Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру –ізденушілік
Дидактикалық ойын «Ұқсас пішіндерді қой»
Дидактикалық ойын «Дәрумендер»
Сергіту сәті «Көңілді сабынды көпіршіктер»
Дидактикалық ойын «Түспен сәйкестіру,
топтастыру»
Кері байланыстылық-
түзетушілік
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық
шеңбері»
-Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк Аспан!
Сәлем саған Жер-Ана!
Сәлем бердік баршаңа!
II.Ғажайып сәт.
-Балалар, мынау не?
-Сандық ішінде не бар?
-Бұл ертегі кітап қалай аталады?
-Ертегі не туралы?
-Бауырсақты көріп тұрсыңдар ма?
-Көзімізді жұмайық!
-1,2,3 енді ашыңдар!
-Балалар, жерге қарайықшы. Ұзыннан-ұзақ
іздер жатыр. Балалар бұл ненің іздері?
Осы іздермен жүріп бауырсақты іздейік.
Бауырсақ кімнен қашып кетті? (Бауырсақтың әнін айтады).
-Ой, балалар, мынау ағаштың түбінде не отыр?
Ол өте көңілсіз екен! Қоянның қолында қағаз бар. Ол Бауырсақтың тапсырмасы
екен. Кәне қоянмен бірге тапсырманы орындайық!
Ойынның мақсаты: пішіндердің түрін, түсін
атап білу. Ұқсастықты табу. Ойынның барысы: карточкадағы пішіндердің нобайына
ұқсас пішіндерді қою.
-Біздің қоянымыз қуанып қалды ғой!
-Әрі қарай іздермен жүре берейік! Әнімізді
ұмытпайық!
-Балалар, ағаштың түбінде не отыр?
-Қараңдаршы, қасқырымыз ашулы. Өйткені оның
қарны аш! Оған дәмді, тәтті тағам керек.
-Мына сиқырлы қораптан іздеп көрейік!
Қаттылап шайқап алайықшы. Қолымызды сұғып бір-бірден алайық.
Мақсаты: заттардың пішіні мен түсін ажыратып
айтуға дағдыландыру.
-Мынау қызыл дөңгелек дәрумен.
-Қасқырымыз дәрумендерге тойып қалған сияқты
көрінбей кетті ғой.
-Бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық!
-Балалар, мынау не?
-Үйдің қасында не тұр?
-Сонда бұл үйшікте аю тұрады екен ғой!
-Кәне, аюдан бауырсақ қайда екенін сұрайық.
-Бауырсақ қайда екенін аю көрсетеді, егер
біз онымен өте қызықты ойын ойнасақ. Кәне «Көңілді сабынды көпіршіктер» ойынын
ойнайық.
-Аю, сендерге риза, балалар!
-Қараңдаршы анау бір ағаштың түбірінде нені
көріп тұрсыңдар? Жақынырақ барайық.
-Бауырсақтың қасында не отыр?
-Қу түлкі не істейді?
-Балалар, бауырсаққа көмектесейік.
-Бауырсақтың түсі қандай?
-Сары бауырсағымыз түсін өзгерту керек.
Сонда қу түлкі сары бауырсақты таба алмай қорқып қашып кетеді.
Мақсаты: заттарды түсіне қарай сәйкестіріп
топтастыру.
-Алдарыңда әр түсті бауырсақтар және нелер
бар?
-Сары бауырсаққа сары алмұрт керек.
-Алмұрт не ол?
Сабақты қорытындылау:
-Жарайсыңдар! Тамаша! Біз Бауырсақты
түлкіден құтқардық!
-«Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін атап,
фланелографқа орналастырайық.
|
Балалар іс-қимыл
әрекеттерін көрсетеді.
-Сандық.
-Кітап.
-«Бауырсақ» ертегісі.
-Бауырсақ туралы.
-Жоқ.
Көздерін жұмады.
Жердегі іздерді көреді.
-Бауырсақтың іздері.
-Мен атадан қашып кеттім,
Мен әжеден қашып кеттім.
-Қоян.
Тапсырманы орындау. Бірнеше балаға
дауыстатып орындату
-Мен атадан қашып кеттім,
Мен әжеден қашып кеттім,
Мен қояннан қашып кеттім.
-Қасқыр.
Бірге қорапты ұстап шайқайды.
2-3 бала осы үлгімен жауап қайтарады.
- Мен атадан қашып кеттім,
Мен әжеден қашып кеттім,
Мен қояннан қашып кеттім,
Мен қасқырдан қашып кеттім.
-Бұл үй.
-Аю.
-Аю бауырсақ қайда? (Барлығы дауыстап
сұрайды).
Балалар үрлеп, шапалақтап жарады.
-Бауырсақты.
-Қу түлкі.
-Бауырсақты жеп қояды.
-Сары.
Үлгімен айтып, заттарды сәкестендіріп
топтастырады.
-Жемістер, көкөністер.
-Жеміс. Ағашта өседі.
2 -4 баланы сөйлеткізіп жауап алу.
-Мынау ата!
-Мынау әже!
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.