Инфоурок Дошкольное образование КонспектыОткрытый урок по математике на тему "Сандар әлеміне саяхат" (0 класс)

Открытый урок по математике на тему "Сандар әлеміне саяхат" (0 класс)

Скачать материал

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Математика

Сабақтың тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат 1 - 10 сандарды қайталау
Мақсаты: Балаларды 1 - 10 сандарды қайталату, 10 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін кеңейту, геометриялық пішіндерді ажырата білуге, есептер шығаруға үйрету.

Міндеттері:

1.     Есептерді шапшаң шығаруға баулу.

2.     Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.     Балаларды тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, ойын, әңгімелеу т.б.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкері,суреттер, қима сандар, себет, видео проэктор.

Пән аралық байланыс: Сурет,көркем әдебиет, логика,сауат ашу.

Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықтарын ояту

Мұғалім: Салеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі отыр, бізге қонақтар келіпті.

 Мұғалім: Балалар, қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар:

Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Армысыз қонақтар!

Мұғалім: Балалар, көңіл - күйлерің қалай?оны білуіміз үшін алдымызда жатқан көңіл-күй дөңгелекшелері арқылы білуімізге болады.
Балалар: Тамаша, жақсы.
Мұғалім
: Олай болса, бір - бірімізге алақан арқылы жылылық танытып, жақсы лебіз білдірейік.
-Осы біз жылуды қайдан аламыз? /күннен/
Психологиялық дайындық
-Күннен жылу аламын
Жүрегіме саламын
Досыма оны сыйлаймын
Сәттілік оған тілеймін!/хормен/
-Енді тақтадағы сандарды хормен оқып жіберелік: 21536847. Енді осы сандарды рет-ретімен оқысақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады ,кәне...
А Қ А Й Л У Т А
2 1 5 3 6 8 4 7
АҚАЙЛУТА ---ҚАЙТАЛАУ
Мағынаны ашу:
Сабақтың тақырыбы «Қайталау» екен...
-Қызықтыру кезеңі; тақтаның алдында Себет тұрады
Балалар қараңдаршы, анда себет тұр ішінде не бар екенің көрейік пе? (Иә)
Балалар егер себетті ашқыларын келсе, менің тапсырмаларымды орындауларын керек

Сұрақ жауап: «Кубизм»

-Қазір қайдай жыл? (Мешін)

-Бір жылда неше ай бар? (12)

-Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

-Қазір жылдың қай мезгілі ? (Қыс)

-Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап шық (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)

Мұғалім: Себеттің ішінде хат жатыр екен. Балалар мешін бізден көмек сұрапты. Мешінге көмектесу үшін барлығымыз ұшаққа отырып, аралға баруымыз керек.Қане, балалар,қонақтар бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа аттанайық. (Ұшақтың ұшқан дыбысы)

Музыка әуенімен Мешін жылы орманның ішінде көңілсіз келе жатады.

Мешін: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мұғалім: Сәлеметсің бе, мешін, неге көңілсізсің?бізді неге шақырдаң?

Мешін: Ия, балалар бүгін мен кешке дейін, үйде қарындары ашып қалған балаларыма банан теріп келе жатыр едім,Жолбарыстан қашамын деп банандарымды жоғалтып алдым. Енді үйге қалай барам?не істерімді білмей тұрмын.

Мұғалім: Қорықпа мешін, біз саған көмектесеміз.

Мұғалім: Мешін, қарашы себеттің түбінде не жатыр екен, жолбарыс  саған тапсырмалар беріпті сол тапсырмаларды орындасаң банандарыңды табасың депті.

Мешін: Қандай тапсырма?

Мұғалім: Тапсырма математика сабағынан екен.

Мешін: Оооой, балалар тапсырмаларды орындағанға көмектесесіңдер ме?

Мұғалім: Балалар, көмектесеміз бе?

Балалар: Иә

1-тапсырма: Таратпа қағазда нүктелермен бейнеленген «Шыршаның» бейнесі. Нүктелерді осу ретімен қосып, бейнені анықтау.

Неше нүкте бар екен? 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Мұғалім: Балалар осы сандарға байланысты қандай өлеңдер білеміз? Айтып шығу:

1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!

 

2-ші тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?(Суреттермен жұмыс)

Нүкте, сәуле, түзу сызық, кесінді, сынық сызық, қисық сызық, тұйық сызық, тұйық- сынық сызық,

Т.б


3-ші тапсырма: «Логикалық есептер»

 

1.     Көлден ұшты 5 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады сонда нешеуі?
Айтшы, кім тез шешеді?/3қаз/
2.10 асықтың 3-н
Досың сұрап әкетті
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?/7 асық/
3. Оң қолымда 3 кәмпит
Сол қолымда сонша кәмпит
Болады неше кәмпит?/6 кәмпит/
4. Балапанын көгалда,
Сынай алмай тауық жүр.
Жетеуі жүр жүгіріп,
Үшеуі жем тауып жүр.
Қанша барлық балапан,
Санап берші балақан.(
10)

2.     Ребусті шеш: 6 Н, Т10, К 3, С10А, 100ім(АЛТЫН, ТОН, КҮШ, СОНА , ЖҮЗІМ)

 

4-ші тапсырма: «Себетке алмаларды жинау» Сан құрамын жазу. Деңгейлік тапсырмалар

2 3  4   5  6  7   8

 

Сергіту сәті:

Мешін: Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындайық. Мешінмен бірге орындау.

Жаздық, жаздық өзіміз,
Талды әбден көзіміз.
Әуенімен әндердің
Әдемі қимыл жасаймыз.

 

5-ші тапсырма: Қандай ұғымдармен таныстыңдар? Оны есімізге түсіру үшін , мына сұрақтарға жауап беріңдер?

1.     Бүтін,жарты, ширектерді көрсет.

2.     Қайсысы биік ағаштар ма, әлде бұталар ма?Қайсысы аласа?

 

6-шы тапсырма: Д/О: «Тез есепте» Ауызша

5+3=             5+0=           6-1=             4-2=

2 санының құрамы

4 санының құрамы

5 санының құрамы

 

7-ші тапсырма: «Кім шапшаң» ойыны. Жұптық жұмыс

1-ден 10-ға дейінгі сандарды рет-ретімен қойып шық.

 

8-ші тапсырма: «Білгіш болсаң....» ойыны.

1.     2 тауықта неше аяқ/4аяқ/, ал 2 қойда ше?/8аяқ/
2. Баста неше тесік бар?/7 тесік/
3. 20 саусақ көрінсе, неше қол болғаны?/2 қол/
4. Сәуле 2-де, Бақыт 7-де
Екеуінің жасын қосып шықсаң
Табасың жасын Мараттың /9жас/
5. 8 бен 10 арасында қандай сан бар?12 мен 14 ше, 18 бен 20ше ?

6. Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу,бас нешеу?
Жауабын кім табады?(басы 4,аяқ 8)

Мұғалім: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Балалар, сендерге сабақ ұнадыма? Мешінге банандарды табуға көмектестіңдер, тапсырмалар сендер үшін қиын болған жоқ деп ойлаймын. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар.

Мешін: Балалар, рахмет сендерге. Сендер өте ақылды, ұйымшыл екенсіңдер

Мадақтау: Мешін балаларға мешіннің суреттерін сыйлайды.

Балалар: Рахмет!

Мұғалім: Қане, балалар мешінмен қоштасайық! Сау болыңыз!

Мешін: Сау болыңдар! Көріскенше!деп шығып кетеді. Қанеки, балалар көзімізді жұмып тобымызға оралайық.

Қорытынды. Сабақты бекіту.
1. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
2. Бүгін не туралы өттік?
3. Біз қандай кейіпкерге көмектестік?

Келген қонақтарымызбен қоштасайық.

 

Оқушылардың қонақтармен қоштасуы.
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз.
Қол былғап бәріміз,
Сау болыңыз айтамыз!



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы

 

 

                                                                                       «Бекітемін»

-------------------------------

БЖШО директоры:

Абыкаева А.Б.

 

 

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Сандар әлеміне саяхат»

 

 

Қосымша білім беретін педагог:

Джаркимбаева Г.А.

«Кіші академия» тобы

 

 

Қордай -2016

Қазір қайдай жыл?

Бір жылда неше ай бар?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по математике на тему "Сандар әлеміне саяхат" (0 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 504
    • DOCX 132.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джаркимбаева Гульмира Айдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4502
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие речевых навыков у неговорящих детей в структуре группового занятия «Мама и малыш»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в условиях среднего профессионального образования

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции