1. «Ата заңым менің»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді
қайталап өтейік.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Жаз
мезгілінде неше ай бар?
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң
достарым
-
Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?
-
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-
Еліміздің астанасы қай қала?
-
Астана қаласы.
-
Қазақстан Республикасының президенті кім?
-
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-
Қандай мемлекеттік рәміздеріміз бар?
-
Ту, Елтаңба, Әнұран
Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші: Балалар
біздің еліміз егеменді Қазақстан.
Еркін тәуелсіз елдің
азаматтарымыз. Сондықтан да біз бір заңға бағынамыз. Ол Қазақстан Республикасының
Конституциясы – Ата заңымыз.
2. Тақпақтар
Жансұлтан
Еліне арналатын тілегі шын,
Ұрпақтарым Отанымның түлегіміз?
Іргесін туған елдің тірек тұрған,
Қадірін Ата заңның білемісің?
Нұрасыл
Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым
Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым
Ата Заңым – шариғатым, шарттарым
Бағдар шамым, бойға қуат ұраным.
Әйгерім
Ынтымағым, татулығым, бірлігім
Атап өтер 30-ы бұл ұлы күн
Арқа сүйер Ата Заңым тұрғанда
Қазақстан өзіңменен Ұлымын,
Қазақстан биік сенің тұғырың.
Нұрдәулет
Оқы да білім ал деген,
От болда мәңгі жан деген,
Ата заңым менің!
Балнұр
Еңбек ет еркін жүр деген,
Асыр салып, ойнап күл деген,
«Ата заңым менің»!
3 Суретпен
жұмыс
Балалар тудың суретін салды.
Ойын «Досыңның есімін ата»
Шарты:
Балалар өз есімін атап ата-аналары қалай еркелететінін айтады.
Сергіту сәті
Біз кішкентай
баламыз,
Өсіп-өніп,
толамыз.
Тәуелсіздік
жолында
Көкке қолды
созамыз.
Балалардың көңіл – күйіне байланысты «Көңіл
күй» дидактикалық ойыны
Қорытынды
Орнымыздан тұрамыз
Үлкен шеңбер
құрамыз
Көріскенше күн
жақсы
Сау саламат
боламыз!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.