Инфоурок Начальные классы КонспектыОткрытый урок "Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы»"

Открытый урок "Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы»"

Скачать материал

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» (повестен үзінді)


Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,Лицей мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қойайдарова Назгүл Рызқұлбекқызы


Сыныбы:

7б уақыты: 15.03.16

Сабақтың тақырыбы:

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» (повестен үзінді)

Мақсаты :

Әңгіменің мазмұнын меңгереді, шығарма кейіпкерлерінің образына талдайды, тақырыбын, идеясын анықтайды.

Сабақтың түрі:

Түрлендірілген сабақ

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар шығарманың мазмұнын меңгереді.

Шығарманың тақырыбы мен түйінін шығарады.


Керекті жабдықтар:

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, флипчарт, маркер, ресурс парақтары, АКТ мүмкіндіктері, Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе 7 минут


1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2.Сыныппен амандасу.

Топқа бөлу

Мақал-мәтелдерді қоржыннан алу арқылы топқа бөлу

1топ. «Жақсы ит – иесінің көз-құлағы»

2топ. «Итті тепкен, ырысты тебеді»

3топ. «Ит үреді, керуен жүреді».

 

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

-мақалдың мәнін ашу



Тұсаукесер

10 минут

І.Үй тапсырмасын сұрау


1Конверт сұрақтар арқылы жазушының өмір жолы мен шығарма мазмұнына байланысты сұрақтар қою.

І топ.

1. Сафуан Шаймерденов қай жерде қай жылы дүниеге келген.

2. Ол қандай қызметтер атқарған?

3. Қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІ топ.

4. Басты кейіпкердің есімі кім, оның кәсібі не?

5Лезбай неліктен ұлына ит әкелуге тапсырды?

6. Лезбай неліктен күшіктің есімін Марғау қояды?

ІІІ топ.

7. Марғау иесі Лезбайдың балаларының есімі?

8. Шығармадағы Марғаудың портретін тауып оқыңдар?

9.Марғаудың бойындағы ерекше қасиеттері?


2. Мазмұндық жоспар құру












Критерий

Дескриптор

Ұпай

Үй тапсырмасы

Сұраққа толық жауап беріп, ойын еркін жеткізуі


Сөйлем құрылысының толымдылығы


Өз ойын дәлелді жеткізуі


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Жоспар құру

Сөйлемдерінің құрылысы (етістіктен аяқталмауы)


Бейнелі көркем сөздерді пайдалануы


Мазмұнын түгел қамтуы



Негізгі бөлім

І.Топпен жұмыс


1.Салыстыру.Шығармадағы Марғау бейнесін М.Әуезовтың Көксерек» повесіндегі Аққасқамен салыстыру. Венн диаграммасы


2. Зерделеу. Шығарманың идеясын табу. «Ти» кестесі.


3. ТВ-шоу әдісі. Оқушылардың ішінен кинолог образына ене отырып, бағдарлама аясында, иттің түрлеріне, ерекше қасиеттеріне байланысты мәліметтермен танысу


ІІ. Топпен жұмыс.

1 топ. Итке байланысты ырым-тыйымдар

2 топ. Итке байланысты мақал-мәтелдер

3 топ. Итке байланысты жоралғылар


ІІІ.Бағалау

1 топ. Бағдаршам әдісі

2 топ. Екі жұлдыз бір ұсыныс

3 топ. Смайликтер арқылы

Критерийлер бойынша топ басшылары бағалап отырады

Критерий

Дескриптор

Ұпай

Топпен жұмыс әдісі бойынша

Тақырыпты жан-жақты ашуы


Сөйлеу мәдениеті


Тақырыпты қорғауы



Оқушылар топпен жұмыс барысында ойларын ортаға салады, тақырыпты талқылайды, салыстырады

Қорытынды

  1. Шығармашылық жеке жұмыс

Эссе немесе РАФТ жазу



Бағалау.

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгейлі тапсырма.

1.Өздерің жазушы

болсаңдар шығарманы қалай

аяқтар едіңдер? /шығарманыөз қиялдарынша аяқтау/

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

1.«Ит ашуы» повесін толық оқу

Критерий

Дескриптор

Ұпай

РАФТ әдісі

Сөйлемдері мәнді, мазмұнды


Тақырыпты жан-жақты ашуы


Құрылысы тиянақты







С.Шаймерденов «Ит ашуы»

( повестен үзінді)

Айғанның төсек тартып жатып калған кезі. Малдың күндізгі бағымы, түнгі күзеті бір басына түскен Лезбай ақпанның үскірігіне қарамай қой қиынан қалқайтқан қалқаманы айналыр ұзақ жүрді де, жылынып шығайын деп үйге кірді. Ортада тұрған темір пешке көмір тастады. Ашылып қалған балаларды қымтады. Содан кейін бойын жылытайын деп, ыстық шайды ұрттай беріп еді, қой дүр ете түсті. Жүгіріп шыққан Лезбайдың көргені –қалқамадан қарғып түскен бір қара құлақ қой ішінде ойранды салып жүр. Қимылында қапы жоқ. Бір бұрышқа ұйлыққан қой нысанаға алғанын атылып барып, алқымынан бір-ақ басады да, ілгері ұмтылады.Соңында аяқ-қолы жазылып, серейіп сала берген қойды көресің.

Лезбай қиқу салып, қақпаға ұмтылды. Адам тегеурініне шыдамаған қасқыр қалқанын бір-ақ қаоғыды. Қараса, қабаұ қағыста бес тоқты тыпырлап қалған екен. Лесбайға алғаш келген ой: «Құдай-ау, Ақтөс қайда кеткен. Неге дыбыс бермейді?»

-Ақтөс, Ақтөс!

Ақтөс зым-зия.

Қойға бірі ғана шапқанмен, қасқыр тегі, тобымен келсе керек. Лезбай оны ертеңіне сезді. Үйден біршама жерде қым-қуыт шиырлы іздер қалған. Соның ішінде алысқан Ақтөс ізі де ап-айқын.Аққан қан, жұлынған теріге қарап, итінің енді қайтып оралмайтынына шопанның көзі жетті.

Осы оқиғадан кейін Лезбай Алматыда оқуды бітіріп, жаңа ғана қызметке орналасқан баласына хабар салды: қойымды қасқыр қырып кетті. Қайткен күнде де малға ие болатын тегі жақсы бір ит тап. Адам құнын сұраса да іркілме.

Қанатта ес қалған жоқ. Салып ұрып, ит базарына барды. Бұл хайуанның неше бір түрі осында болады екен:шолағы мен салпы еріні, тықыры мен сабалағы, шәуірдегі мен маңғазы, тағы тағылары. Бірі тайыншадай болса, енді бірі егеуқұйрық тышқандай-ақ. Мақтауы да соған орай, бағалары да әртүрлі. Қанат қай итке ен саларын білмей аңырап қалды. Осы кезде ит саудасын бағып,шеткерірек тұрған жасыл телпекті бір кексе адам Қанатқа жақын келді.

-Сізге ит не үшін керек? Үйге ұстамақсыз ба? Қанат әкесінің сәлемін айтты.

-Олай болса, бұл иттердің бірін де алмаңыз.

-Не себепті?

-Себебі, ересек иттің қалыптасып қалған мінез қылығы бар. Жаңа жағдайға оңайлықпен көндіге бермейді. Шопан әкеңе серік бола алатын шын қызметші ит керек болса, күшігінен асыраңыздар.

-Ондай күшікті қайдан табам?

-Бері жүріңіз.

Шал алға түсті. Қанат соңынан ерді. Шал: -Анау ит, мынау ит дейді.Сен маңғұл иті мен король догын білесің бе?

-Ит жайында хабарым мүлде аз еді.

-Олай болса, тыңдай бер.Дүниеде екі жойқын ит бар. Оның бірі-дог, екіншісі моңғол овчаркасы. Күш, ірілік, сұлулық жағына келсе, король догі бірінші орында. Оның арғы тегі ежелден гректердің жаугершілік соғысқа пайдаланған жауынгер иті молосқа жатады. Келе-келе дог күзет қызметін атқарды. Европаның ақ сүйектері аңға алып шығып қабан, аю секілді ірі аңдарға салған да кезі бар. Бірақ ерте заманнан бері сұлулығына қызыққан жұрт оны үйде ұстап, мәпелеп өсіріп келе жатқандықтан, дог үй күшік болып кеткен. Жүні тықыр, түбіті жоқ. Сол себепті қыста суыққа тоңғақ келеді. Бұл-оның үлкен міні. Ал моңғол овчаркасының тегі тибет догіне жатады.Өте ірі, өте қарулы, бөтенге елікпейтін, әрі ашушаң, әрі қабаған, өжет те төзімді ит. Бұл тұқымдас ит Ұлы Отан соғысы кезінде көшпелі моңғол шопандарына еріп жүріп Өскемен, Семей аймақтарына тараған-ды. Қазір Швғыс Қазақстан малшыларымен бірге қыстың қақаған бораны мен жаздың аптап ыстығына бірге төзіп, адал қызмет атқарып келеді.

Қанат еңкейе беріп, ақ тұмсық күшікті желкесінен ұстады да қойнына салды.

Суыт жүрген екі жігіт түс ауа Лезбай отырған қыстауға да келіп жеткен еді.

-Ал, әке, аманатыңыз орындалды. Ала беріңіз, -деп Қанат күшікті әкесіне ұсынды.

-Ау, күшігің не? Мен саған қасқыр алатын үлкен ит тап демеп пе едім?

-Ит жайын білетіндердің ақылы осы?

Екі бала Абыр мен Дабырда ес жоқ.

-Асырауға күшік жақсы.

Ал атын не деп қоямыз? Қанат өз ойын айтты. Нағашы атасы Қабан алған жолбарыс, әкесі қасқыр алған Таусоғар.Ал аюмен алысқан енесі Жойқынды өзім көрдім. Ақтұмсықты енді қырғын деуден басқа жол жоқ.

Лезбай қарсы болды:Қырғын деп қойып, түк қырмаса не болмақ. «Жаман итттің атын Бөрібасар қояды» дегендей, жұрт күлмей ме, одан да Марғау дейік. Ақтұмсық келісімін бергендей ыңырсып қойды.

Сегіз айда Марғау ересек иттің қатарына келді. Енесіндей аршын төс, ұзын сирақ, сурет мүсін, әкесіндей жуан мойын, дөңгелек табан, сом дене. Өзі сондай қап-қара. Алқым, жанбас, тұмсығындағы бұршақ таңбалары әдейі қоладан бояғандай мінсіз ақ әдейі қолдан сызғандай мінсіз дөңгелек. Кең қолтық кеуделі иттің көз тартар көркі мен толыса бастаған сом денедегі ерен күш, жырта қарыс ауыздағы қайшы тіс ғажайып үндестік таба бастаған. Ұйқы қашырар жай шәуілдектердің талайын көрген Лезбай Марғау бойындағы осы бір айрықша қасиетті әу бастан-ақ айырған секілді. Жас балаша өбектеп, тамақты да өзі беретін себебі сол.

Бір күні Лезбай қойды ертерек шарбаққа әкеп қамады да, кербестіге қайта қонды. Марғау ата кәсібін жасап, иесінің соңынан ерді.

-Ә, ел таныған, жер таныған дұрыс, -деп қойды шопай итіне қарап:-көрші шопанға барып, қонақ болып қайтайық.

Көрші шопан өзеннің жоғарғы бетінде отыратын қаба сақал Әбікеш деген кісі екен. Лезбай келгенде тоқты бауыздап жатты.

-Ә, қош келдің, Лезбай.Әлгі ала бөтен иті бар деп еді, сол итің бе, мынауың?

-Соның өзі, Әбікеш.

-Итім-ақ екен. Мә, ендеше!- деп Әбікеш қанжынды Марғауға лақтырды. Ит орнынан қозғала қойған жоқ.

-Ау, мынауың бір тоқмейіл ғой.Күнде тоқты сойып берудің қай жағындасың?

Итінің ата-тегі туралы жай лақапқа еріп жүрген Лезбай бірдемені білетін адамша қарқылдай күлді.

  • Мұның өзі док деген ақсүйек тұқымынан. Жат қолынан өлсе де тамақ алмайды.

Қаба сақалдың ғұмыры көрмегені. Соншалықты қайран:-Сүйек-саяққа қырылысып қалатын біздің шәуілдектен емес десейші. Естімеген елде көп деген осы екен-ау!

Лезбай дән риза. Итінің мойнынан сипады да,Әбікештің қасына келіп, көкке жантайды.

/////////////

Күздің жылауық бұлты аспанды жиі торлайды. Бірде ұзақты күн дым бүркіп, сары аурудай созылып, былжырап тұрса, бірде қара нөсер боп дауылдата келіп, төгіп-төгіп алады. Қайтсе де мал мен жанға қиыны осы бір кез екен. Үйде де, түзде де сондай көңілсіз. Малмандай су басқан қойлар самарқау оттайды.

Үстіне брезент шекпен киіп, жалбағайын бастырып алған Лезбай мұндайда тас түйін.

-Оқыс оқиғалар осындай күнде болып қалады. Марғау, сен оң бүйірге шық, мен сол жақта болайын. Марау сен алға шық, мен соңда болайын, -деп үнемі құлағы тігулі ат үстінде жүреді. Шопан тілін анық түсіне бастаған Марғау сондай елгезек, дегенді екі етпейді. Лезбай нұсқаған жаққа шауып шығады да қойды қақпайлап қайырумен болады.

Сондай бір жауын-шашынды лайсаң күннің бірі. Ертемен борай жауған ұйытқыма жаңбыр түс кезінде толастап, бұлт арасы ыдырады. Лезбай тоңайын деді. Денесі мұздай бастаған Марғау отарды айнала шауып жүр.

Бір кезде бір отыр қойды қақпайлап, екі жігіт жақындады.

-Е, Леке, аман-саусың ба?-айыр қалпақ киген ересектеі бері салды.

-Мына Құдайдың күні қайтеді.Қыс ерте түсе ме деймін. Әпіректей иіріп барады, -деп шағынды Лезбай. Екеуі әңгімемен алданып отырғанда –Табын араласып барады, -деген айыр қалпақтың інісінің айқайлаған даусы естілді.

Марғау Лезбай қасынан жосылта шауып, үріп өтті: «Ана бала қойларды араластырып жіберді. Тезірек атқа қон»

-Е, араласса қайтер дейсің, ажыратып алармыз, -деп Лезбай асықпай атқа мініп, малға беттеді. Айыр қалпақ төпелеп, қойларды ажыратып әлек. Марғау мал ішінде әр қойды бір тістелеп, арсылдап жүр.

-Ау, Леке, мына итіңе не болды? Қойлардың ит әлегін шығарды тіпті. Лезбай итін ұстады. Ер-қарасын сыбай жүріп, айыр қалпақ малдарды ажыратты. Осы әуремен кеш түсті. Іңір қараңғысында жан дәрмен Лезбай әйтеуір отарын алдына салып, үйге беттеді. Марғауда ес жоқ, арасы алысьтап бара жатқан екі отардың ортасында жосылта салып, абалаумен жүр.

-Бүйтпесең, сен ит боласың ба, деп кейіді Лезбай. «Ап-ап, кейігенің не, ана отарда бір қора мал кетті. Ит шынында да бекер абаламаған екен, ертеңіне Айған араласып, қой басын санаса, он шақты саулық жоқ.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок "Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы»""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 357 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 4476
    • DOCX 31.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койайдарова Назгул Рыскулбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12938
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе