Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Открытый урок в 8 классе

Открытый урок в 8 классе

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2c580dff.gifhello_html_2c580dff.gifhello_html_2c580dff.gif8 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 


Тақырыбы:


Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Мақсат:


Жаңа білім

Компьютер ұғымын еске түсіреді. Компьютердің атқаратын міндеттерін атап шығады.

Жаңа түсінік

Компьютердің түрлерін қайта қарайды. Қазіргі заманғы дербес компьютердің негізгі элементтерін айырып таниды.


Қолданым әрекеті

Дербес компьютер элементтерінің өзара байланысын анықтайды.

Талдау әрекеті

Компьютер элементтерінің ерекшеліктерін сипаттай отырып талдайды.

Шығармашылық әрекет

Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің болашақтағы даму үрдісін жобалайды. Дербес компьютерлердің жаңа архитектурасын жасайды.


Бағамдау әрекеті

Дербес компьютерлердің маңыздылығын сипаттайды. Оларды компьютердің басқа түрлерімен салыстырып, компьютерлердің арасындағы ең көп тарағаны деп есептейді.

Сабақ құрылымы:



І. Ақпарат алмасу (12 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (8 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:


фронтальді, топтық.

Оқыту әдісі:


репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


Дербес компьютер, тасымал компьютер, Қалта компьютер, планшет, басқару құрылғысы, арифметикалық-логикалық құрылғы, регистр, жедел жады, қатқыл дискілер, монитор, пернетақта, тышқан

Оқушыда дағды қалыптастыру:


Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу

Ақпарат көздері:


  1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.

  2. Симоновича С.В. Информатика. Базовый курс. Учебное пособие / Под ред. – Питер: 2000.- 637.

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Компьютер

  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/Пернетақта

  5. Основы информатики: Учеб. Пособие / В. А. Коднянко. Красноярск: ИПЦ КГТУ, 2004. 324 с.

  6. Аладьев В.З., Хунт Ю.Я., Шишаков М.Л., Основы информат., М., 1998.

Оқушы жетістігін бағалау:


Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.

Үй тапсырмасы:

Өзіңіз қолданған компьютерлерді атап шығып, қай компьютерді кандай себеппен қолданғаныңызды жазыңыз.


САБАҚ БЛОКТАРЫ 



і. аҚПАРАТ алмасу



Тақырып жоспары:

  1. Компьютер ұғымы

  2. Компьютердің түрлері

  3. Компьютер элементтері және олардың атқаратын мақсаттары

Слайдтар:

1-слайд Компьютер ұғымы

  • Компьютер (ағылш. Computer – «есептегіш») – есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

hello_html_m3a8bd48.jpg



2-слайд Компьютердің түрлері

  • Компьютер бірнеше түрге бөлінеді және әр компьютерге сәйкес арнайы программалық-ақпараттық құрылым болады.

Компьютер

Дербес компьютер (ДК)

Қалта компьютер

Тасымал компьютер (ТК)

Планшеттік ДК








3-слайд Дербес компьютер (ДК)hello_html_9151a60.png

  • Дербес компьютер - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады.

  • ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:

    1. жүйелік блок;

    2. монитор;пернетақта;


4-слайд Тасымал компьютер (ТК)hello_html_7a6796cf.jpg

  • Тасымал компьютер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК.

  • Халық арасында тараған аты – ноутбук.

  • Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығында және көлемінің ықшамдылығында. 

Батареямен жұмыс істейді және жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең.


5-слайд Қалта компьютерлер

  • Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымал компьютерлер.

  • Жиі жеке сандық көмекші деп аталады.

Қалта компьютерде пернетақтаның орнына сенсорлық экран жаблықталған, оны саусақпен немесе перамен (қаламға ұқсас құрал) басқаруға боладыhello_html_m6eb514a2.jpg

6-слайд Планшеттік ДК

  • Бұл тасымал және қалта компьютерлерінің қасиеттерін жинақтаған тасымал ДК-лер.hello_html_m1b35f457.jpg

  • Белгілі операциялық жүйелер орнатылған:

    • Android (Google);

    • BlackBerry Tablet OS (англ.) (BlackBerry);

    • iOS (Apple);

    • Open webOS (LG Electronics);

    • Sailfish OS (Jolla);

    • Tizen (Intel / Samsung);

Windows RT (Microsoft).


7-слайд Компьютердің элементтері

  • Кез-келген дербес компьютер келесі құрылғылардан тұрады:

Негізгі элементтер

Қосымша элементтер

  1. Жүйелік блок

  2. Монитор

  3. Пернетақта

  4. Тышқан

  1. Принтер

  2. Сканнер

  3. Модем

  4. Ақпарат тасымалдаушылар

  • Жүйелік блок келесі элементтерден тұрады:

а) Процессор

ә) Басқару құрылғысы

б) Арифметикалық-логикалық құрылғы

в) Регистрлер (реттеуші тетік)

г) Компьютердің жадысы.

д) Қатқыл дискілер



8-слайд Монитор

  • Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпаратты бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

  • Қазіргі уақытта оның мынадай түрлері қолданылады:

    1. Ақпаратты шығару түріне қарай:

      • алфавитті-сандық (алфавитті-сандық ақпаратты ғана бейнелейтін дисплей);

      • графикалық (векторлық, растрлық);

    2. Құрылымына қарай:

      • ЭСТ – электрондық сәулелік түтікше негізінде (1-сурет);

      • СК – сұйық-кристалды дисплей (2-сурет);

      • Плазмалық – плазмалық тақта негізінде (3-сурет);

hello_html_m3c22dbd3.jpghello_html_mbbeab1.jpghello_html_m204455e4.jpg

1-сурет

3-сурет

2-сурет










9-слайд Пернетақта

  • Пернетақта (Клавиатура; keyboard) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы.

  • Пернетақтада бірнеше түрлі пернелер бар. Оларды мынадай санаттар бойынша жіктеуге болады:

    • Әріптік-цифрлық пернелері : бұлар әріптер мен сандар пернелері.

    • Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (") сияқты пернелер.hello_html_44a0870c.jpg

    • Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер, Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады. Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді.


9-слайд Процессор

  • Компьютердің басты элементі оның миы немесе процессор болып табылады.

  • Процессор дегеніміз – корпусқа орнатылған, өлшемі бірнеше квадрат миллиметр болатын электрондық схема. Ол барлық есептеулер мен ақпараттық өңдеуді секундына бірнеше миллион операция жылдамдықпен орындайды.

  • Компьютер процессордың жылдамдығымен сипатталады.

  • Процессор жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеді.

  • Процессордың құрамына мыналар кіреді:

1. басқару құрылғысы;


2. арифметикалық-логикалық құрылғы;

3. процессор жадысының регистері



10-слайд Процессордың даму хронологиясы

Шыққан жылы

Маркасы

Тактілік жиілігі (МГц)

Оперативті жады

1982

286

8-20

1-2 Мб

1985

386

20-60

2-4 Мб

1989

486

66-100

4-8 Мб

1993

Pentium

100-300

8-22 Мб

1997

Pentium II

300-450

16-32 Мб

1999

Pentium III

500-1000

32-128 Мб

2000

Pentium IV

1000-3400

128-800 Мб

2007

Core 2 Quad

2400-2667

8 Гб

2008

Core i7

2667-3333

24 Гб



11-слайд Басқару құрылғысы

  1. Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрылғыларының жұмыстарын мынадай программа бойынша басқарады:

    • жадыдан программаның кезекті командасын және барлық амалға қатысатын сандарды шақырады;

    • оларды арифметикалық-логикалық құрылғыларға бағыттап, алынған нәтижені жадыға жібереді;


12-слайд Арифметикалық-логикалық құрылғы

hello_html_7d4fa13d.png

4-биттік АЛҚ схемасы

  • Арифметикалық-логикалық құрылғы мәліметтерді өңдеуге арналған.

  • Ол арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды да аралық немесе соңғы нәтижені еске сақтау құрылғысына жібереді.

  • Ең алғашқы арифметикалық-логикалық құрылғыны ойлап тапқан – Джон фон Нейман.


13-слайд Регистрлер (Реттеуші тетік)

  • Процессор регистрі – негізгі немесе аралық мәліметтерді, не олардың бөліктерін сақтауға арналған және машиналық командаларды орындау кезінде пайдаланылатын, мөлшері бір немесе екі машиналық сөз болатын процессор ішіндегі жады ұяшығы.


14-слайд Компьютердің жадысы. Жедел жады

hello_html_57e957ce.jpg

  • Жедел жады – бұл өзгеретін ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.

  • Бұл компьютердің жұмыс жадысының көлемін, яғни бір мезгілде орындалатын программалардың саны мен өлшемін анықтайды.

  • Жады энергияға тәуелді жұмыс істейді. Компьютер өшірілгеннен кейін ондағы ақпарат жойылады.



15-слайд Компьютердің жадысы. Қатқыл дискілер

  • Қатқыл дискілер – бұл ЭЕМ-ныда (электрондық есептеуіш машина) ақпараттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

  • Бұл дискілер жиі винчестер деп аталады.

  • ДК-де қатқыл дискілер жүйелік блокта орналасады.

  • Винчестер бір немесе бірнеше маталл дискілерден тұрады.hello_html_m42ea8040.jpg

  • Қатқыл дискіде қозғалтғыш оқу/жазу бас тетігі мен электрониканы басқару құралы бар.

  • Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне сыйымдылық, беріктілік, өнімділік жатады.



іі. алғашқы бекіту



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Компьютер ұғымы және оның атқаратын қызметтері

Компьютер түрлері

Компьютер элементтері және олардың атқаратын мақсаттары






Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Компьютердің атқаратын қызметтерін жазып шығыңыз.

  2. Компьютерді қосу алгоритмі қандай?

  3. Компьютер процессорының қандай түрлерін білесіз?

  4. Екі санды қосу амалын компьютердің қай құрылғысы орындайды?

  5. Тасымал компьютерлерінің кемшіліктерін жазыңыз.

  6. Егер сіздің мақсатыңыз кітап оқу, музыка тыңдау және видео көру болса компьютердің қай түрін қолданғаныңыз дұрыс?

  7. Ену-шығу құрылғыларына 3 мысалдан келтіріңіз.

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Жедел жады мен қатқыл дискілердің айырмашылығын мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

  2. Процессор құрамына кіретін құрылғылардың өзара байланысын жазыңыз.


ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Үй қолданысына, яғни документтер жасауға, видео көруге, ойын ойнауға арналған компьютер сатып алатын болсаңыз қандай құрылғыларға назар аудару керек және неліктен?



іV. шығармашылық әрекет



Топтық жұмыс.

Келешекте даму процессінің нәтижесінде компьютердің элементтері қалай өзгеруі мүмкін? Қандай жаңа құрылғыларды орнатар едіңіз және қай құрылғыларды алып тастар едіңіз?

1-топқа: Жоғарыда берілген сұрақ.

2-топқа: Жоғарыда берілген сұрақ.



Жинақтау

1 мин



Рефлекция


Тақтаға плакатта көңіл – күйі бойынша күлегештерге стикерді іледі

  • Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?

  • Өз бетіңізбен жұмыс тапсырмаларын түсіне алдыңыз ба?

  • Топпен жұмыс істеу ұнады ма?

  • Өз достарыңмен тақырыпты талқылаған түсінікті ме?

  • Маған бұл сабақ керек емес деп ойлайсыз ба?

Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.



1 мин

Бағалау




V. бағамдау-бағалау



1 мин

Үйге


«Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазу

1 мин


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров177
Номер материала ДВ-120739
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх