Инфоурок Иностранные языки КонспектыОткрытый урок в 6 классе по казахскому языку в русской школе флипчарт

Открытый урок в 6 классе по казахскому языку в русской школе флипчарт

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Сабақтын тақырыбы Астанаға саяхат 6 сын.docx

Сабақтын тақырыбы:    Астанаға саяхат                           

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:      Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.                                                                 

1.     Білімділік: Оқушыларды көрнекті орындарымен таныстыру. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем құрау біліктерін арттыру, сөздік қорларын молайту, алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

3.     Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік  рухында тәрбиелеу, Елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға  эстетикалық , патриоотық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ауызекі сөйлеу, жұптық жұмыс

Көрнекті құралдар: Астана қаласының суреттері, сөздіктер, семантикалық карталар, тест тапсырмалары, мәліметтер

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, қазақ әдебиеті, дүниетану

 

Сабақ барысы:       І. Ұйымдастыру кезеңі

1.     Амандасу.

2.     Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. Назарын сабаққа аудару.

3.     Үй  тапсырмасын сұрау, тексеру.

Психологиялық жағдай.

Бір шеңбер құрып, тілектер айту.

 

Сәттілік тілеймін!                                                    Бақытты бол!

Мақсатыңа жет!                                                       Ақылды бол!

Мерекең құтты болсын!

Оқуда озат бол!

Әрқашан алда бол!                                                        

Еңбекте  жемісті бол!

Қиындыққа төзе біл!

Келер ырысың мол болсын!

Денің сау болсын!

ІІ. Жаңа сабақ:

Ой шақыру стратегиясы: Бір оқушы чемодан алып сыныпқа кіреді. Оқушыларға сұрақ.

-         Чемоданды көргенде көздерінің алдында не елестейді?         (саяхат)

-         Дұрыс, ендеше суреттерді мұқият қараңдар, бұл қандай қала?      (Астана)

-         Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?     

-         (Астанаға саяхат)

- Балалар, дұрыс, бүгін сабағымыз «Саяхат сабағы». Біз елордамыз  Астана қаласын танып-білуіміз үшін лексикалық тақырыппен, грамматикалық тақырыптарды байланыстырып өтеміз. Алдымен,  Астана қаласының символы  Бәйтерекке шығу үшін, сіздерге берілетін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет.

А)  «Мәтін» көлі  Ә) «Семантикалық карта» өзені  Б)  «Септіктер» теңізі

В)  «Сөйлем» тауы  Г) « Тест»  шыңы  Д)  «Бәйтерек» мұнарасы

 

      - Балалар, сендерге алдын ала тапсырмалар берілді. Бүгін сендер  Астана туралы тақпақ жаттап келдіңдер, ал өнеріңізді көрсетіңдер.      (оқушылар тақпақ жатқа айтады)

                Астана

               Ей, Астана!

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып,  бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

(Нұрперзент Домбай).

                   Елорда

          Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік,  достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.

 

             Жүрегімнен Ақ тілек

          Астананың Есілі сарқырайды,

Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.

Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,

Астанамның сұлулығын айқындайды.

Сәулеті де Астананың сондай көркем,

Сағынамын қаламды алыс кетсем.

 

Астана туралы жырлар

 

Ақша бұлттар аспанында

Ақ ботадай ойнақтаған Астана.

Жүз түрленіп қас-қағымда,

Жан сырына бойлатпаған, жас қала.

 

Көшелері күнге ғашық,

Әрбір тасы ән салатын Астана.

Жырын толғап, биге басып,

Жер – жаһанды қарсы алатын бас қала.

 

Еркелеген Есіл ару,

Бұрымдары жарқылдаған жас қала.

Таңы – сұлу, кеші – дәру,

Ақ самалы аңқылдаған Астана.

 

-         Біздің сыныпта Астанада болған оқушылар бар ма? 

-         Жақсы, Индира Астанада болған, сондықтан Индира бізге бүгін алдын ала тапсырма бойынша  өзінің шығармасын оқиды. (фотосуретін, слайдтар көрсету)

Астанаға саяхат

      Біз анамыз екеуіміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Поезбен Астана қаласына да жеттік. Астана - өте әдемі, үлкен қала. Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті.  Астанада жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар көп. Мен «Ханшатыр», «Думан» «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтарында болдым. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын.

 

Сонымен, балалар, Бәйтерекке шығу үшін  бірінші тапсырманы орындаймыз.

Мәтінмен жұмыс  (топпен, жекеше). 

Мәтінді бір-неше оқушы оқып шығады (жекеше).  Жаңа сөздермен таныстыру, тізбектеп оқу  (жекеше)

Жаңа сөздермен жұмыс:

Сапар шегу  - путешествовать

Саяхат жасау – путешествовать

Әлем – мир, вселенная

Көзім жетті – убедилась, убедился

Тұрғын үйлер – дома для жителей города

Ғимараттар – архитектурные здания

Ойын –сауық орталығы  – развлекательный цетр

Мақтан тұтамын – горжусь

 

(топпен жұмыс) Мәтін бойынша  топтар бір-біріне ұшақпен сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап беріп тағы бір-біріне ұшақтарды ұштырады.  (айтылым, жазылым, оқылым)

1.     Астана қандай қала?      Астана әдемі, үлкен қала.

2.     Астанада нелер көп?  Астанада тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар, «Ханшатыр», «Думан» «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтар көп.

3.     Қаланың ортасында қандай өзен ағып жатыр?   Қаланың ортасында  Есіл өзені ағып жатыр.

 

-         Сонымен, балалар, біз қандай тапсырманы орындадық? (Мәтін көлі). Мақсатқа жеттік пе?

-         Иә, жеттік

-         Балалар, қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?  (4) (көптік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау)

-         Көптік жалғауларын еске түсірейік (лар, лер, дар, дер, тар, тер)

-         Естерімізге түсірдік, ендеше қазір біз сендермен келесі тапсырманы орындаймыз. Келесі тапсырма «Семантикалық карта» өзені

(жұппен және жекеше  жұмыс)       (тыныш әуен қосу)      (жазылым, айтылым, оқылым)

 

Семантикалық карта

 

Сөздер

лар

лер

дар

дер

тар

тер

қала

 

 

 

 

 

 

тұрғын үй

 

 

 

 

 

 

орталық

 

 

 

 

 

 

ғимарат

 

 

 

 

 

 

астана

 

 

 

 

 

 

көше

 

 

 

 

 

 

саяхат

 

 

 

 

 

 

 

Бір- бірінің жауабын  тексеріп, баға қою. (жауабы тақтада)

 

Сөздер

лар

лер

дар

дер

тар

тер

қала

+

 

 

 

 

 

тұрғын үй

 

+

 

 

 

 

орталық

 

 

 

 

+

 

ғимарат

 

 

 

 

+

 

астана

+

 

 

 

 

 

көше

 

+

 

 

 

 

саяхат

 

 

 

 

+

 

 

-         Қандай тапсырманы орындадық? Неден өттік?  («Семантикалық карта» өзені).

-         Ал, балалар,  келесі тапсырманы орындау үшін «Септіктер» теңізінен өтеміз.  (тақтамен, дәптерлермен жұмыс)  Сөздерді септеу  (үш оқушы тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне)

Астана, Ханшатыр, Бәйтерек                   (жазылым)

 

-         Балалар, біз неден өттік?  Дұрыс,  теңізден

-         Енді кішкене демалайық

 

Сергіту сәті.   «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрінер.

 

 

-         Ал, балалар, кішкене демалдық  енді біз сендермен тауға шығамыз, ол үшін келесі тапсырманы орындаймыз. Сөйлемдерді дұрыс құрастырамыз. (жекеше жұмыс)  (бейнеутақтамен жұмыс)  (оқылым)

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, оқыту.

  Тапсырма:

1.     Болашағы, зор, Астананың.                 (Астананың болашағы зор)

2.     Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.(Астанада билердің ескерткіштері бар)

3.     Қала, жас, сұлу, Астана, ең.        (Астана ең сұлу, жас қала)

 

ІІІ. Бекіту

-Балалар, біз неге шықтық?   

- Дұрыс, тауға шықтық.  Ал енді оның шыңына жету үшін  «Тест» тапсырмасын орындаймыз.   (Крейк Роман өзгеше жұмыс жасайды)

 

1.Астана …. қала:

а)көне    ә)ескі     б)таза   в)әсем

 

2. Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтөбе     ә)Алматы           б)Ақмола           в)Орал

 

3.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Еділ           ә)Қарасу              б)Есіл          в)Жайық

 

4. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күшті қала            ә)Астана-Қазақстанның астанасы          

б)Астана-Қазақстан қаласы             в)Астана жас қала

 

5.Астанада қандай ойын-сауық орталығы бар?

А) «Медеу»       Ә) «Алтын адам»       Б) Бәйтерек           В) Эфелевая мұнарасы

Жауаптары:    (бір-бірін тексеру, бағалау)

1 – В

2 – Б

3 – Б

4 – Ә

5 – Б

 

(Романның тапсырмасы)  Жоғалған әріптерді қою.

1.     Астанада билерд..ң ескерткіштер.. бар. 

2.     Ма..ан Астана қалас..  өте ұнайд...

3.     А..тана - өте әдем.., үлкен ..ала.

4.     Қаланы..  ортасынан Есіл өзен..   ағып жат..р.

 

-         Сонымен, балалар, біздер саяхат сабағын өткізе отырып «Бәйтерек» ғимаратына кірдік. Сондықтан «бес жол» өлең құрастырамыз. (бейнеутақтамен жұмыс, оқушылардың жауаптарын тындап, пердені ашу)

 

1. «Города» сөзінің аудармасы                              1. Қалалар

2. Қазақстанның қалалары қандай?                       2. Әдемі, үлкен

3. Ол қалаларда біз не істедік?                              3. Бардық, көрдік, ұнады

4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр.                 4. Қазақстанда әдемі  қалалар көп.                    

5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт                5. Шаһар, кент

 

 

ІV. Сабақты қорытындылау: Не білдік?  Немен таныстық?  Не білгім келеді?

Астана – бас қала.

Астананың  ғимараттарымен таныстық.

«Бәйтерек» туралы көбірек білгім келеді.

 

V. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Астанадағы “Бәйтерек”  туралы мәлімет тауып, презентация жасап келу.     (Аня, Надя, Индира)

 

VІ. Үйге тапсырма:  Сөздерді жаттау   (бәрі)

VII. Бағалау:  Оқушылардың бағаларын анықтап, бағалау.

-Балалар, Қазақстанда қандай мейрам жақындап келе жатыр?

- Тәуелсіздік күні

- Тәуелсіздік күнге біз бір-бірімізге, қонақтарымызға қандай тілектер тілейміз?

-Қазақстаным гүлдене берсін!

-Менің Қазақстаным әдемі болсын!

- Қазақстанда адамдар тату болсын!

-Қазақстанда байлық көп болсын!

 –Қазақстанда ақылды оқушылар көп болсын!

-Елу елдің қатарына енсін!

- Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок в 6 классе по казахскому языку в русской школе флипчарт"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 755
    • ZIP 21.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Саржан Зархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Саржан Зархановна
    Бекенова Саржан Зархановна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 5135
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 830 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек