Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по самопознанию на тему:" Адалдық пен әділдік"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по самопознанию на тему:" Адалдық пен әділдік"

библиотека
материалов

Келісілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Т.Харесов

Күні:28.02.2015ж

Сыныбы: 5 а

Сабақ 23

Тақырыбы: Адалдық пен әділдік

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер: адалдық,шыншылдық,әділдік.

Мақсаты: Адалдық ,әділдік жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-адамдарға жақсылық ойлау,ондағы адалдық,әділдік сияқты адами құндылықтардың алатын орны,олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсініктерін кеңейту,тереңдету.

-Оқушыларға өз бойына ой мен ісітің өзара бірлігін ұштастыра ,дағды ретінде қалыптастырудың маңызды қажеттілік екенін сезіндіру.

-Адалдық пен шыншылдыққа , әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;

Көрнекілігі: мультемедия,ақ қағаздар,жүрекше.

Ұйымдастыру: 1.Сәлемдесу.

5 «Т»-ның сақталуын еске түсіру: тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық.

2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену.»Жайлы ,баяу музыка қойылады.Ыңғайланып,отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларынызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарайбойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елесетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап ,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің дененізден шығып,жан-жағынызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға ,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытща түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға ,жан-жануарларға ,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз; « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабарлылық пен ұстамдылық.Осы тақырыпқа байланысты өлеңдер,мақал-мәтелдер жатта

3.Жаңа сабақ

Адалдық пен әділдік.

Олар адам бойында кездесетін адамгершілік қасиеттер.Адал,әділ болу кез келген адамның қолында.Адалдық-адам бойындағы таза ниет,бағалы қасиет,адамның сана сезімі мен ар ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моралдық-этикалық жиынтығы.

Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай «Алдау қоспай ,адал еңбегін сатқан,қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»дейді.Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне ,біліміне адал еңбектенуге байланысты қалыптасып,адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.Әділ болу деген-өзінің де,өзгенің де сөзін қорғай білу.

Әділетті болу деген, ешкімнің сөзіне еліктемей ,шындыққа сүйене отырып,ешқандай жағдайларға қарамастан,дұрыс,адал көзқараста болу.

4.Дәйексөз

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Ш. Уәлиханов

5. Мәтінмен жұмыс.

Адал бала.

Корей ертегісі.

1.

Бала неліктен алтын,күміс балталрдан бас тартты?

2.Оларды бірден алса не болар еді?

3.Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?

4.Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?

5.Жаңа ақпарат.

Адамның ниеті,ойы,іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзңне де,өзгеге де адал болады.Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза,пейілі кеңғадалғшыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

6.Жағдаяттарды талдау.

1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары сізге белсенді оқушы ретінде Жаңа жыл мерекесіне жоба ойластыруға тапсырма берді.Келесі күні сіз басыңыздағы идеямен кластас құрбыңызбен ой бөлістіңіз.Даярлық жиналысында кенеттен құрбыңыз қолын көтерді де ,сіздің идеяңызды өзінікі сияқты қылып айтып берді. Сізден қысылып қымтырылмады.Сіз не істер едіңіз?

2.Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан,ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады.Ол: « Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе,қарсы болмайды»,-дейді.Досыма үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін,мен бірнеше рет телеон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім,ал қазір олар мені пайдаланып жүр,ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым.Мен досымнан ажырағым келмейді.Сонда менің не істеуім керек?

3.Сен сабаққа дайын емессің,бірақ оның белгілі бір себептері бар.Мұғалім саған жаман баға қойды.Бұл әділ ме?Әділ екеніңді қалай дәлелдеуге болады?

4.

7.Сәйкестендір.


Ұғым


Анықтамалары

1

Әділ


а

Ешкімнің сөзіне еліктемей ,шындыққа сүйене отырып,ешқандай жағдайларға қарамастан,дұры,адал көзқараста болу;

2

Адалдық


ә

Өзінің де,өзгенің де сөзін қорғай білу:

3

Шыншылдық

б

Адам бойындағы таза ниет,бағалы қасиет,адамның сана сезімімен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық этикалық жиынтығы,

Жауаптары; 1-ә; 2-б; 3-а;

8.Сыңарын тап ойыны.

1) **** -ардың ісі (адалдық)

2)*** қылышы кескен қол ауырмас. (әділет)

3)*** жүрген жерде ,*** жүреді. (адалдық, адамдық)

4)*** айтсан-әдемі айтқанын (әділін)

5)Асылдың бірі - *** (адалдық)

6)Ала жіпті аттамағанның *** биік (абыройы)

7)*** сөздің зілі жоқ,

Көп көзінен өткен істің міні жоқ. (әділ)


9.Көрініс; Бақыт пен байлық (оқушылар ертегіден көрініс көрсетеді)

1. Әкесі ұлдарына қандай сауал қойды?

2.Әкесі кенже ұлына не үшін мұрасын табыс етті?

3. Әкесінің өз мұрасын кенже ұлына беруі әділдікке жата ма?

10.Тексеру тесті

«Адамды әділетті деуге бола ма егер....?»

А) сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып,ызаландырып тиіссе,....

Ә) Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,....

Б)Ненің жаман,ненің жақсы екенін айыра білетін болса,...

В)Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда,оған ара түспесе,...

Г) Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,....

Ғ)Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,....

11. «Орамал тастамақ» ойыны.

-Үлкен бала сенің досыңды ұрды.Сен әділ болсаң не істейсің?

-Үйіңе қонаққа достарың келді.Сен әділ болсаң олармен тортты қалай бөлісесің?

-Сенің сыныптас досың сыныптағы бір оқушының сөмкесінен рұқсатсыз қаламын ұрлап алды.Осы әділдікке жата ма?

12.Шығармашылық тапсырма.

1 тапсырма

«Адалдық-адамдықтың белгісі» тақырыбында шығарма жазу.

2тапсырма.

Мына сөздерге өз ойыңша анықтама бер.

Адалдық-

Әділдік-

13. Топпен ән айту.

Ақ көгершін

14 .Үйге тапсырма:

Дәптердегі 3 тапсырма.












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров528
Номер материала ДВ-451885
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх