Инфоурок Технология Другие методич. материалыОткрытый урок "Технология приготовления из песочного теста"

Открытый урок "Технология приготовления из песочного теста"

Скачать материал

Технология пәніне  арналған

күнделікті сабақ жоспары

 

Өтетін күні: ___________            Сыныбы:____________  

 

 Сабақтың тақырыбы: «Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын,  қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа материалды игеру сабағы

Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі

Қолданылған технология:  жобалау технологиясы

Оқыту әдістері мен тәсілдері :  даралап-саралап оқыту, топқа бөліп оқыту,жұптық жұмыс,  пікір алмасу, баяндау, қайталау,тест, жұмбақтардың шешуі.

Корнекіліктер мен құрал-жабдықтар:_ үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал жабдықтар,дәптер ,оқулық, печенье, пирог, торттар туралы  слайдтар

 

 

Сабақ жоспары:


1.Ұйымдастыру кезені

2. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

3.Үй тапсырмасын тексеру                    кезеңі

4 Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

5.Сарамандық жұмыс

6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі

9.Жұмыс орнын жинақтау.


1. Ұйымдастыру кезені


1.     Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

2.     Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

3.     Арнаулы киімін тексеру;

4.     Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату;

5.     Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

6.     Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру


 

 

 

 


2. Өткен материалдар бойынша

 білімдерін тексеру кезеңі:(Тексерудің әдіс-тәсілі)-тест арқылы

1.     Кондитер бұйымдарының құрамы қандай?

2.     Кондитер бұйымдарына нелер жатады?

3.     Қамырдың түрлері қандай болады?

4.     Құймақ, оладий, бисквит әзірлеу үшін қандай қамыр керек?

5.     Қарапайым тұщы қамырдан нелер дайындалады?

6.     Тұщы қамырды әзірлеу үшін қандай қоспалар керек?

7.     Құймақ дайындау үшін қандай ұнды пайдаланады?

8.     Құймақтың дайындалу технологиясын кім айтады?

3. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: :(Тексерудің әдіс-тәсілі)

Жобалау технологиясының 1 дейгей

 Ұннан жасалған кондитер бұйымдар туралы мәлімет жинау,зертеу,баяндама жасау

Ұн, қант, май, жұмыртқа сөздерін орысша және ағылшын тілдеріне атау

Жауабы: Ұн – мука – flour , Қант – сахар – shugar ,  Май – масло – butter

 Жұмыртқа – яйцо – egge

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:(Түсіндірудің әдіс-тәсілі)

Сабақтың тақырыбы : «Үгілмелі қамыр әзірлеу»

Жоспары:

1.     Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері

2.     Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы

3.     Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.

Ø Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

               Қайнатса екеуі де мұзға айналады.     (жұмыртқа)

Ø Жатып қарасам екеуі де аппақ,

               Татып қарасам тәтті – ақ.                    (қант)

Ø Суықта мұз болып қатады,

               Ыстықта балқып жатады.                    (май)

Ø Ақ тікенді бүктедім,

               Көк есекті жүктедім.                            (астық)

Жұмбақтардың шешуі – біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық – түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады? Сонымен балалар«Өнерлі қол – бақытқа жол» деп біздер сіздермен  сабақта үгілмелі қамырдаң  жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық.

5.Сарамандық жұмыс(Техниқалық, тазалық ережедерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату)-бізді  «кулинария кабинет» жоқ,сондықтаң теория ретінде оқыймыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІҢ  қайталайық:

1.     Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2.     Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын  арнайы тұтқышпен ұстау керек.

3.     Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

4.     Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа.

5.     Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды.

 «Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»туралы слайдтарды

Қөреміз.

6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

(Зерттеудің әдіс-тәсілі) сүрақ-жауап- топпен жұмыс

«Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»туралы слайдтардың қорытындысы:

1 топка сұрақ:  үгілмелі қамырдың құрамы?Атап шық.

2 топка сұрақ: неше дайындау тәсілі бар? Атап шық.

Екі топка сұрақ: қандай тағамдар үгілмелі қамырдаң дайындайды?

7.Бекіту кезеңі:(Бекіту әдіс-тәсілі) жұптық жұмыс-бірің бірі тексереді.

 

Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

·        Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

                     Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.

·        Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

                    Жауабы: 2,4,3 тәсіл

·        Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?

                     Жауабы: Кондитер ,  жеңіл  өнеркәсібі

·        Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай  азық-түліктер қажет?

                   Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа

·        Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

                    Жауабы: 180 – 2200 С

·        Торт, печенье, тоқаш, бәлішті қандай сортты ұннан дайындайды?

                   Жауабы: Жоғары сортты

·        Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

                   Жауабы: ванилин

 

 

 

 

 

 

8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі:

Үгілмелі қамыр түрлерінен тағам дайындап үйрену

Топ жетекшілері «Бағалау парағы» бойынша оқушыларға бағаларын айытып шықсын.

 

9.Жұмыс орнын жинақтау.

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балық  және теңіз өнімдерінің құндылығы туралы түсінік. Қазақстан халықтарының  дәстүрлі тағамдары.Балықтың бірінші өндеу жұмыстары.Балықты жылумен өндеу  әдістері. Балық  және теңіз өнімдерінің шикі заттарды дайындау.

Дастархан жабдықтау түрлері. Жабдықтауға қажетті заттар.Мерекелік дастарханға  сүлулықты бүктеу  түрлері.Қонақжай дастархан.( қазақ халықының  салт-дәстүрі).Этикеттің ережелері.

Қамырдан жасалған бұйымдар.Қамырдың түрлері.Тұщы және ащытқылы қамырдар.

Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы

№4сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұн өнімдерінен  жасалатын тағамдар. Ашытқылы және ашытқысыз қамыр

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен  ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кондитер бұйымдарын дайындауға қажетт

 құрал-жабдықтар

Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия

Сабақты жаңа технология элементтерін пайдалана отырып «Блум жүйесі» бойынша өткіземін. Әуелі сынып қыздарын екі топқа бөліп аламын.

І. Ұйымдастыру:  Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

І деңге «Сұрақ бізден, жауап сізден»

Үйге берілген тапсырма бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы жауап береді.

1)    Ұнның дымқылдығы қалай анықталады?

2)    Ұнды електен өткізудің маңызы неде?

3)    Жоғары сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?

4)    Екінші сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?

5)    Кондитер бұйымдарын жасау үшін қандай қоспалар қажет?

6)    Тамақ содасы не үшін қолданылады?

7)    Ванилиннің маңызы қандай?

8)    Қамыр қалай ашытылады?

Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды  орындау қажет:  а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.

ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.

Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.

Енді  ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.

1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.

2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

4. Ұсақ өнімдерді пісіру  10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.

Ал енді ашытылған қамырдан  картоп салынған бәліш дайындайық.

Сарамандық жұмыс

Қажетті ыдыс-аяқтар:  – қамыр илеу үшін табақ, азық-түліктерді турайтын

тақтайша, электр духовкасы немесе таба.

Азық түлік:  1 кг – ұн, 1 стакан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1- жұмыртқа.

Салма үшін – 1 кгкартоп, 1 – бас үлкен пияз, 50 гсары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.                                       

 

                                         Жұмыс барысы:

 Салманы дайындау

1. Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуыру.

2. Аршылған картопты пісіру.

3. Суын төгіп, картопты езу, қуырылған пиязды қосу.

4. Бұрыш, тұз қосып араластыру.

5. Бөлме температурасына дейін салқындату.

Қамырын дайындау үшін

1. Ұнды илеу.

2. Ұнға араластырылған ашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды

қосып, бостау етіп қамыр илейді,

3. Дайын қамырды кішкентай күлшеге бөліп, жұқалап жайып, ортасына

салма салып бүгеді.

4. Бәлішті майлаған қаңылтыр табаға салып, толықсытуға қояды.

5. Жұмыртқаны араластырып, бәліштің бетіне жағып қояды.

6. Нан пісіруге арналған шкафта 200-250С температурада 10 – 12 минутқа

қойып пісіреді, немесе сұйық майға қуырады.

Дайын піскен бәліштің дәмін көру, жетістіктерін талқылау

IV. Сабақ қорытындысы:     а) Әрбір оқушының жұмысын бағалау. Баға қою

ә) Үй тапсырмасын беру:  Тамақ әзірлеу

технологиясы бойынша реферат дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

      

 

 

Сабақты қортындылау:

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

 

№7сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған тағамдарға қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен  ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Сарамандық жұмыс:

  Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.

 

 

 .

 

 

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

 Үй тапсырмасы:

Сабақ тақырыбы:   Ашытылған қамыр дайындау технологиясы. Ашыған қамырдан  тағам пісіру.

Сабақ мақсаты:     -

Білімділігі:  ашытылған қамырдан тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік  дағдыларын  қалыптастыру.

Дамытушылығы: танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбилігі:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:     практикалық сабақ.

Оқыту әдісі:   түсіндіру, көрсету, уйрету.

Құрал жабдықтар:  тегеш, электр пеші, қалып.

Азық-түліктер: ұн -1,5 стакан, 0,5 –шай қасық сода, дәміне қарай тұз, 250 гр -қаймақ, 3-4 қызанақ, 100-150 гр сыр, 1-2  пісірілген жұмыртқа, 10-15 г көкшөптер, 1- шай қасық өсімдік майы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезені: -  сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, дайындықтарын

тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру. – салқын көжелерді қай мезгілде дайындаған жөн?

-  неге салқын көже деп атаймыз?

-  сорпаны дайындаудың неше әдісі бар?

- көже дәмінің сапасы  неден байланысты?

- сорпаны неден қайнатады?

III. Жаңа сабақ.  Қамырдан жасалған тағамдар мен кондитерлік өнімдер көптеген халықтардың аспаздық өнерінде елеулі орын алады.

Мысалы: а) ұннан жасалатын тағамдар әр түрлі қамырдан және  көп ассортиментте пісіріледі; олар: нан, бөлке, батон, тоқаш, күлше, бауырсақ т.б;

ә) ұннан жасалатын аспаздық өнімдер: құймақтар, бәліш, пирог, тұшпара, мәнті;

б) ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер – торттар, кекстер, печенье, вафли, пряниктер.

Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды  орындау қажет:  а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.

ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.

Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.

Енді  ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.

1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.

2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

4. Ұсақ өнімдерді пісіру  10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.

Ал енді ашытылған қамырдан  картоп салынған бәліш дайындайық.

Сарамандық жұмыс

 

Қажетті ыдыс-аяқтар:  – қамыр илеу үшін табақ, азық-түліктерді турайтын

тақтайша, электр духовкасы немесе таба.

Азық түлік:  1 кг – ұн, 1 стакан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1- жұмыртқа.

Салма үшін – 1 кгкартоп, 1 – бас үлкен пияз, 50 гсары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.                                       

 

                                         Жұмыс барысы:

 Салманы дайындау

1. Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуыру.

2. Аршылған картопты пісіру.

3. Суын төгіп, картопты езу, қуырылған пиязды қосу.

4. Бұрыш, тұз қосып араластыру.

5. Бөлме температурасына дейін салқындату.

Қамырын дайындау үшін

1. Ұнды илеу.

2. Ұнға араластырылған ашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды

қосып, бостау етіп қамыр илейді,

3. Дайын қамырды кішкентай күлшеге бөліп, жұқалап жайып, ортасына

салма салып бүгеді.

4. Бәлішті майлаған қаңылтыр табаға салып, толықсытуға қояды.

5. Жұмыртқаны араластырып, бәліштің бетіне жағып қояды.

6. Нан пісіруге арналған шкафта 200-250С температурада 10 – 12 минутқа

қойып пісіреді, немесе сұйық майға қуырады.

Дайын піскен бәліштің дәмін көру, жетістіктерін талқылау

IV. Сабақ қорытындысы:     а) Әрбір оқушының жұмысын бағалау. Баға қою

ә) Үй тапсырмасын беру:  Тамақ әзірлеу

технологиясы бойынша реферат дайындау.

                                    

       

                   

               

                                       

 

б) Жұмыс орнын жинастыру

елі қамыр әзірлеу

 

 

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

 Үй тапсырмасы:

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок "Технология приготовления из песочного теста""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2016 669
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наккажина Карима Калибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Наккажина Карима Калибековна
    Наккажина Карима Калибековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2370
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 301 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 970 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 561 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 237 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе