Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Открытый воспитательный час на тему"Наурыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Открытый воспитательный час на тему"Наурыз"

библиотека
материалов

Мақсаты:Қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,сахналау өнеріне баулу,балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сахна мерекеге сай безендіріледі,қабырға газеттері,нақыл сөздер т.б.

Барысы

Ұйымдастыру:

1-жүргізуші:Амансыз ба апа?

2-жүргізуші:Әже НАУРЫЗ мерекесін әжеміздің үйінде өткіземіз-деп өзіңізді немерелеріңіз іздеп келдік.

Әже:Ой айналайындар.Бәсе,бәсе.Өзім де сендерді сағынып жүр едім.

1-жүргізуші:Ендеше Наурыз құтты болсын әже.Өзіңізді,мына балаларды,әкелер мен аналарды,қонақтарды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші:Әдептен озып аспайық,

Үйренуден қашпайық.

Мейірімді.әже,өзің айт,

Тойды неден бастайық?

Әже:Бізде жаңа жылды көктем әкеледі,қарағым.Көктемнен бастаңдар.

Көктем:Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал екенін

Жыл бойымен жарысқан,

Күн мен түнді теңеймін,

Қатып жатқан таң азын

Жер бабатын өңдеймін.

1-жүргізуші: Сәлеметсізбе көктем,қош келдіңіз,төрлетіңіз.Біз сізге арнап тақпақ жаттап келдік.

Көктем,сені күттім мен

Көк шалғынды сағынып.

Жүретін әсем гүліңді.

Шаштарыма тағынып

Нұрын төгіп көкте күн,

Қош келіпсің көктемім.

Жыл басым,күтіп өзіңді.

Қаңтардан бастап кетпедім.



Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді ертелеп,

Нәзік үнмен сыңқылдап

Бұйра бұлақ еркелеп.

Асау өзен арқырап,

Асқар таудан дүркіреп

Айдын жатыр жарқырап

Алды дала бір түлеп.



Көкте бұлттар күркіреп

Жерге төкті өрмегін

Жауды жаңбыр сіркіреп,

Мейірленіп жерге күн.

Алақанын тұр жайып,

Жас ағашта жапырақ.

Балғын өмір ғажайып,

Жас дауыспен жамырап.



Көтеріп жасыл туын көктем келді

Деміне маужыратып көк пен жерді.

Қарлы тау қаһарлана қараса да,

Етегін гүлге бөлеп өрнектеді.

Жаңарды,жасылданды жердің беті,

Құс келіп,көріктенді көлдің шеті

Мал төлдеп,баулар гүлдеп,көктеді егіс,

Ғажап қой табиғаттың құдіреті.



Көктем:Ой,рахмет,балалар.Көктем жайлы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.

2-жүргізуші: Ал енді көктемге арнап өзіміздің әнімізді айтайық.

Көктем:Балалар мен сендерге ризашылығымды білдіремін.

Көктем: Мен сендерге Наурыз болып кірдім,енді төрлеріңнен орын алайын.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын! (хормен айтылады)

1-жүргізуші: Наурыз туралы біздің тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.

Көрініп жиі күлімдеп,

Төбеден күн күледі.

Ұшып кеткен құстар да.

Көктемде қайтып келеді

Жылынсын деп бар әлем,

Жылы көже береді

Анамның Наурыз көжесін,

Іше бергім келеді.



Армысың,Наурыз

Мереке,ырыс,береке.

Қош келдің

Сені

Күтуде бүгін кең өлке

Армысың,Наурыз

Қуаныш болып,кір,төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет.

2-жүргізуші:Наурыздағы халқымның күйі қандай,

Күмбірлеген домбыра үні қандай

Тебірентіп,жаныңды жадыратар

Бишілердің билеген биі қандай!-дей отырып ортаға мың бұралған биші аруларды шақырайық.

Әже:Қарашықтарым менің, билерің өте әдемі екен.Ал енді отырып дем алыңдар,

1-жүргізуші:Әже Наурыз тойын қарсы аларда ырымдар жасап жүруші едіңіз ғой. Солардың сырын айтып берсеңіз.

Әже:Иә,балаларым менің,бұл күні адамдар таза киініп,төс қағыстырып амандасады.Бұлақтың көзін ашып су жібереді.Жылы көже жасайды.Ол өте дәмді көже,бұйырса бүгін сол көжеден ауыз тиіп қайтасыңдар.Салт-дәстүр жайында бір күндік әңгіме аз.Ол үшін ана тілдеріңді жақсы білулерің қажет.





Жақсылыққа бас қосып,

Алдымызға ас болып

Келген Наурыз құт болсын.

Берері тағы мол болсын.



Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың

Қызығына тоймаған

Дархан дала,қарлы шың.



Армысың халқымыз,

Әркез аман болайық

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық



Құрт,бауырсақ шашылсын.

Наурыз тойы ашылсын,

Бір-бірінен мынау жұрт

Өнерлерін асырсын.



1-жүргізуші:Ал,онда тойға келген ақындардың айтысын тамашалайық.

Ұл:Ой,халайық,халайық

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық,

Менімен айтысар,

Қыз-құрбылар,қайсың бар?

Қолдан келсе әзілді

Әнге салып айтыңдар.

Қыз:Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа

Күн аттарын білмеуші ең

Жаттап оны алдыңба?

Ұл:Құрбым кімге күлесің,

Өзің нені білесің?

Онға дейін қиналып,

Санай да алмай жүресің.

Қыз:Бәтеңкенің бауын да,

Байлай алмай жүруші ең,

Үйрендіңбе,жейдеңді,

Теріс қарай киюші ең.

Әже:Ой,айналайындар,өркендерің өссін,қарақтарым.Екеуің де мықты ақын екенсіңдер.Дегенмен Наурыз күні бір-бірімізді сыйлап отырғанға не жетсін.

1-жүргізуші:Әже енді балалардың биін тамашалайық.

2-жүргізуші:Әже біздің арамызға ескі жылымыз-жылқы,жаңа жылымыз-қой жылы келіпті.Қой жылы берекелі,ырысты болсын.Наурызымыз Құтты болсын.

Уа,халайық,халайық Бұл мереке бұл тойдың.

Ақ сандықты ашайық, Шашуларын шашайық.







hello_html_39cbd902.jpg






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров211
Номер материала ДВ-180736
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх