Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок География Другие методич. материалыОңтүстік Американың ішкі сулары

Оңтүстік Американың ішкі сулары

Скачать материал
библиотека
материалов

Күні:17.01.2019

Сынып: 7 «А»

Тақырып: §33 Оңтүстік Американың ішкі сулары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылар Оңтүстік Американың ішкі сулары: өзен-көлдері, сарқырамалары жөнінде түсінік алады.

Дамытушылығы: Танымдық білік дағдылары, өзіндік іс–әрекеттері қалыптасады, іскерлік қабілетін дамиды. Тез ойлау, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері артады, өзгені тыңдап, топпен жұмыс жасауға үйренеді.

Тәрбиелігі: Табиғатты аялап, қастерлеуге, өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбиеленеді.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, оқулық, слайд, смайликтер, т.б.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, слайдты қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, тест, үлестірмелі қағаздар, семантикалық карта, ситуациялық сұрақтар, қызығушылығын ояту, талдау, ой туғызу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

Психотренинг «Сәлемдесу»

(Оқушылар бір біріне тілек айтады)

Топқа бөліну. Оқушылар үш түрлі смайликтің бірін таңдау арқылы 3-топқа бөлінеді.

І топ – «Қырандар» (қызыл түс)

ІІ топ – «Алғырлар» (жасыл түс)

ІІІ топ – «Тапқырлар» (сары түс)


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау бөлімдері:


І бөлім.

« Сен маған мен саған » ойынын ойнайық

(Оқушылар доп лақтыру арқылы бір біріне сұрақтар қойады)


ІІ бөлім. “Климат” тақырыбына арналған семантикалық карта толтыру.


Климат белдеулері

Оңтүстік Америка

Африка

Антарктида

Экваторлық

+

+


Субэкваторлық

+

+


Тропиктік

+

+


Субтропиктік

+

+


Қоңыржай

+



Субантарктикалық



+

Антарктикалық



+


ІІІ. Жаңа сабақ.


Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.


Туған жердің белбеуі, Ауыл сыртында сайда

Жатыр үлкен айна. (көл) Шұбатылып қалыпты

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты. (Өзен)

Өзендері. 

.Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың (ол қандай құбылыс?) әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд тауцлары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі – Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөліп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырамалардың бірі болып табылады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бұл екі өзенде су қуатының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.

Көлдері

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.

Материк көлдерінің негізгі генетикалық топтары – тектоникалық, батпақты, қалдық, лагуналық болып бөлінеді.

Титикака

Анд тауындағы ірі тектоникалық көл.

Поопо

Титикаканың оңтүстігінде орналасқан, жазда кеуіп қалатын тұзды көл (қалдық көл)

Маракайбо

Сарқырамалары

Анхель сарқырамасы – әлемдегі ең биік сарқырама, судың үздіксіз түсу биіктігі 807 метр.  1935 жылы сарқырамадан ұшып өткен Эйнджел Джеймс (ағылш. Angel) ұшқыш атымен аталған.

Игуасу сарқырамасы – ені 2700 м, биіктігі 72 м, суының сарылы 20 – 25 км жерден естіледі. Игуасу өзенінің каньоны мен сарқырамасы ұлттық саябақ болып жарияланған (1939).


Оқушылар үш тақырып бойынша постер қорғайды.

1топ - өзендері

2топ - көлдері

3топ - сарқырамалары

(өзен,көл,сарқырама ұғымдарына анықтама береді)


Оқушылар алған білімдерін толықтыру үшін кесте толтырады




Адасқан объектілерді сәйкестендіру

Өзен --- материк ---шөл--- арал---мемлекет --- сарқырама---көл

Оңтүстік Америка Отты Жер
Ориноко
Анхель Атакама
Поопо Бразилия

Дұрыс жауабы:

Ориноко --- Оңтүстік Америка---Атакама ---- Отты Жер --- Бразилия --- Анхель--- Титикака

IV Сабақты бекіту кезеңі.

Географиялық аялдама – «Номенклатура»

(Картамен жұмыс)

Амазонка өзені
Анхель сарқырамасы
Титикака көлі
Парана өзені
Игуасу сарқырамасы

Ориноко өзені

Маракайбо көлі

Географиялық диктант.

1) Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)

2)…  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

3)Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

4)300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – …   (Игуасу)

5) Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады.  (Поопо)

V.Сабақты қорытындылау.

VІ. Бағалау.

Оқушылардың тақырыпты игеруі, үй жұмысын айтуы бойынша, білім деңгейлеріне қарай бағалау.

Рефлексия. (Оқушылар смайликтерді таңдау арқылы сабақтың ұнағандығы немесе ұнамағаны жайлы айтып, өз ойларын стикерге түсіреді).

VІІ. Үйге тапсырма:
§33. Мазмұндау.

Кескін картадан ішкі суларды көрсете білу.



  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Учебник: «География. Материки, океаны, народы и страны», Душина И.В., Коринская В.А., Щенев В.А.
Тема: § 42. Географическое положение. История открытия и исследования

Номер материала: ДБ-401556

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «География: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.