Қостанай қаласы әкімдігінің
“Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№61 бөбекжай - бақшасы” МКҚК
Тақырыбы: «Құстарды бақылау»
Дайындаған:Ұ.Ш.Балғабаева
2017 о.ж.
«Қошақан» тобы
Құстарды бақылау (сарышымшық, сауысқан, торғай,
көгершін)
Серуендегі бақылаудың мақсаты:
Қыстағы айналадағы ерекшеліктерді бақылату,қойылған сұраққа жауапты толық беруге
дағдыландыру.Қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға, оларды баптап күте
білуге тәрбиелеу.Ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатқа,
еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту. Құралдар:күрек.жемсауыт,суреттер. Алдынала
жұмыс: Балалармен құстарды бақлау оларға жемсалып баптау.
Дала аппақ,
жапалақтап
Қар жауып тұр
тынбастан
Қалың орман қар
жамылған
Маужырайды түнгі
аспан
Балаларға сұрақ қою:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста не жауады?
-Қардың түсі қандай?
-Қар тағы қандай болады?
-Қане, тыңдйықшы,құстардың дыбысы
шығады ма екен? ( үнсіздік)
-Құстардың барлығы қайда кеткен?
- Неге жылы жаққа ұшып кетеді?
-Қыстап қалған қандай құстарды
білеміз?/көгершін,қарға.сарышымшық.торғай/
/Үн таспадан құстын дауыттары/
Олар неге ұшып кетпеген? Себебі ол
құстар қысқа,суықа төзімді.Торғай,қарға,сауысқан, сарышымшық балаларға осы
құстар туралы тақпақтар айтқызу.
Ауламызда бау
бүрлеп,
Шешек атып
жайнайды.
Ақ тамағы
бүлкілдеп,
Қарлығаштар
сайрайды
Шыр-шыр еткен
торғайды
Қорғамасан,
болмайды.
Кіп-кішкене
торғайлар
Ағаштарды
қорғайды.
Жұмбақтар
:
Екі айыр
құйрығы,
Қияқ мұрт
қанаты,
Ұшқырлардың
жүйрігі. (қарлығаш)
Қалқып тұрып
аспанда,
Үн шығарып сан
қилы,
Өнеріне
басқанда,
Тұла бойың
балқиды. (Бозторғай)
Д/ойын : «Құстардын
ізін тап»
Ырымдар:
Сарышымшық үйге ұшып
келсе-жақын арада қыстың түсетіні.
Бозторғай қыста ән
салса-онда қар еріп, жер батпақ
болады.
Егер торғай шөпке
тығылса- аяз немесе
боран.
Балалар, күнде
серуенге шыққанда жем саламыз.Қане бәріміз жем салайық.
(жемсауыттарға жем, нан қиқымын
салдырту). Ағашқа жемсауытты ілгіздіру.
Сергіту сәт:
Торғайларға ұқсап секіріп алайық.
Қарғаларға ұқсап адымдап жүрейік.
Көркем сөз
·
Жылы жаққа ұшпайтын,
·
Біздің жаққа қыстайтын
·
Құстар жүрсе жуықта
·
Жем шашуды ұмытпа.
·
Құстарды біз атпаймыз
·
Қыста жемдеп баптаймыз.
·
Қамқор болып бәріне,
·
Қорғау заңын сақтаймыз.
Қане, балалар енді ағаштардың түбіне
қар үйіп, біраз еңбекпен шұғылданайық.Неліктен ағаштардың түбіне қар үйіп
қоямыз, себебі ағаштың діңі, тамыры аязға тоңбау үшін.Жарайсыңдар.
Балалар,енді келіңдер ойын ойнайық. «
Ұядағы қарғалар» ойынын ойнату.Ойынымызды еркін өздері қалауша жалғастырамыз.
Қортындылау: Балалар біз бүгін не туралы сөйлестік? Құстар
қайда ұшып кетеді? Қандай құстар қыстап қалады?Құстарға біз не бердік? Қар
қандай болады?Біз қандай еңбекпен шұғылдандық? Қандай ойын ойнадық? Жарайсыңдар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.