1730320
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
V ЮБИЛЕЙНЫЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНКУРС
ИнфоурокДошкольное образованиеРабочие программыОқу іс әрекет "Өрт сөндірушілерміз"(балабақша)

Оқу іс әрекет "Өрт сөндірушілерміз"(балабақша)

библиотека
материалов

Желілі – рөлді ойын

Тақырыбы: Біз өрт сөндірушілерміз.

Мақсаты: Өрт сөндірушілердің еңбегі туралы білімдерін кеңейту, сюжеттік – шығармашылық ойын арқылы балаларды дамытып және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Міндеттері: Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, балалар арасындағы жағымды қарым- қатынастарын, балалардың бойында өрт сөндірушілердің еңбегін құрметтеуге, қиын жағдайда көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Керекті құрал жабдықтар: балаларға арналған өрт сөндіру құралдары, үйшік, қуыршақ, киімдер: дәрігер киімі, диспечер киімі, өрт сөндірушілер киімі, өрт сөндіргіш көлік, жедел жәрдем, телефон, дәптер, қалам.

Ойын барысы:

Үш тілде амандастыру

Балалар , өскенде сендер кім болғыларың келеді?

Ал, тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?

Егерде біреу ауырып қалса кімге айтамыз? ( Дәрігерге)

Бізге тамақты кім дайындап береді? (Аспазшы)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ойланып жауабын табыңдар

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (өрт сөндіруші)

Өрт сөндірушілер қай кезде керек?

Өрт қандай себептерден шығады? 1. Шырпымен ойнаса; 
2.Үтікті қосып кетіп қалса;
 
3.Газды ашық қалдырып кетсе;
 

Ал өрт болған жағдайда не істеу керек? Сөндіруіміз керек

Отты қалай сөндіреміз? ( Сумен, құммен, өрт сөндіргіш құралдармен)

От көп жамандық әкеледі, сол кезде түрлі мамандық иелері , жай адамдар көмекке келеді:

Балалар біз өзімізді ересек адамдар сияқты сезінейік. Біз бір- бірімізге қажетпіз, бір жағдай болған кезде көмекке ұмтыламыз.

1,2,3,4- біз үйіміздеміз. Адамдар барлығы ұйқыда.

Шырылдаған сағат үні естіледі. Барлығым оянып, өз жұмыс орнымызға барамыз.

Өрт сөндірушілер – өрт сөндіру бөліміне, Дәрігер- ауруханаға, Диспечер- диспечерлік бөлімге барады. ( Киінеді, құралдарын реттейді)

Көшеде балалр ойнап жүреді: үйдің өртеніп жатқанын көріп айқайлайды: өрт, өрт, өртеніп жатыр.

Тәрбиеші : балалар не болды?

Балалар: Үй өртеніп жатыр.

Тәрбиеші: балалар енді не істейміз, қалай көмектесеміз ?

Балалар: өрт сөндірушілерге хабарлайық. 101 - ге

Алло, алло Жалағаш ауданы , Мөрәлі Шәменов ауылында, Бұхарбай көшесі 25 үйде өрт болып жатыр, хабарласып тұрған Серік Нұрмейір.

Өрт сөндірушілер келгенше отты немен сөндіреміз?

Балалар күрекпен құм шашып, кішкене шелекпен су шашады.

Өрт сөндірушілер келеді, шлангаларымен су шашады.

Бала үйшікке кіріп баланы алып шығады. Жерге жатқызып, алғашқы көмек көрсетеді.

Жедел жәрдем кіреді, баланы носилкаға салып алып кетеді.

Өрт сөндірушілер орындарына , дәрігер кабинетіне , диспечер үстеріндегі киімдерін шешіп орындарына отырады.

Міне балалар біздің бір күнгі жұмысымыз яқталды.

Қалай ойлайсыңдар үй неге өртенді?

Шырпымен ойнаған, дұрыс пайдаланбаған.

Оған кімдер көмектесті?

Жай өткінші адамдар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем.

Үш тілде айтқызу: От- огонь- fairy, Су-вода-water,Құм- песок, sand

Міне балалар отпен ойнауға болмайды екен. Өрт көптеген қауіп –қатер әкеледі, сондықтан да шырпымен ойнамай , өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңдар.

От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 
1.Отпен ойнама,күйерсің.
 
2.Ойын түбі –от.
 

Өрттен сақ болыңыздар !!!

Күтілетін нәтижелер

Не білдіӨрт қауіпсіздігі жайлы білді.

Не алды: Ойында балалар шынайы оқиғаларды көрсете өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсете алды

Не істей алды: Ересектермен және құрдастырымен ашық жүзбен сөйлесуді,рөлдік қойылымға қатыса алды.



Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования»
Курс повышения квалификации «Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.