Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Открытое мероприятие "8 наурыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Открытое мероприятие "8 наурыз"

библиотека
материалов

8 - Наурыз тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ана - тіршілік тірегі.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Мұғалім Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туғ
ан небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
- Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сағатымыз де аналарға арналады.

Сынып іші: Әли терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Елдос кіріп келіп:
Елдос: - Әли, неге көңілсіз жүрсің?
Әли: - Е - е, Елдос, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Елдос: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Әли:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Елдос:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.

Дидар: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Елдос: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.

Ән:

- Қазір, балалар «Ассоциация» әдісі, «Ана» деген сөзге, қандай сөздерді теңестіре аласыңдар. (топпен жұмыс)
АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты

(оқушылар тақта алдына шығып, жазған сөздерін оқиды)

Сұрақ - жауап
1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?

Мұғалім: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.


Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қ
ияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Ө
нерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 2 «А», 3 «А» - сынып оқушыларының сіздерге арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар.


Елдос: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.


Диас: Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан


Гаухар: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ
анам!

 

Әли:Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

 

Дидар: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.


Сауалнама:

Мұғалім: - Балалар, аналарыңызды қаншалықты танитындықтарыңызды білу үшін "Мен анамды қаншалықты білемін?" деген тақырыпта сауалнама жүргізгім келеді:

"Мен анамды қаншалықты білемін?"

  1. Анаң қандай түсті ұнатады?

  2. Жақсы көретін тағамы қандай?

  3. Анаң қандай гүлді ұнатады?

  4. Сенің анаң бос кезінде қандай іспен шұғылданады?

  5. Сенің анаңа не ұнамайды?


Мұғалім: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққ
удай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті «Үнді» биіне береміз.

Мұғалім: Ендігі сұрақты аналарымызға қоямыз:

«Мен-анамын». Жедел сауалнама. 

Ана болу оңай ма?

"Ана" деген сөзді өз сөзіңізбен түсіндіріп көріңізші.

Сіз өз балаңыз үшін не істеуге дайынсыз?

« Өз балаңды тап»

Шарты: ойынға 5 бала, 4 ана қатысады. Аналардың көздері байлаулы болады. Олар өз балаларың қолдарынан ұстап тауып алуы керек .

Мұғалім: Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы, қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Ө
зің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Ә
рқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке тең
есеміз.


Анашым шалқып күлсең ,

Алдымнан ұзақ жүрсен........... жалғастыр


- Құ
рметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты тәрбие сағатымызды көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қ
ош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қорытынды : Оқушылар сұраққа жауап береді.

  • Сенің анаң қандай?

Оқушылар аналарына тілектерін жазып тақтаға іледі.

































Сауалнама толтыру

Постерді қорғауда

Рефлексия: анаға тілек

8 наурызға арналған. C:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_171434.jpgC:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_170918.jpgC:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_173018.jpgC:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_170248.jpgC:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_173013.jpgC:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_171206.jpg

Көрініс Оқушылардың тақпақ айтуы

«Ассоциация» әдісі: «Ана» туралы C:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_170712.jpg

C:\Users\ww\Desktop\фото 3 сынып\20160304_171958.jpg








Өз өнерін көрсетуде

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров83
Номер материала ДВ-534000
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх