Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Открытой урок на тему "Салауатты өмір салты" 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Открытой урок на тему "Салауатты өмір салты" 4 сынып

библиотека
материалов

Салауатты өмір салты

Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау.
Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: доптар, секіртпелер, кіші доптар, шығыршық, гимнастикалық төсеніш, ракеткалар, гимнастикалық төсеніш
Сайысқа қыздардан құралған 2 топ қатысады.
Мұғалім:
Әділдікпен әр сайысты бастайтын, туралықтан ешқашан да қашпайтын төрешілер алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. (Әділқазылар алқасы таныстырылады)

Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде,
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Мұғалім:
І. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Сәлем берем халқыма» атты таныстыру

(Әр топ ұраны мен төсбелгісімен таныстырады)

Жүргізуші:
Эстафета - кедергі балаларға,
Қандай қызық құмартып қарағанда
Жігер керек досыңнан озу үшін,
Жүгіргенде межелі араларға.
Жүгіресің, секіріп, доп ойнайсың,
Аяққа қапты киіп қорбаңдайсың.
Зар қақтырмай сақина - шығыршықты
Мықты спортшы бола алмайсың.

Мұғалім:
ІІ. Ал, енді, келесі кезең «Спорт – біздің досымыз» атты спорттық эстафеталар сайысын тамашалаңыздар.
Шарты: 1)Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, жүгіріп қайту.
2)Аяққа қап киіп секіру.
3)Баскетбол добын жүргізу.
4)Туннельден өту

5)Гимнастикалық төсеніште 1 рет алға домалау, белгіленген жерге дейін секіртпемен секіріп барып, гимнастикалық төсенішке дейін келіп, артқа домалау.

Жүргізуші:
Ұйқы басып, үйден ұзап шықпаған,
Судан шошып, желден тоңып ықтаған
Салауатты өмір салтын ұқпаған
Болған емес денсаулығы мықты адам.

Мұғалім:
ІІІ. «Денсаулық - зор байлық» спорт, денсаулыққа байланысты сұрақтар қоямын, жылдам жауап беруге тырысыңдар.
1.Қазақстанның танымал спортшыларын ата?
2.Шахмат ойынында қанша фигура?
3.ҮІІ Азия ойындарының ұраны қандай?
4.Биатлон деген не?
5.Ұлттық ойын түрлерін ата?
6.Баскетбол ойынында бір командада қанша ойыншы болуы керек?
7.Спорт тілінде қол күрес қалай аталады? Қандай спорттық ойын түрін білесің?
8.Спорт түрлерін ата?

Жүргізуші:
Орын алсын салауаттылық санаңда,
Санаң болса пайда әкелер адамға
Ерте тұрып, шынық күнде ерінбей,
Бақыт бітер сонда басқан қадамға.
Жақсы мен жамандықты салыстыр,
Жақсы адам жарқылдаған алмас бір
Шынығуды төзімді тек жалғастыр.

Мұғалім:
ІҮ. Ал, қыздар - ай демалып қалған шығарсыңдар! Спорттық эстафеталар сайысын жалғастырайық.
1)Кіші доптарды қашықтықтан шелекке көздеп салу.
2)Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, берілген есепті шығарып, жүгіріп қайту.
3)30 секунд ішінде секіртпемен секіру
4)Допты екі аяғына қысып, секіріп барып келу.
5)Теннис ракеткасымен добын құлатып алмай ұстап барып келу.



Ү. Келесі кезең «Жақсы кеңес жан семіртеді» атты жарнама. Әр топ үйден дайындап келген жарнамаларын көрсетеді.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда
Алады да тұрғызып,
Еріншектік аз онда
Бастайды ойын бір қызық
Ары - бері жүгіртіп,
Деміңді әсем алғызар.
Тау суынан сіміртіп,
Мейірімді қанғызар.
Билетеді қарға да,
Билетеді мұзға да,
Шығарады жарға да
Шығарады құзға да.
Тау сөйлесер тіл бітіп,
Жеңсең бәрін биіктің
Тастан тасқа ырғытып,

Лағындай киіктің
Атандырып балуан,
Көтереді тоннаны.
Өнері бар алуан -
Спорттың нақ сол мәні.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің.
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер сенен пайдалы
Жүректі май баспайды
Спорт соның айғағы,
Айтсақ мәнін ұқтырып,
Спорт деген мықтылық.

ҮІ. Денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер сайысы.

ҮІІ. Үй тапсырмасы «Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның» - спорттық би сайысы.

Мұғалім:
Қорытынды жасау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. (Қорытынды жасалып, қатысушылар мадақтамамен марапатталып, сыйлық беріледі).







Оралхан Бөкей орта мектебі














Салауатты өмір салты

(ашық сабақ)



Өткізген: Қайсанов Е.Б.


















2012-2013 оқу жылы




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров158
Номер материала ДВ-174146
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх