Инфоурок География КонспектыОңтүстік Америка материгінің ішкі сулары тақырыбына ашық сабақ жоспары

Оңтүстік Америка материгінің ішкі сулары тақырыбына ашық сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақ №36

Күні: 24.01.2014                    

Класс: 7 «Ә»              

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: §40. Оңтүстік Американың ішкі сулары (Өзендері мен көлдері)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға атлас картаны, тақырып бойынша мәтінді және берілген суреттер пайдаланып Оңтүстік Американың ішкі сулары тақырыбымен жұмыс жүргізу

Дамытушылығы: Танымдық білік дағдыларын, өзіндік іс–әрекеттерін қалыптастыру, іскерлік қабілетін дамыту

Тәрбиелігісабақты қайталау арқылы еске сақтау, тез ойлауға, шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру

Сабақ типі: жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, баяндау, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің, Оңтүстік Америка материгінің  физикалық картасы, қосымша материалдар, интерактивті тақта, слайд, карточкалар

Пәнаралық байланыс: биология,

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасып, кезекші мәліметін тыңдап, балалар наззарын сабаққа аудару.

Оқушыларға күн мен бұлттың суреті бар карточкаларды таратамын.

Мұғалім сөзі:

-         Қанекей балалар бүгінгі сабағымызға кімнің қандай көңіл – күймен келгенін көрейік? Оқушылар алдарыңдағы күннің немесе бұлттың суретін таңдап, көтереді.

-         Бәрекелді оқушылар! Осындай керемет көңіл – күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.

 

Сабағымыздың негізі ұстанымы:

                     «Естідім - ұмыттым,

                                 Көрдім – еске сақтаймын,

                                 Жасадым-мәңгілік менікі»

                                                                       Қытай мақалы

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

І бөлім  «Менің білетін деректерім» деп аталады.  

(Әрбір дұрыс жауапқа арнайы түрлі–түсті смайликтерді таратамын.)

Сұрақ:

1. Оңтүстік Америка материгі қай жарты шарда орналасқан ?

2. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды? (Гондвана)

3. Гондвана қандай материктерге ажырады? (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктиктида)

4. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттар пайда болды? (Атлант және Үнді)

5. Оңтүстік Америка материгін ашқан кім? (Христофор Колумб)

 

ІІ бөлім • Ең, ең

1. Ең ыстық материк (Африка)

2. Ең құрғақ материк (Аустралия)

3. Ең суық материк (Антарктида)

4. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)

5. Ең ұзын өзен (Ніл)

6. Ең ұзын тау жүйесі (Анд)

 

2. Семантикалық карта толтыру

1.     Климаты тақырыбына арналған семантикалық карта толтыру. Салыстыру.

Климаты

Климат белдеулері

Оңтүстік Америка

Африка

Аустралия

Экваторлық

 

 

 

Субэкваторлық

 

 

 

Тропиктік

 

 

 

Субтропиктік

 

 

 

Қоңыржай

 

 

 

Субантарктикалық

 

 

 

Антарктикалық

 

 

 

Қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылар ойларын жинақтап, әр топ материктің ерекшеліктеріне тоқталады. Мысалы: Амазока тобы, Анд тобы, Асыл тастар тобы, Бразилия таулы қыраты тобы әр топ өздеріне берілген атауларды қорғап шығуы керек.

Оңтүстік Америка материгінің жерінің ауданы аралдарымен қосқанда 18,3 млн км², үлкендігі жөнінен 4 орынды алады. Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:

- Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы жөнінен өте үлкен өзен Амазонка орналасқан. Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының ауданы 7 млн км² асады.

- Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады.

- Анд тауларына дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака
орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км², тереңдігі 304 м.

- Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км, екі 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі Өзен сағасы - Ла - Плато орналасқан.

Ішкі сулары. Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. О.А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

 

ІV. Бекіту кезеңі.

 

Перфокартамен жұмыс

өзен --------- үстірт --------- материк ----------шөл---------арал---------қорық---------------мемлекет--------сарқырама----------көл


Оңтүстік Америка
Отты Жер
Ориноко

Титикака
Арагуая
Атакама
Патогония
Бразилия
Анхель

 

Тест тапсырмалары.

1.Оңтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі:

A) Горн

B) Гальинас

C) Париньяс

D) Фроуэрд

E) Марьято

2.Оңтүстік Американы Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғаз:

A) Дрейк

B) Панама

C) Флорида

D) Магеллан

E) Гибралтар

3.Анды тауының биіктігі:

A)8848 м     

B)5895 м        

C 6960 м      

D)4807 м      

E)6194

4.Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы:

A)Бразилия таулы  үстірті

B)Амазонка ойп   

C)Анд тауы    

D)Патагония   

E)Ла-Плата

5.Оңтүстік Америка өзендері суының мол болып келуі себебі:

A)Өзендер бастарын биік тау. алады

B) Жауын-шашын мол түсуінен

C) Басым желдердің болмауынан

D) Басым желдердің соғуынан

E) Ағыстардың әсерінен

6. Жыл бойы ауа температурасы  +25ºС-тан төмен түспейді,жауын-шашын мөлшері 1500-3000 мм болатын климаттық белдеу:

A) Субэкваторлық     

B)Қоңыржай            

C)Тропиктік         

D) Экваторлық            

E)Субтропиктік

7. Оңтүстік Американың аралдармен қоса ауданының көлемі

А) 24,2 млн км2

В) 18,3 млн км2

С) 14 млн км2

D) 30,3 млн км2

Е) 9 млн км2

8. XVIII ғ. соңы мен XIX басында Оңтүстік Американы зерттеген неміс ғалымы

А) А.Воейков

В) Т.Барт

С) А.Гумбольдт

D) А.Оферберг

Е) Н.Вавилов

9. Батыс Жарты шардың ең биік нүктесі

А) Чимборасо 

В) Аконкагуа    

С) Мак-Кинли     

D) Митчелл       

Е) Гвиана

10. Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік

А)Какао        

В)Гевея       

С)Хина       

D)Бразилия жаңғағы        

Е)Виктория-регия

 

V. Қорытындылау кезеңі.  Үлістірмелі карточкалар арқылы,  бүгінгі күні өтілген жаңа сабағымызды атлас картаны пайдаланып қорытындылаймыз.

 

VІ. Бағалау кезеңі. Әрбір дұрыс жауапқа таратылған арнайы түрлі–түсті смайликтерді санап, сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

 

VІІ. Үйге тапсырма беру. §40. Өзендері мен көлдері тақырыбын оқу, сұрақтарға жауап беру.  Кескін картаға материктің ішкі суларын түсіру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оңтүстік Америка материгінің ішкі сулары тақырыбына ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. Оңтүстік Америка жеріндегі көлқазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 106 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2014 3181
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебаева Айгерим Ержановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжебаева Айгерим Ержановна
    Кенжебаева Айгерим Ержановна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21534
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 289 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 39 регионов

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе