Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Открытый урок по музыке на тему "Қазақы дастаркан" (5 класс)

Открытый урок по музыке на тему "Қазақы дастаркан" (5 класс)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Ән – күй.

24.

Сынып: 4 «Б» сыныбы.


Сабақтың тақырыбы: «Қазақы дастарқаным» әні М. Ілиясов. «Наурыз-көктем» әні Б. Бейсенова.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Оқушыларды М. Ілиясовтың өмір-баянымен, «Қазақы дастарқаным» әнімен, Б. Бейсенованың өмір-баянымен, «Наурыз-көктем» әнімен таныстыру, ноталармен жұмыс жүргізу.

Дамытушылық: 2. Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Жеке тұлға және жалпы қабілеттілікті дамыту .

Тәрбиелік: 3. Ұлтжандылыққа, елін сүйе білуге, ұлттық музыкаға, салт-дәстүрге деген құрметін, сүйіспеншілігін оята білу. Қазақ өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру , топтастыру, ҮҰБ

стратегиялары.

Пән байланысы: Сурет, тарих, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдттар, кітаптар, музыкалық аспап, бейнетаспа, буфер, үнтаспа, интерактивті тақта.


Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру .

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту .

1. «Ой шақыру» сатысы.

2. Мұғалімнің түсіндірмесі.

3. М. Ілиясовтың өмір-баянымен таныстыру.

4. «Қазақы дастарқаным» әнімен таныстыру.

5. Нотамен жұмыс.

6. Б. Бейсенованың өмір-баянымен таныстыру.

7. «Наурыз-көктем» әнімен таныстыру.

8. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.

ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


ІV. Қорытындылау, бағалау.

«ҮҰБ стратегиясы»


V. Үйге тапсырма .



ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. «Ой шақыру сатысы».

  1. Балалар, бізге қандай мереке жақындап келе жатыр ?

  2. Наурыз қандай мереке ?

  3. Наурыз туралы не білесің ?

  4. Бұл күн қандай күн болып есептелінеді?

  5. Наурыз мерекесі қалай тойланады?

  6. Наурыз күні қандай тілектер айтылады?


2. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Наурыз – Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп санаған. Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күні адамдар бір-бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді,

бір-біріне сәлемдесуден бастап, әртүрлі тілектер айтады. Наурыз күні әр үйде үлкен дастарқан жайылады. Онда қазақтың ұлттық тағамдарының барлығы болады.


Ал, енді балалар қазақы дастарқанда қандай ұлттық тағамдар кездеседі?


Топтастыру стратегиясы (Оқушылар сөйлейді)


hello_html_m7070195d.gifhello_html_eddc35.gif

hello_html_m3b45b301.gifhello_html_m4e27f207.gifhello_html_m3eff971e.gif



hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_1068805c.gifhello_html_75b51dfa.gif

hello_html_12b3d17f.gif

hello_html_m10aa8c2e.gif



3. М. Ілиясовтың өмір-баянымен таныстыру.

Марат Ілиясов 1959 ж. Жамбыл обл. Шу ауданында туылған. Ол Әл-Фараби

атындағы Шымкент педагогикалық – мәдениет институтын бітірген. Інкәр сезім саздарын төгілткен композитор, әнші, Қазақстан Жастар Одағы және Мемлекеттік Дарын сыйлықтарының лауреаты М. Ілиясовты өнер сүйер қауым жақсы біледі. Оның әндері: «Алтынай», «Мерекем-сен», «Ақботам»,

«Қазақы дастарқаным», «Туған елім», «Ағажан» т. б.

Қорытындылау


4. «Қазақы дастарқаным» әнімен таныстыру.

Қазақы дастарқаным.

1. Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме,

Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

2. Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін-балаң.

Ықылас, ізет еткен,

Сыйластық елін табам.

Қайырмасы:


Қорытындылау.


5. Нотамен жұмыс. Берілген ноталармен жұмыс жасау, ауызша сұрақ-жауап арқылы талдау жасату. Ноталарды әнімен айтқызу.


6. Б. Бейсенованың өмір-баянымен таныстыру.


Бота Бейсенова – Қазақстанның композиторы, сазгер. Ол көптеген қазіргі кездегі балаларға арналған әндерді шығарған. Солардың бірі – «Наурыз – көктем» әні.

Қорытындылау.


7. «Наурыз-көктем» әнімен таныстыру.


Наурыз-көктем.


1. Наурыз-көктем әкелді таңның шуағын,

Наурыз-көктем әкелді таудың бұлағын.

Наурыз-көктем жайнайды далам гүлдерім,

Наурыз-көктем алма ағаштары гүлдеді.


Қайырмасы:

Наурыз-көктем шуағын төккен,

Әкелді байлық еліме.

Наурыз-көктем асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме!


2. Наурыз-көктем – молшылық, байлық, береке,

Наурыз-көктем асығып жеткен мереке.

Наурыз-көктем думанды тойда, халайық,

Наурыз-көктем қосылып әнге салайық.

Қайырмасы:


Қорытындылау.


8. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.

Қорытындылау.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.



ІV. Қорытындылау, бағалау.

«ҮҰБ стратегиясын» қолдана отырып, сабақты қорытындылау.



Не білдім ?


Не үйрендім ?


Не білгім келеді ?







V. Үйге тапсырма.

1. «Қазақы дастарқаным» әнін жаттау.

2. Марат Ілиясов туралы реферат жазып келу.





30 орта мектебі






Ашық сабақ

Ән – күй




Тақырыбы :

«Қазақы дастарқаным» әні М. Ілиясов.

«Наурыз-көктем» әні Б. Бейсенова.







4 «Б» сыныбы

Ән – күй пәнінің мұғалімі : Дарменова Ж.



Тараз – 2012 ж.














Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДВ-154198
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх