Ақтау қалалық комсомол коми­тетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. Халықпен, даламен біте қайнасқан Сайын көп ұзамай өзі сұранып мұнай саласына қызметке кетті.
1971 жылға дейін мұнай саласында опе­ратор, жер асты жөндеу жұмыстарының шебері, учаске бастығы, Өзен, Жетібай кеніштерінде “Маңғышлақнефть” бірлес­ті­гінде инженерлік жұмыстарда болды.
1971 жылдан 1977 жылға дейін Жаңаөзен қалалық және Маңғыстау облыстық пар­тия комитеттерінде өндірістік-транспорт бөлім­дерінде істейді. 1977-1980 жылдар ара­лығында “Маңғышлақнефть” бірлес­тігі­нің партком хатшысы, 1980-1984 жылдарда кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1984 жыл­дан өмірінің соңғы күндеріне дейін осы бірлестіктің құпия бөлімін басқарады.

Жас Сайын

Сайын Шапағатов 1940 жылы Гурьев об­лысының Форт-Шевченко ауданына қа­райтын Тельман ауылында дүниеге келді. Әкесі Нәдір ақсақал кезінде Маңғыстау­дың оқу-ағарту, мәдениет саласында өзіндік қолтаңбасы қалған, өлкеге белгілі аза­мат­тардың бірі болды. Алғаш Форт-Шев­ченко қаласынан Тельман ауылына ди­ректор етіп жібергенде ешкіммен ақыл­даспай-ақ бұл жердің болашағын дәлел­деп, Қазақстан үкіметінен қаржы бөлдіртіп, тез арада мектеп салдыртқан да осы Нә­дір ақсақал еді. Халық Комиссарлары Со­ветінің Төр­ағасы Нұртас Оңдасынов 1939 жылдың бюджетіне Тельманнан мектеп салу үшін сол кездегі ақшамен 161 мың 100 сом бөл­діртеді. Материалдарды Астра­ханнан ке­мемен алдыртып, тез арада не­бәрі үш айдың ішінде жаңа мектеп өз оқушыларына есігін ашқан еді. Осы мек­тептің бір бұры­шында, мектеп директоры­на арналған үйде Сайын дүниеге келді.
Бала Сайын оқушы кезінен-ақ алғыр, қоғамдық істерге белсене араласып, бо­лашағынан үлкен үміт күттірген шәкірт болды. Мектепті үздік бағамен бітірген соң, 1957 жылы Алматыдағы тау-кен инсти­ту­тына түсті. Институтта оқып жүргенінде ол өзінің білімдарлығымен, еңбекқорлығы­мен көзге түседі. Жаңа игеріліп жатқан Қа­зақстан тыңына барған кездегі жалын атқан жанқиярлық еңбегі жоғары баға­ланып, бірнеше рет министрліктің Құрмет гра­мо­таларымен және Алғыс хатымен мара­патталды. Бұл шындығында да екінің біріне көрсетіле бермейтін зор құрмет еді. Сайынды көре қалған, онымен жұмыстас, мүдделес болған адамдар оның жан-жақ­ты, сегіз қырлы, бір сырлы азамат екенін айтатын. Өмірінің соңына дейін жолдас еткен, оның өлке жерінде дамуына көмегін тигізген Спорт атты әлемге сонау сту­дент кезінде-ақ араласқан. Алматы қалалық жә­не облыстық жарыстарда самбо кү­ре­сінен ол талай рет институт намысын қор­ғап, жүлделі орындарға ие болады. Сонымен бірге ол қазақша күрес жөніндегі нұсқау­шы, білгір маман екендігін де көпшілікке көрсе­те білді.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-499708
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>