Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Открытый урок по музыке "Тәуелсіз елім тірегім"(5 класс)

Открытый урок по музыке "Тәуелсіз елім тірегім"(5 класс)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Ән – күй.

30.

Сынып: 6 «А» сыныбы.


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім. М. Ілиясов «Мен – қазақпын» әні. Ә. Әленов «Тәуелсіз Қазақстан» әні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Оқушыларды «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбымен,

М. Ілиясовтың өмір – баянымен, «Мен – қазақпын» әнімен, Ә. Әленовтың

өмір-баянымен, «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен таныстыру.

Дамытушылық: 2. Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Жеке тұлға және жалпы қабілеттілікті дамыту .

Тәрбиелік: 3. Ұлтжандылыққа, елін сүйе білуге, ұлттық музыкаға, салт-дәстүрге деген құрметін, сүйіспеншілігін оята білу. Қазақ өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру стратегиялары, ой толғау, Венн диаграммасы.

Пән байланысы: Сурет, тарих, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдттар, кітаптар, музыкалық аспап, бейнетаспа, интерактивті тақта.


Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру .

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту .

1. «Ой шақыру» сатысы.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. М. Ілиясовтың өмір-баянымен таныстыру.

4. «Мен – қазақпын» әнімен таныстыру.

5. Ә. Әленовтың өмір-баянымен таныстыру.

6. «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен таныстыру.

7. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


ІV. Қорытындылау, бағалау.

«Венн диаграммасы»


V. Үйге тапсырма .


ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. «Ой шақыру сатысы».

  1. Балалар, бізге қандай мереке жақындап келе жатыр ?

  2. 16-желтоқсан қандай мереке ?

  3. Тәуелсіздік туралы не білесің ?


hello_html_m7070195d.gifhello_html_eddc35.gif

hello_html_76b52c56.gifhello_html_m4e27f207.gifhello_html_m3eff971e.gif

hello_html_m4e27f207.gif


hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_1068805c.gif

hello_html_12b3d17f.gif

hello_html_m10aa8c2e.gif



2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ елі ел болғалы сан ғасырлар бойы елдігін сақтау үшін қаншама күрес,

Ұрыс-соғыс, жорық-майдан жолдарынан өтті, қаншама дәуірлерді, қасіретті, қайғылы жайларды, қысылтаяң кезеңдерді бастан кешірді. Қаншама ержүрек, батыр ата-бабаларымыз сол жолда мерт болды. Сондағы алыстан бұлыңғырлана бұлдырай елес болып көрінген, асыл арманымыздай болған ең басты, ең түпкілікті мақсатымыз – еліміз бен жерімізді аман сақтап, бостандық, еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің туын тігу еді.

Міне, енді ата-бабалар аруағы қолдап, тәуелсіздікке қолымыз жетті. Бұл – біздің еншімізге тиген теңдесі жоқ сыбаға, келер ұрпақтың басына қонған баға жетпес бақыт. Бүгін біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі де осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса, тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыз етіп құрметтеп, ақ шаңқандай кіршіксіз күйінде болашақ ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Тек сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болып қалмақ.


3. М. Ілиясовтың өмір-баянымен таныстыру.

Марат Ілиясов 1959 ж. Жамбыл обл. Шу ауданында туылған. Ол Әл-Фараби

атындағы Шымкент педагогикалық – мәдениет институтын бітірген. Інкәр сезім саздарын төгілткен композитор, әнші, Қазақстан Жастар Одағы және Мемлекеттік Дарын сыйлықтарының лауреаты М. Ілиясовты өнер сүйер қауым жақсы біледі. Оның әндері: «Алтынай», «Мерекем-сен», «Ақботам»,

«Қазақы дастарқаным», «Туған елім», «Ағажан» т. б.

Қорытындылау


4. «Мен – қазақпын» әнімен таныстыру.

«Мен – қазақпын» әнін үнтаспа арқылы тыңдау.

Әнді сұрақ – жауап арқылы талдау жасау.

Қорытындылау.


5. Ә. Әленовтың өмір-баянымен таныстыру.


Ә. Әленов – Қазақстанның композиторы, сазгер. Ол көптеген әндерді шығарған. Солардың бірі – «Мен – қазақпын» әні.

Қорытындылау.


6. «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен таныстыру.


Тәуелсіз Қазақстан.


1. Арайлы азаттықтың нұрын құшқан,

Шолпандай жарқыраған күншығыстан.

Тәуелсіз Қазақстан – туған елім,

Досы көп, бата алмайды бір де дұшпан.


Қайырмасы:

Бүкіл халық

Жатыр танып

Батыста да шығыста.

Жарқын елміз,

Өркендейміз,

Алға өрлейміз,

Қанды қырғын соғысқа

Жол бермейміз!


2.Самғаған көкте қыран, күн байрағы,

Бүгінгі Қазақстан гүл жайнады.

Атағы әлемге аян, айбары зор,

Даңқы асқан, бағы тасқан нұрлы аймағы.

Қайырмасы:


Қорытындылау.


7. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.

Қорытындылау.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.



Іhello_html_m6feabc22.gifV. Қорытындылау, бағалау.

«Венн диаграммасын» қолдана отырып, екі әнді салыстыру.



hello_html_m3526a970.gifV. Үйге тапсырма.

1. «Тәуелсіз Қазақстан» әнін жаттау.

2. Марат Ілиясов туралы реферат жазып келу.




















30 орта мектебі






Ашық сабақ

Ән – күй




Тақырыбы :

Тәуелсіз елім - тірегім. М. Ілиясов

«Мен – қазақпын» әні. Ә. Әленов

«Тәуелсіз – Қазақстан» әні






6 «А» сыныбы

Ән – күй пәнінің мұғалімі : Дарменова Ж.



Тараз – 2010 ж.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров197
Номер материала ДВ-154199
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх