Инфоурок Начальные классы КонспектыОқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Скачать материал

Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бойынша нұсқаулық.


Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеу ұстаздардың негізгі міндеті. Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен оқушылар тұлғасының жеке бас ерекшеліктеріне де байланысты. Әр оқушыға өзінің  мүмкіндіктерін  толық  жүзеге  асыра  алатын  жағдай  жасау маңызды,  ол   оқи  білетін  және  оқуға  ынтасы  бар  оқыту  субъектісіне  айналуы қажет.  Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының  әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді.Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі  және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз.Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің  себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей: 1)оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу, 2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен  жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

   Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді: 1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар; 2.нашар оқитын оқушылар.

      Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау  нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып  табылады.

    Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде  көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

     Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта  зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.

     Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу  жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

    Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл – ой әрекетін белсендіруге,сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.   Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Оқу еңбегінің қаруы – ой.Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен  іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.

Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және білімділікке үйренеді.Сондықтан математика сабағындағы ойын арқылы білімін шыңдап ой өрісін кеңейте алады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді , мінез- құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

       Деңгей бойынша сараптау ой еңбегінің  дамуына байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.

Оқи  алуларына  сәйкес  топтарға  бөлу  критерийлері:

1- топ. Нашар  оқитын  балалар.  Олар  баяу  әрекет  етеді,  сыныпқа  ілесе  алмайды.  Егер  осыларды  есепке  алмасақ,  оқуға  деген  қызығушылықтары төмендейді  сыныптастарынан  қалып  қояды.  Бұл  оқушылар  үшін  өткен  материалдардан  тапсырмалар  берілуі  керек  және  тапсырмалардың  көлемі  шағын болуы  тиіс.

2-топ

Бұл  топтың  оқушыларына  материалды  естеріне  сақтау  үшін  көп  рет  қайталау  қажет.  Сырттай  олардың  психологиялық  ерекшеліктері  асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген   жұмыс  алгоритмін  қолданған  пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.

3-топ

Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың  тұрақты  зейіні  бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.

Сараланған тапсырмалар -бұл  жаттығулар  жинағы,  оларды  орындау  негізінде   балалар  ережелерді  жақсы  түсініп,  игереді,  қажетті  дағдыларды  қалыптастырады.  Сараланған тапсырмалар  тақтада,  кәртішкеде,  слайдтарда,  таблицаларда  жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны  қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.

     Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.

     Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын : тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды.Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын  ескере отырып сабақты құрастырудамын.  Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады . Деңгейлік дифференциацияны  қолдану жағымды нәтиже береді.   Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады. 

      Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу , сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.

 Үлгірмеуші оқушыны зерттеу 

Үлгірімі төмен, яғни үлгірмеуші оқушы қайдан шығады? Алдымен оларды сынып жетекшілері мектепке келген бойдан жан-жақты зерттеп алу керек.

Баланы зерттеу мынадай түрде жүргізіледі:

Баланы зерттеу: 1. Физиологиялық (медицина), 2. Психологиялық      

3. Педагогикалық

 Физиологиялық зерттеуге – дәрігерлер, психологиялық зерттеуге – психолог мамандар, педагогикалық зерттеуге – мұғалімдер қатыса алады.

Физиологиялық зерттеу

Мысалы, бала шыр етіп дүниеге келгенде, ананың босану процесіне байланысты баланың денсаулығына  кері әсерін тигізеді. (Басының қысылып қалуы, қол-аяғының кемтар болуы, т.б.) Өсе келе баланың даму заңдылығының бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалып, мұғалім + медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.

Психологиялық зерттеу

Психологиялық зерттеулер бойынша біз баланың таным процесі, зейін, ес, қабылдау мониторингін жасаймыз.

Педагогикалық зерттеу

Бұл зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.

Сөйлеу қабілетін байқау: Суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.

Жазу қабілеті: Әріп элементтерін жазып көрсету

Қазақ тілі мен пәні бойынша: Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.

Оқушының үлгірмеу себептері?

Үлгірмеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгірмейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді? – деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгірмеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.

Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1.Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті,  кейін пайда болған              ауру т.б.)

2.Отбасындағы жағдайлар:

- анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- әкесінің болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- ата-анасының ішімдікке салынуы

- әлеуметтік жағдайының төмен болуы

- отбасындағы қайғы-қасірет

- баланың қамқоршысының қолында болуы.

3.Алыстан келіп оқитын балалар.

- жатқан үйінің жайсыздығы;

- жатқан үйіне үйреніспеу.

4.Достарының әсері:

- досының ауқатты тұруы;

- досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.

Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.

Үлгірмеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгіріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгірмеуші баланы болдырмаудың бір жолы.

  1. Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері

Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыстың түрлері өте көп. Оларды оқушының қабілетіне байланысты материалды жеңілдетіп, күші жететіндей етіп беру керек. Олар:

1.  Тестің түрлері (жеңілдетіп алуға болады). Мысалы, өтілген материалға байланысты «Толықтыру тестін» былай алдым.

4.Сурет бойынша сөйлемдер жазу, шағын әңгімелер құрастыру.

5.Жазу коллеграфиясына да назар аудару (көшіріп жазу, жатқа жазу т.б)

6.Үйге тапсырма бергенде де қабілетіне  байланысты беріп, оны күнделікті қадағалап отырсақ, үй жұмысын орындауға оқушы тыңғылықты дағдыланады.

7.Сабақта ойын түрлерінің де маңызы ерекше (дидактикалық ойын, рөлдік ойын, қимыл-қозғалыс ойындары). Ойынның бала дамуына, мінез-құлқына, физикалық даму ерекшелігіне және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.

 

Үлгермейтін оқушылардың оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі


Жұмыс кезеңдері қалыптасуға тиісті көзқарас

Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең


Төртіңші кезең

Оқу материалының мазмұны көзқарас

Ең оңай қызықты материал(маңыздылығына қарамастан)

Маңызы бар материал

Маңызды,негізгі бірақ,қызықсыз материал


Оқу үрдісшне көзқарас

Мұғалім-әрекет етуші. Оқушы-қабылдаушы

Мұғалім жетекшілік атқарады оқушы үрдістің жекелеген кезеңдерінде ғана қатысады

Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекелеген кезеңдерінде ғана қатысады

Оқушы өз бетімен әрекет етеді

Өзіне, өз күшіне деген көзқарас

Көп күшті қажет етпейтін жұмыс кезіндегі табыстарын мадақтау

Азғантай күш қажет жұмыс кезіндегі табысын мадақтау

Көп мөлшерлердегі күшті қажет ететін жұмыс кезіндегі табыстарын мадақтау


Мұғалімге (ұжымға) көзқарасы

Нейтралитет

Мейірбандылық,көңіл бөлу, көмек беру,жаны ашу

Көмек берумен қатар өзіндік пікірінің болуы



Жаттығу кезінде:

  • Өз бетімен жұмысқа арналған жаттығулар дұрыс таңдалынды

  • Нашар үлгеретіндерге өз бетімен жұмыс кезінде жедел көмек көрсетіледі

  • Оқушылардың жұмыс жылдамдығы ескеріледі

  • Өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланады

Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:

  • Үй тапсырмасының көлемі қаншалықты тиімді

  • Үй тапсырмасына қатемен жұмыс енгізілген

  • Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіреді

  • Кездесер қиындықтар жөнінде ескертіледі

  • Нашар оқитын оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған

Сұрау кезінде:

  • Сыныпта достық қарым-қатынастар жағдайы жасалды

  • Тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші құралдар қолдануға рұқсат етіледі

  • Жауап жоспары беріліп, үйден жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат етіледі

  • Тақырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріледі

  • Оқушылардың үнемі қайталанатын қателеріне назар аударылады

  • Оқушының жауабын көтермелеу тәсілі қолданылады

  • Жетістікке жету жағдайы жасалады

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде:

-Жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіледі

- Мұғалім нашар үлгеретін оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін анықтап, ескереді

- Тақырыпқа қызығу туғызатын қуралдар қолданылады

- Нашар үлгеретін оқушылар әңгімеге тартылады

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 5919
    • DOCX 33.8 кбайт
    • 92 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Динара Сахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Динара Сахановна
    Ахметова Динара Сахановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42399
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов