Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Открытый урок "Әжемнің үйінде қонақта"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Открытый урок "Әжемнің үйінде қонақта"

библиотека
материалов

МҚКК « Ямышев сәбилер бақшасы»















Ашық сабақ : «Әжемнің үйінде қонақта»























Өткізген : Рымгожина А. С.











2016 жыл

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

Бөлімі: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Ән – күй

Тақырыбы: «Әжемнің үйінде қонақта»

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, өнері, тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың сөздік қорын толықтыру, сұрақтарға толық, байланыстырып сөйлеп жауап беруге үйрету, бесікке салу дәстүрімен таныстыру, үлкендерді сыйлауға, еңбекті қадірлеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: әже - бабушка, внук – немере, кимешек – головной убор, камзөл- верхняя одежда.

Сөздік жұмыс: бесік жыры, бесік.

Көрнекіліктер: ұлттық тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер, бесік, ұлттық дастархан атрибуттары, үнтаспа, «Бесік жыры» кітабы сөйлейтін қарандашпен.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашады,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,сәлеметсіздерме, қонақтар!

Балалар, біз бүгін әже туралы сөйлейміз.

Кім әжесімен бірге тұрады, кім қонаққа барып тұрады әжесіне ?

Кімнің әжесі қандай?

Қане, фотосуретін көрсетіп әже туралы айтайық. ( Ернар, Елназар, Асылхан, Дильнура өз әжелері туралы әңгімелейді.)

Кім әже туралы тақпақ біледі? (Адильжан, Райхан, Елназар, Фариза тақпақтарын айтады.)

Адильжан:

Менің әжем, ақ әжем -

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Райхан:

Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем,

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.

Шай қайнатып берейін

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйіп берейін,

Балдай тәтті бал әжем.

Елназар:

Жылы сөзбен жанға жайлы,

Жарығым деп аймалайды.

Басқаларға білдірмейді,

Кімнің баласысы дейді?

Атын айтсам мәз болады,

Көңіліне жаз қонады.

Фариза:

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзінді.

Тәрбиеші: Балалар, әже - ең қадірлі, қымбатты жан отбасыда, әже үйде көп шаруа істейді: дәмді ас пісіреді, үйді басқарады, кесте тігеді, немерелерін тәрбиелейді.

Әженің тағы да бір үлкен міндеті - немере туғанда басына кимешек – головной убор, камзөлін - верхняя одежда киіп, сәбиді бесікке бөледі және бесік жырын айтады. Қазақ халқы салт –дәстүрін сақтап баласын қырқынан шығарады, шілдехана, бесік той жасайды, тәй-тәй басып келе жатқанда тұсауын кеседі, есейгенде атқа міңгізеді, шаңырақ көтереді, баласын үйлендіріп тойлайды.

Сергіту:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Балалар шеңберде тұрады.

Атқа мінген бала шеңберді айналып әжеге шауып келіп қуанышты хабар әкеледі, сүйінші сұрайды.

Асылхан: Сүйінші, сүйінші, ұл туды, ұл туды!

Әже: Қалағаныңды ал - дейді.

Асылхан ұсынылған ойыншықтардың , бишік, ертоқым макеті арасынан қалаған затты алады.

Әже: Менде бірінші немерем дүниеге келді, барлық ауылды шақырып Шілдехана тойын тойлайық.

Тәрбиеші: Балалар, әжеде немере туыпты, әже бізді Шілдехана тойына шақырды, барып әжені құттықтайық. Сүйіншісін, шашуын апарайық.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, әже! Немереңіздің бауы берік болсын, үлкен жігіт болсын! (Сыйлықтарын береді.)

Әже: Рахмет, айтқаныңыз келсін. Төрлетіңіздер.

Балалар үстел айналасына жайғасып отырады.

Тәрбиеші: Жаңа туған баланы бесікке салу халқымыздың мағыналы, елеулі бір дәстүрі.

Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Туған жер - алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.

Әже: Балалар , мынау бесік. Мынау баланың жататын жері, мынау түбегі, мынау тартпабау. Бесікке балаға шақтап көрпе, жастық тігіп төсейді. Бесікті алдымен пәле-жаледен отпен аластайды. Бесікке салғаннан кейін «Бесік жыры» айтылады.

Сөзі: Серік Тұрғынбековтыкі

Орындаған : Күнсұлу Тұрлыбекова

Бесік жыры (18 бет сөйлейтін қаламмен айтылады)

Әлди, әлди бөпешім

Ертең өсіп жетесін.

Асулардаң асасың

Өткелдердең өтесің.



Бүлдіршінім – ұланым,

Саулығынды сұрадым.

Бесігінді тербетсің

Әлдилеген жыр-әнім.



Ту ұстайтын қолына

Батыр болар ма екенсің.

Ел ертетің соңына

Ақын болар ма екенсің.



Әуеніне елтетін

Әнші болар ма екенсің.

Күмбірлетіп шертетін

Күйші болар ма екенсің.



Әр ісінің ізі бар

Ұста болар ма екенсің.

Ұлағатты сөзі бар.

Ұстаз болар ма екенсің.

Алқынбайтын алысқа

Тұлпар болар ма екенсің.

Самғайтұғын алысқа

Сұңқар болар ма екенсің...

Әже: Міне, балалар, менің немерем « Бесік жырын» тындап ұйықтап кетті. Қазақта « Бесіктің басын есікке қаратпа», «Бос бесікті тербетпе» дейтін тыйм сөздер бар. Бесікке байланысты мақал-мәтелдер : «Туған жер- алтын бесік», «Ел болам десең - бесігіңді түзе», «Тәрбие тал бесіктен басталады».

Әже: «Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың», дастарханға жақынданыздар,

тойымызды жалғастырайық.

Тәрбиеші: Қыздар, әжеге дастархан жайуға көмектесейік. Айша, Райхан, Фариза ұлттық тағамдардың атрибуттарын үстелге қояды.

Әже: Астарыңыз дәмді болсын, жеп ішіңіздер.

Балалар қонақ болып ойнап көрсетеді.

Залда «Қазақтын салт-дәстүрлері» әні орындалады.

Тәрбиеші: Әже, құрметті қонақтар, тойларыңыз құтты болсын ! Немереңіздің бауы берік болсын, дені сау болсын, еліміздің мақтанышы, бақытты болсын!

Әже: Батаңызды беріңіз.

Елназар: Илла, аминь.

Тәрбиеші:

Құтты болсын бесігін,

Артық болсың несібің.

Дастарханы жайылып,

Ашық болсың есігің.

Қуаттты болсын бүгінгі,

Шілдехана тойларың

Тілектерін қабыл боп,

Орындалсын ойларын.

Әуемин!

Әже: Келгендеріне көп – көп рахмет, сау болыңыздар!

Балалар әжемен қоштасып, орындарына келеді.

Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық?

Қандай салт – дәстүр көрдік ?

Әже қандай тыйм сөздер, мақал - мәтелдер айтты ?


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров150
Номер материала ДВ-548222
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх