Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқу әдістемелік кешен Мамандық: 0513000 «Маркетинг» Сала мамандануын ескеретін пән «Экономикалық талдау» пәні

Оқу әдістемелік кешен Мамандық: 0513000 «Маркетинг» Сала мамандануын ескеретін пән «Экономикалық талдау» пәні

Скачать материал

Көпсалалы « Ұлағат Қызылорда » колледжі

 

 

 

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ Рахымжан А.Б.

«28»     08     2015 ж

 

 

 

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасы

Сала мамандануын ескеретін пән

«Экономикалық талдау» пәні

2015-2016 оқу жылына арналған

 

 

Оқытушы: Сугурова Зухра Альматовна

Мамандық:   0513000 «Маркетинг»

Пән бірлестігі: «Экономикалық – техникалық және арнайы»

Курс: 2   М-21 тобы

Жалпы сағат саны:  106  сағат  теориялық:   64 тәжірибелік:  42

Оқу жұмыс бағдарламасы 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 14 желтоқсан №4 хаттамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №595 бұйрығымен 25.12.2009 жылы бекіткен бағдарламаға сәйкес жасалынды.

 

 

 

Хаттама  № 1    « 27 »     08     2015  ж

 

Бірлестік төрайымы: ____________ Абдимомынова М.Ш

            Колледж әдіскері:    _____________Альмердинова Ұ. М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Түсіндірме жазба

 

Оқу бағдарламасы 0518000 «Есеп және аудит» мамандығына  әзірленді.

Оқу бағдарламасы «Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау» пәнінің мазмұнын іске асыруға арналған және жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуге негіз болып табылады.

Тақырыптардың атаулары, мазмұны және уақыты циклдық комиссиясымен белгіленеді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға кіргізілді.

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары оқыту үшін міндетті болып табылады және қысқартылып өзгертілмейді.

Оқу бағдарламасы білім алушылардың «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін оқып, қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидаларын және оның есептік-экономикалық ақпарат және басқарма жүйелеріндегі алатын маңыздылығын меңгергендігін қарастырады.

Оқу бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп незіздері», «Ақша, қаржы және несие» пәндері бойынша білім алушылардың білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделеді.

«Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау» пәнін оқу барысында «Қаржылық есеп», «Ұйым экономикасы», «Аудит және ревизия», және басқа пәндермен байланыс жасау керек.

Оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында дидактикалық және көрнекі құралдарды қолдану ұсынылады: плакаттар, оқу бейнефильмдері, электронды оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар. Пәнді меңгеру үрдісінде білім беруші «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» Заңын, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру бойынша басқа да нормативті құжаттарды пайдалану тиіс.

Оқу бағдарламасы білім берушінің оқу үрдісін белсенді етудің және білім алушылармен сабақтан тыс жұмыс жасаудың әртүрлі әдістерін қолдануды: оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлер мен көрнекі құралдарын пайдалануды қарастырады. Тәжірибелік сабақтарды тиісінше деңгейде өткізу үшін кабинеттер нұсқаулық және оқу-тәжірибелік материалдарымен, оқу құралдары және құжаттардың бланкілерімен қамтамасыз етілуі керек.

Пән бойынша сабақты жүргізу нысаны оқытушымен оқытудың дидактикалық мақсаты және пәннің мазмұнына байланысты таңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.      Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

 

Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқытудың нәтижелері

Оқу бағдарламада жоспарланған нәтижелер

Білім алушылар келесі құзыреттіліктерді игеруі керек:

 

Базалық құзыреттілік:

БҚ 1. Қиын-қыстау кезеңдегі ақпарат негізінде шешімдер қабылдау;

БҚ  2. Қазіргі заман ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу, талдау, іріктеу, қайта жасау, сақтау, интерпретация жасау.

 

 

Пәнді оқу барысында білім алушылар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болуы керек:

Базалық құзыреттілік біледі:

-           - Қаржылық менеджментті ұйымдастыру

сұрақтары бойынша Заңнамалық және инструктивтік материалдарды;

меңгереді:

- дербес компьютерде жұмыс істеуді.

дағдыланады:

- қолданбалы бағдарламалардағы жұмыстарға.

Кәсіби құзыреттілік:

КҚ 1. Өндіріс экономикасын, қарызды жұмылдыру және жеке құралдарды қолдану тәртібін, өндіріс экономикасын, бағалы қағаздар шығаруды және сатып алуды білу;

КҚ 2. Ұйымды техникалық қайта жабдықтау бойынша құрылыс, күрделі жөндеу және шығындарды қаржыландыру тәртібін, ағымдағы қаржыны басқаруды қамтамасыз ету қаржы әдісінің жүйесін білу;

КҚ 3. Ұйым шотына түсетін ақша құралдарын болжау, перспективалық жобалар мен жылдық қаржы жоспарларын, технико-экономикалық өндірістік жоспар көрсеткіштерін есепке ала отырып әзірлей білу;

КҚ  4. Құралдардың келіп түскенін, табыс және шығыс мөлшерін, аударымын, ұйымның бюджетпен, салық органдарымен, банктермен өзара байланысын анықтау, табыс және шығыс балансын, кассалық жоспарлар мен несиелік тапсырыстар құру;

КҚ  5. Жедел қаржыландыруды, есепті және төлем міндеттемелерінің орындалуын, болып жатқан өзгерістерге ұйымның төлем төлеуге қабілеттілігін уакытында көрсетіп, жеке қаражат жағдайын қадағалауды қамтамасыз етеді;

КҚ  6. Жоспарлы нормативтер, табысты бөлу жобалар жоспарын әзірлеуге қатысады.

 

 

 

Кәсіби құзыреттілік біледі:

-         кәсіпорынның қаржылық жағдайы,

тәуекелдіктің түсінігі және түрі, тәуекелдіктің факторлары мен процедурасы

меңгерді:

-          кәсіпорынның қаржылық түсімдерін басқаруды;

-         капиталдық құйылымдардың

пайдалығын есептеу көрсеткіштерін;

-         перспективалық және жылдық

жобалардың қаржылық жоспарларын құру;

-         есепке алу мен статистикалық есеп

беру жөніндегі бастапқы құжаттаманы рәсімдеуді;

-         өндірістік бағдарламаларды,

жоспарлы тапсырмаларды әзірлеуді және олардың орындалуын талдауды;

-         экономикалық есептерді орында-

ғанда экономикалық-математикалық әдістер мен есептеу техникасын пайдалануды;

-         бағалы қағаздар мен операциялар

жүргізу;

-         ұйымның өтімділігінің көрсеткіш-

терін есептеу;

-         ұйымның қаржы-шаруашылық

қызметі бойынша тәуекелдіктерін есептеу.

дағдыланды:

-         кәсіпорынның өндірістік-қаржы

қызметіне білікті талдау жүргізуді.

 

Арнаулы құзыреттілік:

АҚ  1. Экономикалық талдаудың әртүрлі әдістерін қолданады, шаруашылық қызметті объективті бағалайды. Экономикалық көрсеткіштерді талдау мақсатында электрондық командалар бере алады. Өндіріс көлеміне әсер ететін факторлардың деңгейін есептеу әдістерін қолданады.

АҚ  2. Негізгі қорлардың қолдану тиімділігін есептей алады. Ұйым қызметін объективті түрде бағалайды.

АҚ  3. Талдау әдістемесіне байланысты талдау түрлерін қолдана алады. Қаржылық жағдайды талдаудағы әдістерді қолдана біледі: экспресс талдау.

Қаржылық көрсеткіштер негізінде ұйымның қаржылық жағдайын объективті бағалайды.

АҚ  4. Баланс активтерінің құрамымен құрылымын талдайды, баланс аутивтерінің құралу көздерін анықтайды. Баланс ликвидиттілігін анықтайды, ұйымның қаражат қайтарымдылығын анықтайды, несие қайтарымдылығын анықтайды, қаржылық есеп мәліметтерін қолдана отырып талдау жүргізеді, ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалайды.

АҚ 5. Ұйымның қаржылық қорытындысы бойынша келісілген қаржылық есеп түрлерін құрайды.

Арнаулы құзыреттілік:

-         ұйымның қаржылық жағдайын

талдау әдістерін;

меңгерді:

-         ұйымның қаржылық жағдайының

көрсеткіштерін есептеу және қаржылық жағдайын талдау бойынша кұзыретті болу;

-         аналитикалық процедураларды

жүргізуді;

-         ұйымның қаржы-шаруашылық

жағдайы және нарықтық тұрақтығы бойынша ғылыми тұрақты зерттеу және бағалау;

 

дағдыланады:

-         ұйымның қаржылық жоспарын

әзірлеуді;

-         ұйымның өтімділігін есептеуді;

 

 

3        Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

Тақырыптық жоспар

 

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлығы

Теориялық

Тәжірибелік

1

Экономикалық талдау мазмұны, пәні, міндеттері

6

6

 

2

Экономикалық талдаудың әдісі және тәсілдері

30

18

12

3

Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

12

8

4

4

 Экономикалық талдау түрлері

8

8

 

5

 Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру

20

12

8

6

 Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері.

30

12

18

 

Барлығы

106

64

42

 

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны

 

                               Экономикалық талдау теориясы

 

1.1                 тақырып  Экономикалық талдау пәнінің мазмұны   мен   міндеттері.

Кіріспе. Экономикалық талдаудың тарихы мен даму келешегі. Нарықтық экономикаға көшу кезеңділігі. Пән және оның міндеттері, өзге пәндермен байланысы. Курстың құрылуы және тақырыптардың мазмұны мен экономикалық талдаудың мазмұны. Экономикалық талдаудың заңы. Экономикалық талдаудың міндеттері. Экономикалық талдау және басқа ғылымдар. Экономикалық талдау және аудит.

 

1.2 тақырып  Экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері.

Экономикалық талдау әдісі, оның ерекшеліктері. Талдау әдістері мен тәсілдерін топтастыру. Салыстыру – талдаудың негізгі тәсілі.

«Айырма» әдісімен шаруашылық қызметтің жалпылау көрсеткіштеріне әртүрлі факторлар әсер етуін анықтау.

Индекстік әдіс – зерттелетін көрсеткішке әр түрлі факторлар әсер етуін анықтайтын әдіс.

Баланстық әдіс. Есептің мәліметтер статистикалық өңдеу әдістері мен тәсілдерін қолдану. Талдаудың экономикалық-математикалық әдістері.

 

1.3 тақырып  Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Экономикалық ақпарат жүйесі. Субъектілердің шаруашылық қызметінің талдау көздері. Көрсеткіштер жүйесі. Аналитикалық көрсеткіштерді дайындау. Экономикалық ақпаратты компьютерлік өңдеуді ұйымдастыру негіздері.

 

1.4 тақырып  Экономикалық талдау түрлері.

Экономикалық талдау түрлерін топтастыру болашақ экономикалық талдаудың міндеттері мен әдістемесі.

Шаруашылық, салалық экономикалық талдау ұйым қызметін талдаудың әдістемесі мен ұйымдастыру ерекшеліктері.

Шаруашылық салыстырмалы талдау әдісі.

 

1.5 тақырып   Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру.

Ұйым қызметін бақылайтын және талдайтын органдар.

Ұйымдардың қызметін бақылаудың нысандары мен әдістері.

Бухгалтерлік есептемелерді тексеру экономикалық талдау. Талдау – аудит тексеруі ревизия. Экономикалық талдау кезеңдері қазіргі замандағы аналитикалық жұмысты жетілдіру. Шет мемлекеттерде аналитикалық жұмысты ұйымдастыру.

 

1.6 тақырып Өндірістің қызметін негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері.

Кешенді экономикалық талдау жүйесі. Шаруаршылық қызметті талдауға жүйелі әдіс.

Басқармашылық және қаржылық талдаудың мазмұны. Өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Еңбек өнімділігін, материал қажетсінуін, қор қайтарымын талдау, өнім, жұмыс, қызмет көлемі мен құрылымын талдау, өнім шығындарын және өзіндік құнын талдау.

Білім алушыда келесідей ұғымдар қалыптасу керек: басқармашылық және қаржылық талдау мазмұны, өндірістің техникалық ұйымдық деңгейін талдау мазмұны, еңбек өнімділігі қор қайтарымы, материал қажетсінуін талдаудың мазмұны, өтім, жұмыс, қызмет көлемі мен құрылымын талдаудың мазмұны, өнімнің өзіндік құны мен өндіріс шығындарын талдаудың мазмұны.

 

Әдебиет және оқыту құралдары

 

1.     М.И.Баканов , А.Д.Шеремет «Экономикалық талдау теориясы» Финансы и статистика 1997ж

2.     Брейнстаин Ф.К. Қаржылық есепті талдау 1996ж.

3.     К.Ш. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»

Алматы 2001 ж.

4.     07.04.95 ж. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңы.

5.     Шеремет А.Д.Сайфулин Р.С. Қаржылық талдау әдістері. Қаржы ИНФРАМ,1995ж.

6.     №2732 1995жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығы бойынша бухгалтерлік есеп туралы заң.

7.     Бухгалтерлік есеп стандарттары;

8.     И.Т.Балабанов Шаруашылық субъектілердің қаржысын жоспарлау және талдау. Оқу құралы : Қаржы және статистика 1995ж;

9.     Оқу құралы : В.И.Артеменко, М.В.Беллиндер «Қаржылық талдау»  1997ж.

10. Қаржылық менеджмент : теория және тәжірибе . Е.С.Стоянова ; Перспектива баспасы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

 

 

 

 

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

             ___________Рахымжан А. Б.

« 28» 08  2015 ж

 

 

 

 

Сала мамандануын ескеретін пән

 « Экономикалық талдау»

 

ПӘНІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

2015-2016 оқу жылына

 

Оқытушы: Сугурова Зухра Альматовна

 

Мамандық

0513000 «Маркетинг»

 

Курс

ІІ

Оқу тобы

М-21

Жалпы сағат

56

Оның ішінде:

Теориялық

Тәжірибелік

 

40

16

 

 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес хаттама №1,   27.08.2015  жылы жасалынып, «Экономикалық – техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінде талқыланып, мақұлданды

 

 

 

Хаттама  №  1.  27. 08. 2015  ж

          Бірлестік төрайымы: ___________  Абдимомынова М.Ш

 

 

 

 

Р/н

Бөлімдер  мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Мерзімі

Сабақтың түрі

Көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдары

Негізгі және қосымша әдебиеттер көрсетілген үй тапсырмасы

Экономикалық талдау

Тақырып 1 Экономикалық талдау пәнінің  мазмұны мен  міндеттері.

1

Кіріспе. Экономикалық талдаудың тарихы мен даму келешегі.. Нарықтық экономикаға көшу кезеңділігі. Пән және оның міндеттері, өзге пәндермен байланысы

2

 

Жаңа сабақты игеру

Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы

 

С. Егемдергенова «Экономикалық талдау» 3-5 беттер

 

 

2

Курстың құрылуы және тақырыптардың мазмұны мен экономикалық талдаудың мазмұны. Экономикалық талдаудың заңы

2

 

Аралас  сабақ

Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы

 

Оқулықтан  7-9 беттер

 

3

Экономикалық талдау және басқа ғылымдар. Экономикалық талдау және аудит.

2

 

Аралас  сабақ

Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы

Оқулықтан  10-14 беттер

 

Тақырып 2  Экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері.

4

Экономикалық талдау әдісі, оның ерекшеліктері.

2

 

Жаңа сабақты игеру

Сызба «Талдау әдістері»

Баканов М.И «Экономикалық талдау негіздері» Москва 2002ж

21-24 беттер

 

5

Талдау әдістері мен тәсілдерін топтастыру.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан  

28-31 беттер

 

6

Салыстыру – талдаудың  негізгі тәсілі.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан 33-35 беттер

 

7

Салыстыру – талдаудың  негізгі тәсілі.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан 33-35 беттер

 

8

«Айырма» әдісімен шаруашылық қызметтің жалпылау көрсеткіштеріне әртүрлі факторлар әсер етуін анықтау

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан 36-39 беттер

 

9

«Айырма» әдісімен шаруашылық қызметтің жалпылау көрсеткіштеріне әртүрлі факторлар әсер етуін анықтау

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан 36-39 беттер

 

10

«Айырма» әдісімен шаруашылық қызметтің жалпылау көрсеткіштеріне әртүрлі факторлар әсер етуін  талдау

2

 

Тәжірибелік сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

40-45 беттер

 

11

Индекстік әдіс – зерттелетін көрсеткішке әр түрлі факторлар әсер етуін анықтайтын әдіс.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

46-48 беттер

 

12

Индекстік әдіс – зерттелетін көрсеткішке әр түрлі факторлар әсер етуін талдау

2

 

Тәжірибелік сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

49-52 беттер

 

13

Баланстық әдіс.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

55-58 беттер

 

14

Баланстық әдіс.

 

2

 

Тәжірибелік сабақ

Сызба «Талдау әдістері», Есептер жинағынан №1-5

Оқулықтан

55-58 беттер

 

15

Есептің мәліметтер статистикалық өңдеу әдістері мен тәсілдерін қолдану.

2

 

Тәжірибелік сабақ

Сызба «Талдау әдістері», Есептер жинағынан №6-8

Оқулықтан

168-170 беттер

 

16

Есептің мәліметтер статистикалық өңдеу әдістері мен тәсілдерін қолдану.

2

 

Тәжірибелік сабақ

Есептер  жинағы

№9-12

Тест тапсырмасы

 

Оқулықтан

168-170 беттер

 

17

Талдаудың экономикалық-математикалық әдістері.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

171-175 беттер

 

18

Талдаудың экономикалық-математикалық әдістері

2

 

Тәжірибелік сабақ

Сызба «Талдау әдістері»

Оқулықтан

181-184 беттер

 

Тақырып 3 Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

19

Экономикалық ақпарат жүйесі.

2

 

Жаңа сабақты игеру

Сызба «Аналитика

лық көрсеткіштер»

Баканов М.И «Экономикалық талдау негіздері» Москва 2002ж

21-24 беттер

 

20

Субъектілердің шаруашылық қызметінің талдау көздері. Көрсеткіштер жүйесі.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Аналитика

лық көрсеткіштер»

Оқулықтан

185-188 беттер

 

21

Аналитикалық көрсеткіштерді дайындау.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Аналитика

лық көрсеткіштер»

Оқулықтан

189-194 беттер

 

22

Экономикалық ақпаратты компьютерлік өңдеуді ұйымдастыру негіздері.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Аналитика

лық көрсеткіштер»

Оқулықтан

199-208 беттер

 

23

Экономикалық ақпаратты компьютерлік өңдеуді ұйымдастыру негіздері.

2

 

Тәжірибелік сабақ

Есептер жинағы

№14-16 Тест тапсырмасы

Оқулықтан

212-218  беттер

 

24

Аналитикалық көрсеткіштерді дайындау

2

 

Тәжірибелік сабақ

Есептер жинағы

№18-22 Тест тапсырмасы

Оқулықтан

220-235 беттер

 

Тақырып 4   Экономикалық талдау түрлері

25

Экономикалық талдау түрлерін топтастыру

 

2

 

Жаңа сабақты игеру

Сызба «Экономикалық талдау түрлері»

Баканов М.И «Экономикалық талдау негіздері» Москва 2002ж

Оқулықтан

240-245 беттер

 

26

болашақ экономикалық талдаудың міндеттері мен әдістемесі.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Экономикалық талдау түрлері»

Оқулықтан

254-259 беттер

 

27

Ұйым қызметін талдаудың әдістемесі мен ұйымдастыру ерекшеліктері

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Экономикалық талдау түрлері»

Оқулықтан

260-263 беттер

 

28

Шаруашылық салыстырмалы талдау әдісі.

2

 

Аралас  сабақ

Сызба «Экономикалық талдау түрлері»

Оқулықтан

264-269 беттер

 

 

Барлығы

56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.
      Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады. 

Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;

• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;

• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
       Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады.

 

 

 

 

Экономикалық талдау теориясы

 

Тақырып 1   Экономикалық талдау пәнінің мазмұны   мен   міндеттері.

Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау  ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу.

 

 Мазмұны

1.      Экономикалық талдау  және теориялық таным

2.      Экономикалық талдау және экономикалық теория

3.      Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі

4.      Экономикалық талдау  пәні мен объектілері

5.      Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау,  бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

 

Экономикалық талду басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне  қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін  қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.

Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді  зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы  мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.

Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей  кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.

Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.

Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.

Адамның талдау қабілеттілігі қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.

Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.

Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.

        Бүгінде, экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.

        Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды. Шаруашылық қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында – тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады.

          Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т.б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы,  гиподинамия дамуы және т.б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.

          Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.

Жүйелі көзқарас – зерттеу әдіснамасындағы бағыт. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.

            Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері – қозғалмалылық, өзара қарым-қатынас, өзара тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

            Жүйелі талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады.

            Зерттеудің бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс.

            Жүйелі талдаудың екінші кезеңнің негізгі мақсаты – жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға  беруге мүмкіндігі бар көрсеткіштердің іріктелуі.

            Үшінші кезеңде зерттелетін жүйенің жалпы схемасы құрастырылады. Графикалық тұрғыда ол әдетте әрбір элементке арнайы блок сәйкес келетін блоктық сурет түрінде көрсетіледі. Бөлек блоктар жүйенің ішкі және сыртқы байланыстарының бары мен бағытын көрсететін бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан. Мұнда алдыңғы кезеңде таңдалған көрсеткіштер жүйе элементтері мен байланыстары бойынша үлестіріледі, олардың тізімі нақтыланады (бірін-бірі қайталайтын шығарылып тасталады, ақпараты жеткіліксіздері ауыстырылады.).

            Талдаудың төртінші кезеңі жүйенің экономика-математикалық үлгісі жалпы түрде құрылуына арналады. Мұнда сапалы талдау негізінде жүйенің барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің математикалық нысандары анықталады. Бұл кезеңде әртүрлі әдістер көмегімен барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, шетеу параметрлері мен мақсат функциялары анықталуы тиіс.

            Нәтижесінде істелген жұмыс қорытындысы бойынша таңдалған объектіні экономикалық талдау үшін пайдаланылуы мүмкін экономика-математикалық үлгі алынуы мүмкін.

            Ең соңғы талдаудың бесінші кезеңі «үлгімен жұмыс» деп аталады. Оны диалог түрінде компьтерде жасаған дұрыс. Өндірістің сол не басқа факторларын сипаттайтын экономика-математикалық үлгісінің (коэффициенттер, шектеулер) бөлек параметрлерін ауыстыру жолымен функция мәнін анықтайды. Осы көрсеткіштерді нақты, жоспарлы және басқалармен салыстыру шаруашылық қорытындысын, нәтижелі көрсеткіштер шамасына факторлар әсерін бағалауға, ішкі шаруашылық резервтердің пайдаланылмаған көлемі мен көздерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

          Талдауға суреттелген көзқарас басқалармен салыстырғанда маңызды артықшылықтарға ие: ол зерттеудің кешенділігі мен мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.

Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.

Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.

Біріншіден, бұл функциялардың бірі – экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.

      Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.

      Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

       Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.

      Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.

Шаруашылық қызметін талдау жүргізуде келесі принциптерді басшылыққа алған жөн.      

1)            Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.

2)            Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.

3)            Талдау кешенді болуы қажет. Зерттеудің кешенділігі кәсіпорын экономикасында қызметтің барлық тарауларын қамтуды талап етеді.

4)            Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.

5)            Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.

6)            Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.

7)            Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.Талдау оперативті болуы қажет. Оперативтілік деп отырғанымыз – бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.

Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.

       Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.

       Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның  экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды.Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын  басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.

        Шаруашылық қызметті талдаудың ғылым ретінде даму тарихына көңіл аудара отырып екі жағдайды еске сақтау керек: біріншіден, ғылымның теориялық сұрақтарын жетілдіруге, екіншіден, олардың тәжірибедегі қолданылуы. ШҚТ туралы алғаш арнайы кітаптар ХХ ғасырда пайда болды. Олар баланс талдауына арналған еді және методикалық бағытта болды. 30-шы жылдары ШҚТ СССР-дың жоғарғы оқу орындарында оқылатын болды. ШҚТ туралы алғаш кітаптар мен әдістемелер шыға бастады. Олардың авторлары Н.Р.Вейцман, С.К.Татур,М.И.Баканов және т.б. 30-шы жылдары ШҚТ-ның ғылым ретінде қалыптасуы болды, әрі оны тәжірибеде кәсіпорын экономикасын жалпылама зерттеу жүйесі мен өндірістік резерті жоғарылатуды іздеуде қолдана бастады. Соғыс алдындағы жылдары экономикалық талбдау сұрақтары бойынша үш жүзден аса кітаптар мен алты жүздец ғылыми мақалалар жасалды.

        Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті талдау басқа авторлардың да туындыларында көрініс тапты.

       Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың теориялық сұрақтарына арналған деп айтуға болады. Осы кезде талдау кәсіпорынның да ұлттық экономиканың деңгейінде басқару тәдірибесінде қолданыла бастады. Экономикалық талдаудың дербес әдістемелік бағыттары жетіле бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық, функционалды-бағалық және т.б.

       Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуында үлкен рөлді  М.И.Баканов, А.Д.Шеремет, С.Б.Барнгольц, В.Ф.Дьяченков, А.Ш.Маргулис, А.И.Муравьев, В.И.Самборский, Н.В.Дембинский, Г.М.Таций, Н.Г.Чумаченко, В.И.Стражев, С.Г.Овсянников, Н.А.Русак, Л.Н.Кравченко, Б.И.Майданчик, Р.С.Сайфулин, А.Ф.Аксененко және т.б. экономист ғалымдар.

       Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық жағынан негізделген ғылым ретінде қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен жасалған бірқатар әдістемелер өндірісті басқаруда әртүрлі дәрежеде болып келеді. Сонымен қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық шешімдерді оптимизациялайтын математикалық, ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен жүргізілуде. Шетел және отандық теориялық жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы жүргізілуде.

       Шаруашылық қызметті талдаудың  теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б. ғылымдармен байланысты. Сондай ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.

Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі мен осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.

 

Қорытынды

 

Талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады. экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.

 

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

      Лекция материалдарын игеру үшін  барлық көңілді  негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік –экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.      Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?

2.      Экономикалық талдаудың теориялық танымы?

3.      Жалпытеориялық экономикалық талдау.

4.      Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемесі  

5.      Экономикалық талдау категориясы.

6.      Экономикалық талдаудың зерттеу пәні мен объектілері қандай?

7.      Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?

8.      Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері  

 

Тақырып 2  Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері

 

Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідерін:  салыстыру, қатысты және орта шамалар тәсілін, топтастыру тәсілін  қарастыру.

 

 Мазмұны

1.      Экономикалық талдау  әдістері

2.      Экономикалық талдау әдістемесі

3.      Экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері (салыстыру тәсілі, көрсеткіштерді  салыстырмалы түрде келтіру әдістері, қатысты және орташа шамалар, топтастыру тәсілі.)

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік, жалпы әдістеме, жеке әдістеме, детерминацияланған  факторлық талдау, стохастикалық факторлық талдау, салыстырмалы талдау, көлденең, тігінен, трендтік, бір шамалы және көп шамалы талдау әдістері және т.б.

 

Ғылым әдісі кең мағынада өз затын зерттеу тәсілі ретінде түсіндіріледі. Ғылымның әр түрлері үшін өз затын зерттеуге (оның ішінде, шаруашылық қызметті талдау) ерекше қарау әдістері танудың жалпыға бірдей диалектикалық әдісіне негізделеді.

          Талдаудың маңызды методологиялық белгісі болып себепті-тергеулі байланыстарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипаттама беруге қабілеттілігі табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар ықпалын өлшеуді қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның қорытындыларын негізделген етеді.

          Талдауда себепті байланыстарды зерттеу мен өлшеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады. Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады.

          Шаруашылық қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір процесті, әрбір экономикалық құбылысты бір-бірімен өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру керек. Осыдан келіп шығатыны талдаудың тағы бір сипаттамалық белгісі болып табылатын талдау объектісін зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі.

          Жүйелі көзқарас зерттелетін құбылыстар мен процестердің элементтерге максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен синтезін қарастырады. Сол не басқа құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді аналитиктерден талап ететін  ШҚТ-дағы күрделі мәселе болып табылады.

          Элементтерді жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің) мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.

          Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың өзара байланысын, бағыныштылығы мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу материалдарын жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу,  негізгі және шешуші факторларды ашып көрсету қажет.

          Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ойын теориясы

 

Интегралдық

 
                                  

Операцияларды зерттеу

 

Пропорционалды бөлу

 
 

 

 


Сурет 2 -  Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері

 

Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды  зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: цептік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде,  өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады (сурет 2).  Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды әдіснамалық белгісі болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және кешенді зерттеу үшін қажетті болып саналатын көрсеткіштер жүйесін өңдеу мен қолдану табылады.

          Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінен көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу және жалпыландыру, жүйелі, кешенді зерттеуді  көрсетеді.

Шаруашылық қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің нақты әдістемелерінің қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді талдау әдістемелері болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.

Ғылыми зерттеудің құралдардың жаңартылуы, талдау жұмысының тиімділігінің  және  жарқындылығының негізі болып табылады. Неғұрлым адам зерттейтін құбылыстың мәнін терең түсінсе, соғұрлым оған нақты зерттеу әдістері қажет болады. Бұл барлық ғылымдар, салалар үшін қажет. Барлық ғылымдар салаларында  соңғы жылдар ішінде зерттеу әдістемелері нақтылана түсті. Экономикалық ғылымның аса маңызды құндылығы болып, экономикалық зерттеулерге математикалық әдістерді қолдану болып табылады. Ол талдауды одан ары терең әрі дәлді етеді.

Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны тани білді. Қазіргі заманда біз бұл амалды атоматты түрде кейде байқамай күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына көңіл аударсақ «Бәрін салыстырғанда түсінесін» деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау мен болжауды  бағалағанда қолданатын  әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.

Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру –  бұл танымның  ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар  бұрын зерттелген белгілі құбылыспен салыстырылады, бұл олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму тенденциялары мен заңдылықтары анықталады.

Экономикалық талдауда салыстыру барлық есептерді шешуде негізгі немесе көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды айта кетейік.

1. Жоспардың орындалу дәрежесін бағалау үшін жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыру.

2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік көрсеткіштерді салыстыру  шығындарды бақылауға және ресурсты сақтаушы технологиясын енгізуге  мүмкіндік береді.

3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар көрсеткіштерімен салыстырып  экономика процесстерінің даму тенденциясын анықтау.

4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін ғылыми жетістіктермен және басқа кәсіпорындар немесе бөлімшелер жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен салыстыру қорларды іздеуге қажет.

5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді  жеткен нәтижелерді бағалау және қолданылмаған қорды анықтау үшін  аудан, аймақ, облыс бойынша орташа көрсеткішітерімен салыстыру.

6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің өзара байланысын  анықтау үшін параллельді және динамикалық қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде жалпы өнімнің өндірістік колемінің өзгеріс динамикасын, негізгі өндірістік қор және қайтарым қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің өзара байланысын дәлелдеуге болады.

7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстыру мақсатымен ең қолайласын таңдау.

8.  қызмет нәтижесін кез келген фактордың өзгерісіне дейін және кейін салыстыру, факторлар әсерін есептеген кезінде және қорларды есептегенде қолданылады.

Салыстырудың әр түрін толығырақ қарастырайық.

Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын  қызметінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв түрінде қарастыруға болады.

ШҚТ-да болашақ жоспардың мәліметтерімен осы немесе басқа көрсеткіштер бойынша жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы аз емес. Бұндай салыстыру болашақ жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың орындалу жолын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыстардың тәжірибесінде бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы: шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім өндірісіне қорларды артық  шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын  төмендету мен өнім шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.

ШҚТ-да алынған нақты нәтижелерді өткен жылғымен салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.

Келесі түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі  алдыңғы қатарлы учаскелер, жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.

 Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау – талдамалы кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықтың бірдей жағдайындағы ең жақсы нәтижелерге ие басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстыруда жоғары мәнге ие.  Мұндай талдау алдыңғы тәжірибені үйрену мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге және кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруының  қорларын анықтауда маңызды тәсіл болып табылады.

Талдауда өте жиі зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштері ортасаладағы мәліметтермен немесе министрлік, топтасу, концерн бойынша мәліметтермен салыстырылады. Мұндай салыстыру талдалмалы кәсіпорынның қызметін толық әрі объективті бағалау үшін және оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын жалпы және ерекше факторларды үйрену үшін қажет.

Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдау – да өндіріс мүмкіндіктерін тиімдірек таңдаумен оны толығырақ пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру қолданылады. Әсіресе ол алдыңғы талдауда басқару шешімдері мен жоспарларды негіздеу кезінде кеңінен қолданылады.

Параллельді және динамикалық қатарларды талдау әртүрлі көрсеткіштер арасындағы байланыс бағыттары мен формаларын анықтау мен негіздеу үшін қолданады. Осы мақсатта көрсеткіштердің бірін сипаттайтын сандарды ұлғаймалы немесе кемімелі ретте орналастыруы керек және осыған байланысты басқа зерттелетін көрсеткіштердің өзгеруін қарастырады: ұлғая ма, кеми ме және қандай деңгейде.

Экономикалық талдауды салыстырмалы талдаудың келесі түрлері ажыратылады: көлденең, тігінен, трендтік, сонымен қатар бір шамалы және көп шамалы. Көлденең салыстырмалы  талдау зерттелетін көрсеткіштердің нақты деңгейдегі абсолютті және қатысты ауытқуларды базалықтан (жоспарлы, өтке кезеңдегі, орташа шамалы, ғылыми жетістіктер және алдыңғы тәжірибелі) анықтау. Тігінен салыстырмалы талдау көмегімен экономикалық процесстер мен құбылыстардың құрылымы жеке бөліктердің үлес салмағын, бір бүтіннің  бөліктері арасындағы өзара қатынасын (Мысалы: меншікті және қарыздық капитал, негізгі және айналым капиталы) есептеу жолымен анықталады. Сонымен қатар сәйкес фактордың өзгерісіне дейінгі және  кейінгі олардың шамаларын салыстыру жолымен нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне факторлар әсерін зерттейді.

Трендтік талдау динамикалық қатарларды зерттеу барысында, яғни базистік жыл деңгейіне қатысты бірқатар жылдарға қатысты өсім және өсу қарқынын зерттеуде қолданылады. Бірөлшемді салыстырмалы талдауда бір объектіні бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша немесе бірнеше объектілерді бір көрсеткіш бойынша салыстыру орындалады.  Көпөлшемді салыстырмалы талдау көмегімен көрсеткіштердің үлкен спектрі бойынша бірнеше кәсіпорындардың (бөлімшелердің) қызметінің нәтижелерін салыстыру жүргізіледі.

Өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорындардың және т.б. шаруашылық нәтижелерін комплекстік бағалау үшін қолданылатын талдауға керекті көпөлшемді салыстырулар өзгеше назарды қажет етеді. Бұндай міндет бірнеше кәсіпорындардың шаруашылығына жинақтаушы салыстырмалы баға беру кезінде әрдайым тұрады. Бұны жасайтын жоғарғы басқару органдары, сонымен қатар қаржылық тәуекелділік дәрежесін бағалау үшін инвесторлар.

Шаруашылық қызметінің комплекстік бағасы, өндіріс нәтижелері туралы жалпылама мәліметтері бар және экономикалық процесстерін анықтайтын жиынтық көрсеткіштерді зерттеу нәтижесінде алынған, кәсіпорын қызметіннің мінездемесі болып табылады. Бәріне мәлім, комплекстік бағалау үшін неғұрлым көбірек көрсеткіштер пайдаланылса, соғұрлым талдау қорытындысы дұрыстырақ болады. Бірақ бұл мақсатқа байқам ұмтылу қажет, себебі көрсеткіштер санының өсуі комплекстік бағалаудағы есептеу жұмысын қиындатады және нәтижелігін түсіреді.

Қазіргі кезде комплекстік бағалау міндеті территориялық жоспарда екі бағытта шешіледі. Бірінші – бұл жалпылама (синтетикалық) немесе интегралды көрсеткішті өңдеу. Ол шаруашылық қызметтің салмақтырақ жақтарын іске асыратын еді. Бұл мақсатқа жету, нәтижесінде бірыңғай көрсеткішті алуды күтілетінімен қызықтырады. Бұл шаруашылық нәтижелерін бағалау міндетін автоматты түрде шешеді: бірінші орында ең артық нмесе ең кем көлемді көрсеткіштері бар кәсіпорын, екінші орында екінші нәтижесі бар кәсіпорын, т.с.с.  Бұндай интегралды көрсеткіш әлі табылмаған, ал көп сандық зерттеулер оны өңдеудің қиындығын көрсетеді.

Шаруашылық қызметтің қиындығы проблеманы басқа әдіспен де шешуге мүмкіндік бермейді – жалпылама нәтижелі көрсеткіштер ішінен қандай да бір көрсеткішті интегралды ретінде таңдап алу. Мысалы, кәсіпорын өнімді өндіру көлемінің кемуінде конъюктуралық факторлардың көмегімен алынған табыс сомасы бойынша жоғары нәтиже ала алады. Басқа жағдайды қарастырайық: кәсіпорын өнімді өндіру жоспарынан артық өндірді, бірақ өнімнің өзіндік құны ұлғайды да, пайда сомасы кеміді.

Бұл себептен кәсіпорын қызметі нәтижесінің жалпылама бағасы көрсеткіштердің толық комплексі бойынша жүргізіледі. Осымен байланысты әдетте міндет күрделене түседі, себебі кәсіпорындар арақатынасы әртүрлі көрсеткіштер бойынша әртүрлі болады. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша кәсіпорын бірінші орында, өзіндік құны бойынша – үшінші, ал рентабельділік деңгейі бойынша – бесінші орында және т.с.с. болды.

Комплекстік бағалаудың басқа бағыты – шаруашылық қызметінің нәтижелерін бір мағыналы бағалауын комплексті көрсеткіштер негізінде қамтамасыз ететін есеп процедураларының алгоритмдерін өңдеу.

Бұл міндетті шешу үшін «суммы мест», геометриялық орта және т.б. әдістерге негізделген алгоритмдер кең қолдануда.  Бірақ бұл әдістерде маңызды кешіліктері бар, себебі оларда кейбір көрсеткіштердің салмақтылығына көңіл қойылмаған. Ең перспективті әдісі, әр кәсіпорын көрсеткіштерінің абсолютті шамасын ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын-эталон көрсеткіштеріне дейін олардың жақындық (алшақтық) дәрежесін де есепке алуға мүмкіндік беретін, аралық әдісіне негізделген, көп өлшемді салыстырмалы талдау әдісін қолдану әдісі болып табылады. Осымен байланысты салыстырылып отырған кәсіпорындар координаталарын бірлік ретінде алынған,  кәсіпорын-эталонның  сәкес координаталарының үлесінде көрсету қажет.

Талдау жасаған кезінде бі маңызды шартты орындау қажет – көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету қаеттілігін, себебі салыстыруға тек сапалы біртекті шамаларды болады. Сонымен қатар келесі талаптар орындалу керек:

·        көлемді, құнды, сапалы, құрылымдық факторлардың біртұтастығы;

·        салыстырылып отырған көрсеткіштердің есептелу мерзім кезеңдерінің немесе аралықтарының біртұтастығы;

·        өндірістің берліген талаптарының салыстырмалылығы;

·        көрсеткіштер мен олардың құрамын есептеу әдістемесінің

біртұтастығы.

Талаптардың көбісі бәріне мәлім. Оларды орындау қиыншылықтарды туғызбайды. Бірақ салыстыруға болиайтындар көзге бірден түсе қоймайды, ал оған жету нақты күш салуды қажет етеді.

Салыстыру үшін алынған көрсеткіштер әртүрлі уақыт аралығын алатын болса, онда бұл сәйкессіздікті түзету жолымен оңай жеңуге болады. Егер олар әртүрлі уақыт кезеңдеріне алынса, онда салыстыруды тек бір көрсеткішті ауыстыру жолымен ғана ала аламыз.

Көрсеткіштерді салыстыру келесі қатардағы жағдайларды,яғни абсолютті шаманың орнына орташа және қатысты шамаларды алғанда мүмкін болады. Әртүрлі шаруашылықтағы абсолютті көрсеткіштерді, мысалы өнім өндірісінің көлемі, негізгі құралдардың құны, кіріс сомасын олардың жер аумағының есебінсіз салыстыруға болмайды. Бірақ егер абсолютті көрсеткіштер орнына қатысты  көрсеткіштерді алатын болсақ, мысалы, 100га ауылшаруашылық аумаққа өнім өндірісі, онда оларды салыстыруға болады.

Кейбір жағдайларда көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін түзету коэффициенттері қолданылады. Әсіресе көрсеткіштердің әдістемелік сәйкессіздігіне қатысты көңіл аудару керек. Ол салыстыру нәтижелерін бұрмалап қана қоймай, тіпті оның мағынасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, қор қайтарылымы негізгі қордың барлық сомасымен, негізгі өндірістік қормен немесе олардың активті бөлігімен есептелінуі мүмкін. Сондықтан жоспардағы және ағымдағы жылдың есептілігіндегі  көрсеткіштерді есептеу әдістерінің тепе-теңдігін тексермесек зерттелетін көрсеткіштердің өзгерісінің негізіне оларды есептеу тәсіліне өзгешеліктер енгізілетіндіктен өткен кезеңдер үшін динамиканың дұрыс емес бағасын беруі мүмкін. Дұрыс қорытындыны қамтамасыз ету үшін көрсеткіштердің есептеу әдістерінің тепе-теңдігіне қол жеткізк керек.

Сонымен қатар көрсеткіштерді салыстыру кезінде олардың табиғи-климаттық шарттары бойынша салыстырмалылығын қаматамасыз ету керек. Әсіресе ол ауылшаруашылығы үшін өзекті болып табылады. Кәсіпорындардың әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарда орналасуы өнімнің шығарылуына, тұрақты және ауыпалы шығындардың деңгейіне, өнімнің еңбек сыйымдылығына үлкен әсерін тигізеді. Осы фактор бойынша көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін келісілген климаттық және территориялық ерекшеліктеріне кезекті әсер етуін жоюмен көрсеткіштердің өсу үлесін ерекшелейді.

Сонымен бірге салыстырмалы көрсеткіштер есептелінген обьектілердің санын мен шығыстардың құрамы бойынша біртекті емес болуын жібермеу керек. Мысалы, зауыттардың көрсеткіштері мен цехтардың көрсеткіштерін,жалпы және өткізілген өнімнің өзіндік құнын, кәсіпорынның таза және баланстық кірістерін салыстыруға болмайды.

 Осылай, көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтірудің негізгі әдісі болып  құндық, көлемдік, сапалы және құрылымды факторлардың ықпал етуін  оларды бір базиске келтіру жолымен  бейтараптандыру және де орташа және қатысты шамаларды, түзету коэффициенттерін және қайта есептеуді қолдану табылады.

Ереже бойынша ШҚТ -да зерттелетін экономикалық құбылыстар орташа және қатысты  шамаларда көрсетілетін сандық айқындылыққа ие болады.

Абсолютті шамалар құбылыстардың сандық өлшемін өлшем бірлігінде, салмағында, көлемінде, бойында, алаңында,құнында және басқа құбылыстардың өлшеміне қатыссыз  көрсетеді.

  Қатысты көрсеткіштер басқа уақыт немесе басқа обьект бойынша алынған зерттелетін құбылыстардың басқа құбылыстардың шамасымен немесе осы құбылыс шамасымен арасалмағын көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер салыстырмалы базаға қабылданатын бір шаманы басқа шамаға бөлу нәтижесінде алынады. Олар жоспардың, базистік жылдың, басқа кәсіпорынның  мәліметтері болуы мүмкін. Қатысты көрсеткіштер коэффициенттер (1базада) немесе пайыздар(100 базада) формасында көрсетіледі.

 Шаруашылық қызметті талдауда қатысты шамалардың әртүрлі көрінісі қолданылады: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік.

Қатысты шамалардың жоспарлы тапсырысы ағымдағы жылдың көрсеткіштерінің жоспарлы деңгейінің өткен жылғы деңгейіне немесе алдыңғы 3-5 жылмен арақатынасын көрсетеді.

Қатысты шамалардың жоспарды орындауы – бұл көрсіткіштің нақты және жоспарлы деңгейінің арасындағы арақатынас, көбінесе пайыз түрінде көрсетіледі.

 Көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығында өзгеруін сипаттау үшін қатысты шамалардың динамикасы қолданылады. Ол ағымдағы жылдың көрсеткішінің шамасын оның алдыңғы кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) деңгейіне бөлу жолымен анықталады. Олар өсім қарқындары деп аталады және көбінесе пайыздар немесе коэффициенттер түрінде көрсетіледі. Қатысты шамалардың динамикасы базистік және тізбектік болуы мүмкін. Бірінші жағдайда динамикалық қатардың әрбір келесі деңгейі базистік жылмен салыстырылады, ал келесісінде - әрбір келесі жыл алдыңғысына қатысты болады.

 Құрылым көрсеткіші – ол  пайыздар немесе коэффициенттер түрінде көрсетілетін қатысты үлес бөлігі ( үлестік салмақ). Мысалы, жалпы егіс алаңындағы дәнді-дақылдар егісінің үлес салмағы, кәсіпорынның жалпы жұмысшы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы.

Қатысты шамалардың үйлесімділігі – бір бүтіннің бөліктері арасындағы қатынасты көрсетеді, мысалы, жұмысшы күші мен машиналары, негізгі өндірістік қорлардың актив және пассив бөліктері.

Қатысты шамалардың қарқындылығы – белгілі бір кұбылыстың сәйкес салада дамуын, тарату деңгейін сипаттайтын, мысалы, тұрғындардың науқастық деңгейі, біліктілігі жоғары жұмысшылардың пайызы аталады.

Қатысты шамалардың тиімділігі – ресурстардың немесе шығындардың тиімділік қатынасы, ысалы, өнім өндірісі 100га ауылшаруашылық алаңға, бір рубль шығынға,бір жұмысшыға.

  Экономикалық жұмыс тәжірибесінде абсолютті және қатысты көрсеткіштер қатарына орташа шамалар жиі қолданылады. Олар Шаруашылық қызметті талдауда біртүрлі құбылыстардың белгілі бір белгісіне байланысты сандық жинақтау сипаттамасы үшін қолданылады. Мысалы, жұмысшылардың орташа жалақысы жұмысшылардың жиынтығын байқайтын еңбекақының деңгейін  жалпылама сипаттау үщін қолданылады. Орташа шамада зерттелетін құбылыстардың сәйкес белгісі бойынша жалпы, сипаттамалы, типтік түрлері көрсетіледі. Ол осы белгінің зерттелетін жиынтығының жалпы өлшемін көрсетеді, яғни бір санмен барлық обьектілердің жиынтығын сипаттайды. Орташа шаманың көмегімен әртүрлі обьектілер жиынтығын салыстыруға болады, мысалы, дақылдардың шығымдылық деңгейі бойынша аудандар, еңбекақы деңгейі бойынша кәсіпорындар және т.б.

Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамалардың әртүрлі үлгісі қолданылады: орташа арифметикалық (қарапайым және өлшенген), орташа үйлесімді, орташа геометриялық, орташа хронологиялық, орташа шаршылық және т.б.

Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамаларды қолданған кезде олар құбылыстардың  жалпы сипаттамасын беретінін ескеру керек. Осы жерде олардың күші және жетіспеушілігі. Нашар емес болып көрінетін жалпы орташа көрсеткіштердің артында, нашар жұмыс жасайтын бригадалардың, цехтардың және басқа щаруашылық  бөлімшелердің нәтижелері жасырын тұрады. Орташа мәліметтерден озат өндірістің жетістіктері де көрінбейді. Сондықтан талдау кезінде орташа шамалардың мазмұнын орташа топтық, кейбір жағдайларда жеке көрсеткіштермен толықтырып, ашып көрсету қажет.

Шаруашылық қызметті талдауда кең қолдануды ақпараттардың топталуы - зерттелетін обьектілер жиынтығының массасын сәйкес белгілері бойынша сапалы біртүрлі топқа бөлу алады. Егер статистика бұл әдісті жалпылама және  бір түрге келтіру үшін қолданса, онда талдауда топталу орташа шамалардың мағынасын түсіндіруге, бұл орташалардаға бөлек өлшемдердің ролін, көрсеткіштер арсындағы өзара арақатынасты білдіру үшін қолданылады.

 Тапсырмаға байланысты қисынды үлгі, құрылымды және талдаулық топталулар қолданылады.

 Қисынды үлгі топталуға мысал ретінде жұмыс бағыты бойынша халықтың топталуы, меншік формасы бойынша кәсіпорындар топтары бола алады.

Құрылымды топталу көрсеткіштердің ішкі құрылымын, олардағы әрбір бөліктің қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен мамандығы бойынша жұмысшылар құрамын, жұмыс стажын, жасын, өнімді өндіру нормасы, өнім өндірісінің жоспарын жасау деңгейі бойынша кәсіпорын құрамын, оның өзіндік құнын төмендету. Құрылымды топталу әсіресе министрліктің, бірлестіктердің жинақтамалы есептілігін талдауда көп мағынаға ие, себебі ол алдыңғы, орташа және артта қалған кәсіпорындарды айқындап беру мен жасырын резервтер мен алдыңғы тәжірибелердің іздеу бағыттарын анықтайды.

Аналитикалық (тергеулі-себептілік) топталу  зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы бағыттары мен байланыс формаларын және барын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топталу сипаттамалық белгілері бойынша сапалы және сандық болады.

Құрылу қиындығы бойынша топталудың екі түрі бар: жай және құрастырылған. Жай топталудың көмегімен белгілі бір белгілері бойынша топталған құбылыстар арасындағы  өзара байланысты көрсетеді. Ал құрастырылғын топталуда бұндай бөлінілулер алдымен бір белгісі бойынша, содан соң  әрбір топ ішінде басқа белгілері бойынша жүргізіледі. Осылайша екі деңгейлі, үш деңгейлі топталу құрастырылуы мүмкін. Олар әртүрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ олардың елеулі кемшілігін айтып кеткен жөн. Бұндай топталуларды құрастыру жоғарғы еңбек сыйымдылығымен және алынған нәтижелер өте қиын қабылдануымен ерекшеленеді. Сондықтан күрделі өзара байланыстарды зерттеу үшін бұл топталуды бірнеше жай топталумен алмастырған  жөн.

Топталуды құрастыру кезінде жиынтықтарды топқа бөлуге, топ санын және олардың арасындағы аралықтарды таңдауға шын қарау керек, өйткені  талдау нәтижелері осыған байланысты  қатты өзгеруі мүмкін.

Топталуды құрастыру әдісін келесі алгоритм арқылы қысқаша анықтауға болады:

1.      талдау мақсатын анықтау

2.      барлық жиынтық обьектілер бойынша керекті мәліметтер жиыны

3.      топталу белгісі үшін таңдалуы бойынша жиынтықтарды тізімдеу (ранжиорвание)

4.      жиынтықтарды үлестіру және оларды топтарға бөлуі бойынша аралықты таңдау

5.      орташа топталған көрсеткіштерді топтамалық және нақтылық белгісі бойынша анықтау

6.      алынған орташа шамалардың талдауы, өзара байланысты анықтау және нақты көрсеткіштердің зерттелетін нәтижелерге ықпал ету бағыттарын анықтау.

 Құрастырылған топталуды құрастыру жағдайында бұл алгоритм төртінші және бесінші пункттерінің қайталануынан(бірнеше рет) ұлғаяды.

 

Қорытынды

 

Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады. Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды  зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде,  өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады.  Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.

 

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Лекция материалдарын игеру үшін  экономикалық талдаудың - салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар  тәсілдеріне көңіл бөлу қажет және де экономикалық талдаудың - тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде,  өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы сияқты әдістерін  жетік білу қажет.

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.      Талдау әдістемесі жөнінде түсінік. Әдістеме мазмұны.

2.      Талдау әдістері мен олардың тағайындалуы.

3.      Салыстыру мәні. Салыстыру  типі және олардың  мақсаты

4.      Шаруашылық қызметінің талдауындағы көпөлшемді салыстырулары

5.      Көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру әдістері.

6.      Орташа және  қатысты шамалардың мазмұны. Оларды экономикалық және талдаулық жұмыстар тәжірибесінде қолдану.

7.      Орташа және қатысты шамалардың түрлері және оларды шаруашылық нәтижелерді бағалауда қолдану әдістері.

8.      Статистикада және талдауда топталуды қолдану ерекшеліктері.

9.      Қисынды және құрылымды топталудың мазмұны.

10. Талдаулық топталу және оның шаруашылық қызметті талдаудағы ролі.

 

 

Тақырып 3 Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету


      Мақсаты: Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыруда оларды  жіктеу.


       Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Ақпарат көздерінің түрлері.Экономикалық талдаудағы көрсеткіштер жүйесі.Оперативтік, ағымдық және перспективтік талдауды жүргізу әдістері Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу. Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері 

 

Экономикалық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық, есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.

Ақпараттардың ресми түріне:

• ҚР заңдары;

• ҚР Президентінің Жарлықтары;

• ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары;

Нормативтік-жоспарлық көздерге:

• министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.);

• кәсіпорынның шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.);

• акционерлер жиналысының шешімі;• кәсіпорында дайындалатын жоспарлар;

• сметалар (бюджет);

• бағалар.

       Экономикалық талау жүргізудің есептегі дереккөздеріне:

• бугалтерлік есеп және есеп берулер- осы көздердегі деректер шаруашылық құбылыстарды, үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайды; 
• статистикалық есеп және есеп берулер- жаппай құбылыстар мен үрдістердің сандық мәліметтерінен тұрады және өзара қатынастарды тереңірек зерттеп, экономикалық заңдылықтарды анықтайды;

• жедел есеп және есеп берулер- экономикалық талдауды статистикалық және бухгалтерлік есепке салыстырғанда неғұрлым қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді және талдаудың тиімділігіне жағдай жасайды;

• салықтық есеп берулер- кәсіпорынның салықтық міндеттемелерді түрлі бюджет деңгейлерінде толықтығын талдауға және уақытылы орындалуына мүмкіндік береді;

•таңдаулы есеп мәліметтері жатады.

        Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне: төмендегідей материалдар, актілер, қорытындылар:

       ведомство ішілік және тыс тексерулердің;

       сыртқы және ішкі аудиттің;

       салық органдарының тексерулерінің;

       тұрақты өндірістік мәжілістердің;

       баспасөз беттерінде жарияланған;

       түсіндірме және баяндау жазбаларының материалдары;

       контрагенттермен хаттар;

       жарнама;

       кәсіпорынның техникалық және технологиялық құжаттары.


Бақылау сұрақтары:

Ақпараттардың ресми түрлеріне не жатады?

Экономикалық талау жүргізудің есептегі дерек көздеріне ше?

Нормативтік-жоспарлық көздерге?

Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне?

                    Тақырып 4    Экономикалық талдау түрлері

 

       Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың түрлерін қарастыру.

 

1. Экономикалық талдау түрлері

     2. Кешенді экономикалық талдаудың әдістемесі

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік –экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б. Кешенді экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.

 

Экономикалық  талдау түрлері. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмалы  факторлық, диагностикалық  және  маржиналдық.

        Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1.)

 

Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау

 

Экономикалық басқарудың негізгі  функциялары:

-         басқаруды  ұйымдастыру;

-         жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);

-         талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);

-         басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);

-         бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).

Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты (кесте 1).

 

Кесте 1-  Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты

 

Талдау түрі

Тағайындау

Салалық

-      салалық – экономиканың әр саласының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырады;

-    салааралық –ұлттық экономика салалары деңгейінде жүргізіледі.

Уақытты

-    алдын-ала – шаруашылық операциялар болғанға дейін жүргізіледі. Жоспарлық жұмыстар мен басқару шешімдеін негіздеу, болашақта болжау үшін қажет;

-    кейінгі (ретроспективті) –шаруашылық актілер нәтижелері негізінде жүргізіледі. Кәсіпорын қызмет нәтижелерін объективті бағалау, пайдаланылмаған резервтерді айқындау, жоспардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылады;

-    оперативті – шаруашылық операциялар болғаннан кейін жүргізіледі. Оның мақсаты шаруашылық процестерге әсер теу және кемшіліктерді анықтау;

-    қорытынды – есепті мерзімге жүргізіледі (ай, тоқсан, жыл). Оның құндылығы – кәсіпорын қызметі кешенді зерттеледі.

Кеңістік

-    ішкішаруашылық – зерттеліп отырған кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімдер қызметі қарастырылады;

-    шаруашылықаралық – екі немесе одан жоғары кәсіпорын қызметтері нәтижелері салыстырылады. Озат тәжірибе, резервтер, келешектерді анықтауға мүмкіндік береді және олардың негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге болады.

Жүйедегі басқару функциялары бойынша

экономика, техника, технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбектің әлеуметтік жағдайлары, табиғатты қорғаужәне басқа да қызмет түрлері талданады.

Аймақ бойынша

-    ішкі – кәсіпорында өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметін оперативті, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізіледі;

-    сыртқы – банктер, қаржылық органдар, акционерлер, инвесторлар қаржылық статистика және есеп негізінде жүргізеді;

-    кешенді – кәсіпорын қызметінің әртүрлі жақтарын қарастыратын талдау;

-    тақырыптық – кәсіпорын қызметінің жеке жақтарын қарастыратын талдау.

Статистикалық мәліметтерді іріктеу бойынша

-    жаппай – барлық нақты мәліметтер зерттеледі;

-    іріктеу – қандай да бір ерекшеліктер бойынша іріктелген факторлар зерттеледі.

 

Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:

-         басқаруды ұйымдастыру функциялары;

-         жоспарлау функциялары;

-         бақылау функциялары.

Экономикалық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Соның ішінде негізгі деген әдістерін қарастырайық:
       Көлденең немесе уақытша талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей немесе құрылымдық талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.

Коэффициенттік талдау - коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. 
факторлық талдау- бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған әдістер мен қатар қаржылық жағдайды талдауда экономиканың және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шамалар, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және т.б.) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржыылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субьектінің тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

 

Қорытынды

 

        Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық. Кешенді экономикалық талдаудың әдістемесі: көлденең немесе уақытша талдау, тікелей немесе құрылымдық талдау, коэффициенттік талдау, факторлық талдау.

 

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

      Лекция материалдарын игеру үшін  барлық көңілді  негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: талдау объектілері, талдау мазмұны мен міндеттері, функциялары, негізгі принциптерін ұғыну қажет. Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет.

 

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.      Экономикалық талдаудың зерттеу пәні мен объектілері қандай?

2.      Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?

3.      Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері  

4.      Экономикалық басқарудың негізгі  функциялары

5.      Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктелуі

   

Тақырып 4.2  Факторлық талдаудың әдістемесі

 

Мақсаты:  Экономикалық құбылыстардың арақатынасын, факторлық талдау жөніндегі көрінісін, факторлық талдау түрлерін, оның негізгі міндеттерін қарастыру.

 Мазмұны

1.      Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтері

2.      Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу

3.      Факторлық  жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық модельдеу

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);  тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);  бір сатылы және көп сатылы:  статикалық және өсіңкілі;  ретроспективті және перспективті (болжамды) факторлық талдау түрлері және т.б.

 

Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Мысалы, жалпы өнім көлеміне жұмысшылар саны және олардың жұмыс өнімділігінің деңгейі сияқты факторлар тікелей әсер етеді. Басқа факторлар бұл көрсеткішке жанама әсер етеді.

Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Мысалы, еңбек өңімділігін бір жағынан өндіріс көлемінің, оның өзіндік құны деңгейінің өзгеруі себебі ретінде, ал екінші жағынан - өндіріс механизациясы мен автоматизациясының деңгейінің өзгерісі, еңбектің ұйымдастырылуының жетлдірілуі және т.б. ретінде қарастыруға болады.

Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсер етуі бөлшекті түрде зерттелсе, соғұрлым талдау нәтижесі мен кәсіпорынның жұмыс сапасының бағасы нақтырақ болады. Бұдан шаруашылық қызмет талдауындағы маңызды әдіснамалық мәселе болып зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсерін зерттеу және өлшеу болып табылады. Факторларды терең және әр жақты зерттеуінсіз қызмет нәтижесі жөнінде негізделген шешім, өндіріс резервін анықтауға, жоспарды және басқарушылық шешімдерді негіздеу мүмкін болмайды.

Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен  кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажыратады:

-  детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);

-  тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);

-  бір сатылы және көп сатылы:

-  статикалық және өсіңкілі;

-  ретроспективті және перспективті (болжамды).

Детерминантталған факторлық талдау  ретінде  факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының  жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін.

Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. Егер функционалды (толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісінен үнемі функцияның сәйкес өзгеруі болса, онда корреляциялы байланыста аргументтің өзгеруі функцияның өсуі бірнеше мән беруі мүмкін басқа бұл көрсеткішті анықтайтын факторлар үйлесуіне тәуелді. Мысалы, еңбек өнімділігі қор жарақтануының бір деңгейінде әр түрлі кәсіпорындарда бірдей болмауы мүмкін. Бұл басқа факторлардың бұл көрскеткішке әсер ететін үйлестірілу оптимальділігіне тәуелді болады.

Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі – жалпыдан жекеге. Кері факторлы талдау логикалық индукция тәсілімен себепті –нәтижелі байланыс зерттеуін іске асырады – жеке, бөлек факторлардан жалпыламаға.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бірінші түрі бағынудың бір деңгейіндегі бір саты факторларын зерттеу қолданылады, олардың құрама бөлімдерін бөлшектеусіз. Мысалы, y = a*b. Көп сатылы факторлық талдау кезінде а және b факторларын оның тәртібін зерттеу мақсатында құрама элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Факторларды бөлшектеу ары қарай жалғастырылуы да мүмкін. Берілген сәттегі бағынушылықтың барлық деңгейіндегі факторлардың әсері  зерттеледі.

Сонымен қатар, статикалық және динамикалық факторлық талдауды бір-бірінен ажырату қажет. Бірінші түр нәтижелі көрсеткіштер және сәйкес күнге факторлардың әсерін зерттеу кезінде қолданылады. Басқа түрі өсіңкілктегі байланыстың себепті-нәтижелі зерттеу әдіснамасын көрсетеді.

Соңында, факторлвқ талдау ретроспективті болуы мүмкін, ол өткен кезеңдегі нәтижелі көрсеткіштердің өсу себебін зерттейді және  перспективадағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің тәртібін зерттейтін  перспективті болуы мүмкін.

Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:

1.  Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.

2.  Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.

3.  Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.

4.  Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.

5.  Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.

6.  Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).

Бұл немесе басқа көрсеткішті талдау үшін факторларды іріктеу бұл салада алынған практикалық және теориялық білім негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде бұл қағидадан: факторлар кешені көбірек зерттелсе, талдау нәтижелері нақтырақ болады. Сонымен қатар осы факторлар кешені механикалық сома ретінде қаралса, олардың өзара байланыстылығынсыз басты анықтаушыны ерекшелемей-ақ ондағы шешім қате болуы мүмкін. Шаруашылық қызметті талдауда нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсерін өзара байланысты зерттеу олардың жүйелілігі көмегімен қол жеткізіледі, бұл ғылымның негізгі бір әдіснамалық мәселесі болып табылады.

Факторлық талдаудың басты әдіснамалық мәселесі болып факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы тәуелділік формасын анықтау болып табылады: ол функционалды немесе стохастикалық па, тура немесе кері, түзу сызықты немесе қисық сызықты ма екендігі. Мұнда теориялық және практикалық тәжірибесі, сонымен қатар параллельді және өсіңкілік қатарлар, берілген ақпараттардың аналитикалық топтастыруларын теңестіру тәсілдері қолданылады.    

Экономикалық көрсеткіштерді модельдеу (детерминирленген немесе стохастикалық) факторлық талдаудағы күрделі әдіснамалық қиындықты көрсетеді, оны шешу бұл салада арнайы білім және практикалық үйренушілікті талап етеді. Мұнымен байланысты бұл сұраққа байланысты  осы курсқа үлкен назар аударылады.

Шаруашылық қызметті талдауда ең басты әдіснамалық аспект – нәтижелі көрсеткіштер көлеміне факторлардың әсерін есептеу, бұл үшін қолдану сферасы және есептеу процеуралары келесі бөлімдерде қарастырылатын талдауда толық тәсілдер, мән, бағыттар  арсеналы қолданылады.

Және де, факторлық талдаудың соңғы кезеңі – нәтижелі көрсеткіштердің өсу резервтерін есептеу үшін, өндірістік жағдайдың өзгеруі кезінде оның көлемін жоспарлау және болжау үшін факторлық модельді практикалық пайдалану.

Факторлардың жіктелуі олардың  жалпы сипаттарына тәуелді топтар бойынша таралуы түрінде көрініс табады. Ол зерттелетін құбылыстардың өзгеру себептерін  тереңірек түсінуге, нәтижелі көрсеткіштер көлемінің қалыптасуындағы әр фактордың орны мен рөлін нақтырақ бағалауға көмектеседі.    

Талдауда зерттелетін факторлар әр түрлі сипаттары бойынша жіктелуі мүмкін. Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Негізділеріне нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторлар жатады. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.

Әр кәсіпорын жұмысының нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде  мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, өз уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процесстер және т.б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.

Факторлар сонымен қатар, жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның  жеке салалары жағдайындағылар жатады. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салалрының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.

Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.

Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты  факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өңдіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процессінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.

 Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.

Құбылыстардың сандық айқындылығын көрстететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).

Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі фактор мысалы болып еңбек өнімділігі, ал жай фактордыкі – есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны.

Көрсетілгендей бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура әсер етеді, басқалары – жанама. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және ары қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және т.б. 5.1. суретінде бірінші деңгейлі факторлары болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшымен орташа жылдық өнімді өңдіру болып табылады. Бір жұмысшымен істелген күндер саны және орташа күндік жұмыс – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші тәртіп факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.

Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне тура өлшенуге берілмейді, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.          

Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары , өзара қызметтілігі және өзара басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асрылады. Толығымен жүйелендіру – зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.

Факторларды жүйелендірудің тәсілдерінің бірі болып, детерминирленген факторлық жүйелерді құру. Факторлық жүйелерді құру – алгебралық сома, жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде, оның мөлшеріне әсер ететін және функционалды тәуелділікте орналасатын зерттелетін құбылыстарды көрсету болып табылады.

Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорынының жалпы өнім көлемі бірінші реттік екі фактордың түрінде: бір жұмысшымен жыл ішінде өнім өндірісінің орташа жылдық және жұмысшылардың орташа саны, ол тікелей орташа жыл бойы бір жұмысшымен істелген күндер және жұмысшымен өнім өндірісінің орташа күндік санымен байланысты. Соңғысы жұмыс күні және орташа сағаттық өндіріс ұзақтығына бөлінуі мүмкін.

Детерминацияланған факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жүргізіледі. Элементті (мысалымызда – жұмысшылар саны, істлген күндер саны, жұмыс күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені олра сипаты бойынша біртекті болып табылады. Жүйенің дамуымен сандық факторлар біртіндеп жалпыға бөлшектенуі қысқарады, олар өз кезегінде бөлшектенуді қысқартып өзінің аналитикалық құрамы бойынша біртіндеп элементтіге (жай) жақындайды.

Алайда факторлық жүйелердің дамуы қажет тереңдікке дейін кейбір әдіснамалық қиындықтармен байланысты және ең алдымен жалпы сипаттағы факторларды іздеу қиындығымен, олар бірнеше факторлардың жеке немесе алгебралық сомаларының туындысы түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан әдетте, детерминирленген жүйелер жалпы факторлардың көлемін алады. Сонымен қатар, шаруашылық қызметті талдаудағы нақты факторларының зерттелуі жалпыдан қарағанда үлкен мәні бар болады.

Осыдан факторлық талдау әдіснамасын жетілдіру нақты факторларды өзара байланысты зерттеуге бағытталған болуы керек, олар нәтижелі көрсеткіштерімен стохастикалық тәуелділікте болады.

Стохастикалық өзара байланыстылықты  зерттеуде зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс құрылымының сапалы (логикалық) талдаудың үлкен мәні бар. Ол зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болу-болмауын айқындауға, байланыс бағытын зерттеуге, байланыстылық нысанын зерттеуге  мүмкіндік береді, бұл талдау нәтижелерін жалпылау барысында және зерттелуші құбылысқа олардың ықпал ету деңгейін анықтау үшін маңызды.

Шаруашылық қызметті талдауда зерттелетін  көрсеткіштердің  байланысы құрылымын талдау блок схеманың көмегімен жүзеге асады, бұл  зерттелуші факторлар мен нәтижелі көрсеткіш арасындағы байланыстың бағыты мен көлемін ғана емес, сонымен қатар факторлардың өздерінің арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Блок- схеманы құрып, зерттелуші факторлар арасында  нәтижелі көрсеткішке тікелей әсер ететін факторлар мен оған мүлдем әсер етпей бір бірімен байланысқан факторларды көруге болады.

Ең алдымен өнімнің өзіндік құнымен әрбір факторлар арасында аралық байланыс бағытын орнату керек. Сөзсіз олардың арасанда тар байланыс болып отыр.  Осы үлгіде мәдениет өнімділігі өнімнің өзіндік құнына тікелеі әсер етіп тұрғанын көруге болады. Қалған факторлар мәдениет өнімділігімен еңбек өнімділігі арқылы   өнімнің өзіндік құнына тікелей ғана емес жанама да әсер етіп жатыр. Мысалы топыраққа салынған тыңайтқыштар мәдениет өнімділігінің жоғарлауына көмектесуде. Бірақ мынаны ескеру керек, салынған тыңайтқыштардың санынның артуы егіс гектрына кеткен шығындар сомасының өсуіне алып келеді. Егер де шығындар сомасы өнімділікке қарағанда жоғары қарқынмен өссе, өнімның өзіндік құны да өседі. Сондықтан осы екі көрсеткіштің арасындағы байланыс тікелей және керісінше болып келеді. Тұқым сапасы да өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Таңдаулы, жоғары сапалы тұқымдар шығындар сомасының өсімін тудырады. Егер олар үлкен дәрежеде өссе, онда өнімнің өзіндік құны үлкейеді және керісінше. Өндірісті механикаландыру дәрежесі өнімнің өзіндік құнына тікелей және жанама әсер етеді. Механикаландыру деңгейі өсуі  өндірістегі негізгі құралдарды ұстаумен байланысты шығындардың өсуіне алып келекді. Бұған қарамастан еңбек өнімділігі жоғарылап жатыр, өнімділік өсіп, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкелуде.

Осылайша факторлардың жүйелілігі факторлардың өзара байланысын терең зерттеуіне рұқсат ете отырып,  зерттейтін көрсеткіштерді үлгілеу кезеңінде өте маңызды болып келеді.  

Факторлық  талдаудың мақсаты болып, мөлшерін анықтайтын, нәтижелі көрсеткіш пен факторлардың арасандағы өзара байланысын үлгілеу болып табылады.

Үлгілеу-  ғылымның өте маңызды әдсітерінің бірі, үлгілеудің арқасында зеттеу объкетісінің моделін жасауға болады. Оның маңызы, зерттейтін көрсеткіш пен факторлардың байланысы нақты математикалық деңгей түрінде беріледі.

Факторлық талдауда детерминанты және стохастикалық үлгілерді бөліп қарастырылады.  Детерминантталған факторлық үлгінің көмегімен нәтижелі көрсеткіштер мен дәлелдердің функционалды байлнысы зерттеледі.

Детерминантталған факторлық жүйені үлгілеудік келесі талаптарды орындау қажет.

  1.Үлгіге қосылатын факторлар және үлгілердің өздері ойдан шығарылған

абстрактылы мөлшерде емес, нақты болуға тиісті.

1.      Жүйеге енетін факторлар формулаға қажетті элементтері ғана емес,

сонымен қатар көрсеткіштермен себепті байланыста болуы қажет.

Басқаша айтқанда, факторлық жүйеде танымдық құндылық болуы керек. Математикалық абстракция көмегімен жасалған модельдерге қарағанда, көрсеткіштемен себепті байлынысты көрсететін факторлық модельдің маңыздырық болып келеді.

Бірінші жүйеде факторлар нәтижелі көрсеткішпен себепті байланыста, ал екінші жұйеде – математикалық арақатынаста болғандықтан, екінші модельдің танымдық маңызы төмен.

1.      Факторлық модельдің барлық көрсеткіштерінде өлшеу бірлігі немесе ақпаратпен қамтамасыз болуы тиісті.

2.      Факторлық модель жекелеген факторлардың ықпалын өлшеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Ал бұл нәтижелік және факторлық көрсеткіштердің өзгерістерінің көлемдік сәйкестігін ескеруі қажет,  ал жекелеген факторлардың ықпалдарының сомасы нәтижелі көрсеткіштердің жалпы өсіңкілігіне тең болуы қажет.

 

Қорытынды

 

Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен  кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі.

Детерминантталған факторлық талдау  ретінде  факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының  жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін. Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. 

                                                      

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Лекция материалдарын игеру үшін  факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен  кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасын түсіну қажет. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажырата білу қажет: детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);  тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);  бір сатылы және көп сатылы:  статикалық және өсіңкілі;  ретроспективті және перспективті (болжамды).

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.      Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005

2.      Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3.      Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4.      Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5.      Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6.      Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

 

 

Тақырып 4.3  Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері


       Мақсаты: тізбектік қойылымдар әдісі, индекстік әдісі, абсолюттік және салыстырмалы айырмалар әдістері, пропорционалды бөлу әдісі, интегралдық әдіс және логарифмдеу әдістерін қарастыру.


Мазмұны

1.        Тізбектік қойылымдар әдісі

2.        Индекстік әдісі

3.        Абсолюттік және салыстырмалы айырмалар әдістері

4.        Пропорционалды бөлу әдісі

5.        Интегралдық әдіс және логарифмдеу


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: аддитивті модель, мультипликативті модель, қысқа модель, аралас модель, абсолютті айырмашылық тәсілі, тізбектік әдіс, индекстік әдіс, пропорционалды бөлу әдісі, қатысты айырмашылық әдісі және т.б.

 

Детерминантталған талдауда жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей түрлері болады:

1.             Аддитивті модель:

 Y = ∑ Xi = X1+ X2+X3+...+Xn                 (1)


Бұл нәтижелі көрсеткіш фкаторлық көрсткіштің алгебралық сомасн көрсеткенде қолданылады.

2.             Мультипликативтік модель:

     Y = ∏ Xi= X1*X2*X3*…*Xn          (2)


Бұл модель нәтижелі көрсеткіш бірнеше көрсеткішті тындатса қолданылады.

3.             Қысқа модель:

                 Y= X1/X2                           (3)


Нәтижелі көрсеткіш бір факторлық көрсеткшті екінші көрсеткішке бөлу арқылы алынса, қолданылады.

4.             Аралас модель:

          Y=a+b/c; Y=A/a+c; Y= a*b/c; Y= (a+b)c т.с.с.     (4)


       
Шаруашылық қызметті талдаудағы мультипликативті факторлық жүйені үлгілеу факторларды бөлу арқылы бастпқы факторлардың көбейтіндісі арқылы жүзеге асады. Мысалы, өнім өндірісі көлемінің құрылыу процессін зерттеу барысында мынадай детерминантталған модельді қолдануға болады:


ВП = КР *ГВ; ВП= КР*Д*ДВ; ВП=КР*Д*П*СВ.   (5)


     
Бұл модель мультипликативті факторлық жүйенің нақты бастапқы түрін және комплексті факторлық көбйтінділер арқылы кеңейтулерді көрсетеді. Нақтылау дәрежесі мне модель кеңейтулері зерттеу мақсатына тәуелді, сонымен қатар нақтылау мүмкіншіліктерінен және анықталған көрсеткіштерге тәуелді.

Аддитивті факторлық жүйені анықтау үшін факторлық көрсеткіштерді құрама элементтердің біреуіне бөлу арқылы анықталады.

Қысқа модель сыныбының өзгерісіне келесілерді қолданады : ұзарту, формальдық ыдырату, кеңейтулер және қысқартулар.

Формальдық ыдырыу тәсілі бастапқы бір немесе бірнеше факторларды біркелкі көрсеткіштер сомасымен ауыстыр жолымен факторлық модельдің бөлімінің ұзаруы табылады.

Кеңейту әдісі бір немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге алымымен бөлімін көбейту арқылы бастапқы факторлық модельдің кеңейтілуі қарастырылады.

Қысқарту тәсілі бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көрсеткішке бөлу арқылы жаңа факторлық модельді жасап шығаруды көрсетеді.

Детеминирлық талдауда факторлардың әсер етуін өлшеу әдістері.
Тізбектік қойылым әдісі. Шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды методологиялық сұрақтардың бірі жекелеген факторлардың нәтижелі көрсеткіштердің әсер етуінің көлемін анықтау. Детерминанттық талдауда келесі әдістер қолданылады: тізбектік, индекстік, абсолютті айырмашылық, пропорционалды бөлу, интегралдық әдіс. Алғашқы төрт әдістер элиминирлеу әдісіне негізделеді. Ол дегеніміз нәтижелі көрсеткіштердің біреуінен басқасы, көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін барлық факторларды алып тастау, болдырмау, шығару. Бұл әдіс барлық факторлардың бір-біріне байланыссыз өзгеруінен шығады: басында біреуі өзгереді, қалғаны өзгеріссіз қалады, сосын өзгереді екеуі, содан үшеуі тағы басқа, қалғандары өзгеріссіз қалады. Бұл әрбір фактордың зерттелетін көрсеткіштің көлеміне жекелеген әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде көбіне универсалыд болып тізбектік әдіс болып табылады. Ол әртүрлі детерминирлық модельдерінде: адитивті, мультипликативті, қысқа және аралас(комбинирленген) факторлардың әсер етуін есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс есепті кезеңде нақты көрсеткішіне нәтижелі көрсеткіштің көлеміне әрбәр жеке факлорлық көрсеткіштің базистік көлемін біртіңдеп ауыстыру жолымен жекелеген фактордың нәтижелі көрсеткіштің көлемінің өзгернуіне әсер етуін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатпен бірінші фактордың одан екінші үшінші және сол сияқты, басқалардың өзгермейтіні ескере отырып, нәтижелі көрсеткіштің шартты көлемін анықтайды. Сол немесе басқа факторлардың дәрежесінің өзгеруінің алдында және өзгеруінен кейін нәтижелі көрсеткіштң көлемінің салыстыруы барлық факторлардан біреуінен басқасы эминирлеуге және соңғы фактордың нәтижелі көосеткіштң өсуіне әсер етуне мүмкіндік береді.

Индекстік әдістің маңызы мен мәні әртүрлі модельдер үшін бұл факторлар есептеу алгоритмі. Индекстік әдіс динамиканың қатысты көрсеткіштеріне, кеңстістік салыстыруына, жоспар орындалуына, олар нақты дәреженің көрсеткіші талданатын көрсеткіш есепті кезеңде оның дәрежесіне базистік кезеңде (не жоспарлы не басқа обьектіге). Агрегаттық индекстің көлемімен әртүрлі факторлардың мультипликативті және қысқа модельде нәтижелі көрсеткіштердің өзгеруіне әсерін байқауға болады.

Абсолютті айырмалардың тәсілі. Тізбекті ауыстыру тәсіліндегідей, ол детерминирланатын талдауда нәтижелі көрсеткіш өсуіне факторлардың ықпал ету есебі үшін қолданадыбірақ мультипликативті және аралас үлгіде тек қана : Ү=(ав)*с және Ү=а*(в-с). Және оның қолдануы шектелген болса да. Бірақ өзінің қарапайымдалығының арқасында ол шаруашылық қызметті талдауда қолдана алады. Әсіресе егер негізгі мәліметтерде факторлық көрсеткіштер бойынша абсалютті ауытқулар бар болса, мына тәсіл нәтижелі қолданылады. Оны қолданған кезде факторлардың ықпал ету мөлшері факторлардың одан оң жақтан орналасқан негізгі мөлшеріне зерттелетін фактор абсолютті өсуін және үлгіде одан сол жағында орналасқан нақты факторлық мөлшеріне көбейтумен есептейді.
       
Қатысты айырмашылық тәсілі нәтижелі көрсеткіштің өсуіне факторлардың ықпалы өлшенеді тек мультипликативті модельде және қиыстырылған модельде қолданылады.Ү=(а-в)*с. ол тізбекті ауыстыруға қарағанда айқын жағдайда оны өте нәтижелі етеді. Ең алдымен бұл мына жағдайларға байланысты негізгі мәліметтерде алдын ала айқындалған факторлық көрсеткіштердің салыстырмалы аутқулар процент немесе коэфицент негізінде көрсетілсе. Бұл тәсілмен Ү=А*В*С мультипликативті модельге факторлардың ықпал ету есебінің әдістемесі қарастырамыз.
         Пропоционалды бөлу тәсілінің қолдану аясы, және тағайындалу маңызды. Бұл тәсілмен ықпал ету есебінің алгоритмі және тәртібі. Кей жағдайларда нәтижелі көрсеткіштердің өсуіне фактордың ықпал ету мөлшерін анықтауда пропоционалды бөлу тәсілі қолдануы мүмкін.

Шаруашылық қызмет анализіндегі интегралды тәсілі. Элиминирования детерминировалық факторлық анализінің тәсілі ретінде кемшілікке ие. Факторлар бір-бірінен тәуелсіз өзгерегендіктен, оны қолдану барысында шығады. Шын мәнінде олар бірігіп өзгереді, бұл өзгерісінен нәтижелі көрсеткішінің қосымша өсім пайда болады, ал ол элиминирования тәсілімен фактордың біреуіне, дәлірек айтқанда соңғысына қосылады. Сол себептен нәтижелі көрсеткіштің өзгерісіне факторлар әсерінің мөлшері орынға байланысты өзгеріп отырады, детерминировалық модельде сол не басқа факторға байланысты қойылады.

Шаруашылық қызмет анализіндегі логарифмирования тәсілі. Логарифмирования тәсілі мультипликативті моделінің факторлар әсерін өлшеу үшін қолданады. Интегрированиядағы секілді модельдегі орналасу орнына тәуелді емес және интегралды тәсілмен салыстырғанда есебінің толық нақтылығының жоғарлылығын көрсетеді. Егер интегрирования кезінде факторлар әсерінен қосымша өсім олар арасында тең түрде үлестірілсе, онда логарифмирования көмегімен факторлардың біріккен қызметі бойынша нәтижесі әрбір фактор әсері нәтижелі көрсеткіштің уровеніне пропорционалды түрде үлестіріледі. Бұл оның артықшылығы, ал кемшілігі болыпқолдану аясындағы не сферасындағы шектеулілігі болып табылады.

Интегралды тәсілден өзгешілігі логарифмирования кезінде абсолютті көрсеткіш өсімі емес, ал индекстерінің төмендеуі көрсетіледі.

Берілген факторлық модель бойынша факторлар әсері есебінің әртүрлі тәсілмен алған нәтижелірді салыстырсақ, логарифмированияның артықшылығын байқауға болады. Дәлірек айтқанда, ол есептің дәлді нақтылығымен, есеп шығарудың оңайлығымен ерекшеленген.

Детерминировалық факторлық талдау және оны қолдану сферасын қарастырайық, нәтижелерін келесі матрица түрінде көрсетейік:


Кесте 2 - Детерминировалық факторлық талдауды қолдану сферасын

 

Модельдер

Тәсілдер

Мультипликативті

Аддитивті

Қысқа

Аралас

Тізбектік қойылым

+

+

+

+

Индексті

+

-

+

-

Абсолютті айырмашылық

+

-

-

Y=a(b-c)

Қатысты айырмашылық

+

-

-

-

Пропорционалды бөлу (үлескерлік қатысуымен)


-

+

-

Y=a/∑Хi

Интегралдық

+

-

+

Y=a/∑Хi

Логарифмдеу

+

-

-

-

     

                                   

      Қорытынды

         Детерминантталған талдауда жиі кездесетін факторлық модельдер: аддитивті модель, мультипликативті модель, қысқа модель, аралас модельдер.
Факторлық талдау тәсілдеріне жатады: абсолютті айырмашылық тәсілі, тізбектік әдіс, индекстік әдіс, пропорционалды бөлу әдісі, қатысты айырмашылық әдісі және т.б.

 

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар


         Лекция материалдарын игеру үшін факторлық талдау тәсілдерін: абсолютті айырмашылық тәсілі, тізбектік әдіс, индекстік әдіс, пропорционалды бөлу әдісі, қатысты айырмашылық әдісін игере білу қажет.



                               
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.   Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005

2.   Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3.   Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4.   Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5.   Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6.   Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003


                                    Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.   Абсолютті айырмалар тәсілін қолдану аясы мен тағайындау маңызы.

2.   Қатысты айырмашылық тәсілінің маңызы мен тағайындалуы. Осы тәсілмен факторлардың ықпал ету есебінің алгоритмі.

3.   Тізбектік әдістің көмегімен әр түрлі молдельдерде факторлардың әсерін есептеу алгоритмі.

4.   Элиминирования әдісінің негізгі кемшіліктері.

5.   Факторлырдың бір-бірімен қарымқатынас арасындағы қосымша өсіміндегі мәселесі.

6.   Интегралдық әдісінің нысаны және оны қолдану сферасы.

7.   Интегралдық тәсілмен әртүрлі модельдердегі факторлар әсері есебінің алгоритмы.

8.   Логарифмдеу тәсілінің нысаны, қолдану сферасы және айрықша белгілері. Бұл тәсілмен факторлар әсері есебінің алгоритмы.

 

 

Тақырып 4.4  Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері


Мақсаты
: талдаудың математикалық тәсілін, экономика-математикалық үлгілеу, нәтижелік көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың сандық әсерін талдау әдістерін қарастыру.


Мазмұны

1.        Талдаудың математикалық тәсіліне жалпы сипаттама.

2.        Экономика-математикалық үлгілеу

3.        Нәтижелік көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың сандық әсерін талдау әдістері

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: корреляциялық (стохастикалық) байланыс, қос корреляция, көптік корреляция, вариация коэффициенті, орташашаршылық ауытқу, факторлық көрсеткіш, нәтижелі көрсеткіш, тузусызықтық байланыс, қисықсызықтық байланыс және т.б.

 

Алдынғы тарауларда факторлық зерттеудің шарттарын шешуі қарастырылды. Бірақ тәжірибеде барлық экономикалық құбылыстар мен процесстер осы методика арқылы орындалады, себебі факторлық көрсеткіштің мөлшеріне нәтижелік көрсеткіштің жалғыз мөлшері сәйкес келгенде олардың көбісін функционалдық тәуелділікпен қосуға болмайды.
        Экономикалық зерттеулерде стохастикалылығымен ерекшеленетін корреляциялық тәуекелділіктер жиі кездеседі. Бұл жерде әрбір факторлық көрсеткіштің мөлшеріне нәтижелік көрсеткіштің бірнеше мағынасы сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшы еңбегінің қормен жарақтануы өсуі әртүрлі кәсіпорындарда әртүрлі еңбек өнімділігінің өсуін береді. Ол еңбек өнімділігіне ықпал етуші барлық факторлар өзара байланыста және кешенді болатынымен түсіндіріледі. Әр түрлі факторлардың қандай оптималдықта үйлесуінен байланысты нәтижелік көрсеткішке олардың әрқайсысының ықпал ету деңгейі бірдей болмайды.

Зерттелетін факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің арасындағы байланысты зерттеу үшін көп объектілерді алып, олардың мәндерін салыстырғанда шығады. Сонда үлкен сандар заңына сәйкес басқа факторлардың нәтижелік көрсеткішіне әсері жойлады. Бұл зерттелуші құбылыстардың арасындағы қатынасты құруға мүмкіндік береді.
Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз.

Қос корреляция – бұл екі көрсеткіштің арасындағы байланыс: біріншісі- факторлық, екіншісі- нәтижелік.

Көптік корреляция – бірнеше факторлардың нәтижелік көрсеткішпен өзара қатынасынан пайда болады.

Корреляциялық қатынастарды зерттеу үшін келесі экономикалық зерттеудің тәсілдері қолданылады: қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру, графиктер, аналитикалық топтастыру. Бірақ олар байланыстың жалпы сипатын және бағытталуын көрсетеді. Факторлық талдаудың негізгі міндеті - әрбір фактордың нәтижелік көрсеткішке әсерін анықтау. Бұл мақсат үшін корреляциялық, дисперсиялық, компоненттік, көпөлшемді факторлық талдаудың тәсілдері қолданылады.
Корреляциялық зерттеуді қолданудың қажетті шарттары, жағдайлары:

1.   Зерттелуші факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің шамасы жөнінде жеткілікті үлкен бақылаулар саны болуы;

2.   Зерттелуші факторлардың сандық өлшемі және ақпарат көздерінде сипаты болуы тиіс.

Корреляциялық талдауды пайдалану келесі міндеттерді шешуге жол береді:
1) бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен нәтижелік көрсеткіштің өзгерісін анықтау;

2) нәтижелік көрсеткіштің әрбір фактордан тәуелділік деңгейін айқындау.
Корреляциялық зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде факторлардың нәтижелік көрсеткішке (абсолюттік өлшемде) әсерін анықтау. Бұл міндетті шешу үшін сәйкес математикалық теңдік тандалады. Ол зерттелуші байланысты бейнелеуі (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) тиіс. Бұл корреляциялық талдауда маңызды роль атқарады. Себебі, регрессияның теңдігін дұрыс тандаудан есептің нәтижелері және шешуі байланысты.
        Байланыс теңдігінің негізделуі қатарласқан қатарларды салыстыру, топтық деректердің және сызықтық графиктердің көмегімен жасалады. Нүктелердің графикте орналасуы зерттелуші көрсеткіштердің арасында (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) қандай байланыс құрылғанын көрсетеді.

Қарапайым теңдіктің бірі - екі көрсеткіш арасындағы тузусызықтық тәуелділікті сипаттайды:


                                                            Ух = а + в*х                         (6)


Мұндағы х- факторлық көрсеткіш; У- нәтижелік көрсеткіш;

а және в- табу керек регрессиялық теңдікьің параматрлері.


      Бұл теңдік факторлық көрсеткіштің белгілі бір шамаға өзгеруімен байланысты нәтижелік көрсеткіштің мәнінің бірқалыпты өсуі немесе төмендеуі байқалатын екі белгі арасындағы байланысты сипаттайды.

а және в коэфициентінің мәндері кші квадраттар әдісі бойынша алынған теңдік жүйесінен алынады. Бұл жағдайда теңдік жүйесі келесі түрге тән:

 

                                                { na + b∑x = ∑y                      (7)


                                                        { a∑x + b∑x² = ∑xy                (8)


      
Мұндағы n- бақылау көлемі, мәндері ∑х, ∑у, ∑ху,∑х²- берілген нақты деректерің негізінде есептелінеді.

Осы қағида бойынша зерттелуші құбылыстардың арасындағы қисықсызықты тәуелділігі байланысы теңдігі шешіледі.

Егер бір көрсеткіштің өсуімен басқа көрсеткіштің мәні белгілі бір деңгейге дейін өссе, ал содан соң төмендей бастаса, онда бұндай байланысты жазу үшін екінші деңгейдегі парабола сәйкес келеді:

 

                                                 Ух = а + вх + сх²                   (9)


Кіші квадраттар әдісіне сәйкес а, в, с параметрлерін анықтау үшін келесі теңдік жүйесін шешу керек:


                                                    { nа + в∑х + с∑х ²= ∑у            (10)


                                                   { а∑х + в∑х² + с∑х ³= ∑ху       (11)


                                                   { а∑х² + в∑х³ + с∑х4 = ∑х²у     (12)


∑х, ∑у, ∑ху, ∑х²у, ∑х², ∑х³, ∑х4- мәндерін берілген деректердің негізінде анықталады.

Көбінесе, экономикалық анализда қисық сызықты тәуекелділерде гипербола қолданылады:

                                                           Yx = a + b/x                            (13)


Оның параметрлерін анықтау үшін келесі теңдеу жүйесін шешу қажет:

                                                  { na + b∑ 1/x = ∑y;                       (14)


                                            { a∑1/x + b∑(1/x)2 =∑ (1/x)y.            (15)


       Гипербола екі көрсеткіш арасындағы тәуелділікті бейнелеп көрсетеді. Біріншісінің ауыспалы мәні белгілі бір деңгейге д
ейін өскен уақытта, келесісің мәні белгілі бір деңгейге көтеріледі, содан кейін өсіңкілік төмендей бастайды.
Анағұрлым күрделі жағдайларда зерттелуші құбылыстар арасында күрделі параболалар (үшінші, төртінші дәрежелік), сонымен қатар квадраттық, дәрежелік және т.б. пайдаланылады.

Сонымен, осы не басқа да математикалық теңдеулерді қолданумен, зерттелетін құбылыстар арасындағы тәуелділік деңгейін анықтауға болады. Бірақ байланыс тығыз ба, жоқ па, берілген фактордың нәтижелік көрсеткіштің шамасына әсері шешуші ме, әлде жанама ма, регрессиондық талдау жауап бермейді.

Факторлық және нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс тығыздылығын өлшеу үшін корреляция коэффициенті анықталады.
Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс түзу сызықтық жағдайда корреляция коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:


http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/33/32734/32734_html_2a39f17c.gif
(16)


       Корреляция коэффициенті 0-ден ±1-ге дейін мәндерді қабылдайды. Оның мөлшері 1-ге жақын болған сайын, зерттелетін құбылыстар арасындағы байланыс тығыздығы көбееді және керісінше.

Егер корреляция коэффициентін квадраттасақ, онда детерминация коэффициентін аламыз.

Қисық сызықты форма тәуелділігінде байланыс тығыздығын өлшеуде, мұнда түзу сызықты коэффициент емес, корреляциялық қатынас анықталады:

          http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/33/32734/32734_html_m428bc7e8.gif(17)
             http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/33/32734/32734_html_75a2a089.gif(18)


       Бұл көрсеткіш универсалды болып табылады Оны кез келген тәуелділік формасында қолдануға болады.
Бірақ оның мөлшерін анықтау үшін, алғашында регрессия теңдеуін (Yx) мен нәтижелі көсеткіштің мағынасын есептеу, содан алынған теңдеуге x және x2 мәндерін жас топтарына сәйкес қоямыз.

Корреляциялық талдаудың көптікті методикасы. Экономикалық құбылыс пен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің процессы көп көлемді факторларға тәуелді болады. Ережеге сәйкес, әрбір фактор жекеше түрде зерттелінетін құбылыстарды барлық толықтықта анықтай алмайды. Факторлар кешені ғана және олардың өзара байланысында ғана зерттелуші құбылыстар сипаты жөнінде анағұрлым толық көрініс бере алады.

Көп факторлы корреляциялық талдау бірнеше кезеңдерден тұрады.
       Бірінші кезеңде зерттелуші көрсеткішке факторлардың ықпалын анықталады және корреляциялық талдау үшін анағұрлым маңыздылары іріктеліп алынады.

Екінші кезеңде корреляциялық талдау қажет бастапқы ақпараттар жиналады және бағаланады.

Үшінші кезеңде нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланыс сипаты зерттеліп, үлгіленеді және зерттелуші байланыстың мәнін анағұрлым толығырақ мазмұндайтын математикалық теңдеу таңдалып негізделеді.
       Төртінші кезеңде кореляциялық талдаудың негізгі көрсеткіштерінің байланысының есебі жүргізіледі.

Бесінші кезеңде корреляциялық талдаудың нәтижелеріне және практикалық қолданылуына баға беріледі.

Корреляциялық талдау үшін факторларды таңдау экономикалық талдауда маңызды кезең болып табылады. Қаншалықты дұрыс таңдау жасаудан,талдау қорытындысының нәтижесі дәл болады. Факторларды таңдау кезіндегі басты ролі теория, сонымен қатар талдаудың практикалық тәжірибесі болып табылады. Бұл жағдайда келесі ережелерді ұстану қажет:

1.        Факторларды таңдаған кезде бірінші кезеңде көрсеткіштердің арасындағы себепті-салдарлы байланысын ескеру қажет, өйткені тек олар ғана зерттелетін құбылыстардың маңызын ашылады. Ал нәтижелік көрсеткішпен тек математикалық арақатынаста болатын факторлардың талдауының практикалық мәні болмайды.

2.        Көп факторлы корреляциялық моделді жасаған кезде нәтижелі

көрсеткішке шешуші әсер ететін тек мәнді факторларды ғана таңдау қажет, өйткені практика жүзінде барлық жағдайларды. Барлық факторлар сандық

өлшемді болуы міндетті, бұл өлшем бірлігі болу қажет және есеп пен есептілікте олар туралы ақпарат сақталу міндетті.

3.        Сызықтық үлгідегі корреляциялық модельге нәтижелік көрсеткішпен байланысы қисықсызықтық жағдайда болатын факторларды еңгізу ұсынылмайды.

4.        Корреляциялық модельге өзара байланысты факторларды еңгізу ұсынылмайды. Егер екі фактор арасындағы қос корреляциялық коэффициенті 0,85-н жоғары болса, онда корреляциялық талдау ережеге сәйкес оның бірін шығарып тастау керек, әйтпесе бұл талдау нәтижелерін дұрыс көрсетпейді.

5.        Корреляциялық модель құрамына нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалдық сипатқа ие факторларды еңгізуге болмайды.

Факторларды талдауда корреляциялық модель үшін үлкен көмек аналитикалық топтаулар, сызықтық графиктер, қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру тәсілдері көрсетеді. Олардың нәтижесінде зерттелінетін көрсеткіштердің арасындағы байланыстың нысаны, бағыты анықталады. Сонымен қатар, факторларды талдауды Стьюдент критерий бойынша олардың маңыздылығын бағалау негізінде корреляциялық талдау теңдеулерін шешу процессінде жүргізуге болады.
Жоғарыдағы талаптарға сай және факторларды таңдау тәсілдерін қолдануынан, көпфакторлы корреляциялық модельдің рентабельдік деңгейі үшін (Y) келесі факторлар іріктеліп алынған:

 

X1 – материал қайтарымдығы, тенге


X2 – қор қайтарымдылығ, тиын


X3 – еңбек өнімділігі (бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі)


X4 – кәсіпорын айналым құралдарының айналым ұзақтығы, күндер.


X5 – өнім сапасының ең жоғары категориясының үлес салмағы, %

Корреляциялық байланыс жеткілікті айқындықпен және толықтықпен жаппай бақылауда ғана байқалады, мәліметтерді сұрыптау көлемі көп болуы міндетті, өйткені тек жаппай бақылауда басқа факторлардың ықпал жасауы тегістеліп жатыр. Объектілер жиынтығы көбірек зерттелсе, талдау қорытындысы дәлірек болады.

Талдаудың келесі кезеңі ол корреляциялық талдауда қолданылатын бастапқы ақпаратты жинау мен статистикалық баға беру. Жиналған бастапқы ақпарат дәлдікке, біркелкілікке және заңға сай тексерілуі қажет.

Ең алдымен, ақпараттың анықтығына көз жеткізу, қаншалықты ол ақиқатқа талапқа сай болуын. Анық , дұрыс емес ақпаратты қолдану, талдау қорытындысының дұрыс болмауына әкеледі.

Корреляциялық талдаудың шарттарының бірі – зерттелінетін ақпараттың біркелкілігі және оны орта деңгейде үйлестіру. Егер жиынтықта орта деңгейден ерекшеленілетін объектілер тобы болса, ол бастапқы ақпараттың біркелкі емес екендігін көрсетеді.

Ақпараттың біркелкілік критериі орташаквадраттық ауытқу мен вариация коэффициенті болып табылады, олар әр фактор мен нәтижелі көрсеткіш бойынша есептеледі.

Орташашаршылық ауытқу дербес мәндердің орташа арифметикалықтан абсолютті ауытқуын көрсетеді. Ол мына формула бойынша анықталады:

       
http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/33/32734/32734_html_c16914d.gif         (19)

        Вариация коэффициенті дербес мәндердің орташа арифметикалықтан

қатысты ауытқуын көрсетеді. Ол мына формула бойынша есептеледі:

            
http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/33/32734/32734_html_m38af1f98.gif       (20)

Вариация коэффициенті көп болған сайын, соғұрлым зерттелінетін

объектілердің қатысты үлкен шашырандылығы орын алады.

 

 

 

                                            Қорытынды

        Экономикалық зерттеулерде стохастикалылығымен ерекшеленетін корреляциялық тәуекелділіктер жиі кездеседі.

 Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз. Корреляциялық қатынастарды зерттеу үшін келесі экономикалық зерттеудің тәсілдері қолданылады: қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру, графиктер, аналитикалық топтастыру.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар


        Лекция материалдарын игеру үшін корреляциялық, дисперсиялық, компоненттік, көпөлшемді факторлық талдаудың тәсілдері игере білу қажет. Корреляциялық зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде факторлардың нәтижелік көрсеткішке (абсолюттік өлшемде) әсерін анықтау есептеледі. Сондықтан студент бұл міндетті шешу үшін сәйкес математикалық теңдік тандай білуі және зерттелуші байланысты бейнелей алуы (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) тиіс. Бұл корреляциялық талдауда маңызды роль атқарады. Себебі, регрессияның теңдігін дұрыс тандаудан есептің нәтижелері және шешуі байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.        Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005

2.        Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3.        Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4.        Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5.        Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6.        Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003



                                       Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.        Шаруашылық сала зерттеуіндегі корреляциялық өзара байланыстың талдау тәсілдерін сипаттаңыз.

2.        Корреляциялық байланыстың түсінігі және корреляциялық зерттеудің шарттары қандай?

3.        Корреляциялық тәуелділікті зерттеу үшін қос корреляция тәсілдерін қолдану тәртібі

4.        Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс түзу сызықтық жағдайда корреляция коэффициенті қалай есептеледі?

5.        Қисық сызықты форма тәуелділігінде байланыс тығыздығын өлшеуде, мұнда түзу сызықты коэффициент емес, корреляциялық қатынас қалай анықталады?

 

 

Тақырып 4.5   Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі


Мақсаты: шаруашылық резервтердің ұғымын, шаруашылық резервтердің табиғаты мен көздерін, резервтердің жіктелуі негізінде жатқан маңызды көрсеткіштерді, шаруашлықы резервтердің түрлері және оларға түсініктеме беру.

Мазмұны

1.   Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуі

2.   Резервтерді есептеу және ізденістерді ұйымдастыру принциптері



Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: резерв, резервтік қорлар, шаруашылық резервтер, ҒТР, салалық резервтер, аймақтық резервтер, жалпы мемлекеттік резервтер, қолданылмаған резервтер, ағымдағы резервтер болашақтағы резервтер және т.б.

«Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор» деген ұғымды білдіретін сөзінен немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты арнайы мамандандырылған әдебиеттерде және шаруашылық қызметті талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады. Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры болып табылады (шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, жанармай және т.б.). Олар қосымша қажетті болады деген мөлшерде шығарылады. Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады. Осыдан резервтерді қорлар ретінде және өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер ретінде, яғни екі әр түрлі ұғым ретінде қабылдауға болады және екі ұғым арасын дұрыс бөлмеу терминологиялық жаңылуға әкеледі.

Әрі қарай осындай қатені жібермеу үшін «резервтік қорлар» терминін материалдық ресурстардың қоры ретінде және «шаруашылық резервтер» терминін ҒТР жетістіктерін қолдану негізінде өндірістің дамуы ретінде қолданамыз.

Резервтердің экономикалық мәні және ерекшелігі жалпы уақытты үнемдеу заңдылығына негізделініп, түсіндіріледі. Қоғамдық көзқараспен қарасақ уақытты үнемдеу заттай және натуралды еңбек шығындарының азаюына негізделеді, яғни материалдық және еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы.

Жұмыс уақытының үнемделуі өндірістің дамуының объективті жүйесі ретінде резервтердің құралу табиғатын түсіндіреді. Бұл жоғары дамыған қоғамдағы интенсивті түрде өндірілуді тудыратын резервтердің негізгі көзі болып табылады. ҒТР дамуымен еңбек өнімділігінің, шикізат пен материалдардың үнемді пайдалануының көптеген өсу мүмкіндіктері туындауда, яғни резервтер көздерінің бітпеуін білдіреді. ҒТР тоқтату мүмкін болмаса, соншалықты резервтерді толығымен қолдану мүмкін емес.

Сонымен, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерінің экономикалық мәні – өнім бірлігіне шаққанда еңбек шығынының ең аз мөлшерін қолдана отырып үлкен көлемде және жоғары сапалы өнімді алу мүмкіндігінің толық және дұрыс пайдаланылуы. Толық анықталуы, қолданылуы және түсініктірек болуы үшін шаруашылық резервтері әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.

Кеңістіктік сипаттамаларына қарай резервтерді ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық және жалпы мемлекеттік деп бөледі.

Ішкішаруашылықтық резервке тек қана талдау жүргізіліп жатқан кәсіпорында ғана қолданыла алатын резервтер жатады. Бұл ресурстар қорының өндіріске жарамайтындығына және жоғалуына байланысты. Мысалы, өндірістік технологияның және ұйымдастырылуының төмен дәрежесінен туындайтын жұмыс уақытының және материалдық ресурстардың жоғалуы.

 Салалық резервтер – бір сала деңгейінде ғана анықталуы мүмкін резервтер, мысалы, жануарлардың жаңа түрін өсіру, құрал-жабдықтарды жетілдіру, жаңа технологиялар және т.б. Осындай резервтерді іздестіру арнайы салалық ұйымдастықтардың, министрліктердің, ассоциациялардың міндеті болып табылады. Аймақтық резервтер – географиялық аймақтар шегінде қолданылатын және анқыталатын резервтер (басқарылу орындарына қарамастан жергілікті шикізат пен жанармайды, энергетикалық ресурстарды, көмекші өндірісті орталықтандыруды қолдану).

Жалпы мемлекеттік резервтер - өндірістің әр түрлі салаларының дамуының теңдігін қалыптастыру, меншік нысандарының ауысуы, ұлттық экономиканы басқару жүйесінің өзгеруін жатқызуға болады. Мұндай резервтерді қолдану тек жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Уақыт сипатына қарай резервтер қолданылмаған, ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді. Қолданылмаған резервтер – өтіп кеткен уақыт аралықтарындағы жоспар және ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерге байланысты өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жоғалту. Ағымдағы резервтер – шаруашылық қызмет нәтижелері деңгейінің жоғарылау мүмкіндіктері, мұнда жақын арада орын ала алатын қызмет (ай, тоқса, жыл). Болашақтағы резервтер – ұзақ уақытқа есептеледі. Оларды қолдану елеулі капитал салымдарына, ҒТР жетістіктерінің енгізілуіне, өндірісті қайта құруға, өндіріс технологияларының ауыстырылуына, мамандануына байланысты.

Әдетте ағымдағы резервтер еңбектің үш аспектісі тұрғысынан теңестірілген болуы керек. Мысалы, кәсіпорынның өндіріс қарқындылығын күшейту арқылы өнім өндірісін үлкейту резерві қызметкерлердің тізімінің үлкеюі және еңбек өнімділігінің артуымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қосымша шикізат, материалдар қорлары қажет. Тек осындай жағдайда резервтер ағымдағы кезеңде игерілуі мүмкін. Егер ресурстардың осындай теңдігі жоқ болса, онда өндіріс қарқындылығын күшейту арқылы өнім өндірісін үлкейту резерві толық қолданылмау мүмкіндігі туындайды. Бір бөлігін болашақтағы резервтерге ауыстыру керек болады.

Резервтерді анықтау үшін өнімнің өмірлік циклі кезеңдері маңызды орын алады. Сондықтан резервтерді өндіру алдындағы кезең, өндірістік, өнімнің пайдаланым және жойылу кезеңдері деп бөледі.

Өндіру алдындағы кезеңде өнімнің қажеттілігі, өнімнің құралуы, өндірілу технологиясы және өндіруге дайындығы анықталады. Мұнда өнімнің құралымының жақсаруы арқылы өндірісі тиімділігін арттыру резерві анықталуы мүкін. Осы кезеңде өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтері сақталады. Осының барлығы кезеңде қаншалықты толығырақ анықталған болса, соншалықты өнімнің тиімділігі артады.

Өндірістік кезеңде жаңа өнімді игеру, жаңа технология және содан соң өнімнің жаппай өндірісі басталады. Бұл кезеңде өндірісті жалғастыру үшін қажетті құрал-жабдықтар алынып, өндіріс жүйесі қалпына келтірілгендіктен резервтер көлемі төмендейді. Сондықтан осы жүйенің толығымен өзгеруі шығындардың үлкен деңгейіне әкеледі. Сонымен қатар осы кезеңде резерв ретінде өндірістік жүйеге қатысы жоқ ресурстар анықталып қолданылады. Бұл резервтер еңбекті ұйымдастыру деңгейінің жоғарылауымен, шикізат және материалдардың үнемді пайдаланылуымен байланысты.

Пайдаланым кезеңі кепілдендірілген кезеңге, яғни орындаушы тұтынушымен анықталған ақауларды жоюы керек және кепілдендірілгеннен кейінгі кезеңге бөлінеді. Объекттің пайдаланым кезеңінде шығындарды азайту резерві (электроэнергияны, жанармайды, жабдықтарды үнемдеу) екі алдыңғы кезеңдерде атқарылған қызметтің сапасына тікелей байлаынсты.

Яғни, тиімділікті жоғарылату үшін өнімнің барлық өмірлік циклы кезеңдерінде, әсіресе мыңызды резервтер жасырынатын алғашқы сатыларында жүйелі және үздіксіз түрде резервтерді анықтауды жүргізіп отыру қажет.

Қайта өндірілу сатысында резервтер өндіріс және айналым саласындағы болып бөлінеді. Әдетте, негізгі резервтер өндіріс саласында орналасады, бірақ айналым саласында да (өндірістен тұтынушыға дейін жеткенше туындаған шығындардың алдын алу, сонымен қатар дайын өнімді сақтау, тасымалдау, сатумен байланысты шығындарды азайту және өндірістік қорларды сатып алу) резервтер бар.

Шаруашылық қызметті талдауда резервтердің ресурстар түрлері бойынша топталуы маңызды болып табылады. Мұнда жер телімдерінің, өндірістің негізгі құралдарының, еңбек құралдары мен еңбек ресурстарының тиімдірек және толық қолданылуымен байланысты жеке резервтер қарастырылады. Резервтердің мұндай жіктелімі ресурстардың барлық түрлері арасындағы теңдікті сақтау үшін керек. Мысалы, еңбек ресурстарының тиімді қолдану арқылы өнім өндірісінің көлемін ұлғайту резерві анықталды. Бірақ оларды игеру үшін еңбек құралдарының толығырақ қолданылуы арқылы өнім өндірісі көлемінің жоғарылау резервінің сол мөлшерін анықтау қажет. Егер де қандай да бір ресурс түрінің резерві жеткіліксіз болса, онда солардың біреуінің ең төменгі резерв мөлшері есепке алынады.
          
Әсер ету сипатына қарай резервтер экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті сипаттағы резервтерке өндірісте қосымша қолданылатын ресурстар жатады (материалдық, еңбек, жер ресурстары). Интенсивті резервтерге нақты бар өндірістік мүмкіншіліктердің толық және тиімді қолданылуымен байланысты резервтер жатады. ҒТР жеделдеуімен өсудің экстенсивті факторларымен байланысты резервтердің маңызы төмендеуде, сонымен қатар өндірістің интенсивтілігі резервтерін анықтау күшеюде.
        
Шығын сыйымдылығы мен оларды игеру деңгейінің резервтерін топтастыру аталып кеткен жіктеліммен тығыз байланысты. Мұнда резервтердің үш тобын қарастыруға болады. Дайын өнім мен шикізат шығынын төмендету резервтердің игерілу деңгейінің төменділігін талап етеді. Екінші топ резервтерін қолдану шығындарды көбірек талап етеді, себебі ол өндірісті түпкілікті өзгертпей-ақ ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің енгізілуімен байланысты. Резервтердің үшінші тобы ҒТР жетістіктерін пайдалана отырып өндірістің техникалық қамтамасыз етілуімен байланысты.
         
Айқындалу сипатына қарай резервтер жасырын және анық болып бөлінеді. Анық резервтерге бухгалтерлік есеп ақпараты арқылы оңай анықталатын резервтер жатады. Ал анық резервтердің өзі шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз резервтересептілікте көрініс тапқан жұмыс уақыты мен шикізатқа кеткен шартсыз шығындарының болмауы. Бұл қоймадағы өнімнің бүлінуі және жетіспеуі, өндірістік ақау, қарыздарды есептен шығару бойынша жоғалтулар, төленген айыппұлдар. Мұндай жоғалтулар келісімде көрсетілген міндеттердің орындалмауы, ұрлау, ысырап салдарынан болады. Шығындардың алдын алу үшін келесілерді атқару керек: материалдық құндылықтарды сақтау, тасымалдауды жетілдіру, бақылау мен есеп беруді ұйымдастыру, қаржылық және есептік ережелерді орындау.

Шартты шығындарға кәсіпорында ресурстарды қолдану бекітілген талаптардан ауытқыған жағдайда туындайды. Егер бірлік өнімге шаққанда ресурстардың шығындалу көлемін арттырса, онда ресурстарды шектен тыс қолдану төмендеп, үнемделуі мүмкін. Егер бекітілген нормаларды оптималды деп ұйғарсақ, онда есептілікте көрсетілетін шартты шығындар кәсіпорынның нақты ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жоспарланған деңгейге жетпегенін дәлелдейді. Мұндай шығындар құралдардың қанағаттанарлық дәрежеде екендігінен, қызметкерлердің төмен мамандандырылғандығынан, өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейінен, технологиялық жүйенің бұзылуынан, ұйымдастырушылық-техникалық жоспардың орындалмауынан туындайды. Нәтижесінде жоспардан тыс жұмыс уақыты шығындалуы, құралдың толық пайдаланылмауы, материал мен шикізаттың шектен тыс қолданылуы етек алады. Бұған жол бермеу үшін жоспарланған шараларды жүзеге асыру керек.

Жасырын резервтерге жоспарға сай ҒТР жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізумен байланысты резервтер жатады. Ол үшін салыстырмалы ішкішаруашылық талдау (алдыңғы қатардағы бөлімдер, бригадалар, қызметкерлердің жетістіктерімен), шаруашылықаралық (алдыңғы қатардағы кәсіпорындар жетістіктерімен), кейбір жадайларда халықаралық салыстырулар жасау қажет. Аталған резервтер есептілікте көрсетілмесе де, осы резервтерді анықтаудың кешіктірілуі елеулі шығындарға әкеледі.

Резервтердің жіктелуінің маңызды сипаты болып құралу уақыты табылады. Бұл сипаты бойынша резервтер жоспардың жасалуы барысында есепке алынбаған резервтер және жоспардың құрылуынан кейін анықталған резервтер болып бөлінеді. Резервтің бірінші түріжоспардың жетілдірілу кезінде өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіншіліктерін жоғалту, бірақ есепке алынбаған. Резервтің басқа түріжоспардың құрылуынан кейін анықталған мүмкіндіктер. Мұндай резервтердің анықталуы ҒТР жетілу шапшаңдығымен, жаңа шешімдердің пайда болуымен, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен байланысты.

Сонымен, резервтердің жіктелуі олардың бағыты мен мәнін түсінуге, және де анықталуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Резервтерді анықтау барысында келесі принциптерді негізге алу керек:

1.        Резервтерді анықтау ғылыми сипатта болу керек, яғни материалистикалық диалектіге, экономика заңдарының біліміне, ғылыми жетістіктерге және алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен қатар, шаруашылық резервтерінің экономикалық мәні мен табиғатын, көздерін және анықталу бағыттарын, есебінің әдістемесін жетік білу керек,

2.        Резервтерді анықтау кешенді және жүйелі болуы тиіс. Кешенді әдіс шаруашылық қызметтің барлық бағыттарында резервтердің анықталуы және жалпылануы білдіреді. Жүйелі әдіс резервтерді анықтау және зерттелетін құбылыстардың байланысының есебін қолдана отырып резервтерді жалпылау. Бір жағынан, бұл резервтерді анықтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, қайтадан есепке алынуынан қорғайды.

3.        Қайтадан есепке алынуынан қорғау принципі алдыңғы принциптен туындайды. Шаруашылық қызметтің нәтижесі тәуелді әр түрлі факторлардың әсері есепке алмай жалпылама резервтердің қайтадан есепке алынуы.

Егер өндіріс көлемінің арту есебінен бөлек резервтер анықталса және де бірінші фактордың екінші факторға әсер ету есепсіз әр бір шығын статьясы бойынша қаржылардың шығындалмау есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервін қайта есептелуі мүмкін.Өндіріс өнім көлемінің артуымен қатысты шартты-ауыспалы шығындардың сомалары ғана пропорционалды түрде өзгереді, шартты-тұрақты көрсеткіші өзгермейді. Өнім өндіріс көлемінің артуымен байланысты өнім өндірісіне кеткен қаржы шығындары көптеген шығын баптарға қысқарады, кейбір баптар бойынша шығындалу орнына Экономия болуы мүмкін. Осыны есепке алмасақ онда өнімнің өзіндік құнның төмендету резервінің мөлшері артып кетуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда резерв есебі аралас ақпарат көзі бойынша анықталса, онда олардың қайта есептеуіне жол беріледі. Мысалы: Еңбек құралдарын, еңбек ресурстарын толық пайдаланғаны үшін өнім өндірісінің арту резервтерін қосуға болмайды, себебі мұндағы бүкіл факторлар бір уақытылы және бірігіп жұмыс істейді. Яғни, резервтерді қайта есептемеу үшін резервтерді анықтаудың негізі болатын зерттелініп отырған көрсеткіштердің өзара байланысын, тәуекелділігін білу керек.

4) Резервтерді іздеу шарттардың бірі- олардың жинақталуы қамтамасыз етілуі, яғни еңбек процесінің негізгі 3 кезеңдерінің балансталуы ( еңбек құралдары, еңбек ресурстары, еңбек заттары). Егер де басқа ресурстар бойынша резервтер жетіспейтін болса онда бір ресурс арқылы есептелінген ең үлкен резерв жүзеге асырылмайды. Сондықтан резервтердің жинақталуы бойынша тексерістің қажеттілігі туындайды. Резерв барлық қажетті ресурстармен, оның ішінде бағамен қоса натуралды- заттық құралы бойынша да, қамтамасыз етілетін болған жағдайда ғана ол жинақталған болып табылады. Мысалы: токарный станок бойынша станок уақыт резерві анықталды, бірақ фразер бойынша қуат жетіспейді. Тек натуралды- заттай формасындағы ресурстардың қатынысының керекті дәрежеге жеткеннен кейін ғана резервтерді жинақталған және нақты деп есептеуге болады.
        5)
Резервтер экономикалық жағынан негізделуі керек, яғни оларды есептеу кезіңде кәсіпорынның нақты мүмкіншіліктерді есепке алу керек, ал резервтердің есептеу мөлшері сәйкес шаралармен негізделуі керек.

6) Резервтерді іздеу оперативті болуы керек. Резервтерді іздеу неғұрлым оперативті болса, соғұрлым бұл процесс жемісті болады. Резервтерді анықтау және меңгеру арасындағы уақыт тығыздығы өте маңызды.

7) Резервтерді іздеу дискретті болмауы керек. Оны жоспарлы, жүйелі және күнделікті істеу керек.

8)Резервтерді іздеуге қатысатын әр түрлі мамандықтары бар жұмысшылардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым резервтер де толық күйінде анықталатын болады. Осыдан резерв іздеу көпшілік принципі пайда болды, яғни бұл процесске бар жұмысшыларды тарту, экономикалық талдауының түрлерін жетілдіру.

9)Резерв іздеуінің бағытын алдын-ала анықтау барысында өндірістің эффективтілігін арттыратын басты түйінін немесе тар орындарды ерекше белгілеу керек. Бұл принцип негізінде жүйелі түрде жоспар орындамайтын, шикізат бойынша көп шығындалатын техника тұрып қалатын жағдайларға тап болған өндірістің учаскісі анықталынады. Осылайша резервтерді іздеудің алғашқы және негізгі бағыттары анықталынады. Бұл резервтерді іздеудің эффективтілігін жоғарлатады.

Резервтер мөлшерінің есептеу әдістері мен негізделуі. Анықталған резервтердің мөлшері нақты болу үшін резерв есептелінуі мүмкіндігінше нақты және негізделген болуы керек. Резервтерді есептеу әдістері резервтердің сипатына қарай (интенсивті және экстенсивті), оларды анықтау әдістері ( нақты немесе жасырын) және олардың мөлшерін анықтау әдістері формалды немесе формалды емес екеніне тәуелді болады. Формалды әдісінде резервтер мөлшері оларды меңгеруімен байланысты нақты шаралармен байланыссыз анықталады. Формалды емес әдісі нақты ұйымдастырушылық техникалық шараларға негізделеді.

Шаруашылық қызметті талдауда резервтер мөлшерлерін есептеу үшін бірқатар әдістер қолданылады: тура есептеу, салыстыру, детерминалды факторлық талдау, функционалды - бағалық талдау, математикалық программалау және т.б.

Тура есептеу әдісі-ресурстардың қосымша керекті мөлшері немесе олардың жоғалту мөлшері белгілі болған кезде резервтерді есептеу үшін қолданылады. Өнім шығаруының арту мүмкіндігі (Р↑ВП) келесі түрде анықталады: ресурстардың қосымша көлемі немесе кәсіпорынның кесірінен пайда болған ресурстардың жоғалту мөлшері бір өнім бірлігіне шаққандағы жоспарлы немесе шығысының мүмкін нормасына бөлінеді, немесе жоспарлы ресурсқайтарымына көбейтіледі.


Р↑ВП=ДR/УРм
   немесе   Р↑ВП=ДR*RAм                   (21)

Осы әдісті қолдана отырып еңбек ресурстар көлемін, негізгі өндіріс қорларын және т.б.-ды қосымша пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеуге болады. Қосымша еңбек ресурстар көлемін пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеу үшін оның көлемін осы кәсіпорынның жұмысшылар еңбегінің өндірісінің жоспарлы деңгейіне көбейту керек, ал негізгі өндіріс қорлар есебінен олардың өсуін қорқайтарылымының жоспарлы деңгейіне көбейту керек.

Салыстыру әдісі бас кәсіпорында сесурстардың жоғалуы немесе оларды экономдау мүмкіншілігі жоспарлы нормалармен немесе олардың бір өнім бірлігіне шаққандағы шығындармен салыстырып анықталған кезде резервтердің көлемін есептеу үшін қолданылады. Нормалармен салыстырғандағы ресурстардың артық шығындалуына жол бермеу есебінен өнім өндіріс арту резервтері келесідей анықталады: бір өнім бірлігіне кеткен жоспардан асып кеткен ресурстардың шығынын өндірістің нақты көлеміне көбейтіледі және жоспарлы шығын нормасына бөлінеді немесе жоспарлы ресурсқайтарымының деңгейіне көбейтіледі (материалқайтарылымы, қорқайтарылымы, еңбек өнімділігі және т.б.).

Ғылыми-техникалық прогресс енгізуімен байланысты бір өнім бірлігіне кеткен шығындардың қысқаруымен байланысты өнім шығаруының арту резерві сәйкесінше анықталынады: ресурстардың салыстырмалы шығын төмендету резерві нақты шығарылған өнімге көбейтіледі және бір өнім бірлігіне кеткен ресурстардың мүкін болатын салыстырмалы шығындарына бөлінеді немесе ресурсқайтарымының мүмкін болатын деңгейіне көбейтіледі:

Шаруашылық қызметті талдауда резерв көлемін анықтау үшін детерминалдық факторлық талдау әдісі кезіңен пайдаланылады: абсолютты айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық және интегралдық тәсіл.

Корреляциялық талдаудың нәтижелері шаруашылық резервтерді есептеу үшін кеңінен қолданылады. Бұл үшін шыққан регрессия теңдеуінің коэффициенттері нақты көрсеткіштерінің мүмкін болатын өсуіне көбейтіледі:

                                                    РҮ =P↑Xi*bi                             (22)


Мұндағы РҮ- нәтижелі көрсеткіштің арту резерві (Ү)


РХi- нақты көрсеткіштің өсіңкілігі резерві (Х)


bi- байланыс теңдеуінің регрессия коэффициенті.


        Матеметикалық программалау әдістері резервтерді анықтауда үлкен роль атқарады.Зерттелініп отырған көрсеткіштер көлемін нақты және жоспарлы деңгейімен салыстыру арқылы қосымша және жұмсалынбаған өндіріс резервтерін анықтау барысында ресурстарға шек қою шарт есебімен көрсеткіштер көлемін оптимизациялауға жол беріледі.
Резервтерді анықтаудың ең нәтижелі әдісі функционалды-бағалық талдау болып табылады. Бұл әдіс өнімнің өмір циклының ерте кезеңінде артық шығындарды тауып және олардың болдырмауды қамтамасыз етеді.

Есептеу-конструкторлы әдіс резервтерді есептеуде маңызды роль атқарады. Бұл әдіс зерттелініп отырған нәтижелі көрсеткішті еселі модель түрінде қарастыруға болатын жағдайда қолдануға болады. Осы әдіспен анықталған барлық резервтер сәйкес шаралармен жіктелуі керек. Осы жағдайда ғана резервтер көлемі нақты және негізделген болады. Бұл келесі екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:

Формальды тәсілмен резервтер анықталады, кейін анықталған резервтерді меңгеру үшін арнайы шаралар жетілдіріледі.

Шаралар жетілдіріліп, резервтер есептелінеді. Мысалы: жұмысшылардың еңбек өнімділік деңгейін жоспарлы деңгейіне арттыру есебінен өнім өндірісінің арттыру резервтері есептелінеді. Осыдан кейін осы резерті меңгеру үшін арнайы шаралар жүргізіледі(еңбек ұйымдастыруын жақсарту, өндірістің техника мен технологияны жетілдіруі, еңбек ету шарттарын жақсарту және т.б.)

Сонымен қатар бүкіл шаралар бойынша алынған резервтер сомасы анықталған еңбек өнімділігінің резервтердің орташа өсу шегінің көлеміне тең болу керек. Екінші әдісі резервтер есептеуді ең негізделген әдісі болып келеді. Ол кәсіпорынның нақты немесе мүмкін болатын эффектіге көбейтіледі. Мұндай резервтердің көлемін анықтаудың ең тиімді тәсілі. Мұндай ерекше тәсіл резервтердің мөлшерін дәл анықтауға жол береді. Бірақ бұл үшін әрбір шараның алдын ала эффективтілік бағасы білу керек.

                                            Қорытынды

           «Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор» деген ұғымды білдіретін сөзінен немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан.
Осыған байланысты арнайы мамандандырылған әдебиеттерде және шаруашылық қызметті талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады. Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры болып табылады. Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады.


                      Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар


       Лекция материалдарын игеру үшін толық анықталуы, қолданылуы және түсініктірек болуы үшін шаруашылық резервтері әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты жіктелуіне көңіл бөлу қажет, резервтерді анықтау үшін өнімнің өмірлік циклі кезеңдері маңызды орын алады. Сондықтан резервтерді өндіру алдындағы кезең, өндірістік, өнімнің пайдаланым және жойылу кезеңдерін ажырата білу қажет. Резервтердің жіктелуі олардың бағыты мен мәнін түсінуге, және де анықталуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондықтан резервтерді анықтау барысында оның принциптерін негізге ала білуі қажет.

                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.        Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005

2.        Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3.        Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4.        Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5.        Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6.        Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003


                              Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.        Шаруашылық резервтердің ұғымы. Шаруашылық резервтердің табиғаты мен көздері қандай?

2.        Резервтердің жіктелуі негізінде жатқан маңызды көрсеткіштерді сипатта.

3.        Шаруашылық резервтердің түрлері және тәсілдерін сипаттаңыз.

4.        Ғылымдық, жүйелілік, дәлелділік, нақтылық, жоспарлану, жалпылық, «басқарушылық бөлімін» және «жіңішке бөлімін» анықтау

5.        Резервтердің қайтадан есепке алынуының алдын алу реті.

6.        Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында резервтердің есебі мен анықтау әдістері қандай?

 

 

Тақырып 5  Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру

 

Мақсаты: Кәсіпорын  қызметін экономикалық талдаудың аналитикалық

жұмысты ұйымдастыру

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;қытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

 

        Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды қамтиды:

а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;

б) талдау объектілері;

в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;

г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;

д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;

е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;

ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);

з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық құралдар;

к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;

л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.

            Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:

·        аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;

·        оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

          Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:

          Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.

          Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.

          Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).

          Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.

          Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.

          Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы резевтері анықталады.

          Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.

          Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.

          Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:

-              жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);

-              зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;

-              факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;

-              өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін  есептеу;

-              Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;

-              Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын  қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға  мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі  мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты  ақшаға айналуына тікелей тәуелді  болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда  болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші  қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат  айналымын айтарлықтай бәсендетеді.

Қаражыттың  айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші  кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы – материалдық  қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету  еркіндігіне ие болады. 

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1.Капиталдың  жалпы айналымдылық  коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

 

К = Д / А               (23)

 

Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;             

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;             

А - авансталған капитал.

Біздің  кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер  жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.

2.Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен  болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.

Біздің  кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет  болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.

3.Меншікті капиталдың айналымдылық  коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:

 

                                                           К = Д / С                         (24)

 

Мұнда:  К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

С - меншікті капиталдың шамасы.

Бұл көрсеткіш  қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.

3.Ағымдағы активтер

 немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

 

                                                   К = Д / Т                           (25)          

             

Мұнда:  К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

Т - ағымдағы активтер.

Ағымдағы  активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі  жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында  – 3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2теңге 32тиынал жыл соңында 3теңге 34тиын келтірді.

5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Өндірістік  қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

К = S / З                      (26)

 

Мұнда:К–материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;

S - сатылған өнімнің толық өзіндік  құны;

З - өндірістік материалдық қорлар.

Неғұрлым  айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай  қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 6,52 рет; жыл соңында  – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың  айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К = Д / Д                              (27)

 

Мұнда:  К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

Д - дебиторлық борыш.

Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 

Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында  – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет  болды.

7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатуда түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың  шамасына қатынасымен анықталады:

    К = Д /К                          (28)

 

Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;             

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;             

К - кредиторлық борыштың кезеңдегі  орташа шамасы.

Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі  көрсеткіштерді қарадық,оларды талдау,кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі.Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, 1кәсіпорынның базарлық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап жіне жан-жақты талдап қорыту керек.

  
                               Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

1.  Аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар.

2.   Аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі.

3.  Оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.        Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие –

Москва: ИНФРА, 2005

2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4.        Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5.        Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6.        Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

 

 

Тақырып 6 Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері

 

       Мақсаты: Өнім өндіруге кеткен шығынды талдау, еңбек, жанама және тікелей материалдық шығындарды талдау, материалдық ресурстарын тиімді пайдалануын талдау, еңбек ақықорын пайдалануын талдау.

Мазмұны

 

1.   Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау.Өндірілген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау.

2.   Өнімнің жеке түрлеренің өзіндік құнын талдау.

3.   Еңбек, жанама және тікелей материалдық шығындарды талдау.

4.   Кәсіпорынның материалдық ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.Материалдық ресурстарын тиімді пайдалануын талдау.

5.   Кәсіпорыннын еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін және еңбек өнімділігін  талдау.Жұмыс уақыт қорын пайдалануын талдау.

6.   Еңбек ресурстарынтиімді пайдалануын талдау. Еңбек ақықорын пайдалануын талдау.

 

1. Егін шаруашылығы бағытындағы акционерлік қоғамның (АҚ) қызметіне талдау жасауды өнімдерді өндіру көлемін зерт­теуден бастау қажет. Оны талдау процесінде келесідей міндеттер шешіледі:

1)  әрбір акционерлік қоғамның өнім өндіру болжамының орындалуын бақылау;

2)   өнімдер өндіру көлеміне факторлардың әсерін анықтау;

3)  өнімдер өндіру көлемін көбейтудің шаруашылық іші­лік резервтерін анықтау.

Сөйтіп, экономикалық талдау өндірісті басқару жүйесінде маңызды қызмет атқарады және өнімдерді өндіруді көбейту резервтерін анықтау процесінде аса маңызға ие.

Дәнді дақылды егіс көлемінің мөлшері, дәнді дақылдардың шығымдылығы, жалпы өнім жинау мен оның өзіндік құны туралы мәліметтерге ие «Өндіріс және өнімдердің өзіндік құны» есебі егін шаруашылығы өнімдерін өндіруге талдау жасау үшін негізгі ақпарат көздері болып саналады.

Тиісті болжамдық көрсеткіштер шаруашылықтың бизнес-жоспарына айналады. Өнімдер өндіруге жедел талдау жасау үшін бастапқы құжаттар: «Астық және басқа өнімдердің есебін жүргізу ведомосы», «Қатты және жұғымды (сөлді) жемдік азықтарды қабылдау актісі» және т.б. пайдалану.

 Егін шаруашылығы өнімдерін өндіруге талдау жасау, өткендегі өзгерістерге баға бере отырып, жекелеген дақылдар бойынша, сол сияқты тұтастай егін шаруашылығы бойынша, оны динамикада зерттеуден басталады. Бұл үшін 3-5 жылдар аралығындағы салыстырмалы бағалардағы жалпы өнімдердің көлемі туралы мәліметтер болуы қажет. Осы мәліметтер негі­зін­де бағалық және базистік индекстер есептеліп шығарылады. 

Өнімдердің болжамдық жалпы түсімін жинаудың орындалу дәрежесін бағалау үшін ол тұтастай және жекелеген дақылдар бойынша ағымдағы мәліметтермен салыстырылады.

2. Талдаудың келесі кезеңінде өнімдер өндіру көлемінің өзгеруіне әсерін тигізген факторлар айқындалады. Егін шаруа­шылығы өнімдерін өндіру көлемі егіс көлемі мен оның түсіміне, дақылға қатысты болады, егіс алқаптарының құрылымы жина­ла­тын жалпы өнімнің көбеюіне әкеледі, яғни түсім жоғары болса, жиналатын өнім де көп. Әрбір аталған факторлардың өзін­дік өзгеру себептері бар. Мысал үшін, дақылдардың түсімділігі жер сапасына, жерге сіңірілген минералды тыңайтқыштардың көлеміне, жылдық метеорологиялық жағдайына, тұқымның сапа­сы мен сортына, егін салу мен астық жинау тәсілдері мен мерзімдеріне қатысты болады.

Жалпы жиналатын өнімді келесідей формуламен анықтау­ға болады:

 

B=S*Y                          (29)

 

мұнда S – егістік алқаптың көлемі; Y – 1 гектардан алынатын түсім.

Жалпы жиналатын өнімге факторлық талдау жасау үшін түзетулер енгізілген шамалар әдісі немесе интегралды әдістер пайдаланылады.

Жалпы жиналған астыққа талдау жасау әдістемесін мысалдармен қарастырып көреміз.

Жалпы жиналған астыққа факторлық талдау жүргізу:

 

Көрсеткіштер

Болжам

бойынша

Ағымдағы

мәліметтер

Ауытқу

1. 1 га түсімділігі (у)

24

27

+3

2. Егіс алқабының көлемі

    (га)

 

39,2

 

36,6

 

-2,6

3. жалпы астық жинау (ц)

940,8

988,2

+47,4

 

 

Жалпы астық жинау 47,4 ц өсті. Факторлық талдауды түзетулер енгізілген әдіспен жүргіземіз. Онда, түзетулер енгізіл­ген астық жинау=36,2*24=878ц.

Факторлардың әсерін есептеп шығару.

1) егіс алқабы=878,4–940,8=-62,4 у, яғни егіс алқабын 2,6 гектарға кеміту жалпы жиналған түсімді 62,4 центнерге азайтуға әкеледі.

2) 1 га түсімділігі – 988,2–878,4=+109,8ц, яғни 1 га жердің түсімін 3 центнерге арттыру жалпы түсімнің 109,8 центнерге өсуіне әкеледі.

3) жиынтық әсер=-62,4+109,8=+47,4ц.

Мұндай талдау ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Қала төңірегіндегі шаруашылық­тар­да жыл өткен сайын жабық топырақты (жылы жайлар, парник­тер) егістік жерлердің көлемі көбейіп келеді. Қала базарларына жап­пай түскенге дейін көкөністер өсіру олардың негізгі мақ­сат­тары болып саналады.

Егер егін шаруашылығында егін себу жұмыстарының мер­зі­мі бұзылған болса, онда аталмыш формула бойынша жоға­ры­дағы фактор есебінен алынбаған өнімдердің бөлігін анықтау көзделеді:

                            (30)

мұнда ун – себу мерзімі бұзылған учаскенің түсімі;

           у1 – егін мерзімінде себілген учаскенің түсімі;

           Sн – себу мерзімі бұзылған егіс алқабының көлемі.

Астық жинау мерзімінің бұзылуы есебінен алынбаған өнімдер осыған ұқсас әдіспен анықталады. Егін шаруашылығы өнімдеріне талдау жасау оны көбейту резервтерін іздестірумен аяқ­талады. Олардың ішінде келесілер негізгілері болып санала­ды:

1)  қосымша минералдық тыңайтқыштар сіңіру;

2)  олардың өзін-өзі ақтаушылығын арттыру;

3)  дақылдардың неғұрлым жоғары түсімді сорттарын енгізу;

4)  астық жинау кезінде өнімдердің ысырабын азайту;

5)  жайлымдар мен шабындықтарды және басқа агро­тех­ни­ка­лық шараларды жақсарту.

3. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жұмсалатын шы­ғын­дар алуан түрлі. Олар өзіне келесідей элементтерді енгізеді: тұқым мен оны себетін құралдар, еңбек ақыға жұмсалатын шы­ғындар; минералдық тыңайтқыштар, жанар-жағар май, көлікті ұстап тұруға кеткетін шығындар және т.б. Шығындардың басым көпшілік үлесі тұқымға, себетін құрал-жабдықтарға, тыңайт­қыш­қа, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеуге жұмсалады.

Егін шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын талдау келесідей жалғастықта жүргізіледі:

1)            тұтастай өзіндік құны бойынша, сол сияқты шығын­дар­дың

жекелеген баптары бойынша абсолюттік ауытқу­ды есептеп шығару;

2)    салыстырмалы ауытқуларды есептеп шығару;

3)    өзіндік құнға әсер ететін факторларды анықтау және олардың көлемдік әсер етуін есептеп шығару;

4)    әсіресе шығындар шамадан тыс жұмсалған шығындар­дың жекелеген баптарына талдау жасау;

5)   өнімдердің өзіндік құнын төмендетудің резервтерін іздестіру.

Егінмен айналысатын шаруашылықтарда өзіндік құнның екі түрі анықталады: 1) 1ц өнімнің өзіндік құны; 2) егіс алқабы­ның өзіндік құны.

 Өзіндік құнды факторлық талдау үшін экономикалық тал­дау­дың дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Төменгі мәліметтер негі­зінде 1 ц астықтың өзіндік құны мен оның өзгеруіне фактор­лардың әсерін анықтау.

Көрсеткіштер

Болжам

бойынша

Ағымдағы

деректер

Ауытқу

1) 1га шығындары (мың теңге)

175,2

203,6

+28,4

2) 1 га түсімі (ц)

21,5

21,1

-0,4

3) 1 ц астықтың өзіндік құны

8,15

9,65

+1,5

 

Яғни, 1ц астыққа жұмсалатын шығындардың өсуі байқалады. 1ц астықтың түзетулер енгізілген өзіндік құнын анықтаймыз: 1752/21,1=8,26 мың теңге.

Факторлардың әсерін есептеп шығару:

1) 1га жерден алынатын астық түсімі =8,26-8,15=+0,11 мың теңге, яғни астық түсімінің азаюы шығындардың өсуіне әкеледі;

2) 1 га шығындары =9,65-8,26=+1,39 мың теңге, яғни 1 га шығындарының көбеюі 1ц астықтың өзіндік құнының өсуіне әкеледі;

3) факторлардың жиынтық әсері: 0,11+1,39=+1,5 мың тең­ге.

Одан ары қарай әрбір бап бойынша шығындарға талдау жасалады. Талдау егін шаруашылығының өзіндік құнын төмен­де­ту резервтерін анықтаумен аяқталады:

1)      өнімдер өндіру көлемін көбейту;

2)      еңбек өнімділігін арттыру, материалдық ресурс­тар­ды экономикалық пайдалану, өндірістік емес ысырап пен шығын­дарды қысқарту есебінен оны өндіруге жұмсалатын шығын­дар­ды қысқарту.

4. Тәуекел мен кіріс өзара байланысты категориялар болып саналады. Шығындардың пайда болу ықтималдылығы немесе болжанған кезеңмен салыстырғанда кірісті толық алмау тәуекел ретінде түсіндіріледі.

Бағалы қағаздар мен өзге активтерден алынған кірістер 2 элементтен тұрады:

1.     активтер құнының өзгеруінен алынатын кіріс;

2.     алынған дивидендтерден түсетін кіріс.

Активтің бастапқы құнына пайыздармен есептелген кіріс кірістілік немесе кіріс нормасы деп аталады.

Тәуекел ықтимал баға беру болып саналады және оны сандық өлшеу біржақты және алдын ала белгіленуі тиіс емес.

Экономикалық талдау жасауда тәуекелді бағалаудың екі негізгі әдістемесі бар:

1.     конъюнктураның сезімталдығына талдау жасау;

2.     кірістілікті ықтималдылықпен бөлуге талдау жасау.

Бірінші әдістеменің маңызы активтердің (R) кірістілік вариацияларының кең құлаш сермеуін (размеха):

 

                                                      R=KO-KП                         (31)

 

Тәуекел шарасы ретінде қаралатын оны пессиимстік (КП), неғұрлым ықтималдық (КП), оптимистік (КО) бағалаудан тұрады.

Мысалы: Бағалы қағаздардың мол кіріс келтірушілігін бағалау кезінде кәсіпкер екі варианттың ішінен жақсысын таңдап алуы қажет.

 

 

Көрсеткіштер

Вариант А

Вариант Б

1. Бағалы қағаздар құны (мың теңге)

12,0

18,0

2. Кірістілік (%) (кг)

14

13

а) пессимистік

 

 

б) неғұрлым ықтимал

16

17

в) оптимистік

18

21

3. Кіріс варияцияларының құлаш     сермеуі (R)

4

8

 

 

Келтірілген есептерден көрініп тұрғандай, осы екі вариант­тың ішінен «Б» вариантында бағалы қағаздардың кірістілігі біріншіге қарағанда 2 есе тәуекелді.

Екінші әдістеменің маңызы, тәуекел шара ретінде қарас­ты­ры­латын вариациялар коэффициентін есептеуден тұрады. Вариа­ция­ның коэффициенті неғұрлым жоғары болса, активтің атал­мыш түрі соғұрлым тәуекелді болып саналады және мынадай формуламен анықталады:

 

                        (32)

 

мұнда Оа – орташа кірістіліктен стандартты ауытқу;

            Кп – неғұрлым ықтимал кірістілік.

 

                     (33)

 

мұнда Кі – кірістіліктің болжамдық маңызы.

           Рі – оларды жүзеге асыру ықтималдығы

 

                                         Кы=∑(Кі - Рі)                           (34)

 

Егер екі жағдайда да ықтималдықтың неғұрлым ықтимал кірістілігі – 60%, ал пессимистік және оптимистік бағалау ықтималдылығы 20% құраса, 1- кестені пайдалана отырып әрбір варианттың тәуекелін бағалаймыз.

Есептеулер:

Вариант «А»

 

Сонымен, «Б» варианты «А» вариантымен салыстыру бойынша неғұрлым тәуекелді болып саналады.

Болжам жасау көкжиегі неғұрлым алыс болса, актив кірістілігін болжау соғұрлым қиынға соғады.

Қандайда бір нақты активтермен байланысты тәуекел оқшау түрде қаралмайды. Кез келген жаңа инвестиция оның тұтас­тай түрде инвестициялық қоржын тәуекелімен оның кірісті­лігіне әсері тұрғысынан талданады. Өйткені, бүкіл қаржы инвес­тициялары кірістілік және тәуекел деңгейі бойынша әртүрлі, онда оңтайлы үйлесім жағдайында инвестициялардың қаржылық қоржынының тәуекелін маңызды түрде төмендетуге қол жеткізу­ге болады.

 

5. Кез келген кәсіпорынды белгілі бір үйлестікте болатын материалдық және қаржылық активтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Осы активтердің кез келгеніне иелік ету, кәсіпорынның жалпы кірісінің көлеміне осы активтің әсер ету тұрғысындағы белгілі бір тәуекелмен байланысты. Қаржы қоржыны (портфелі) туралы айтатын болсақ, онда тәуекел дәрежесі қаржы қоржынына енгізілетін бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің санына қатысты өзгереді.

Қаржылық жалпы тәуекелі мынадай екі бөлімнен тұрады:

1) жүйелі емес тәуекел, яғни бір компанияның сол сомада акцияларын инвестициялауға қарағанда, он компанияның акцияларын 1 млн. теңгеге инвестициялаудың тәуекелі неғұрлым төмен болады;

2) жүйелі тәуекел, яғни қоржын құрылымын өзгерту жолымен төмендетуге болмайтын тәуекел.

Статисттикалық әдістер көмегі шеңберінде бағалы қағаздар қоржынын неғұрлым тиімді бөлу мен пайдаларды бағалау жүзеге асырылатын қаржылық инвестициялар теориясы деп аталатын – «қоржын теориясы» өмір сүреді.

Бұл теория 4 негізгі элементтен тұрады:

1.     активтерді бағалау;

2.     инвестициялық шешім;

3.     қоржынды оңтайландыру;

4.     нәтижелерді бағалау.

Қоржын теориясында жүйелі тәуекел мен бағалы қағаздар кірістілігінің байланысу үлгісі әзірленіп-жасалған.

 

6. Көрсеткіш маңызы әрбір компания үшін статистикалық мәліметтер бойынша қарастырылады және арнайы анықтамалық­тарда мерзімді түрде жарияланып отырады.

Егер есептеліп шығарылған в-коэффициент 1-ге тең болса, онда бұл аталмыш компанияның акциялары, тұтастай нарықта қалыптасқан орташа тәуекел дәрежесіне ие екендігін білдіреді.

Егер в<1, онда орташа нарықтағыға қарағанда, компания­лар­дың бағалы қағаздарының тәуекелділігі төмен.

Тәуекел мен кірістіліктің өзара байланыс үлгісі мынадай түрге ие:

 

              (35)

 

мұнда Rc – акциялардан күтілетін кірістілік;

Rf – тәуекелсіз бағалы қағаздардың кірістілігі;

Rm – ағымдағы кезеңде бағалы қағаздар нарығындағы орта

         кірістілік.

Мысалы: егер Rf=6%, Rm=12% болса, b-коэффициент – 1,6-ғе ие «А» компаниясының немесе b=0,9-ғи ие «Б» компа­ния­сы­ның акцияларын инвестициялаудың дұрыс болатындығын анық­тау. Кірістілік 15%-дан аз болмаған жағдайда ғана инвестиция жүзеге асырылады.

«А» компаниясы үшін

RC=6%+1,6*(12%-6%)=15,6%

«Б» компаниясы үшін

RC=6%+0,9*(12%-6%)=11,4%

Сонымен, «А» компаниясының акциясын инвестициялау орынды болып саналады.

Экономикалық талдауда қаржы активтерін бағалаудың үш негізгі теориясы өмір сүреді:

1.     фундаменталдық;

2.     технократиялық;

3.      «Жобалап жүру» (ходьбы наугад) теориясы.

Фундаменталистер, кез келген бағалы қағаз, болашақ түсім­дердің құны ретінде сандық тұрғыдан бағалануы мүмкін оған тән құндылық деп санайды. Бұл түсімді алдын ала қан­ша­лық­ты дәл айта білу ғана ең бастысы болып саналады, ал мұны нарықтағы жалпы ахуал мен компанияның инвестициялық мүм­кін­дігіне талдау жасау арқылы жүзеге асыруға болады.

Технократтар нақты бағалы қағаздардың алдағы бағасын анықтау үшін өткендегі баға динамикасын білу жеткілікті деп санайды.

«Жобалап жүру» (ходьба наугад) теориясын жалғастыру­шылар акциялар­дың бағалары болжап білмейтін жағдайда өзге­ріп отырады және оның алдындағы динамикаға қатысты емес деп санайды. Фундаменталистік теория неғұрлым кең таралған және соған сәйкес кез келген бағалы қағаздың ағымдағы нарықтық құны (Vm) мына формула бойынша есептелінеді. 

 

                           (36)

 

мұнда CF – күтілетін ақша ағыны (әдетте бір жыл үшін);

 

r – қолдануға ыңғайлы кіріс нормасы немесе неғұрлым ықтимал кіріс нормасы.

                               Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

 

     1. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау.

     2.  Өнімнің жеке түрлеренің өзіндік құнын талдау.

3.      Еңбек, жанама және тікелей материалдық шығындарды талдау.

4.     Кәсіпорынның материалдық ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.

5.     Еңбек ресурстарынтиімді пайдалануын талдау. Еңбек ақықорын пайдалануын талдау

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

2.        Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие –

Москва: ИНФРА, 2005

2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

7.        Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

8.        Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

9.        Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

 

 

 

 

 

0513000 «Маркетинг» мамандығына

Сала мамандануын ескеретін пән:

«Экономикалық талдау»  «пәнінен

тест тапсырмалары

 

1.Талдау дегеніміз не?

А) обьектінің ішік элементтерін топтарға бөліп,зерттеуді айтамыз

Б) еңбек өнімінің тұтыну құны мен оның құны арасындағы байланысты айтамыз

В) өндірісті технологиялық және конструкторлық даярлауды айтамыз         

С) сауда-шаруашылық қызметінің көлемдік көрсеткіштерін айтамыз

Д) әсер ететін тауарлар мен факторларды сату құрылымын айтамыз

 

 

2.Экономикалық талдау пәні дегеніміз не?

А) шаруашылықтың жағдайын, процесін, олардың қызметінің соңғы қорытынды

нәтижесінін сыртқы және ішкі, обьективті және субьективті факторлардың әсерімен олардың әлеуметтік, экономикалық тиімділігін айтады       

Б) обьектінің ішік элементтерін топтарға бөліп,зерттеуді айтамыз

В) еңбек өнімінің тұтыну құны мен оның құны арасындағы байланысты айтамыз

С) өндірісті технологиялық және конструкторлық даярлауды айтамыз

Д) әсер ететін тауарлар мен факторларды сату құрылымын айтамыз

 

 

3. Шаруашылық қызметін басқару жүйелері бойынша экономикалық талдау түрлері?

А) жедел,ағымдық,болашақтық

Б) функционалды,экономикалық,болашақтық

В) жедел, экологиялық, экономикалық

С) техникалық,әлеуметтік,экономикалық

Д) Экономикалық және болашақтық

 

 

4.Еңбек өнімінің тұтыну құнымен, оның құны арасындағы тығыз байланыс негізіне жататын натуралды көрсеткіштерді пайдалануға негізделетін талдау қалай аталады?

А) жедел

Б) функционалды   

В) болашақтық

С) техникалық

Д) перспективалық

 

 

5.Неғұрлым ұзақ уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) қызмет көрсеткіштерінің өткен және ағымдық маңызының жиынтығы оның негізгі міндеті болып саналатын талдау қалай аталады?

А) ағымдық  

Б) болашақтық

В) экономикалық

С) техникалық         

Д) экологиялық

 

6.Фирманың қаржылық жағдайымен болжанатын нәтижелердің негіздерін қамтамасыз ететін талдау қалай аталады?

А) болашақтық       

Б) ағымдық  

В) экономикалық

С) техникалық         

Д) экологиялық

 

7.Басқару обьектілері бойынша экономикалық талдау түрлері?

А) функционалдық,техникалық,әлеуметтік,экономикалық

Б) функционалды,экономикалық,болашақтық

В) жедел,ағымдық,болашақтық;

С) жедел,экологиялық,экономикалық

Д) дұрыс жауап жоқ

 

8.Нақты еңбек өнімдерінің функциялары оның субьектісі болып  

саналатын талдау қалай аталады?

А) функционалдық        

Б) болашақтық

В) ағымдық  

С) экономикалық

Д) экологиялық

 

 

9.Өндірісті конструкторлық және технологиялық даярлау,өндірісті  

 материалдық технологиялық базамен, материалдық және еңбек

 ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылатын талдау қалай

 аталады?

А) техникалық

Б) функционалдық          

В) болашақтық

С) экономикалық    

Д) ағымдық  

 

 

10.Шаруашылық қаржылық қызметтің әлеуметтік ортасын көрсететін

 процестерді зерттейтін талдау қалай аталады?

А) әлеуметтік          

Б) техникалық

В) болашақтық

С) экономикалық

Д) ағымдық  

 

 

11.Экологиялық дағдарысқа жол бермеу үшін табиғат пен қоғам  

 арасындағы байланысты сақтау мен жақсарту болып саналатын

 талдау қалай аталады?

А) экологиялық

Б) әлеуметтік

В) техникалық

С) болашақтық

Д) ағымдық  

 

12. Кәсіпорындар жұмысын талдау кезінде қолданылатын  

 көрсеткіштер?

А) абсолютті, салыстырмалы, сандық, сапалық және аналитикалық

Б) жалпы, жеке, күрделі

В) сандық, сапалық, жеке, жалпы, күрделі

С) абсолютті, салыстырмалы, жеке

Д) аналитикалық, абсолютті

 

 

13. Экономикалық талдаудың дәстүрлі тәсілдері?

А) түзетулер енгізілген әдіс, интегралды әдіс, бағалық орын алмастыру  

 әдісі,   баланстық әдіс, индекстік әдіс        

Б) интегралды әдіс, индекстік әдіс

В) баланстық әдіс,интегралды әдіс

С) баланстық әдіс, бағалық орын алмастыру әдісі          

Д) түзетулер енгізілген әдіс

 

 

14. Экономикалық талдау әдісі дегеніміз не?

А) Жұмыс нәтижелерін обективті бағалау, оның тиімділігін арттыру

 резервтерін айқындау және оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін

 қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорындар

 қызметін жүйелі, кешенді, өзара байланыста зерттеуді білдіреді

Б) Шарттық міндеттерді орындаумен және алынған нәтижелермен байланысты

В) Шаруашылық қызметінің себептік-салдарлық байланысы

С) Аталмыш объектіге талдау жасау мақсатын қою

Д) Нәтижелік көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың әсер ету дәрежесін айқындау

 

 

15.Абсолютті көрсеткіштер өлшенеді:

А) Құндық, натуралдық және еңбек өлшемдері

Б) Пайыздармен, коэффициенттермен және индекстермен өлшенеді

В) өндірілген және өткізілген өнім көлемі, жұмыскерлердің саны, жұмыс күндері  мен

сағаттарының санымен өлшенеді

С) өнімдер құны, кәсіпорындардың шығындары, пайда, өнімділік,  

шығымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді

Д) Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің болжамдық коэффициенті

 

 

16.Салыстырмалы көрсеткіштер өлшенеді:

А) Пайыздармен, коэффициенттермен және индекстермен өлшенеді

Б) Құндық, натуралдық және еңбек өлшемдері

В) өндірілген және өткізілген өнім көлемі, жұмыскерлердің саны, жұмыс  

күндері мен сағаттарының санымен өлшенеді

С) өнімдер құны, кәсіпорындардың шығындары, пайда, өнімділік,

 шығымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді

Д) Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің болжамдық коэффициенті

17. Сандық көрсеткіштер өлшенеді:

А) өндірілген және өткізілген өнім көлемі, жұмыскерлердің саны, жұмыс күндері мен

сағаттарының санымен өлшенеді

Б) Құндық, натуралдық және еңбек өлшемдері

В) Пайыздармен, коэффициенттермен және индекстермен өлшенеді

С) өнімдер құны, кәсіпорындардың шығындары, пайда, өнімділік, шығымдылық

көрсеткіштерімен өлшенеді

Д) Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің болжамдық коэффициенті

 

18. Сапалық көрсеткіштер өлшенеді:

А) өнімдер құны, кәсіпорындардың шығындары, пайда, өнімділік, шығымдылық

көрсеткіштерімен өлшенеді

Б) Құндық, натуралдық және еңбек өлшемдері

В) Пайыздармен, коэффициенттермен және индекстермен өлшенеді

С) өндірілген және өткізілген өнім көлемі, жұмыскерлердің саны, жұмыс күндері мен

сағаттарының санымен өлшенеді

Д) Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің болжамдық коэффициенті

 

19. Шикізат, отын, жартылай фабрикаттар яғни субьектілер сатып алып, қызмет

көрсету мақсатында пайдаланатын ресурстарды қалай атаймыз?

А) материалдық ресурстар

Б) салалық ресурстар    

В) баланстық ресурстар

С) барлық жауап дұрыс

Д) тауарлық ресурстар        

 

20. Материалдық ресурстар шартты түрде нешеге бөлінеді?

А)2

Б)3

В)4

С)5     

Д)6     

 

21. Материалдық ресурстардың түрлерін ата?

А) шикізат ресурстары мен өнделмеген шикізат

Б) еңбек ресурстары мен өнделмеген шикізат

В) негізгі материалдар мен көмекші материалдар

С) шикізат ресурстары мен еңбек ресурстары

Д) дұрыс жауап жоқ

 

22. Әр-түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының

жиынтығы түрінде болатын материалдық ресурстар?

А) шикізат ресурстары

Б) өнделмеген шикізат

В) еңбек ресурстары

С) негізгі материалдар

Д) шикізат ресурстары

 

23. Жерде қазып алынған немесе өнделген және соның нәтижесінде белгілі бір

өзгерістерге ұшыраған еңбек заты?

А) өңделмеген шикізат        

Б) еңбек ресурстары

В) негізгі материалдар

С) шикізат ресурстары

Д) барлық жауап дұрыс

 

24. Материалдардың түрлерін ата?

А) негізгі және көмекші

Б) жеке және жалпы   

В) салалық және сапалық

С) барлық жауап дұрыс

Д) еңбек және күрделі

 

25. Дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіретін, оның материалдық негізін

құрайтын материалдар қалай аталады?

А) негізгі        

Б) көмекші

В) сапалық

С) салалық

Д) жалпы

 

26. Дайын өнімнің құрамына кірмейтін, бірақ та оның қалыптасуына ықпал

ететін материалдар?

А) көмекші

Б) негізгі       

В) сапалық

С) салалық

Д) жалпы

 

27. Отын энергиялық ресурстардың түрлерін ата?

А) ықтималды және кең мағынадағы

Б) еке және жалпы

В) еңбек және күрделі

С) негізгі және көмекші      

Д) барлық жауап дұрыс

 

28. Энергиялық  ресурстарға  елдің белгілі бір экономикалық аймағындағы отын

мен энергияның барлық түрімен байланысты қорларға жататын отын түрі?

А) ықтималды       

Б) жеке

В) салалық

С) негізгі       

Д) барлық жауап дұрыс

 

29. Ел экономикасында күнделікті өмірде қолданылып жүрген отын түрі?

А) кең мағынадағы

Б) ықтималды           

В) жеке

С) негізгі       

Д) салалық

 

30. Негізгі материалдық және рухани байлық көзі, еңбек ететін мамандар

қоғамның басты өндіргіш күші болып табылатын іс-әрекет түрі?

А) еңбек

Б) материал

В) отын

С) шикізат

Д( дұрыс жауап жоқ

 

31. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

А( еңбекке жарамды, күш жүгері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс

істеуге тәжірибесі бар адамдар

Б) еңбек өнімінің тұтыну құны мен оның құны арасындағы байланысты айтамыз

В) өндірісті технологиялық және конструкторлық даярлауды айтамыз

С) шаруашылықтың жағдайын, процесін, олардың қызметінің соңғы қорытынды 

нәтижесін сыртқы және ішкі, обьективті және субьективті факторлардың әсерімен олардың әлеуметтік, экономикалық тиімділігін айтады

Д)әсер ететін тауарлар мен факторларды сату құрылымын айтамыз

 

32. Еңбек ресурстарына талдау жасаудың негізгі мақсаты?

А) еңбек өнімінің жұмысшылар санына ,жұмыс уақытын рационалды пайдалану

арқылы өндіріс тиімділігін арттыру

Б) еңбекке жарамды, күш жүгері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс

істеуге тәжірибесі бар адамдарды даярлау

В) еңбек өнімінің тұтыну құны мен оның құны арасындағы байланысты айыру үшін

өндірісті технологиялық және конструкторлық даярлау

С) шаруашылықтың жағдайын, процесін, олардың қызметінің соңғы қорытынды

 Д) нәтижесін сыртқы және ішкі, обьективті және субьективті факторлардың әсерімен олардың әлеуметтік, экономикалық тиімділігін табу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Экономикалық терминдер

       1. Экономикалық талдау  экономика дамуының жай-күйі мен үрдістерін оның түрлі құрылымдары бойынша бағалау.

       2. Экономиканы зерттеу деңгейлері:

        микроэкономика - бұл жеке бизнесті, жеке фирманың іс-әрекетін талдайды;

       макроэкономика - бұл біртұтас жүйе ретінде жалпы мемлекеттік экономика деңгейін зерттейді;

       мезоэкономика – бұл микро және макроэкономика арасында: аймақ, аудан, облыс, қала бойынша зерттелінеді;

       мегоэкономика – бұл бүкіл әлемдік экономика жағдайын қарастыратын бөлім. 

        3. Экономикалық заңдар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс әрекеттер және олардың арасындағы қатынас­тардың көрінісі, ұғымы.

         4. Экономикалық категориялар – бұл адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. 

      5. Экономикалық теорияның әдістері: 

       Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстың өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету;
       Талдау және жинақтау – бұл зерттелінетін құбылыс жеке бөліктерге бөлініп, әрбір бөлік талдаудан соң жинақтау процесінде тұтас бір құбылыс болып қалыптасады;

        Индукция және дедукция – бұл әдістер бір-біріне кері әдістер.

        Индукция - жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарады да,      

        Дедукция - керісінше жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу арқылы нәтиже шығарылады;

       Экономико-математикалық  модель әдісі бұл құбылыстың сандық және сапалық жағынан зерттеу үшін графикалық, математикалық есептер, диаграммалық әдістер қолданылады;

      Эксперимент - бұл арнайы жағдайлар жасап және бақылауға қойылған шарттар арқылы зерттеулер жүргізу;

      Тарихи-логикалық әдіс: құбылыстың дамуын анықтау үшін оның тарихи пайда болуын, олардың өсу жолдарын көрсету үшін логика арқылы байланыс­тыру қажет болады. Сонымен қатар экономикада болашақты болжау әдісі де қолданады;

     6. Позитивті экономика – не бар, нақты деректер мен ұсыныс­тарға сүйенеді.
     7. Нормативті экономика – не болуы керек, ұсыныстар мен ұйғарымдар, яғни болжау арқылы мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керектігін анықтайды. 
      8. Қажеттілік – бұл тұтынушының өзіне қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу.
Оларды пайдалануға ынта ықыласы Олар бөлінеді: бірінші қажетті өнімдерге және екінші қажетті өнімдерге.

     9. Шығындар - субъектінің өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары.



Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

1.            Конституция Республики Казахстан. Алматы: БИКО, 1995. - 120с.

2.           Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Алматы: БИКО, 1994.

3.           О бухгалтерском учете и финансовой отчетности. Закон Республики Казахстан. - Алматы: БИКО, 2002

4.           Закон РК «Об акционерных обществах» от 10.07.1998г.

5.           Кодекс Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет". - Алматы: БИКО, 2005.

6.           Анализ хозяйственной деятельности предпрития. / Учебник под общ ред В.И.Стражева, М. Высшая школа, 2004г.

7.           Анализ хозяйственной деятельности предпрития. / изд второе, переработанное и дополненное Савицкая Г.В., Мн Экоперспектива, 2001г.

 

            Қосымша әдебиет

 

1.      Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.-4-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 1998.-416 с.

2.      Дюсембаев К.Ш. Анализ финансово-экономического положения предприятия.-Алматы:Экономика.- 1998.-184 с.

3.      Негалиев Е.В. Анализ и оценка финансов предприятия в условиях рынка.М.Высшая школа.- 1997.-192 с.

4.      Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. М..;ИНФРА-М.-1999.-208с.

5.      Ковалев В.В Экономический анализ хозяйственной деятятельности,  М-2004г

6.      Ковалев В.В. Анализ хозяйственной деятельности. М-2004г

7.      Савицкая И.В. Анализ хозяйственной деятельности. М-2004г

8.      Дюйсенбаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности, Алмата 2005г

9.      Дюйсенбаев К.Ш. Анализ хозяйственой деятельности предприятии, Алмата 1998г

10. Колас Б. Управление финансовой деятельностью предприятия. Концепции, проблемы и методы: учебное пособие, -М.: Финансы и статистика, 2000г

11. Крейнина М.Н, Анализ финансового состояния: методы и оценки. М-1997г.-224с

12. Богдановская Л.А. и др. Анализ хозяйственной деятельности, Мн, 1996г.-80с.

13. Ефимова О.В. Финансовый анализ, М-1998г 320с

14. Кондраков Н.П. Финансовый анализ, М-1996г 432с

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу әдістемелік кешен Мамандық: 0513000 «Маркетинг» Сала мамандануын ескеретін пән «Экономикалық талдау» пәні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 12255
    • DOCX 809 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сугурова Зухра Альматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сугурова Зухра Альматовна
    Сугурова Зухра Альматовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28629
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции