Предпросмотр материала:
(Сабақ жоспары (Қысқа мерзім)
|
Апта: |
Күні: 6.10.14ж. |
Сабақ |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Алғыс |
|||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мақсаты
|
Шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстыра білуге үйрену. |
|||||||||||||||||||||||
|
Оқу нәтижесі:
|
1.Мәтінді рөлге бөліп оқи алады; 2.Өз ойын еркін айта алады; 3.Дәлелдейді 4. Өмірден мысал келтіріп,өз ойларын еркін жеткізеді. |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: I. Ұйымдастыру кезеңі. «Амандасу» сергіту сәті. (Оқушылар дене мүшелерімен амандасады: тізесімен, құлағымен, мұрындарымен т.с.с. ). (2минут) Үй тапсырмасын қорытындылау. Күз туралы сурет салып, 2 жұмбақ жасырып келу. (3минут) Қызығушылықты ояту. «Топтастыру» бойынша бақшада өсетін көкөністер мен жемістердің атауын жылдамдыққа жазу. (3 минут) Тапсырманы жеке орындау. Кім көп жазса, сол жеңімпаз атанып, бүгінгі сабақтың бақылаушысы болады. Бақылаушы ретінде топтардың жұмыс істеу ұйымшылдықтарын бағалайды. Қандай қателектер мен олқылықтар кетті, нені түзетуге болады немесе сырт көзбен қарағандағы өз ойын жеткізеді. Екі түрлі жапырақтың кескендерін алып, жапырақ құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырады. (3 минут) « Миға шабуыл» стратегиясы. 1 - топ – Күзде болатын тұрмыстық мерекелерді атаңдар. 2 - топ – Күзгі молшылық дегенді қалай түсінесіңдер? Бақылаушы топтардың жұмыстарын мұғалімнің көмегімен бағалайды, жалпы жұмыстың түйін сөзін айтып, қорытындылайды. (5 минут)
II. Мағынаны тану. Автор туралы мағлумат беру. ТӨРЕЖАНОВ МӘДІХАТ (1921–1996) 30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. 1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Алғыс- адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңіл үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. (5 минут) Мәтінді «Жарысты жалғастыр» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді екі бөлікке бөліп, қима түрінде дайындап әкелу). ДЖИГСО әдісі. Тиісті мәтін бөлігін топтарға таратып беру. Топтар белгі бойынша мәтінді оқи бастайды. Оқушылар белгі бойынша оқыған бөліктеріндегі жазушының негізгі ойын (идеясын) айтады, автор осы мәтінді қалай қорытындылайтынын айтады. (3 минут) Сергіту сәті. Мұғалім айтқан сөз тіркестеріне қимыл-қозғалыс жасау. Мысалы, қияр мен қызанақты тереміз, жуамыз, дастарқанға қоямыз. Қабығын аршимыз, тураймыз. Тұз сеуіп араластырамыз, жейміз. (3минут)
III. Ой толғаныс. (семантикалық кесте) Төмендегідей кестені оқушылардың өздеріне толтырту. (7 минут)
-Қалай ойлайсыңдар, оқиғаның өту барысы қандай ертегіні естеріңе түсіреді? (Мысалы: «Алтын балық», «Балар елін бағындыру»). (елестету стратегиясы) Сабақты қорытындылау ретінде Ы.Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесін оқу. «Әдеп» Бір жұрттың бас әкімі бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрады. Қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім-төре онан да төменірек бас ұрып, сәлем алды. Қасындағы бай: -Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді. Сонда әкім: - Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – депті. (3 минут) Қорытынды. Сұрақ-жауп: 1.Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты? Не үшін? 2. Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен? 3. Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? (5минут) Кері байланыс.Сабақта не ұнағанын және ұнамағанын стикерге жазып, жапсырады. (1минут) |
||||||||||||||||||||||||
|
Мұға Мұғалім немен айналасады немесе іс-әрекеті |
Оқушылар немен айналасады немесе іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастырады, бағыт-бағдар береді, жетекші сұрақ қояды, бақылайды, бағалайды, |
Оқиды, жазады. Өздері іштей мәтінді оқиды. Мәтіннің мазмұнын айтады.
|
|||||||||||||||||||||||
|
Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, қима қағаздар, бақылау парағы
|
||||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырма беру |
Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқып келу. (1 минут)
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақты бағалау |
Бақылаушының бағалау парақшасымен санаса отырып, әрбір оқушының бағасын қою. (3 минут)
|
|||||||||||||||||||||||
Жалпымақсаты: Шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстыра білуге үйрену.
Оқу нәтижесі: 1.Мәтінді рөлге бөліп оқи алады;
2.Өз ойын еркін айта алады;
3.Дәлелдейді
4. Өмірден мысал келтіріп,өз ойларын еркін жеткізеді.
Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, қима қағаздар, бақылау парағы.
Алғыс- адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңіл үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. ТӨРЕЖАНОВ МӘДІХАТ (1921–1996)
30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген.
1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Жалпымақсаты: Шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстыра білуге үйрену.
Оқу нәтижесі: 1.Мәтінді рөлге бөліп оқи алады;
2.Өз ойын еркін айта алады;
3.Дәлелдейді
4. Өмірден мысал келтіріп,өз ойларын еркін жеткізеді.
Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, қима қағаздар, бақылау парағы.
Алғыс- адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңіл үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. ТӨРЕЖАНОВ МӘДІХАТ (1921–1996)
30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген.
1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Профессия: Начальник отдела
В каталоге 7 615 курсов по разным направлениям