Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Открытый урок на тему " Қазақ музыкасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Открытый урок на тему " Қазақ музыкасы"

библиотека
материалов

hello_html_m6d0d95d7.gifhello_html_m3067c758.gifhello_html_m1185b523.gifhello_html_m8506641.gifhello_html_11b3ff75.gifhello_html_m701c59a7.gifЖұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов»

Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақ халқының ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов туралы мәлімет беру , «Киіз үй» әңгімесімен танысу, өз ойын жеткізе білуді, дұрыс сөйлем құра білуді жетілдіру.

Дамытушылық- тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, ойлау, жазба,ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілетін арттыру .

Тәрбиелік – оқушыларды Ш. Уәлиханов өнегесі арқылы білімқұмарлыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар , тірек сызба.

Мұғалім: Бүгін сабағымызды халқымыздың ұлы ғалымы – Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.

XIX ғасырдың II жартысында Ш. Уәлиханов қазақ даласында туған. Ол демократиялық, ағартушылық мәдениетінің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Оның этнография ,тарих ,құқық, ауыз әдебиеті , география жайлы құнды- құнды еңбектер мен пікірлер бар.

Сендерге үй тапсырма ретінде Шоқанның өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді дайындап келу болды. Ендеше ,осы жұмыстарыңа назар аударайық.











Сандар сыр шертеді

Шоқан Уәлиханов



1847-1853

1835





1855















1856-1857

1865



1858-1859















Топтастыру стратегиясы:

  1. «Еуропаға ашқан терезе»

2. «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі»

3. «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп»



Ш. Уәлиханов «Киіз үй» әңгімесі

1. Ассоциация моменті. «Киіз үй» дегенде сендер көз алдына нені елестетесіңдер

2. Жаңа сөздер: бейімделген , шаңырақ, кереге, туырлық,төр, түндік, үзік.

3.Мәтінмен танысу.

4. Мәтіннен септік жалғау бар сөздерді табыңдар, жалғаулардың астын сызыңдар.

5. «Киіз үй» сөзін септе.

6. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

А.Жазда киіз үйдің ауасы таза және салқын болады.

Б. Киіз үй тез жиналады.

7.Антоним сөздерін жазыңдар:

Күндіз-

Төменгі –

Қысқа –

8. Тест.

1. Бітеу буынды киіз үйдің ағашының атын көрсетіңіз.

А.Киіз.

В.Қанат.

С.Кереге.

Д.Уық.

Е.Шаңырақ.

2. «Көне» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А. Дәмді.

В. Сұлу.

С. Ескі.

Д. Әдепті.

Е.Жаңа.

3. Қазақ дәстүрінде қонақты қайда отырғызатынын белгілеңіз.

А. Ас үйге.

В. Дәлізге.

С. Төрге.

Д. Кіре беріске .

Е. Ұйықтайтын бөлмеге.

4.Қазақ, қырғыз халықтарының әдеби мұраларын зерттеген ғалымды көрсетіңіз.

А. Абай Құнанбаев.

В.Қаныш Сәтбаев.

С.Шоқан Уәлиханов.

Д. Мұхтар Әуезов.

Е. Ахмет Байтұрсынов.

Сабақтың қорытындысы:

Білемін –

Білдім –

Білгім келеді –

Мұғалім:

Ғабит Мүсіреповтың сөзімен айтамын: «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел».

Бұл барша қазақстандықтардың мерейін өсіретін баға.

Үйге тапсырма: «Киіз үйде болғанда алған әсерім» атты эссе жазу.

Бағалау.





















Жұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Тест тапсырмалары»

Фонетика саласы бойынша

I нұсқа

1.Қазақ тілінде неше әріп бар екенін анықта.

А)37; В) 42 С) 40 Д)38

2.Жуан дауысты сөзді көрсет.

А)қала В) сөз С) Мектеп Д) Өмір

3. Жіңішке дауысты сөзді көрсет.

А) мұражай В) оқушы С) білім Д) құрмет

4. Тек бітеу буынды сөзді корсет.

А) сауда В) ұлы С) кешке Д) салқын

5. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді көрсет.

А)тау В) қарт С) қарақат Д) үлкен

6. Ө қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

А)жуан, езулік В) жіңішке, еріндік С)жуан, қысаң Д) жіңішке, езулік

7. Үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсет.

А) түн В)уақыт С)кітап Д) оқушы

8. Қысаң дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А)а,о,ы,ү В)а,ә,,е,ө С) ү,ы, і, ұ Д) о, у, ү ұ

9.Ашық-тұйық-бітеу буынды сөзді көрсет.

А)жиналыс В)сабақ С)туысқан Д) кешкі

10. Дыбыстарға жатпайтын әріптерді көрсет.

А)ю,я В) ь,ъ С)у,й Д) һ,щ

11. Буынға қате бөлінген сөзді көрсет.

А)ад-ам В)кі-тап С) са-на Д)ба-лық-шы

12.Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсет.

А) ж,з В)ғ,г С)ң,й Д)л,р

13.Тұйық буыннан құралған сөздерді көрсет.

А)жаз, көктем В) үй, ана С) ар, ақ Д) ақын, жазушы

14. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсет .

А)й В) р С) ғ Д) қ

15.Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны корсет. Бала...

А)-ларВ)-пан С)-нікі Д)-қай



Морфология саласы бойынша

II нұсқа

  1. Түбір сөзді көрсетіңіз.

А)заңгер В) достық С) қант Д) балалық

2.Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) төрт В) он бес С) үшеу Д) үштен екі

3. Сұрау есімдіктер тобын көрсетіңіз.

А) өзім, өзі В) анау, осынау С) неше, қандай Д) ол, біз

4. Етістіктен жасалған сын есімді анықтаңыз.

А) ақшыл В) аппақ С) ашық Д) қараңғы

5. Ашық райды көрсетіңіз.

А) ойнасаң В) ойнаса С) ойнады Д) ойнағысы келеді

6. Жіктік жалғауын табыңыз. Мен тұр... .

А) –сың В) -сіз С) -мін Д) –мын

7. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз.

А) сынып, сан В)елдік, егемендік С) байлық, бай Д) табиғат, табу

8. Зат есім тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз.

А) –лау, -леу В) –с ,ыс С) шы,ші Д) дыр,ыр

9. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А) отырмын В)отырсың С) отырарсың Д) отырдым

10. Көңіл –күй одағайы бар сөйлемді табыңыз.

А) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

В) Әй, осының бәрінің түбі тегін емес.

С) Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы!

Д) Балам-ау, қалың киіміңді ки.

11. Шылау сөздерге қайсысы жататынын анықтаңыз.

А) жұрнақ В) үстеу С) түбір Д) жалғаулық

12. Тәуелдік формадағы сөзді көрсетіңіз.

А) саябақта В) шәкірттерС) досың Д) мектепке

13. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

А) көк В) майлы С) дәмді Д) көркем

14. Үстеу қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Оқушы сабақта отыр.

В) Ол сөйледі .

С) Қыста боран соғады

Д) Мынау әдемі көйлек.

15. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) үйлеріміз В) атымен С) бақытысың Д) аттанармын











Жұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Қазақ музыкасы»



Мақсаты:

  1. Білімділік: қазақтың атақты күйшілерінің өмірі мен шығармашылығын , ұлт аспаптары тарихын оқыту.

  2. Дамытушылық: логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту , есмше мен көсемшені қайталау.

  3. Тәрбиелік: сана-сезімін ояту, ұлттық музыка туындыларын орындату арқылы эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , слайдтар, ұлт аспаптар /домбыра, қобыз/



Сабақтың ұраны: Құлақтан кіріп

Бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең мендей сүй.

/Абай/

Сабақтың барысы : Ұйымдастру кезеңі

Мұғалім: Құрманғазы, Дина, Ықылас күйлерінің шығу тарихы туралы материал жинап келуді тапсырғанбыз. Енді соларды тыңдап көрейік.

1.-оқушы. Құрманғазы Сағырбайұлы «Ақсақ құлан» күйінің тарихын айтады. /күй тындалады, слайдтар көрсетіледі. /

Мұғалім: Күйде ән сияқты белгілі бір туып-өскен жеріне, табиғатқа, күнделік тіршілік тұрмысына және өмір құбылыстарына деген адамдардың өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Оның бірақ одан айырмашылығы ,күйде сөз текстісі жоқ. Сондықтан,күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады.

Ұлт аспаптар көрсетіледі. /слайд арқылы/

Аңыздың мазмұны бойынша сұрақтар :

  1. Шығарманы тыңдағанда қандай күйде болдыңдар?

2-оқушы. Құрманғазы «Кішкентай» күйңнің тарихын айтады. /күй тыңдалады/

Сұрақ: 1. 1836-1837жж. қандай көтеріліс болды?

2. Исатай Тайманов кім?

3-оқушы . Ықылас « Жез киік» күйінің тарихын айтады./ күй тыңдалады/

Мұғалім: Қобызға арналған сан алуан күйлердің авторы , шебер орындаушы Ықылас Дукенов /1843—1916жж./



Аңшылардың ұғымынша жез киік жас нәрестесін аман-сау өсіру үшін қамын ойлаған анаға ұқсас. Ол тау құздардың төбесінде еркін секігіштеп, шексіз кең даланың төсінде ойнақтайды, өзін жыртқыш аңдардан паналайтын табиғат көркін тамашалайды. Композитор өз халқының бостандығын көздейді.

4-оқушы. Дина Нұрпейісованың өмірбаяны ,шығармашылығы туралы баяндайды. «Бұлбұл» күйін тыңдау .

Сұрақтар: 1.Дина неше жасында қолына домбыра ұстады?

2.ДинаНұрпейісова Құрманғазыны неше жасында көреді?

3. Құрманғазының Динаға амааты қандай

3. Оқулықпен жұмыс .

4. Грамматикалық тапсырма:

1. Есімше және көсемшенің сөйлемдегі синтаксистік қызметі қандай?

- Бір күй бар домбырамда тартылмаған.

Бір сыр бар көкейімде айтылмаған.

2.–Бөтен елде сұлтан болғанша,

өз еліңде ұлтан бол.

  1. Сабақтың қорытындысы.

  2. Үйге тапсырма .

  3. Бағалау.































Жұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай »



Мақсаты: сайыс сабақта оқушылардың білімділік мақсаттағы шарттарды: жатқа өлең оқуын, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтуын талап етіледі, ауызша сөйлеуге,түсіне білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Ана тіліміздің құрметіне арналған «Қазақшаңыз қалай» атты сайысымызды бастаймыз.

Қазақ тілі- атаң, анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған.

Қазақ тілі- қасиетті бабамның,

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның.

Тіл -мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз,

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.



Сіздердің алдарыңызда сайысқа қатысатын «Ұлан» , «Болашақ» топтарының мүшелері.

Әділқазылар алқасы сайланады.

1тур. «Кел, танысайық!» / Әр топтың мүшелері өздерін таныстырып шығады/

2тур. «Мені танисың ба?» ойыны. Әр бетінде қазақ әріптері жазылған алты қырлы текше тасталады. Ойыншыға қарсы қай әріп түссе, сол әріп кездесетін сөз айтылуы керек . 10-15 сөз.

3тур. «Қос тіл- қос қанатың» аударма ойыны. Екі оқушы шығып, бірі орыс тілінде сөз айтады, екінші аудармасын айтады.

4тур. «Мені әңгімеле» ойыны. Бұл тапсырма сурет бойынша жүргіземіз.

5тур. «Өнерлі өрге озар» Қазақ халқы – өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақындарды, әншілерді ерекше құрмет тұтқан. Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.



Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты айқындайды.

































































Жұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Спорт »



Мақсаты:

Білімділік: сөздік қорын арттыру, спорт тақырыбын бекіту.

Дамытушылық: дүниетану мен өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем талдауға дағдыландыру .

Тәрбиелік: өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

I. Мұғалім: Уа, спорт!

Сергектікті сенен алып келеміз

Ширақ біздің жанымызбен ,денеміз

Сенде әділдік, сенде шындық, тазалық

Сенде арман, сенде шабыт, толғаныс

Сенде ізгілік, құрмет және ар-намыс!



II. Балалар, «Спорт» сөзін немен байланыстырасыңдар, көз алдыңа не елестейді?

Ту,алау,жарыс,олимпиада,ұран,жеңіс,жанкүйерлер, жаттықтырушы,жеңімпаз т.б.

III. Ал, спорт түрі туралы қазақша айтып көрейік.

Спорттың түрлері көп. Бірі күшті болуға, екіншісі жылдамдылыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Ұлттық спорт ойындарын атаңдар. /тоғызқұмалақ, бәйге, арқан тарту,қазақша күрес.

Оқушылар ұлттық ойындар туралы мәлімет береді.

Мұғалім: Балалар, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерді осындай бәйгеге қосады. Бірақ, Құлагерді Ақан серімен өштескен Батыраш үлкен сойылмен өлтіреді.

IV . Қазақстан мерейін өсірген спорт.

Бұған дәлел 7-ші Қысқы Азия ойындары. Сендер қандай қазақстандық спортшыларды білесіңдер?

/Серік Қонақбаев, Ольга Шишигина ,Жақсылық Үшкемпіров туралы мәліметтер айтылады. /

V. Топпен жұмыс .

1)Мақал-мәтелдерді жалғастыр

2)Диалог құрастыру / берілген сөз, сөзтіркестері/

Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығына баға беріңдер.

VI . Грамматикалық тапсырма :

Сөз құрамына талда: 1) Спортшылардың

Синтаксистік талдау жасаңдар: 2)Мен спортпен үнемі шұғылданамын.

VII . Бос ұяшықтарға сөздер жазу керек









Спорт мен үшін.....







Уа, спорт!

Сен мәңгілік дамудасың, ұмтыласың сен алға

Сен арқылы арман қуар адам да.



Қорытынды,баға , үйге тапсырма.

Краткое описание документа:

Мақсаты:

1.     Білімділік: қазақтың  атақты күйшілерінің  өмірі мен шығармашылығын , ұлт аспаптары тарихын оқыту.

2.     Дамытушылық:  логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту , есмше мен көсемшені  қайталау.

3.     Тәрбиелік:  сана-сезімін  ояту, ұлттық музыка туындыларын орындату арқылы эстетикалық тәрбие  беру.

 

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта , слайдтар, ұлт аспаптар /домбыра, қобыз/

 

Сабақтың ұраны:  Құлақтан кіріп

                             Бойды алар,

                             Әсем ән мен тәтті күй.

                             Көңілге түрлі ой салар

                             Әнді сүйсең мендей сүй.

                                              /Абай/

Сабақтың  барысы : Ұйымдастру  кезеңі

Мұғалім:  Құрманғазы, Дина, Ықылас күйлерінің  шығу  тарихы туралы материал жинап келуді тапсырғанбыз. Енді соларды тыңдап көрейік.

1.-оқушы. Құрманғазы Сағырбайұлы «Ақсақ құлан» күйінің тарихын айтады. /күй тындалады, слайдтар көрсетіледі. /

Мұғалім:  Күйде ән сияқты белгілі бір туып-өскен жеріне, табиғатқа, күнделік тіршілік тұрмысына және өмір құбылыстарына деген адамдардың өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Оның бірақ одан айырмашылығы ,күйде сөз текстісі жоқ. Сондықтан,күйді аспаптық музыкаға  жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады.

Ұлт  аспаптар көрсетіледі. /слайд арқылы/

Аңыздың  мазмұны бойынша сұрақтар :

1.      Шығарманы тыңдағанда қандай  күйде болдыңдар?

2-оқушы.  Құрманғазы  «Кішкентай» күйңнің тарихын айтады. /күй тыңдалады/

 Сұрақ: 1. 1836-1837жж. қандай көтеріліс болды?

 

       2.  Исатай Тайманов кім?

 

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров296
Номер материала 306138
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх